Меншикти капитал

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Марта 2012 в 22:07, реферат

Описание работы

Экономикалық ғылымдардың барлығы бір - бірімен байланысты болса да олардың ішінде бухгалтерлік есеп өз алдына бөлек ғылыми сала. Өйткені, бухгалтерлік есептің мәліметтері мен көрсеткіштері қоғамдық өндірістің дамуын зерттеуде бірден - бір негіз болып табылады.

Содержание

1. Меншікті капиталдың экономикалық сипаттамасы мен оның есебінің міндеттері.
1.1 Меншікті капитал –экономикалық ресурстардың қалыптасу көзі.
2. Меншікті капиталдың есебі.
2.1 Шығарылған капитал (Жарғылық капитал) есебі.
2.2 Эмиссиялық кіріс және сатып алынған жеке меншік үлестік аспаптар есебі
2.3 Резервтік капиталдың есебі
2.4 Бөлінбеген кіріс (жабылмаған залал) есебі
2.5 Меншікті капиталдың синтетикалық есебі.
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Работа содержит 1 файл

меншікті капитал.doc

— 93.50 Кб (Скачать)

Акционерлік қоғам мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталы үш негізгі функцияны атқарады:

                                               ол бастапқы капитал болып саналады, яғни қоғам қызметі үшін мүліктік негіз;

                                               ол барлық құрылтайшылардың (акционлерлер, қатысушылар) салымдарының үлесін анықтауға мүмкіндік береді, себебі жиналыста қатысушының дауыс беру саны мен оның табысының мөлшері осыған сәйкес;

                                               жарғылық капиталдың көлемі қоғамның үшінші тұлғалар алдындағы міндеттемелерін орындауға кепіл береді, сондықтан оның минималды көлемі заңмен бекітіледі.

Акционерлік қоғам мен шаруашылық серіктестіктерінің жарғылық капиталының қалыптасуында ерекшеліктер бар. Қосымша №2, №3

Толық серіктестіктің жарғылық капиталы оның құрылтайшысын анықтайды, алайда заң актісімен белгіленген ең аз деңгейдегі мөлшерден кем болмауы керек, яғни жиырма бес еселенген айлық есептік көрсеткіштен кем болмауы керек.

Коммандиттік (сенімге негізделген) серіктестік- жарғылық капиталдың мөлшері заң актілерімен белгіленген  елу еселенген айлық есептік көрсеткіштерден кем болмауы керек. Салымшылардың үлестерінің жалпы мөлшері жарғылық капиталдың  50 пайыз құрауы мүмкін.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік- жарғылық капиталдың мөлшерін  жүз айлық есептік көрсеткіштен кем болмауы керек. Жарғылық капиталға  құрылтайшылардың үлестері натуралдық және мүліктік құқық түрінде ақшалай нысанда барлық құрылтайшылардың қатысуымен немесе серіктестіктің  қатысушыларының жалпы жиналысының шешімімен бағаланады. Егер мұндай салымның құны жиырма мың айлық есептік көрсеткішке тең  сомадан асса, оны бағалауды тәуелсіз эксперт куәландыруы керек.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің  қатысушылары  серіктестіктің тіркелуіне дейін жарғылық капиталдың жалпы сомасының 25 пайызын салулары керек, бірақ жарғылық капиталдың ең аз мөлшерінен кем емес. Жалпы жиналыстың  шешімінің бекітілген уақытында барлық қатысушылар серіктестіктің жарғылық капиталына салымдарын толық салулары керек. Бұл мерзім серіктестіктің тіркелген уақытынан кейін бір жылдан аспауы керек.

Жарғылық капитал мен оның меншіктік капиталдағы қатынасы  тіркелгенде немесе қайта тіркелгенде жауапкершілігі шектеулі серіктестікпен тексерілмейді.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталы мына жағдайларда тексеріледі:

1.кез келген қатысушының талабы бойынша тәуелсіз экспертпен. Экспертиза қызығушылық танытқан қатысушымен төленеді.

2.сот шешімі бойынша.

3.әр қаржылық жылдың соңында-қаржылық есеп беру бойынша.

    Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қатысушысы  серіктестіктің жарғылық капиталындағы өзінің үлесін   немесе оның бөлігін өз еркі бойынша осы серіктестіктің бірнеше қатысушыларына сатуға құқысы бар.

2.2 Эмиссиялық кіріс және сатып алынған жеке меншік үлестік аспаптар есебі

 

Эмиссиялық кіріс дегеніміз- акционерлік қоғам өз акцияларын олардың атаулы (номиналды) бағасынан жоғары бағаға сату нәтижесінде түскен сомасы (эмиссиялық кірісі). Мұндай капиталдың есебі 5110 «Эмиссиялық кіріс» шотында жүргізіледі.

Эмиссиялық кіріс шоты акционерлермен дивиденд түріндегі бөлуге жатпайды. Басқаша айтқанда, эмиссиялық кірістің ақшалай эквиваленті алынғаннан кейін ол компанияда қалады.

Сатып алынған жеке меншік үлестік аспаптар- бұл сатылған, содан соң шығарған акционерлік қоғам сатып алған акциялар. Сатып алынған жеке меншік үлестік аспаптар фирманы тарату кезінде активтердегі үлесіне дивидендтер алуға құқық бермейді.

Акционерлерден сатып алынған меншікті акциялар туралы ақпараттар қалыптастыру үшін 5210 «Сатып алынған жеке меншік үлестік аспаптар» шоты тағайындалған. Осы шоттың дебеті бойынша акционерлерден сатып алынған акциялар құны, айналымнан қайтарып алған немесе опциондар арқылы сатылған акциялардың құны көрсетіледі.

Акционерлік қоғам акционерлердің жалпы жиналысының шешімі бойынша меншікті акцияларды сатып алуды жүргізуге құқығы бар. Акцияларды сатып алу:

      акционерлік қоғамның акциялары үшін қолайлы конъюнктураны ұстап тұру;

      әрбір айналым жасаушы акциялардың кірісін көбейту;

      өзге компанияларға сату үшін қолда акциялардың қажетті санына ие болу;

      өзге заңды және жеке тұлғалардың акциялардың бақылау пакетін басып алуын жою;

      опциондар арқылы жұмысшылармен қызметкерлерге таратып бөлу үшін қолда акциялардың болуы, яғни белгілі бір жеңілдік жағдайларында қызметкерлер (жұмыскерлер) арасында акциялар тарату туралы әкімшілік пен оның қызметкерлері (жұмыскерлері) арасындағы келісім үшін жүзеге асырылуы мүмкін.

Сатып алынған жеке меншік үлестік аспаптар:

      айналымнан алынып қойылуы;

      сатылуы және қор нарығы айналымында тағы да пайда болуы мүмкін.

Акционерлік қоғам барлық кредит берушілерге акцияның сатып алынатыны туралы хабарлауы керек. Ал кредит берушілер қоғамнан өз жұмысын азайтуда тоқтатуды және өздеріне келтірген залалдың орыны толтыруды талап етуге құқылы.

Заңға сәйкес сатып алынған акция құны қоғам шығарған акцияның жалпы санының 25%-інен аспауы керек, ал акцияны сатып алуға қоғам бағыттаған қаражат қоғамның 10% өзіндік капиталынан аспауы керек.

2.3 Резервтік капиталдың есебі

 

Жарғылық капиталдың бекітілген мөлшерін қамтамасыз ету үшін және құрылтайшылардың (акционерлер, инвесторлар)  тұрақты түрде дивидендтер алу қызығушылығын сенімді қорғау үшін кәсіпорындарда резервтік капитал құрылуы мүмкін.

Резервтік капитал – акционерлік қоғамның және басқа да тараптардың таза табысының есебінен қалыптасатын меншік капиталының бір бөлігі. Резервтік капитал субьектінің негізгі қызметінен алынған залалдарын жабуға және ағымдағы табыс жеткіліксіз болған жағдайда, дивиденттерді төлеуге пайдаланылады. Резервтік капиталды құрау және оны пайдалану құрылтайлық құжаттармен және қолданыстағы заңдармен анықталады. Резервтік капитал жарлық капиталымен және басқа да қаражаттармен бірге бухгалтерлік баланстың пассивінде көрініс табады және ол кәсіпорынның меншік капиталы болып табылады.

