Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 11:52, реферат
Мемлекеттің пайда болуы қоғамның ұйымдық құрылымды объективті түрде қажет ететін ішкі эволюциясымен байланысты. Мемлекеттің пайда болуының бірнеше түсіндірмелері бар. Ең алдымен –тологиялық теория ол мемлекеттің пайда болуын құдайдың құдіретімен байланыстырады. Бұл теорияның негізгі идеология Августин (554-450) және Фома Аквинский (1225-1274жж) болып табылады.
Мемлекеттің пайда болуы қоғамның ұйымдық
құрылымды объективті түрде қажет ететін
ішкі эволюциясымен байланысты. Мемлекеттің
пайда болуының бірнеше түсіндірмелері
бар. Ең алдымен –тологиялық теория ол
мемлекеттің пайда болуын құдайдың құдіретімен
байланыстырады. Бұл теорияның негізгі
идеология Августин (554-450) және Фома Аквинский
(1225-1274жж) болып табылады. Оның негізгі
мынандай постулаттық бар, мемлекеттің
айнымайтындығы және қасиеттілігі, барлық
билік құдайшылық бастаушылардан шықты,
оны ешкім де шайқала алмады. Осы теорияға
сәйкес барлық мемлекеттер басшылары
өздерінің биліктерін құдайдың ерік-жігерін
орындаушылар ретінде жүзеге асырады.
Патриархалық теориялар мемлекет отбасының
өсіп -өркендеуінің пайда болады да түсіндіріледі.
Оның өкілдерінде ежелгі грек философы
Аристотель б.д.д. 384-322 жж сонымен бірге
оырс социологы Михайловский (1842-1904жж)
жатады. Мемлекеттілік құрылысының орнына
келеді. Алғашқы қауымдық теңдік пен шешеннің
қоғамдық формасы өз-өңірін ескереді де
қашан әлеуметтік қабаттарда бөліне бастайды.
Ұжымдық өндірістік қатынастар қалыптан
тыс шығады. Оның еңбек бөлінісі келеді,
тайпалық құрлым қиындай түседі. Модан
келіп әлеуметтік құрылымдарды бөлу дами
бастады. Мемлекетт қоғамының ұйымдық
құрылымды объективті қажет ететін ішкі
эволюцияда мемлекет қоғамды басқару
үшін қажет ұйым ретінде, билік ету механизмі
ретінде жұмыс жүргізді. Мемлекеттік биліктің
өзіндік белгілері жалпыға бірдейлік
және (барлық) әмбебаттық болып табылады.
Жалпыға бірдейлік бар аумақтық және бар
тұрғындарға таратылудан , ал әмбебаптық
ортқ мүдделерді қорының кез келген мәселелерді
шешу мүмкіндігінен көрінеді. Бұқаралық
билік мемлекеттік орындарды жүзеге асады
және мемлекеттік билік ретінде іс-әрекет
жүргізіді. Оны мен аппаратын құрайтын
адамдардың ерекше санына жүргізе арттырады.
Құқық мемлекет сияқты қоғам дамуының
белгілі бір кезеңдегі өнімі болып табылады.
Жалпыға бірдей міндетті әлеуметтік нормалардың
пайда болуы бір әлеуметтік топ үшін нысардарға
иелік ету және пайдалану белгілі бір
әлеуметтік топ үшін нысандарға иелік
ету және пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз
ету қажеттілігімен байланысты. Жалпылардың
көмегі арқылы аталған әлеуметтік әлеуметтік
топтың сұраныстары қанағаттандырылып,
мүделері жүзеге асырылады. Құқықтың дамуы
мемлекеттің дамуымен нағыз байланысты.
Мемлекет белгілі бір кезеңде осы маңызды
әлеуметтік нормаларды, оларды құқықтық
нормаларға айналдыра отырып, қамтамасыз
етеді. Сонымен, бірге құқықтық жаңа нормаларын
анықтау бойынша жұмыс жүргізеді. Құқық
нормасы мемлекетпен рұхсат етілмей немесе
белгіленеге жеке тұлғаның мүддесін жүзеге
асыру барысындағы міндетті немесе мүмкін
құран ретінде шартты түрде бекітемінжалпыға
бірдей міндетті мінез-құлықтардың ережесі.
