Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Марта 2013 в 10:40, лекция
Микроэкономикалық жоспарлау деп жеке кәсіпорын мен оның барлық құрылымдық бөлімшелерінің өндірістік-шаруашылық қызметінің шаралары мен көрсеткіштері жүйесінің жоспарын жасауды айтады. Мұнда ең алдымен техникалық-экономика есептер жасалады, жалпы кәсіпорын бойынша да, оның құрылымдық бөлімшелері бойынша да қажетті нормалар мен көрсеткіштер әзірленіп негізделеді, сондай-ақ шаруашылық қызметтің жүзеге асырылуына басшылық жасалып, бақылау орнатылады, ішкі өндірістік резервтер анықталып пайдаланылады. Кәсіпорын нарық жағдайында ойдағыдай жұмыс істеуі үшін бірқатар мән-жайлар ескерілуге тиіс.
'''Жоспарлау''', ''[[экономика|экономикада]]
– нақты нысанның ([[мемлекет|мемлекеттің]],
[[кәсіпорын|кәсіпорынның]], [[ұжым|ұжымның]],
т.б.) экономикалық және әлеуметтік
дамуының белгілі бір мерзімге
арналған жоспарын, сондай-ақ оны
жүзеге асыруға бағытталған
нақтылы іс-шаралар кешенін талдап жасау.''
[[Микроэкономика|
Микроэкономикалық жоспарлау деп жеке кәсіпорын мен оның барлық құрылымдық бөлімшелерінің өндірістік-шаруашылық қызметінің шаралары мен көрсеткіштері жүйесінің жоспарын жасауды айтады. Мұнда ең алдымен техникалық-экономика есептер жасалады, жалпы кәсіпорын бойынша да, оның құрылымдық бөлімшелері бойынша да қажетті нормалар мен көрсеткіштер әзірленіп негізделеді, сондай-ақ шаруашылық қызметтің жүзеге асырылуына басшылық жасалып, бақылау орнатылады, ішкі өндірістік резервтер анықталып пайдаланылады. Кәсіпорын нарық жағдайында ойдағыдай жұмыс істеуі үшін бірқатар мән-жайлар ескерілуге тиіс. Олар: сұраныс пен ұсыныс, өз өнімінің икемділігі, өндірістің ағымдағы шығыны, шекті пайда мен тиімділік (табыстылық), бәсеке, негізгі құрал-жабдықтың бағасы, шикізат пен материалдар, т.б. Сонымен, кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметіне тек микроэкономикалық орта ғана емес, елдегі макроэкономикалық саясат та ықпал жасайды. Кәсіпорынның жоспарлары рыноктың, бәсекенің талаптарын ескеруге, оның тұрлаулы экономика және әлеуметтік дамуын көздеуге, жоғары табыс алуға жәрдемдесуге тиіс. Микроэкономикалық жоспарлау ағымдағы жоспарлау және оралымды жоспарлау түрлеріне бөлінеді. Ал оралымды жоспарлау өз кезегінде күнтізбелік жоспарлау және маркетингілік жоспарлау болып бөлінеді.
Күнтізбелік жоспарлау – жалпы кәсіпорын және оның жеке құрылымдық бөлімшелері (цехтар, телімдер, бригадалар, жұмыс орындары) үшін қысқа мерзімге (айға, тәулікке, ауысымға, сағатқа) арналған нақты өндірістік тапсырмаларды әзірлеуді қамтитын оралымды-өндірістік жоспарлаудың бір бөлігі. Жоспарлы тапсырмалар нормалар мен нормативтердің, шарттық міндеттемелер мен мемлекет тапсырыстардың негізінде әзірленеді, мұнда сондай-ақ оларды іске асырудың сол сәтте қалыптасқан нақты жағдайлары ескеріледі. Күнтізбелік Жоспарлау, әдетте, үш кезеңде жүзеге асырылады. Бірінші кезеңде көлемді Жоспарлау орындалады, яғни тапсырмалар тәптіштеліп, цехтарға бөлінеді. Әрбір цехқа (телімге) берілетін тапсырма заттай, еңбек және құндық өлшемдермен белгіленеді. Екінші кезең – өндірістің күнтізбелік жоспарларын әрбір цех үшін мерзім мен нысандар бойынша жасау және күнтізбелік нормативтерді әзірлеу. Үшінші кезең – жоспарлы тапсырмаларды әрбір жұмыс орнына жеткізуді қамтиды. Осы мақсатпен күнтізбелік жоспарлар орындаушылар арасындағы жеке тапсырмаларға бөлінеді, сөйтіп, ауысымдағы әрбір жұмысшыға берілетін жеке тапсырмалар көрсетілетін жоспар жасалады.
