Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2011 в 17:12, реферат
Мемлекеттік қаржы – мемлекеттік қаржы ресурстарын қалыптастыру үшін және алынған қаражаттармен мемлекеттің қызметін атқару үшін қоғамдық өнімнен ұлттық байлықтың құндылығын бөлу және қайта бөлуге қатысты ақша қарым-қатынасы. Ақша қарым-қатынасының субъектілері: азаматтар, мемлекет және өндірістік қоғамда.
МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЖЫ
Мемлекеттік қаржы – мемлекеттік қаржы ресурстарын қалыптастыру үшін және алынған қаражаттармен мемлекеттің қызметін атқару үшін қоғамдық өнімнен ұлттық байлықтың құндылығын бөлу және қайта бөлуге қатысты ақша қарым-қатынасы. Ақша қарым-қатынасының субъектілері: азаматтар, мемлекет және өндірістік қоғамда.
Мемлекеттік қаржы – қаржы жүйесінің басты буыны, оның қалыптасуы мемлекеттің пайда болумен байланысты. Кез келген қоғамда мемлекет бірқатар Факторларға:
Мемлекеттің экономикалық өмірге қатысуы мына функциялармен анықталады:
Нарықтық
жүйе табыстар мен байлықты бастапқы
бөлуде теңсіздік туғызғандықтан мемлекет
оларды қайта бөлуді жүзеге асырады.
Мемлекеттің экономиканы
Экономикалық мәні жағынан мемлекеттің қаржысы – мемлекеттің, оның кәсіпорындарының қаржы ресурстарын қалыптастырып алынған қаржыларды мемлекет пен оның кәсіпорындарының функцияларын орындауға пайдалану үшін қоғамдық өнімнің құны мен ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта бөлумен байланысты ақшалай қатынастарды білдіреді.
Мемлекеттік
қаржылар үшін мемлекеттік шығыстардың
өсуінің жалпы мемлекеттік
1) экономиканың өсуіне байланысты экономикалық өмірдің қиындауы және еңбек бөлінуінің тереңдеуі тиімді экономиканы қолдауды қажет етеді;
2) техника және технологиялық дамулар үлкен мөлшерде капитал қажеттіліктерін қажет етеді. Оларды акционерлік қоғам мен мемлекеттік корпорациялар қамтамасыз етеді. Мемлекет техникалық шаралар арқылы монополиялық өнірістер пайда болатын жерде олардың қызметін реттеуші ретінде қатысуы керек;
3) мемлекет білім беру және денсаулық саласында белсенділік танытады. Өйткені бұл салалардан түсетін пайда экономикалық бағалауда төзімді болып келеді.
Мемлекеттік
қаржы ұғымында жеке дара звенолардың
әрқайсысы спецификалық орын алады.
Мемлекеттік қаржылар құрамына кіретіндер:
Мемлекеттік
бюджет - мемлекеттік өкімет органдарының
қызметін қамтамасыз ету үшін ақшалай
қаражатты қалыптастыру мен жұмсаудың
негізгі қаржы жоспары. Мемлекеттік бюджет
республикалық және жергілікті бюджеттерді
біріктіреді.
Бюджет түсіміне
- бюджет түсіміне кіреді: салықтық және
салыққа жатпайтын түсімдер, капиталмен
жасалатын операциялардан түскен табыс,
алынған ресми трансферттер, кредиттерді
қайтару.
Бюджет шығысы
- бекітілген бюджет шегінде қайтарылмайтын
негізде бөлінетін қаражат. Шығысқа шығын
және кредит қосылады. Бюджеттің шығыс
бөлігі функционалдық, экономикалық және
ведомстволық сыныптама бойынша құрылады.
Салық түсімі
- бюджет пайдасына төленетін міндетті,
өтеусіз, қайтпайтын төлем. Салық түсімі
салық, алым және басқа міндетті төлем
түрлері бойынша сыныпталады.