Құқықтық қатынастар – құқық нормаларымен
реттелген, құрамында өз ара алмастырып
отыратын құқықтар және міндеттермен
айшыққан құқық субъектілері арасында
заңдық байланысы бар қоғамдық қатынастар.
Құқықты қатынастардың субъектілері (қатысушылары)
құқық қаблеттілігі бар нақты және заңды
тұлғалар бола алады.
Құқық қаблеттілігі деген құқыққа және
міндетке не болу қаблеттілігі, ал әскет
қаблеттілігі деген олар жүзеге асыру
қаблеттілігі. Құқықтық қатынастардың
пайда болуы, өзгерілуі және нақтылануы
заңдық жағдайлармен заңдық маңызы бар
нақтылы мән-жайлармен байланысты, олармен
құқық нормасы құқық субъектілерінің
құқықтары мен міндеттерінің пайда болуы.
өзгерілуі және тоқтатылуын байланыстырады.
Мемлекет қоғамның көп салалы, көп жүйелі
құбылыстарына сәйкес дамып, өмірге келген
бірлестік. Оның себептерін қоғамдағы
болып жатқан объективтік факторлар құрастырады:
биологиялық, психологиялық, экономикалық,
әлеуметтік, діни, ұлттық т.б. құбылыстар.
Сондықтан бір теорияның көлемінде мемлекет
пен құқықтың пайда болуын ғылыми тұрғыдан
толық түсінуге болмайды.
Қоғамның тарихи даму процесінде адамдардың
ара қатынасында кайшылықтар басталды.
Сондықтан қоғамда бостандықты, еділеттілікті,
тендікті сақтау үшін адамдар өзара шарт
жасап мемлекетті құрды. Бұл шарттың мазмұны
көп елдің Конституциясына кірді деп түсіндіреді.
Психологиялық теория — XIX ғ. бұл теорияны
уағыздаған: Ч.Тард, Л.И. Петражицкий. Коғам
мен мемлекетті бұл теория адамдардың
психологиялық біріккен көзқарасы, іс-әрекеті,
мінезі, тәртібі — бәрі келісіп ұжымдық
түрде басқаруы. Коғам мен мемлекет адамдардың
табиғи психологиялық даму заңдылық процесінің
нәтижесінде пайда болды деп түсіндіреді.
Күштеу теориясы — XIX ғ. қалыптаскдн пікір.
Өкілдері: Л. Гум-плович, К. Каутский, Е..
Дюринг т.б. Мазмұны: күшті рулар, тайпалар
өздерімен шектес әлсіз руларды, тайпаларды
күштеп, зорлық озбырлық жасап өзіне бағындырып,
бақылауды жақсарту үшін мемлекет құрады
— деп түсіндіреді.
Материалистік теория — мемлекет пен
құқықтың пайда болуын экономикалық тұрғыдан
түсіндіреді, себептері: қоғамдық еңбектің
бөлінуі, қосымша өнімнің, жеке меншіктің
пайда болуы, қоғамның қарама-қарсы екі
тапқа бөлінуі, қайшылық күресінің басталуы.
Мемлекет пен қққықтың мазмұнының тарихи
өзгеріп отыруы қоғамдық мүдде-мақсатты
қорғауы.
Мемлекет қоғамның көп салалы, көп жүйелі
құбылыстарына сәйкес дамып, өмірге келген
бірлестік. Оның себептерін қоғамдағы
болып жатқан объективтік факторлар құрастырады:
биологиялық, психологиялық, экономикалық,
әлеуметтік, діни, ұлттық т.б. құбылыстар.
Сондықтан бір теорияның көлемінде мемлекет
пен құқықтың пайда болуын ғылыми тұрғыдан
толық түсінуге болмайды.
Жоғарыда көрсетілген теориялардың бәрінде
де кемшіліктер мен жетістіктері бар.
Оны ғалымдар пайдаланады. Мемлекет және
құқықтың пайда болуын, ғылыми тұрғыдан
дұрысырақ түсіндіретін — тарихи материалистік
теория. Бұл теория мемлекет және құқық
тарихи туынды-қоғамның антагонистік
тапқа бөлінуінің нәтижесі болып табылады
деп түсіндіреді. Ол дұрыс.