Резервтік капиталды құрудың негізгі мақсаты акция құнының төмендеуі тәуекелі туындаған жағдайда жарғылық капиталдың белгіленген мөлшерін ұстап тұру, себебі  жарғылық капитал осы резервтер есебінен толып отырады. Резервтік капитал ұйымның мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін екі жыл ішінде қалыптасуы керек.

Резервтік капиталдың есебі 5300-ші «Резервтер» бөлімшесінің мынадай пассивті шоттарында жүргізіледі: 5310-ші   «Құрылтай құжаттарында белгіленген резервтік капитал», 5320-шы «Қайта бағалакға арналған резерв», 5330-шы «Шетелдік валютаны қайта есептеуге арналған резерв», 5340-шы «Басқа да резервтер».

Заңдармен белгіленген резервтік капиталдың есебі. Шаруашылық жүргізуші серіктестіктің (ЖШС, АҚ және басқалары) резервтік капиталы құрылтайшылардың құжаттарында (жарғысында, құрылтайшылардың шарттарында) белгіленеді, сондай-ақ белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік тіркеуден өтеді. Жыл сайын түскен таза табыстан аударып отыру акционерлердің жалпы жиналысында белгіленеді. Оның мөлшері жарияланған жарлық капиталдың 15%-нен кем болмауы керек.

5340 «Басқа да резервтер» шотында заң тәртібімен көзделген ең төменгі мөлшерден тыс жасалған резервтік капиталдар есептелінеді.

Бұл шоттардың аналитикалық есебі  №13 журнал-ордерде жүргізіледі.

2.4 Бөлінбеген  кіріс (жабылмаған залал) есебі             

 

Кәсіпорынның қорытынды табысынан бюджетке төленетін салықтарын және табыстың есебінен өтелетін басқадай шығындарды төлегеннен қалған сомасы есепті жылдың «Бөлінбеген кірісі (жабылмаған залалы)» болып табылады.

              «Бөлінбеген кіріс (жабылмаған залал)» есебі бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарындағы 5400 бөлімшесіндегі шоттарында жүргізіледі.

Меншік капиталындағы өзгерістер туралы есеп беру.

Қазақстан Республикасының «бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» Заңына сәйкес қаржылық есеп беру өзіне: бухгалтерлік баланс; кірістер мен шығыстар туралы есеп; ақша қозғалысы туралы есеп;  меншік капиталындағы өзгерістер туралы есеп беруді қосады.

Меншік капиталындағы өзгерістер туралы есеп беру акционерлер немесе ұйымға қатысушылар сияқты қаржылық есеп беруді қолданушылардың қызығушылығын көрсетеді. Баланста меншікті капитал жеке бөлім ретінде қарастырылған. Меншік капиталындағы өзгерістер туралы есеп беру бұл ақпаратты сандық өзгерістермен толық қамтиды. Есеп беру кесте ретінде талданады, меншікті капиталдың шоттары бойынша дебеттік және кредиттік айналымдары көрсетіледі, ал жиыны есеп берудің жолдарының көрсеткіштері сомаланғаннан кейін есепті жылдың 31 желтоқсанына «Меншікті капитал» баланс бөлімінің көрсеткішінің жиынтық сомасын береді.

2.5 Меншікті капиталдың синтетикалық есебі.

Капиталдың қозғалысы бойынша операциялардың дұрыс көрсетілуінің маңыздылығы әрбір кәсіпорын үшін зор болып саналады. Төменде капиталдың қозғалысы бойынша тиісті операциялар көрсетілген.

Төленбеген капиталдың есебі.

Жарияланған жарғылық капитал сомасына 5020 «Төленбеген капитал» шоты дебеттеледі де, 5010 «Жарияланған капитал» шоттары кредиттеледі.

Жарғылық капиталға салымдардың салынуының жүзеге асырылуына қарай 5020-шы «Төленбеген капитал» шоты кредиттеліп отырады, ал салым шоттары дебеттеледі:

- материалдық емес активтерді жарғылық капиталға жарна ретінде төлеу кезінде- 2710, 2730 шоттары;

- негізгі құралдарды, аяқталмаған құрылыс объектілерін жарғылық капиталға жарна ретінде төлеу кезінде-2410 шоты;

- ақша –қаражаттарын жарғылық капиталға жарна ретінде аударған кезде- 1010, 1020, 1040, 1050;

Егер де 5020 шотының дебеттік қалдығы болмаса, онда кәсіпорын өзінің жарғылық капиталын толығымен қалыптастырылғанын білдіреді.

