Мұнайды шығаруға салынатын баждар Қазақстанның экспорт көлеміне әсер етпейді

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 10:58, реферат

Описание работы

Қазақстанда астықты шығаруға уақытша тыйым мен көмірсутегін шығаруға экспорттық баждарды енгізу, экспортты ағымдардың жалпы көлеміне әсер етпейді деп айтты Рейтер берген сұхбатында экспортты дамыту мен алға бастыру Корпорациясы басқармасы төрағасының орынбасары Сауле Ахметова. «Сондықтан тағам өнімдерінің жеткілікті төмен үлесінен, соның ішінде, экспорттың жалпы көлемінің төрт пайызы -астық, демек баждар экспорт көлеміне айтарлықтай әсер етпейді», — деп айтты ол.

Работа содержит 1 файл

http - копия.doc

— 47.00 Кб (Скачать)


Мұнайды шығаруға салынатын баждар Қазақстанның экспорт көлеміне әсер етпейді

Қазақстанда астықты шығаруға уақытша тыйым мен көмірсутегін шығаруға экспорттық баждарды енгізу, экспортты ағымдардың жалпы көлеміне әсер етпейді деп айтты Рейтер берген сұхбатында экспортты дамыту мен алға бастыру Корпорациясы басқармасы төрағасының орынбасары Сауле Ахметова. «Сондықтан тағам өнімдерінің жеткілікті төмен үлесінен, соның ішінде, экспорттың жалпы көлемінің төрт пайызы -астық, демек баждар экспорт көлеміне айтарлықтай әсер етпейді», — деп айтты ол.

«Мұнай экспортына енгізілген баждар да экспорт көлемінің динамикасын қатты өзгертпейді, себебі шарттары баж көлемінің тұрақтылығын қарастырмаған компанияларға баж салығы салынатын болады», — деп толықтырды Ахметова.

Статитика агенттігінің мәліметі бойынша, 2007 жылы қазақстандық экспорттың көлемі 47,7 $ миллиардты құрайды, 66 пайызға жуығы энергетикалық-жанармай тауарының үлесіне, қалған 34 пайызы әр түрлі тауарлық топтарға, метал және одан жасалған бұйымдарға, мал өнімдері мен өсімдіктен шығатын өнімдер, машина мен құрал-жабдық, тоқыма және тоқыма бұйымдардан түскен.

«Экспорт саласында қалыптасқан бұл көрініс, ең алдымен, шет елдік аналогпен салыстырып қарағанда, отандық өңделген өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігін, сондай-ақ қазақстандық өндірушілердің экспорттық нарық талаптарына жауап бере алмайтын қабілетсіздіктерін көрсетеді», — деді Ахметова.

Оның айтуы бойынша, тағам мен химия саласы, сондай-ақ машина жасайтын кәсіпорындардың жеткілікті жақсы экспорттық әлеуеті бар.

2007 жылы өңделген тауарлар үлесі экспорттың жалпы көлемі бойынша 28,4 пайызды құрап және соңғы бес жылда 1,6 пайыз тармағында төмендеді.

«Машина, аспаптар, тұтынушылық тауарлар барынша жоғары құн салығы салынған тауарлар экспорты, сол қалпында болмашы күйінде қалады, бұл тауарлардың үлесі 3 пайызды құрайды, кейінгі 6 жылда төмендеу бет алысын көрсетеді. (2002 жылы 6 пайыз)», — деді ол.

Қазақстанда шикізат секторының үлесі 2007 жылы жалпы экспорттан немесе 32,7 $ миллиардтан 68,6 пайызды құрады.

«Көбінде экспорттық келісімдер тұрақты емес, тезірек кездейсоқ, жүйесіз сипат алады. Тіпті сыртқы нарыққа шыққанда, кәсіпорындар бұған шыдамайды, сол себепті бір жыл экспорттаса, келесі жылы жоқ», — деді Ахметова.

Корпорация есебі бойынша, өңделген өнім экспорты жылдан жылға бір келкі емес сипат көрсетіп келеді. 2007 жылы өңделген өнім экспортының өсімі 2006 жылмен салыстырғанда 30 пайызға жуықты құрап, 13,5 $ миллионға жетті. Сонымен бірге, ең үлкен өсім өңделген тағам өнімі экспортына тиесілі — 53,5 пайыз. Алдыңғы жылдары (2003-2006) өсім тиісінше 15 пайыз,74 пайыз, 22 пайыз және 47 пайызды құрады.

Өңделген өнім экспортының тұрақсыздығы «экспорт диверсификациясы бойынша шоғырланған күшті қамтамасыз ететін, мемлекеттік адрестік, мақсатты бағытталған саясаттың болмауын көрсетеді».

Оның айтуы бойынша, қазіргі ішкі сауда заңнамасы экспортты дамыту мен алға бастыру мәселелерін әлсіз қозғайды және ынталандырумен қамтамасыз етпейді. Ахметованың пікірінше, мемлекет міндеті — өңделген өнімді өндіру мен экспорттау жеңіл және пайдалы болатын жағдай тудыру. Бұл үшін Қазақстан экспортының дамуына бағытталған, онда мемлекеттік адрестік ынталадыруды қаржыландырудың рәсімдері мен тетіктері, құралдары анықталатын жаңа заң қабылдануы керек. «Экспортты дамытуды бағдарға алған барлық елдер осылай істейді және оны табысты жүзеге асыруда. Бұдан басқа, Қазақстанда сауда рәсімдерін оңайлату қажет», — деді Ахметова.

«Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, сауда рәсімдерін оңайлатудан әлеуетті пайда, әлемдік сауда көлемінің жалпы құнынан 2-3 пайыз деңгейінде бағаланады», — деді ол. Бұдан өзге, Ахметованың пікірінше, экспорттық бажды енгізу Қазақстанның Бүкіләлемдік сауда ұйымына ену үрдісіне еш кедергі тудыртпайды. (БСҰ)

«Кез келген бажды енгізу — бұл әрбір елдің құқығы және БСҰ осы құқықты мойындайды. Ең маңыздысы баждың көлемі, сондай-ақ оның дәлелділігі», — деп санайды Ахметова.

«Бұл келісімдердің ең басты қағидасы, баждың бары немесе болмауы емес, отандық және шет елдік жекізушілерге тең құқықтық қатынас жасау болып табылады», — деп түсіндерді ол

Биыл Қазақстанда экспорт 16% ұлғайды

Қазақстанда экспорт көлемі 2010 жылы айтарлықтай өсіп, тұрақты бағалармен салыстырғанда 32% болса, импорт 8% азайды.

2011 жылы Қазақстанда экспорт 16% құрады. Бұл туралы БҰҰ Азия мен тынық мұхиты жағалауы елдерінің экономикалық және әлеуметтік комиссиясының зерттеуінде айтылады. ЭСКАТО сарапшыларының болжамы бойынша 2012жылы табиғи қазбаларға әлемдік сұраныстың төмендеуінен экспорт азаяды. Қазақстан қазіргі таңда Солтүстік және Орталық Азияның 9 елі арасында тауарлардың экспорты, импорты мен қызмет көрсету саласында 2-ші орында тұрады. Республикада 12% тауар экспорты, 10% импорттың үлесінде. 2005 пен 2009 жылдар аралығында Қазақстанда тікелей шетелдік инвнестициялар ағымы $48 млрд құрады.

АЛМАТЫ. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Каспий құбыр желісі консорциумының (КТК) қазақстандық бөлігінде мұнай тасымалын 50 миллион тоннаға ұлғайтпақпыз. Оны  Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев бүгін Алматыда өтіп жатқан ІV Қазақстандық инвестициялық саммитте айтты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

          «КТК құбыры арқылы былтыр  20 миллион тонна мұнай тасымалданды. Оның қазақстандық бөлігін енді 50 миллион тоннаға дейін ұлғайтпақпыз. Қытай бағытында тасымалданатын мұнайды 10 миллион тоннадан  20 миллион тоннаға жеткізбекпіз. Қазақстанда экспорт сұранысы 100 пайыз қамтылған», дейді   Сауат Мыңбаев. ҚР Мұнай және газ министрінің айтуынша,  республикада  Ақтау айлағымен   10 миллион тонна, Атырау-Самара құбыры арқылы 17 миллион  тонна және  теміржол арқылы 4 миллион   тонна  өнім тасымалданады. Сонымен қатар бұған    ішкі нарықты  да қосуға  болады. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» ұзақ мерзімді бағдарламасына және он жылдық стратегиялық жоспарға сәйкес Қазақстан Республикасының экономикасы ойдағыдай ілгері дамып келеді, көзделген шаралардың бәрі рет-ретімен жүзеге асырылуда. Экономика қарыштап дамып, тұрақтылық орнауда. Қай салада болмасын нарықтық қатынастардың алғышарттары  қалыптастырылып, оның даму жолы қарастырылуда.
Қазақстан Республикасының егемендік алып, тәуелсіз ел болғанына да, міне он бес жылдан асты. Бұл жылдары елімізде әлеуметтік-экономикалық мәні аса жоғары қыруар игі өзгерістерге қол жеткізілді. «Осы жылдар ішінде тындырған ісіміздің басты түйіні, - деп көрсетті Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің халыққа Жолдауында, - Қазақстанның дербес мемлекет болып қалыптасуында жатыр. Біздің әлі де есею мен кемелдену кезеңінен өтуіміз керек, Қазақстандағы азаматтық қоғамның босағасын бекіте беруіміз    керек». [1]
Бұдан туындайтын талаптарды орындап шығудың басым бағыты экономиканы дамыту, осының негізінде еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын тұрақтандыру, халықтың әл-ауқатын түбегейлі жақсарту. 
Дипломдық жұмыстың мақсаты бюджеттік жоспарлаудың реформалау концепциясын қарастыру және оның экономикалық дамуындағы бағыттарын нақтылауда жетілдіру механизмін анықтау.
Қойылған мақсатқа жету үшін келесі негізгі міндеттерді шешу керек: 
- бюджеттің экономикалық мәні мен ролін анықтау;
- бюджеттің құрылымын талдау;
- бюджеттік жоспарлау жүйесін зерттеу және бюджеттің атқарылуын талдау;
-бюджетаралық қатынастардың дамуының ерекшеліктері мен проблемаларын 
айқындау;
- бюджеттік жоспарлау механизмінің жетілдіру жолдарын анықтау.
Зерттеу объектісі болып дипломдық жұмыста ҚР-да бюджеттік жоспарлаудың қалыптасуы мен атқарылудың экономикалық механизмі болып табылады.
Дипломдық жұмысты орындау барысында ақпараттық база ретінде ҚР-ның бюджеттік саясат бойынша құқықтық-нормативтік актілері, бюджеттік құрылым және бюджетаралық қатынастар бойынша мәселелерге байланысты отандық және шетелдік ғалым-экономистердің еңбектері, ҚР-ның қаржы министрлігі мен экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің мәліметтері, мерзімдік басылымдардың материалдары пайдаланылды.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыс        бетте орындалған,           кесте  мен 
___   суреттермен мазмұндалған.

 

 

 



Информация о работе Мұнайды шығаруға салынатын баждар Қазақстанның экспорт көлеміне әсер етпейді