Кемшілігі — мемлекет пен құқықгы тек
экономикалық базис пен шектеуі, жалпы
теорияның атқаратын жұмысын бір жақты
түсінуі (қоғамдық маңызын шектеуі) және
олардың келешегін болжаудағы жіберген
қателіктер.
Бүгінгі тандағы мемлекеттің басты ерекшелігі
айматтарды мемлекеттік және коғамдық
істерге нақтылы қатыстыруды қамтамасыз
ететін, шын мәніндегі, демократиялық
қоғам құру болып табылатындығында. Республика
Конституциясының 3-бабында: "Мемлекеттік
биліктің бірден-бір бастауы — халық"
деп көрсетілсе, 1-бабында "Қазақстан
Республикасы өзін демок-ратиялық, зайырлы,
құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде
орнықтырады" деп атап көрсетілген.
Мұның мәні неде? Оның мәні бәрінен бұрын
ізгілік іргетасынын, қалануында, яғни
азаматтың, жеке адамның бостандығы, ар-ожданы,
ар-намысы. Бұл—халықтың, қоғам мен мемлекеттің
өмірінде заңның үстем болуы арқылы қол
жеткізілетін нәрсе. Од адамнын құқығы
мен бостандығын, бейбітшіл азаматтық
коғам құруды және ұлтаралық татулықты,
сондай-ақ адамның өзі және өз ұрпақтары
үшін лайықты өмір сүруін қамтамасыз етеді.
2. Кеңестік дәуірді де, қазіргі кезенде
де мемлекетгің функциясын дамытуға көп
көңіл бөлінеді. Өйткені функцияның мазмұның
терең түсініп, білу тек мемлекеттің бүгінгі
жұмысын, қызметін жақсарту ғана емес,
сонымен бірге қоғамның, мемлекеттің тарихи
даму процесін зерттеп, дұрыс түсінуге
көп үлес қосуы. Функция мемлекетпен, қоғаммен
бірге дамып, бірге өмір сүріп келеді.
Бұл объективтік процесс. Қазіргі заманда
Қазақстан Республикасының функциясы
күрт өзгеріп, дамуда, негізгі бағыты нарықты
экономиканы қалыптастыру, либерал-демократиялық
мемлекетгі орнату.
Мемлекеттің функциясы туралы әр түрлі
ой-пікірлер бар. Солардың бірі — функция
көп өзгеріске ұшырамайтын деп, бірнеше
үрлерін келтіреді: жалпы қоғамдық, әлеуметтік,
таптық, ұлттық, ғылыми-техникалық, экологиялық,
интернационалдық функциялар. Функцияны
жүйелеудің келесі түрі: тұрақты және
уақытша функциялар; негізгі және негізсіз
функциялар; заңды қабылдау, орындау, қорғау
функциялары. Мемлекеттердің көпшілігі
функ-цияны ішкі және сыртқы функциялар
деп екіге бөледі. Осы пікірді қазіргі
заманда мемлекеттер дұрыс деп қолдануда.
Мемлекеттің функциясының орындалуын
қамтамасыз ететін
— мемлекеттік аппарат пен органдар. Әуелі
функцияны орындау үшін тиісті мемлекеттік
орган құрылады. Бірнеше органдар функцияның
мазмұнына қарай мемлекеттік аппаратты
қалыптастырады. Функцияның орындалу
кезең-сатылары: функция — орган
— аппарат — мемлекет. Мемлекеттің функциясы
арқылы қоғамның алдында тұрған мүдде
— мақсаттардың мазмұнын, оның орындалу
бағыттарын, толық білуге болады. Мемлекет
қызметінің (функциясының) негізгі белгілері:
- қызметтің жүйесі, оның атқаратын жұмыстарының
мазмұны және қатынастардың түрлері арқылы
анықталады;
- функция сарапталып, жіктеліп, кешенді
түрде жүргізіледі;
- мемлекеттің қызметі аппараттарының
қызметіне ұқсамайды. Мемлекет функциясы
қоғамдық көлемде жүргізіледі;
Мемлекет функциясы
Қазақстан Республикасы мемлекетінің
функциясы, яғни (миайтын ролі ретінде
оның қызметінің негізгі бағыттары мемлекеттің
қызметінің өзі түсініледі. Мемлекет функииясы
ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді.