Маркетингілік Жоспарлау – кәсіпорынның (фирманың) маркетингілік қызметінің барлық бағыттар бойынша егжей-тегжейлі жоспарларын әзірлеу. Мұндай маркетинг-жоспарлардың құрылымында мыналар қамтылады: негізгі көрсеткіштердің тізбесі; рыноктардың, олардың негізгі буындарының, тұтынушылардың (сатып алушылардың), бәсекелестердің сипаттамасы; бәсеке салдарынан болатын негізгі қиындықтарға жасалған талдау; фирма қол жеткізуге тиіс жоспарлы кезең мақсаттарының тұжырымдамасы; маркетинг стратегиясын әзірлеу; жоспардың орындалу барысына бақылау белгілеу. Фирма өнімнің бірнеше түрлерін, топтарын өндіретін, түрлі рыноктарда жұмыс істейтін жағдайда әрбір сала бойынша жеке маркетинг-жоспар жасалады;
Қоршаған орта
3.10. Қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған шығындар
Қоршаған ортаны қорғау әртүрлі табиғаты қорғау шаралардың өткізулуін болжайды. Табиғаты қорғау іс-шаралары – бұл қоршаған табиғи ортаға теріс антропогендік әсерді азайту және жоюына бағытталған шаруашылық қызметінің барлық түрлері. Еуропалық табиғаты қорғау қызметтер жіктеуішіне (СЕРА, 2000) сәйкес табиғат қорғау қызметтердің келесі негізгі түрлері бөлінеді:
- атмосфералық ауаны қорғау және ауарайының өзгеру мәселелері;
- ағынды суларды тазалау;
- қалдықтармен жұмыс істеу;
- топырақ, жер асты және жер үсті суларды қорғау және оналту;
- шу және вибрациялық ықпалды төмендету;
- биоәралуандық пен мекендеу ортасын сақтау;
- ғылыми-зертеу жұмыстар;
- табиғат қорғау қызметінің басқа бағыттары.
Табиғаты қорғау қызметтерді бағалау бойынша ОЭСР/Еуростат халықаралық ұсыныстарына сүйене отырып қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған шығындар жиынтық көлемін қалыптастырылуы келесі шығындар түрлерін жинақтаумен іске асыру қажет:
Қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған жиынтық шығындарды «Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне» (ЭҚЖЖ) сәйкес экономикалық қызмет түрлері бойынша топтастыру қажет.
Қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған шығындардың көрсеткішін қалыптастыру кезінде оны соңдай-ақ секторлар: мемлекеттік, комерциялық секторлар және табиғаты қорғау қызметтерінің мамандырылған жабдықтаушылар бойынша топтастыру ұсынылады.
Мемлекеттік сектор республикалық және жергілікті билік органдары және мемлекеттік мекемелерді қосады (негізінен ЭҚЖЖ-ың 84 кодына кіретін). Осы сектордың әдеттегі қызмет түрлерінің санына реттеу, бақылау, зерттеу, бiлiм және ақпарат, соңдай-ақ негiзiнен мемлекеттiк бюджеттер немесе қорлардан, және бұл қызметтердiң тұтынушыларымен тiкелей немесе жартылай емес қаржыландырылатын қоғамға көрсетілетін басқа да кызметтер жатады.
Комерциялық сектор ЭҚЖЖ-ың 01-99 кодтарына кіретін, 84 кодты қоспағанда барлық табиғаты қорғау іс-шараларды, соңдай-ақ мамандырылған жабдықтаушылар қызметтерді (негізінен ЭҚЖЖ-ың 37, 38, 39 кодтары) қосады.
Табиғаты қорғау қызметтердің мамандырылған жабдықтаушылары негізінен осы қызметтердің тұтынушыларымен қаржыландырылатын, қызмет көрсететін мемлекеттік немесе жеке мекемелерді қосады. Оларға ЭҚЖЖ-ың 37, 38, 39 кодтары тобына кіретін іс-шаралар жатады.
Қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған жиынтық шығындар мың тенгемен өлшенеді.
3.10.1. Қоршаған ортаны қорғауға және табиғат ресурстарын ұтымды пайдалануға жұмсалған негізгі капиталға инвестициялар
Қоршаған ортаны қорғауға және табиғат ресурстарын ұтымды пайдалануға жұмсалған негізгі капиталға инвестициялар объектілердің жаңа құрылысына, кеңейтілуіне, жаналау және жаңартуына (күрделі жөндеу кезінде іске асырылатын объекті жанартуына жұмсалған шығындарды қоса), жұмсалған, объектің бастапқы құның арттыруға алып келетін және мекеменің қосымша капиталына жататын шығындарды қосады.
Негізгі капиталға табиғат қорғау инвестициялар туралы ақпарат көзі боп жыл сайын жұмыс істейтіндердің санына байланыссыз барлық заңды тұлғалар және олардың құрылымдық бөлімшелері тапсыратын «Инвестициалық қызмет туралы есеп» (нысан индексі – 1-инвест) статистикалық нысан бойынша жалпы мемлекеттік статистикалық бақылау табылады. Аталған нысанда еуропалық табиғат қорғау қызметтер жіктеуішіне (СЕРА, 2000) сәйкес табиғат қорғау қызметтер бөлісінде, кәсіпорындар мен мекемелердің қоршаған ортаны қорғау қызметімен байланысты, негізгі капиталына инвестициялар көрсетіледі.
