Микроэкономиканың пәні, методологиясы және рөлі

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Апреля 2012 в 22:37, статья

Описание работы

Микроэкономика фирмалар мен үй шаруашылықтарының рыноктағы мінез-құлқын, іс-әрекетін, олардың шешім қабылдауының экономикалық негіздерін және өзара байланыстарын зерттейді. Фирмалар мен үй шаруашылықтары алға қойған мақсаттарды және оған қол жеткізу үшін қойылған шектеулерді ескере отырып, олардың өз көзқарастары тұрғысынан ең жақсы шешімдер қабылдауы болып табылады.

Работа содержит 1 файл

Микроэкономиканың пәні, методологиясы және рөлі.doc

— 48.50 Кб (Скачать)


Микроэкономиканың пәні, методологиясы және рөлі

 

Қазіргі кезеңде экономиканы зертеуде микроэкономика және макроэкономика деп екі бөлімге бөлу қалыптасқан, бірақ олар өзара тығыз байланысты болады. Микроэкономиканың басты ерекшелігі - бұл пән негізгі экономикалық бірліктердің (фирмалар, үй шаруашылықтары) жұмыс істетудің ауқымы, олардың нарықтағы мінез-құлқын зерттейтін бөлімі. Микроэкономика фирмалар мен үй шаруашылықтарының рыноктағы мінез-құлқын, іс-әрекетін, олардың шешім қабылдауының экономикалық негіздерін және өзара байланыстарын зерттейді. Фирмалар мен үй шаруашылықтары алға қойған мақсаттарды және оған қол жеткізу үшін қойылған шектеулерді ескере отырып, олардың өз көзқарастары тұрғысынан ең жақсы шешімдер қабылдауы болып табылады. Үй шаруашылықтары тауарларды сатып алар кездерінде тұтынудың аса тиімділігін көздейді, ал фирмалар өндіріс туралы шешім қабылдай отырып, таза табыстың мол болуына ұмтылады. Макроэкономикада талдау үрдісі экономиканы толығынан қамтиды, яғни жалпы экономикалық үрдістердің ауқымын қарастырады (жалпы ұлттық өнім, ұлттық табыс, жалпы шығын және тағы басқа). Макроэкономика әр түрлі елдерге және әрқилы кезеңдерге байланысты жалпы табыс, баға, жұмыссыздық және тағы басқа жинақталған экономикалық көрсеткіштерді қолданады, оларды түсіндірерліктей жалпы теориялық жол табуды қалыптастыруға тырысады. Сонымен қатар оның зерттеу мақсаттары экономикалық құбылыстарды түсіндіру ғана емес, сондай-ақ мемлекеттің экономикалық саясатын қалыптастыру, жетілдіру болып табылады.Микроэкономика жалпы экономикалық теорияның құрамдас бөлігі бола отырып өзінің пәні ретінде шаруашылық етуші субъектілердің – сатушылар мен сатып алушылардың, үй шаруашылығы мен фирмалардың іс-әрекеттерінің нәтижесінде қалыптасатын экономикалық қатынастарды қарастырады. Бірақ қазіргі заманғы микроэкономика нарықтық жүйені зерттейтін болғандықтан, оның қалыптасуы мен дамуы болып нарық және оның қызметтері туралы, нарықтық экономиканың үлгілері, нарықтың құрылымы мен инфрақұрылымы, нарықтық механизм, оның элементтері мен тиімділігі туралы ережелер табылады.

 

Микроэкономиканы зерттеудің басты объектілері болып баға және баға қалыптастыру үрдісі табылады. Осыған қарап қазіргі заманғы ғылыми микроэкономикалық теориялар жүйесі қалыптасады. Баға құнның ақшалай көрінісі ретінде игіліктер мен қызметтердің шығындары мен пайдалылығы есебінен қалыптасады, нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың, бағалық және бағалық емес факторлардың әсерінен қалыптасады. Сондықтанда микроэкономиканың келесі тақырыптары болып баға, сұраныс және ұсыныс теориялары табылады, олар бір жағынан, бағаның, шығындар мен пайдалылықтың өзара байланысы ретінде, ал екінші жағынан, сұраныс пен ұсыныстың заңдары, факторлары мен икемділіктері ретіндегі басты мәселелерден тұрады.

 

Микроэкономика экономикалық теорияның жалпы ғылыми әдістерін қолданады. Микроэкономика методологиясының негізгі құрамдас бөліктері болып экономикалық теориялар, экономикалық заңдар мен категориялар, экономиканың әрекет етуінің негізгі қағидалары (принциптері) табылады. Экономикалық құбылыстар диалектикалық тұрғыдан қарастырылады, яғни олардың дамуының сапалық және сандық жақтарын айқындау қажет. Жалпы алғанда, микроэкономиканың заңдылықтарын танып білу – бұл жалпыдын жекеге айналу, абстрактіліден нақты құбылысқа қозғалу.

 

Жалпы ғылыми әдістердің негізінде микроэкономикада позитивті және нормативті талдаулар жүргізіледі. Микроэкономикалық үрдістердің теориясы құбылыстарды түсіндіру үшін қажет, тәжірибемен тексеріледі және болжамдық үлгілер жасау үшін қолданылады. Микроэкономикада оптимизациялық тепе-теңдік үлгілер қолданылады. Бірінші үлгі шекті шамалар көмегімен өндірістің жеке экономикалық агенттерін зерттеу кезінде қолданылады. Нарықтық тепе-теңдік үлгілері өндірістің экономикалық агенттері арасындағы өзара байланысты зерттеу кезінде қолданылады. Тепе-теңдік жағдайы өндіріс факторларын талдау, экономиканы тұрақтандыру кезінде шешуші рөл атқарады.