Ішкі функцияларға еліміздін материалдық-техникалық
базасын құрып. дамытуға бағытталған мына
қызмет салалары мәдени-тәрбие жұмыстары,
яғни жеке адамның жан-жақты кетпеуіне
мүмкіндік туғызатын және оның құқықтары
мен бостандықтарын нақты қамтамасыз
ету үшін алғышарт жасайтын жұмыстар:
әлеуметтік қызмет көрсету, яғни адамдарға
жан-жақты камкорлық жасаудың ізгілікті
саясатын жүзеге асыру. Ата Заңымызда
атап көрсетілгендей, мемлекетіміздің
қызметі, бәрінен бұрын адам және адамның
өміріне, құқықтары мен бостандықтарына,
мүддесіне сай құрылады;
құқық тәртібін қорғау Конституцияға
сүйене отырып, бақылау арқылы оның талаптарын
орындауда, қоғамдық, мемлекеттік кұрылысқа,
азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына,
меншікке қол сұғушылықтың жолын кесуде
көрініс табатын функциялар. Мемлекет
бұдан басқа да көптеген функцияларды,
мысалы, экологияны қорғау және табиғатты
тиімді, ұтымды пайдалану, азаматтардың
мемлекет пен оның органдарын тікелей
өздері немесе өз екілдері аркылы басқаруға
катысу функцияларын, қаржылық, экономикалық,
идеологиялық функцияларды жүзеге асырады.
Құқықтың мәні Конституцияда және басқа
да заңдарда бекітіліп, тиянақталған оның
түп қазық бастауларында, негізгі принциптерінде
ашылады. Оларға жататындар: саяси биліктің
халықтың атынан жүзеге асуы, меншіктің
дамуы, корғалуы және олардың субъектілерінің
тендігі; демократизм, интерпационализм,
гуманизм.
Саяси биліктің халықтың атынан жүзеге
асуы. Бұл ереже Қазақстан Республикасында
мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы
— халық болып табылады делініп, Конституцияда
дәйектелген. Халық мемлекеттік билікті
тікелей және өз өкілдері арқылы жүзеге
асырады.
Меншіктің дамуы, қорғалуы және олардың
субъектілерінің теңдігі— мемлекеттің
материалдық-техникалық базасын құрудағы
маңызды шарт.
Конституцияда Республиканың экономикасы
мемлекеттік, сонымен қатар жеке меншік
нысандарына негізделетіні, ал мемлекет
меншіктің барлық субъектілерінін. заң
алдындағы мемлекеттер аумағындағы өзінің
азаматтары мен занды тұлғаларының өз
мүліктеріне деген меншіктік құқығын
қорғайды.
Демократизм азаматтық күқьіқтар мен
бостандықтардың кен. ауқымымен ұштаса
отырып, адамның мемлекеттік істерді шешуге
қатысу құкығын қамтамасыз ететін оның
қүқықтары мен бостандықтарын заң жүзінде
бекітуді білдіреді. Демокра-тизм азаматтардың
қоғам алдындағы міндеттерінің ішіндегі
айрықша орын алатыны — олардың мемлекеттік
істерді басқа-руға қатысуы міндеттерін
орындауы арқылы мейлінше толық жүзеге
асады. Қазақстан Республикасы қоғамдык,
бірлес-тіктердің Конституция мен зандар
шеңберінде мемлекеттік істерді басқаруға,
заңдарды талқылау мен кабылдауға, мемлекетгік
және жергілікті деңгейдегі мәні бар мәселелерді
шешуге қатысуына кепілдік береді.
Интернационализм — барлық ұлттар мен
ұлыстардың өзінің саяси, шаруашылык және
мөдени дамуындағы заң жүзіндегі және
іс жүзіндегі тендікті тану және оны қүқықпен
қамтама-сыз ету болып түсініледі. Республикамызда
нәсіліне, үлтына, тіліне және т.б. жағдаятгарға
қарамастан қүкық пен бостан-дықтендігіне
кепілдік беріледі. Еліміздегі Қазақстан
халыкта-ры Ассамблеясы интернационалдык
үйым.