3.10.2. Қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған ағымды шығындар
Қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған ағымды шығындар кәсіпорындар мен мекемелердің қоршаған ортаны қорғау қызметімен байланысты, негізгі қорларды күрделі жөндеуден өткізуге жұмсалған шығындарды, мемлекеттік табиғи қорықтар мен ұлттық парктерді ұстауға жұмсалған шығындарды, жануарлар дүниесін қорғау мен өсімін молайтуға жұмсалған шығындарды, табиғат қорғау қызметіне қатысты бөлігінде, ғылыми зерттеу мен тәжірибе-конструкторлық жұмыстарға жұмсалған шығындарды, қоршаған ортаны қорғау саласындағы білім беру мен ағартуға жұмсалған шығындарды, табиғаты қорғау қызметін, экологиялық бақылау мен мониторинг, ақпараттық қамтамасыз етуді қоса мемлекеттік басқаруға жұмсалған шығындарды қоса, ағымды (пайдалану) шығындарын қосады.
Қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған ағымды шығындар көрсеткішін қалыптастыру үшін республикадағы өткізілетін мемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулар деректерін, соңдай-ак әкімшілік есеп деректерін қолдану қажет.
Көрсеткішті қалыптастыру кезінде негізгі деректер көздерінің бірі боп табиғи ресурстарды пайдаланатын, ластағыш заттар мен өндірістік қалдықтардың шығарындылары мен төгінділері бар, барлық заңды тұлғалар және/немесе олардың құрылымдық бөлімшелері статистикалық органдарына жыл сайынғы мерзімділікпен тапсыратын «Қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған ағымдағы шығындар, экологиялық төлемдер мен табиғи ресурстар үшін төлем туралы есеп» (нысан индекі – 4-қо) статистикалық нысан бойынша жалпы мемлекеттік статистикалық бақылау табылады. Аталған нысанда еуропалық табиғат қорғау қызметтер жіктеуішіне (СЕРА, 2000) сәйкес табиғат қорғау қызметтер бөлісінде, кәсіпорындар мен мекемелердің қоршаған ортаны қорғау қызметімен байланысты, негізгі қорларды күрделі жөндеуден өткізуге жұмсалған шығындар көрсетіледі.
Орман ресурстарын қорғауға жұмсалған шығындарын қалыптастыру үшін негізгі және қайталама қызмет түрлері (02 ЭҚТЖС коды) «Орман өсіру және ағаш дайындау» болып табылатын барлық заңды тұлғалар және/немесе олардың құрылымдық бөлімшелері және ағаш кесу билеті бар болған жағдайда дара кәсіпкерлермен жыл сайынғы мерзімділікпен тапсырылатын «Сүрек дайындау және орман өсіру мен орман шаруашылығы жұмыстарын жүргізу туралы есеп» (нысан индексі – 1-орман) статистиқалық нысаны бойынша Статистика агенттігімен жүргізілетін жалпы мемлекеттік статистикалық байқау деректерін қолдануы ұсынылады.
Аталған нысанда орман орналастыруына жұмсалған шығындар, соңдай-ақ орман қорын қорғау, өртке қарсы орналастыру, орман өрттерінің алдын алу, оларды дер кезіндегі айқындау және жою бойынша көрсетілген қызметтер көлемі көрсетіліді. Соңдай-ақ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министірлігінің өрт өшіруге жұмсалған шығындар қөрсетілетін «Орман өрттері туралы есеп» (нысан индексі – 1-өрт (орман)) нысаны бойынша ведомстволық статистикалық байқау деректерін қосу қажет.
Жануарлар дүниесін қорғау мен өсімін молайтуға жұмсалған шығындарды экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің 01.7 коды бойынша қызметтің негізгі және қайталама түрлері «Осы салада қызмет көрсетуді ұсынуды қоса алғандағы аңшылық пен аулау» болып табылатын заңды тұлғалар және/немесе олардың құрылымдық бөлімшелері және бекітілген тәртіппен тіркелген және аңшылық шаруашылығын жүргізу құқығына ие болған азаматтар статистикалық органға жыл сайын тапсыратын «Аңшылық пен аулау туралы» (нысан индексі – 2-аңшылық) статистикалық нысаны бойынша Статистика агенттігімен жүргізілетін жалпы мемлекеттік статистикалық байқау деректерінің негізінде қалыптастыру қажет. Аталған статистикалық нысанда әртүрлі биотехникалық шараларға, жабайы аңдарды қорғауға және санының есебін жүргізуге жұмсалған шығындар көрсетіліді.