 

Зерттеудің дербес объектісі болып экономиканың тепе-теңсіздік жағдайы табылады. Нақты құбылыстар мен үрдістерді және нормативтік теорияларды салыстыру экономикалық саясаттың әртүрлі нұсқаларын ұсынуға, дәлелденген шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. Таңдау теориялары қолданылады – микроэкономика әдісінің аса маңызды ерекшеліктерінің бірі.

 

Микроэкономика әдістемесінің ерекшеліктерін экономикалық теориядағы жекелеген мектептер мен бағыттарды айқындау арқылы ашуға болады. Неоклассикалық бағыт микроэкономикалық үрдістерді теориялық тұрғыдан дәлелдеуге негізделеді. Ол нарықтық экономиканың гүлденуі, еркін бәсекенің шарықтауы кезінде пайда болды. Оның пайда болуының нақты қажеттілігі еркін бәсекенің әрекет етуінің және экономикалық тепе-теңдік мәселелерін, сұраныс пен ұсыныстың, бағаның өзара байланысын, нарықтық шаруашылық етудің тиімділіктерін дәлелдеу мәселелерін ғылыми тұрғыда дәлелдеу болып табылады.

 

Уақыт өте келе экономикалық құбылыстарды зерттеудің жаңа бағыттарын ұсынған маржиналистік экономикалық теория пайда болды. Бұл бағыттың мәні - объективті заңдарды зерттеуден бас тарту және шаруашылық етуші субъектілердің ой-санасын, олардың тәжірибесін талдауға көшу, экономикалық іс-әрекеттердің себептерін, адамдардың мүдделерін зерттеу болып табылады. Сондай-ақ ғылымға психологиялық факторларды зерттеу бағыты, адамның «ұтымды тәртібі» принципі, робинзон әдісі сияқты бағыттар келіп қосылды. Маржиналистік әдістің ерекшелігі шексіз қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін ресурстардың сиректілігі мен шектеулілігі принципін қолдану болып табылады.

 

Осы бағыттар мен әдістердің барлығын неоклассиктер қолданды, яғни олар жекелеген экономикалық субъектілердің мінез-құлқы деңгейінде сұраныстың, ұсыныс пен бағаның өзара байланысын, олардың сандық өлшемін және экономикалық тепе-теңдік үлгілерін құру мәселелерін терең зерттеу үшін қолданады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Экономикалық теория іс-әрекеттіліктің қарапайым сипаттарын көрсететін әлеуметтік құбылыстардың үлгілерін жасаумен айналысады.

 

Микроэкономиканың түсінігі, біріншіден, экономикалық қатынастар деңгейімен, яғни қоғамның бастапқы субъектілері – адамдардың (жұмыскерлердің, тұтынушылар мен өндірушілердің), үй шаруашылықтарының, кәсіпорындар мен фирмалардың экономикалық қатынастарымен анықталады; екіншіден, экономикалық жүйелердің мәнінен және олардың әрекет етуінен пайда болатын экономикалық қатынастардың мазмұнымен анықталады. Бұл нарықтық қатынастар жүйесі, олардың зерттеудің ортасында әрдайым баға, сұраныс пен ұсыныс, бәсеке сияқты ұғымдар орын алады.

 

Микроэкономика - бұл негізгі экономикалық бірліктердің (фирмалар, үй шаруашылықтары) жұмыс істетудің ауқымы, олардың нарықтағы мінез-құлқын зерттейтін бөлімі. Микроэкономика фирмалар мен үй шаруашылықтарының рыноктағы мінез-құлқын, іс-әрекетін, олардың шешім қабылдауының экономикалық негіздерін және өзара байланыстарын зерттейді. Макроэкономикалық құбылыстың негізінде микродеңгейде пайда болатын өзара байланыс жатқандықтан зерттеушілер микроэкономиканың тәсілдерін де қолданады.

 

Микроэкономика пәніне де экономикалық теорияның қызметтерін жатқызуға болады: танымдық, идеологиялық, әдіснамалық, тәжірибелік болып бөлінеді. Яғни, пәннің жеке тұлға, кәсіпкерлер және мемлекет үшін қолданбалық үлкен мәні бар. Қазіргі кезде пәннің идеологиялық қызметі өте маңызды, өйткені бiз экономикалық санамызға, мінез-құлқымызға сiңiп қалған ескi сенiм-нанымдардан, іс-әрекеттен, менталитеттен арылуымыз қажет.

 

Микроэкономиканың зерттеу әдістеріне төмендегілер жатады:

 

а) ғылыми абстракция – белгілі бір экономикалық құбылысқа тікелей қатысы жоқ тыс деректерді экономикалық талдаудан уақытша шығарып тастау арқылы оның терең мән-мағынасын ашу;

 

ә) талдау - экономикадағы біртұтас бүтіннің бөлшектерін жекелеп қарау;

 

б) синтез - қаралатын біртұтас бүтін экономикалық құбылыстың жеке бөлшектерін ортақ принцип арқылы біріктіру арқылы талдау;

 

г) индукция - деректерге сүйене отырып теориялық жинақтауға дейін жеткізетін қозғалысты тұжырымдау;

 

д) дедукция - жалпы теориялық тұжырымдардан нақтылы экономикалық деректерге жеткізетін қозғалысты тұжырымдау әдісі;

 

ж) салыстыру - қаралатын экономикалық құбылыстардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау;

 

з) аналогия (үйлестік) - белгілі құбылыстың бір немесе бірнеше қасиеттеріне қарап, белгісіз құбылыстың осындай қасиеттеріне талдау жасау;

 

е) экономикалық-математикалық үлгілеу - экономикалық құбылыстарды математикалық әдістермен формальдық сипаттау болып табылады.

 



Информация о работе Микроэкономиканың пәні, методологиясы және рөлі