Мемлекет қызметінің орындалу әдістері:
жеке тұлғалар ерікті, ерексіз түрде орындайды;
мемлекеттік органдар, бірлестіктер, ұйымдар
өздерінің кұзыретінің шеңберіне сәйкес
орындайды. Егер дұрыс орындалмаса, еріксіз
түрде орындау қамтамасыз етіледі.
Құқықтың саясатпен және экономикамен
арақатынасын білудің құқықтың мәнін
сипаттаудағы маңызы зор. Құқық пен саясаттың
мазмұны қоғамдағы өндірістік қатынастармен
айқындалады. Мемлекеттің саяси шараларының
басты аспектілері қүқықта бейнеленіп
көрсетіледі.
Құқық экономикалық базистің қондырмасы
деп саналады. Өмірдің материалдық жағдайы
өзгергек сайын құқықта өзгеріп отырады.
Қазіргі уақыттағы шаруашылық жүйесінің
өзгеруіне байланысты зандардың да тиісінше
өзгеріске үшырап, толық-тырылып отыруы
занды құбылыс. Қоғамдық катынастардың
бұдан кейінгі дамуында да құқықтың ролі
арта түсуі керек.
3. Конституциялық құқық дегеніміз — Қазақстан
Республикасының мемлекеттік және қоғамдық
құрылысының негіздерін құрайтын қоғамдық
катынастарды, мемлекет пен жеке адамның
қарым-қатынасын, принциптерін, сайлау
жүйесінің негіздерін халықтың колындағы
мемлекетгік билікті іске асыру тетіктерін
реттейтін және белгілейтін құқықтық
нормалардың жиынтығы.
- мемлекеттің атқаратын қызметін мемлекеттік
жұмыстарының әдіс-тәсілінен айыра білуге
болады;
Мемлекет қызметінің орындалу әдістері:
жеке тұлғалар ерікті, ерексіз түрде орындайды;
мемлекеттік органдар, бірлестіктер, ұйымдар
өздерінің кұзыретінің шеңберіне сәйкес
орындайды. Егер дұрыс орындалмаса, еріксіз
түрде орындау қамтамасыз етіледі. Мемлекет
функциясы орындалуының құқықтық және
ұйымдастырушылық тәсілдері болады. Құқықтық
тәсілдің өзі үшке бөлінеді: құқық шығармашылық,
құқықты қолдану, орындау; құқықты қорғау.
Үйымдастырушылық тәсілдің түрлері: экономикалық
(дотация, кредит, баға т.б.); саяси симпозиум,
семинар, конференция, кеңес, мәжіліс өткізу,
халыққа идеологиялық үндеу жасау, үгіт-насихат
жүргізу.
Мемлекеттік билік толып жатқан субъектілердің
сан алуан нақты қызметтері арқылы іске
асып, орындалып жатады. Осы мемлекеттің
сан алуан қызметтерін мемлекеттік биліктің
орындалуының қүқықтық нысаны дейді.
Бұл мемлекеттік биліктің нақты орындалуының
құқықтық нысаны екі түрге бөлінеді:
1). Нормативтік актілер аршылды орындалу
нысаны;
2). Жалпылама нормативтік актілер арқылы
орындалу нысаны.
Нақты нысанның өзі үшке бөлінеді:
1). Құқық шығармашылық;
2). Қүқықты орындаушылық;
3). Құқықты қорғаушылық.
Мемлекеттік билікті орындаудың ерекше
нақты түрі - әкімшілік шарт арқылы іске
асу. Шарттың түрлері толып жатыр. Оның
бір жағының немесе екі жағының субъектісі
мемлекеттік орган болады.
3. Конституцияны Қазақстанның халқы қабылдады.
Онда халықтың еркі білдірілген. Социализм
тұсында да Конституция халықтың еркін
білдіреді деп есептелді. Бірақ сонымен
бірге халық еңбекшілерден — жұмысшы
тобынан, ұжымшар шаруаларынан және еңбекші
интеллигенциядан тұрады деп атап көрсетілді.