Салыққа жатпайтын
түсім - салыққа жатпайтын түсім салық,
алым және төлем, айыппұл түсім мен ықпалшара
бойынша түсім түрлері, кредиттерге байланысты
сыйақы (мүдде) бойынша сыныпталады.
Капиталмен жасалатын
операциядан түскен
табыс - сатылған мүлік түрлері бойынша
және басқа мемлекеттік операциядан түскен
активтерді өткізуден түскен түсім капиталмен
жасалатын табысқа қосылады.
Алынған ресми трансферттер
- гранттарды қоспағанда бюджетке түсетін
өтеусіз және қайтпайтын түсімдер.
Кредиттерді қайтару
- кредиттерді қайтару-бұрын бюджеттен
берілген кредиттер бойынша негізгі борыштың
қайтарым сомасы, төленген мемлекет кепілдігі
бойынша талаптарды қайтару, мемлекетке
тиісті акцияларды елден тыс жерде сату
және сыртқы кредиттерді қайтару.
Бюджет тапшылығы
- бюджет шығысының оның кірісінен асып
түсу шамасы.
Бюджет профициті
- бюджет кірісінің оның шығысынан асып
түсу шамасы.
Бюджеттік
қарым-қатынас мемлекеттік
Мемлекеттік
басқару деңгейі бойынша
Республикалық бюджеттің рөлі. Оның қорлары жалпы мемлекеттік іс-шараларды жүзеге асыруға арналған. Республикалық бюджеттің көмегі арқылы экономиканың тұрақтылығы, бюджет теңгерімділігі мәселелері шешіледі.
Жергілікті бюджет. Бұл экономикалық процесті реттеу үшін өндірістік күштерді орнатуы, территориялық инфрақұрылымның дамуы үшін қолданылады. Әлеуметтік шығындарды қаржыландыру барысында үлкен рөлді жергілікті бюджет атқарады.
Бюджеттен тыс қорлар. Бұл жеке мақсатты іс-шараларды аударымдармен және басқа да дерек көздермен қаржыландыру.
Мемлекеттік
несие. Мұнда қарым-қатынастар
мекеменің уақытша бос ақша-қаражаттарын
мобилизациялаумен байланысты, оларды
мемлекеттік мекемеден берілуі мемлекеттің
қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін
керек.
Мемлекеттік қаржылар меншіктің жіктелу тұрғысынан қарағанда мемлекеттік заңды тұлғаның меншігі және мемлекеттік қазына болып табылады.
Мемлекеттік заңды тұлғаның бөлігі заңды түрде жеке дара болып табылады және мемлекеттік қаржылардың негізін құрайды.
Мемлекеттік қазына 2-ге бөлінеді:
1) республикалық;
2) жергілікті.
Республикалық қазына жүйесі:
1) республикалық бюджет қаражаттары;
2) алтын валюта қорлары;
3) тек қана мемлекеттік меншігіндегі мүліктер (жер, флора мен фауна, табиғи ресурстар);
4) республикалық меншікке жататын жеке дара емес мүлік.
Жергілікті қазына жүйесі:
1) жергілікті бюджет қаражаттары;
2) коммуналдық меншікке жататын жеке дара емес мүлік.
Осыдан
барып мемлекеттік қаржылардың
рөлі бөлінеді, яғни мемлекеттік
қаржылар – әр анықталған тіршілік
ету кезеңінде үкіметтің экономикалық
функциялардың орындалуын және қоғамның
дамуының мақсаты мен міндеттерін жүзеге
асырудың негізі болып табылады.
Мемлекеттік қаржылардың негізгі 2 функциясы бар:
1) үйлестірім;
2) бақылау.
Қайта өндіру концепцияларын жақтаушылар қаржылардың 3 функциясын атап өтеді:
1) ақша қорлары мен кірістердің пайда болуы;
2) ақша қорлары мен кірістердің пайдалануы;
3)
бақылау функциясы.