Эмиссиялық кіріс есебі.

Өз меншігіндегі акцияларды сатқанда 5110 шоты кредиттеліп, мына шоттар дебеттеледі: 1050, 1040, 1010, 1020.

                                          

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                               Қорытынды.

Қазіргі таңда «Меншікті капитал  есебінің» әртүрлі жүйедегі мүмкіндіктері бар. Оларды қалыптастыру кәсіпорындардың көлемінің, қызмет ауқымының әр түрінде қолданыс табуда.

Меншікті капиталдың есебін ұйымдастырғанда бухгалтерия жұмысының қарқынын кеңейту мен кәсіпорынның қаржылық – шаруашылық қызметіне бақылауды жақсарту және де кәсіпорынды басқаруды дұрыс қолға алуда маңызды болып табылады.

Меншікті капитал қаржылық есеп беруде бірден- бір бөлінбейтін қажет категория. Халықаралық қаржылық есеп стандартында қарастырылған стандарттау құралы кәсіпорынның қаржылық есеп беруі бухгалтерлік есебі емес. Көптеген отандық бухгалтерлер  халықаралық қаржылық есеп  стандартын аша отырып, белгілі бір операцияны қалай есептейтінін, алғашқы құжаттарды дайындау және толтыру туралы одан реттеуші құжаттар, нормативтік актілер іздемекші болады. Бірақ, бұл былай емес. Батыстық бухгалтерлер үшін қаржылық есеп инвесторлармен, меншік иелерімен қарым-қатынас жасайтын тіл ретінде маңызды, себебі оларға кәсіпорынның есебі қалай жүргізілетіні, яғни жеңілдетілген режимде немесе журнал-ордерде немесе есептің автоматтандырылған әдісін қолдану-қолданбау маңызды емес. Бухгалтерлік есепті жүргізуде ақпаратты жинау және әзірлеу қағидасы сол қалпы қалады, өйткені халықаралық қаржылық есеп беру стандарты бухгалтерлік есепті жүргізуді реттемейді. Сондықтан да бухгалтерлерге есепті жүргізуде стандарттың әрбір әрібін қатал ұстану міндетті емес. Халықаралық қаржылық есеп  стандарты бұл қоғамдық қызығушылықтарды сипаттайтын, қаржылық есеп беруді дайындау мен ұсыну тәртібі үшін қажет жүйе. Халықаралық қаржылық есеп  стандарты  көптеген мемлекеттерде қолданылатын бизнес тілі. Сондықтан да Қазақстанға инвесторлар қажет болғандықтан экономикалық тиімді, ал инвесторлар болса қаржылық ақпаратты  халықаралық қаржылық есеп  стандартына сәйкес ұсынуды талап етеді.

Халықаралық қаржылық есеп  стандартының артықшылығына келетін болсақ, біріншіден, оның қабылдауда оңайлылығы, өйткені оны дайындауда әлемдік тәжірибе қолданылды. Екіншіден, халықаралық қаржылық есеп  стандартты қолдану кәсіпорынның қаржылық есебінде нақты әділ сандармен құрылады. Халықаралық қаржылық есеп  стандартына көшуде активтерді бағалауда және де қазір пайдалы болып саналатын кәсіпорындар кейін зиянды болулары мүмкін белгілі бір проблемалар туындауы мүмкін.

Қазақстандық бухгалтерлік есеп стандарты халықаралық қаржылық есеп  стандартына жақындатылып жасалған стандарт. Тек халықаралық қаржылық есеп стандарты кеңірек, ал ондағы ақпарат толығырақ. Әрине, кейбір стандарттағы терминдерді түсіну қиынырақ және арнайы білімді талап етеді. Бірақ біздің Президентіміздің дамыған елдер қатарына қосылу туралы жолдауын жүзеге асыру үшін біз ол қиындықтардан өтуге дайын болуымыз қажет.

 

 

 

Информация о работе Меншикти капитал