Халықтың мұндай сипаттамасы кез келген
қоғамдық құбылысқа таптық тұрғыдан қарайтын
марксизм-ленинизмге негізделген болатын.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясы
«халық» деген ұғымға таптық сипаттама
беруден тұңғыш рет бас тартты. Онда жұмысшы
тобы, ұжымшаршы шаруалар мен енбекші
интеллигенция деген сөздер айтылған
жоқ. «Еңбекшілер» деген термин Қазақстанның
1993 жылғы Конституциясында да, сондай-ақ
1995 жылғы Конституциясында да қолданылған
жоқ. Бірақ екі Конституцияда да халық
туралы сөз болды. Қазақстан Республикасының
Конституциясында «халық» барлық ұлттық
топтарды түгел қамтитын тұтас әлеуметтік
саяси құбылыс ретінде түсінілді. Демек,
«халық» деген ұғымның мәнісі мынада:
біріншіден, ол әлеуметтік таптарға, топтарға
бөлінбейді; ал мұның өзі қоғамда бейбітшілікті
сақтауда өте маңызды болып табылады.
Конституция адамдарды мүліктік жағдайына
қарай әр түрлі әлеуметтік топтарға бөлінбей,
сол себептен де ешкімнің жағына шықпайды,
өзін халықтьщ бір ғана тобының заң шығарушылық
актісі деп танымайды. Конституция мемлекетті
әлеуметтік деп, яғни бүкіл халықтың өкілі
деп таниды. Мұның мәнісі: мемлекет халықтың
бір тобын қудалау арқылы оның екінші
бір тобына артықшылық бермейді. Мемлекет
халықтың барлық топтарына олардың әлеуметтік
жағдайына сәйкес қамқорлық жасауға тиіс.
Қазақстан Республикасының Конституциясы
халықты әлеуметтік топтарға бөлмей, құқықтарына
шек қоймай, тұтас күйінде конституииялық-құқықтық
қатынастардың субъектісі деп таниды.
Мұның мәнісі: қазақ ұлты мемлекеттің
— яғни бүкіл халықтың әлеуметтік базасының
ұйтқысы сияқты болғанымен, оған айырықша:
не құқықтық, саяси, әлеуметтік, экономикалық,
немесе мәдени артықшылыктар берілмейді.
Қазақтілінің мемлекеттік тіл болуын
артықшылық деп санауға болмайды. Ол өзінің
түрі жағынан барлық жерде, барлық жағдайда
ұлттық болып табылатын мемлекеттің сипаттамасына
ғана жатады. Орыс тілінің ресми түрде
қолданылатын тіл деп танылуы да бұл салада
қазақтарда артықшылықтың жоқ екендігін
көрсетеді.
Сонымен халықтың Қазақстан Республикасының
Конституциясын жасаушы деп танылуы оның
мазмұндық нәрін білдіреді. Сондықтан
да Қазақстан Республикасының 1995 жылғы
Конституциясы: «Біз... Қазақстан халқы...
осы Конституцияны қабылдаймыз» деген
сөздермен басталады. Қазақстан халқы
оны референдумның нәтижесінде қабылдады.
Қазақстан Республикасының Конституциясына
өзгерістер мен толықтырулар республикалық
референдум арқылы енгізіледі. Басқаша
айтқанда, халық Конституцияны қабылдап
қана қоймайды, ол Конституцияға өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы мәселені
де шешеді. Рас, Конституцияға енгізілетін
түзетулер мен өзгерістердің жобасын
Президент Парламенттің қарауына тапсыра
алады. Ал ондай жағайда халық қалыс қалмайды.
Парламент-халықтың жоғарғы өкілеттік
органы; сондықтан ол Конституцияға енгізілетін
өзгерістер мен түзетулерді халықтың
атынан және соның мүддесін көздеп кабылдайды.
Қазақстан халқы Конституцияны қабылдаған
бірде-бір субъекті болғандығынан оның
құрылтайлық сипаты келіп туындайды. Халық
елдегі мемлекеттік биліктің бірден бір
қайнар көзі және дербестіктін, шын мәңіндегі
иесі болып табылады. Сондықтан, онда құрылтайшылық
билік болады. Қазақстан халқы мемлекетті
нақ осы Конституция арқылы құрды, оның
басқару және құрылым нысандарын, әлеуметтік-экономикалық
құрылысының негіздерін, адам мен азаматтың
мәртебесін анықтады.