Қоғамдық тауарларды өндіруден және оларды қамтамасыз етудегі қаржының рөлі. Тауарларды, игіліктерді, қызметтер көрсетуді өндіретін, қамтамасыз ететін салаларды қаржыландыруға мемлекеттің тікелей қатысуының басқа да нұсқаулары болуы мүмкін. Олар әлеуметтік және қоғамдық деп аталады.
Қоғамдық
тауарлар рыноктік тауарлардан
айырмашылығы: олар бөлінбейді
және шығарып
тастау қағидатының
іс- әрекетіне ұшырамайды.
Бөлінгіштік
жеке сатып алушының тауарға қол жетушілігін,
оның өзіне қежетті сатып алу мүмкіндігін
қажет етеді. Оның өзі сатып алушының егемендігін
анықтайды.
Шығарып тастау қағидаты тұтынушыны егер ол тауардйң нарықтық бағасын толей алиаса немесе төлегісі келмесе осы тауардан болатын пацдадан аластауды білдіреді.
Қоғамдық тауарлар бөлінбейді, өйткені олар жеке сатып алушыларға бөлшектіп сатылмайды. Бұл жерде шығарып қағидаты тастау жұмыс істемейді. Рыноктік тауарлардан алынған пайда оларды сатып алу кезінде, ал қоғамдық тауарлардан алынған пайда өндіру кезінде жүзеге асады.
Бірқатар
қыметтер көрсету шығарып тастау қағидатының
ықпалына түсіп кетеді. Мысалы медициналық
қызметтер,білім деңгейін көтеру, бұл
қағидат бойынша қызметтерді көрсету
мемлекет белгіленген кепілдіктіминиумнан
жорағы қамтасыз етіледі. Мұнада мұражайлардың,
кітапханалардың, қоғамдық телидидар
мен радиохабарын тарату қызметтері, жол
желісі және т. б.
Мемлекет
қаржысының іс әрекеті кезінде өзара
тығыз байланысты екі үдеріс пайда
болады: мемлекеттік құрылымдардың
қарамағына қаржылық ресурстарды жұмылдыру
және қаражаттарды мемлекеттің әр түрлі
қызметтеріне пайдалану. Бұл үдерістердің
алғашқысы өзінің көрінісін мемлекеттің
кірістері ұғымында, екіншісі мемлекеттің
шығыстарында табады.
Мемлекеттік
кірістер деп экономикалық қатынастардың
жүйесін айтады, бұл қатынастардың үдерісінде
мемлекеттің жұмыс істеуінің материалдық
базасын жасау үшін мемлекеттің меншігіне
түсетін қаражаттардың жиынтығы құрылады.
Мемлекеттің кірістер құрамына мемлекеттік
бюджеттің кірістерінен басқа мемлекеттік
кәсіпорындардың,ұйымдардың, бірлестіктердің
таза табыстары, мемлекеттік мүліктен
алынатын табыс, салық түсімдері және
т.с.с. кірсе, ал мемлекеттік бюджет кірістеріне
олардың жұмылдырылған бөлігі ғана кіреді.
Мемлекеттік
шығыстар бұл мемлекеттің жұмыс істеуімен
байланысты ақшалай шығындары. Экономикалық
категория ретінде олар қоғамдық өндірісті
дамытып, жетілдіру, қоғамның сан алуан
қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында
ішкі жалпы өнімнің бір бөлігін бөлумен
және тұтынумен байланысты экономикалық
қатынастарды білдіреді. Мемлекеттік
шығындардың құрамына мемлекеттік бюджеттің,
бюджеттен тыс қорлардың, мемлекеттік
кәсіпорындар мен ұйымдардың, өндірістік
және өндірістік емес салалардағы мекемелердің
шығындары кіреді.
Қазақстан
Республикасының Қаржы
Мемлекеттік бюджет 1-ші ақпанға 2011 жылдың
|