Мен макроэкономика пәнін не үшін оқимын

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2011 в 17:27, реферат

Описание работы

Қазақстан Республикасының егемендік алып, тәуелсіз ел болғанына да, міне жиырма жылдан асты. Бұл жылдары елімізде әлеуметтік-экономикалық мәні аса жоғары қыруар игі өзгерістерге қол жеткізілді. «Осы жылдар ішінде тындырған ісіміздің басты түйіні, - деп көрсетті ел басы Н.Назарбаев өзінің халыққа жолдауында, - Қазақстанның дербес мемлекет болып қалыптасуында жатыр. Біздің әлі есею мен кемелдену кезеңінен өтуіміз керек, Қазақстандағы азаматтық қоғамның босағасын бекіте беруіміз керек».

Работа содержит 1 файл

Мен макроэкономика пәнін не үшін оқимын.doc

— 31.00 Кб (Скачать)

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  БІЛІМ  ЖӘНЕ  ҒЫЛЫМ  МИНИСТРЛІГІ 
 

Еуразиялық  ұлттық университеті

Экономика факультеті 
 

ЭССЕ 

Тақырыбы: «Мен макроэкономика пәнін не үшін

                                                                            оқимын". 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Орындаған:

Тексерген: 

                 

Астана 2011

   Қазақстан Республикасының егемендік алып, тәуелсіз ел болғанына да, міне жиырма жылдан асты. Бұл жылдары елімізде әлеуметтік-экономикалық мәні аса жоғары қыруар игі өзгерістерге қол жеткізілді. «Осы жылдар ішінде тындырған ісіміздің басты түйіні, - деп көрсетті ел басы Н.Назарбаев өзінің халыққа жолдауында, - Қазақстанның дербес мемлекет болып қалыптасуында жатыр. Біздің әлі есею мен кемелдену кезеңінен өтуіміз керек, Қазақстандағы азаматтық қоғамның босағасын бекіте беруіміз керек».

   Бұдан туындайтын талаптар мен міндеттерді  абыроймен орындап шығудың басым  бағыты экономиканы дамыту, осының негізінде еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын тұрақтандыру, халықтың әл-ауқатын  түбегейлі жақсарту.

   Республикамызда кеңестік дәуірдегі мемлекеттік кәсіпорындар, зауыттар мен фабрикалар жекешелендіріліп, олардың орнына жеке меншікке негізделген шаруашылық субъектілері ұйымдастырылды. Қазіргі кезде бұрын соңды тоқтап қалған көптеген өндіріс орындары, отандық және шетелдік кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар ашылып, жұмыс істеуде. Сонымен қатар жаңа мазмұнды сан алуан өндірістік атаулар мен ұжымдар дүниеге келді. Ауылдық елді мекендерде өндірістік кооперптивтер, шаруашылық серіктестіктер, шаруа қожалықтары құрылды. Экономиканы жедел дамытып, әлеуметтік өмірді тұрақтандырудың басты бағыты – шағын,орта және ірі бизнесті дамыту қолға алынды. Бұл бағыт та өз кезегінде оң нәтижесін беруде.

   Қазақстан Республикасы алдындағы міндеттер, алға қойған мақсат әлеуметтік бағыттағы жоғары тиімді экономиканы қалыптастыру әлемдік кеңістікте өз орнын табу, экономикалық тәуелсіздікті қамтамасыз ету, жоғары дәрежелі еңбек өнімділігіне жету, халық шаруашылығы құрылымында жоғары технологияны пайдалану, тауарлар өндірісі мен қызмет көрсетудің жалпы көлемін және оның өсімін, халықтың тұрмыс дәрежесін көтеру, жұмыссыздықты жою, аралас экономиканы қалыптастыру, түрлі меншік иелеріне жол ашу, рынок орталықтарында тиімді заңға негізделген іскерлікке қол жеткізу – осының бәрі макроэкономика саласынан бастау алады.

   Макроэкономика  экономика ғылымының күрделі  әрі айтарлықтай тармақталған жүйесінде  айрықша орын алады. Оның зерделеу объектісіне  ұлттық экономика тұтас кіреді.

   Ал, қазіргі заманғы нарықтық экономиканы  құратын, әрі қарай ағысын алып кететін – біздер, жастар. Яғни, Қазақстанды әлемдік стандартқа сай елдердің қатарына қосу жолында білікті де тәжірибелі оқытушылардан сапалы білім нәрімен сусындап жатқан, біздер – болашақ экономисттер. Экономикалық сфераға қадам басып, оның бөлінетін салаларымен танысқаннан кейін, өзімізге бірінші «Біз макроэкономика пәнін не үшін оқимыз?» деген сұраққа жауап керек.

   Макроэкономика  экономиканы біртұтас жүйе ретінде  ала отырып, елдегі тауарлар өндірісі мен қызмет көрсетудің жалпы көлемін  және оның өсуін, елдегі жүргізілген инфляция қарқыны мен жұмыссыздық деңгейін, валюталардың айырбас бағамдары, сондай-ақ өндіріс көлемінің, жұмысбастылықтың, тауар мен ақша нарықтарындағы тепе-теңдіктің ұзақ мерзімдегі өзгерістерімен қатар, экономикалық айнымалылардың қысқа мерзімді тербелістерін зерттеп көрсетеді. Макроэкономиканың экономикалық саясатқа қатысты практикалық ұсынымдары нақты тарихи жағдайлар мен ұлттық экономика үшін маңызы зор.

  Біз осы  пәннен оқып-үйренгеніміздің жемісін  өмірде тиімді пайдалануымызға тілектеспін, әрі бұл ғылым экономикалық білімнің биік шыңына өрмелегендердің баріне көмектеседі деген үмітпен сенім білдіремін.

   Біз он жеті миллионнан астам халықпыз, бізде табиғи ресурстар мол, алып жатқан территориямыз кең, орналасқан орнымыз көлік тораптарына ең оңтайлы, жер қойнауымызда Менделеев кестесінің элементтерінің 99-ы бар және олар біздің жерімізге ғана тән. Егер осы мүмкіншілікті тиімді пайдаланатын болсақ, әрбір азаматымыз басынан аяғына дейін алтынға оранып жүруіне қол жеткізуімізге болады. Неге осылай жасамасқа?

   Бұның бәрі біздің қолымызда тек ғана қалауымызға  байланысты. Мен Елімнің ар-ождан  патриотымын, мен Қазақстан деген  байтақ елдің азаматымын, елімнің  туы биікке асқақтап, түтінінің түзу шыққанын қалаймын. Халқыма адал қызмет етіп, елімнің абыройы үшін, жұртымның жағдайы үшін қолдан келер мүмкіндігімді жасаймын және мен сияқты өмірге үлкен үмітпен қарайтын жастардың осы пікірге қосылатынына  кәміл сенемін.

   Көркей  бер, менің елім – Қазақстаным!!!

Информация о работе Мен макроэкономика пәнін не үшін оқимын