Мемлекеттік құрылымның біртұтастық нысаны,
басқарудың президенттік нысаны және
аумақтық тұтастық өзгертілмейді. Конституиияның
тағы бір маңызды ерекшелігі — ол, бір
жағынан, мемлекетгің, ал екінші жағынан,
— қоғамның негізгі заңы болып табылады.
Мұның өзі мемлекеттік биліктің кай-нар
көзі ретіндегі және қоғамның әлеуметтік
базасы (ұстаушысы) ретіндегі халықтын,
мәртебесімен байланысты. Конституция
мемлекетті барлық өзгеше белгілерімен
қоса құрады. Оны барлық элементтерімен:
аумағымен, жоғарғы өкімет билігімен,
азаматтығымен, дербес заң шығарушылық
кызметімен т.б. қоса баянды етеді. Конституция
мемлекеттің, мемлекеттік органдардың
қоғаммен, қоғамдық институттары мен өзара
қарым-қатынасының негіздерін қалайды.
Ол қоғамдық құрылыетың экономикалық,
ұйымдық, рухани және жеке тұлғалық негіздерін
анықтайды.
4. «Конституция» деген сөздің латыннан
аудармасы жарғы", "заң" деген мағыналарды
білдіреді. Ежелгі Римде император билігінің
кейбір актілері осылай аталған. Ең бірінші
конституция дүние жүзінде 1787 жылы қабылданып,
осы күнге дейін қолданылып келе жатқан
АҚШ-тың Конституциясы болып табылады.
Еуропада бірінші конституциялар 1791 жылы
Франция мен Польшада қабылданған. Конституцияның
басқа құқықтык нормативтік келсімдерден
мыңадай ерекшеліктері бар екенін айта
кету керек:
- қоғамдық қатынастардың негізін қалайды;
- құқықтың негізгі бастауы болып табылады;
- ең жоғарғы заңдылық күші бар;
- оның ерекше тәртіппен қабылдануы;
- тұрақтылығы.
1991 жылдың желтоқсан айында КСРО ыдырап,
құрамына кірген одақтас республикалар
егемен, тәуелсіз әрі дербес мемлекеттер
құрды. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы
жойылды. Оның аумағында Қазақстан Республикасы
деп аталатын жаңа мемлекет пайда болды.
Қазақстан Республикасы құрылған кезден
бастап бірталай құқықтық актілер қабылданып,
жаңа мемлекеттің заңды негізін қалай
бастады. Оларға жататындар:
1. Қазақ ССР-нің мемлекеттік егемендігі
туралы декларациясы.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік
тәуелсіздігі туралы Заңы.
3. 1993 жылғы және 1995 жылғы Қазақстан Республикасының
Конституциялары.
Республиканың бүкіл аумағына тікелей
қолданылады. Бейнелей айтсақ, бұл Конституция-мемлекетке
қоғамның құқықтық сенімі және халықтың
берген төл құжаты деуге болады.
Қазақстан Республикасының Конституциясы
республикалық құрылыстың негізін, мемлекеттік
билік жүйесін және Қазақстан мемлекеті
мен азаматының қатынасын белгілейді.
Адам және оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын
Конституция мемлекеттің ең қымбат қазынасы
деп танып, мемлекеттің сол үшін қызмет
етуі тиістігін атап көрсетеді.
5. Азаматтық құқықтық қатынастардың элементтері
субъектілері, объектілері мен мазмұны,
ал негізгі бастаулары Қазақстан Республикасының
Конституциясы, Азаматтық Кодексі, оған
сәйкес қабылданған өзге де заңдар және
заңға тәуелді кесімдер болып табылады.
Азаматтық кұкықтың субъектілері
Азаматтық заңдармен реттелетін катынастардың
субъектілеріне: жеке және заңды тұлғалар,
мемлекет, сондай-ақ әкімшілік-аумақтың,
бөліністер жатады.
Жеке тулға - Қазақстан Республикасының
азаматтары, басқа мемлекеттің азаматтары,
сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар. Азаматтарда
өз құқықтары мен іс-әрекетін жүзеге асыру
үшін құқықтық және әрекет қабілеттілігі
болуы тиіс.
Заңды тұлға жарғысында: ұйымның түрі,
атауы, тұрған жері; басшының өкілеттілігі,
басқару және бақылау органдары, құрылу
тәртібі мен олардың құзыреті, жұмыс режимі;
ұйым мүлкінің құралу және табысты бөлу
тәртібі; ұйымды қайта құру және оның қызметін
тоқтату ережелері көрсетіледі. Жарғыда
заңға қайшы келмейтін басқа да ережелер
болуы мүмкін.
Тағы да бір маңызды мәселе, кіші кәсіпкерліктің
субъектісі болып табылатын заңды тұлға
өз қызметін, ҚР Үкіметінің 1998 жылдың қыркүйегінің
28 жұлдызында № 928 қаулысымен бекітілген
Жарғы үлгісінің негізінде жүргізе алады.
Заңды түлғалар әділет органдарында мемлекеттік
тіркеуден өтуі тиіс. Тіркеу тәртібі Қазақстан
Республикасы Президентінің 1995 жылдың
17 сәуіріндегі заң күші бар "Заңды тұлғаларды
мемлекеттік тіркеу туралы" Жарлығымен
реттеледі.
Мемлекеттік тіркеу құрылып жатқан заңды
тұлғалардың құрылтай құжаттарын заңға
сәйкестігін тексеруді, оларға тіркеу
нөмірін бере отырып, тіркеу куәлігін
берілуін, заңды тұлғалар туралы мәліметттерді
бірыңғай Мемлекеттік рестрге енгізуді
қамтиды. Мемлекеттік тіркеуге, құрылу
мақсатына, өз қызметінің түрі мен сипатына,
қатысушыларының құрамына қарамастан
Қазақстан Республикасы аумағындағы барлық
заңды тұлғалар жатады. Олардың филиалдары
мен өкілдіктері, заңды тұлға құқығы берілмей-ақ
есептік тіркеуге алынады.
Мемлекеттік тіркеу, кажетті құжаттар
тіркеліп, арыз берген кезден бастап 15
күннен кешіктірілмей жүргізілуге тиіс.
Мемлекеттік қауіпсіздікті, құқық тәртібін
қамтамасыз етуді, қоршаған ортаны, азаматтардың
меншігін, өмірі мен денсаулығын қорғау
мақсатында тауарлардың, жұмыстың немесе
қызметтің кейбір түрлерін өндіру мен
сату істері мемлекеттік лицензиялар
арқылы жүзеге асырылады.
Лицензия дегеніміз шаруашылық жүргізуші
субъектінің белгілі бір қызмет түрімен
айналысуға немесе белгілі бір іс-әрекет
жасауға құзырлы мемлекеттік орган беретін
рұқсат. Лицензиялар беру тәртібін, жоғарыда
айтылған тауарлардың, жұмыстың немесе
қызметтің тізбесін Қазақстан Республикасы
Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі "Лицензиялау
туралы" заң күші бар Жарлығымен реттеледі.
6 Азаматар азаттық құқықтың субъектілері
ретінде
Азаматтық кұқық қатынастарының негізгі
субъектілері ретіндегі азаматтардың
құкықтық жағдайы, олардың құқық қабілеттілігі
мен әрекет қабілеттілігі арқылы сипатталады.
Азаматтық құқық қабілеттілігі дегеніміз
— азаматтардың азаматтық құқықтарға
ие болу және азаматтық міндеттерді атқару
қабілеті. Ол барлық азаматтарға бірдей
деп танылады. Азаматтардың тең құқықтығы
экономикалық, саяси, әлеуметтік және
мәдени өмірдің барлық салаларында қамтамасыз
етіледі. Республикадағы шетел азаматтарының
және азаматтығы жоқ адамдардың заңмен
көзделген құқықтары мен бостандықтарына
кепілдік беріледі.
Азаматтардың құкықтық қабілеттерінің
мазмұны құқықтың мейлінше кең шеңберін
қамтиды. Азаматтың ҚР шегінде де, одан
тыс жерлерде де мүлікті, соның ішінде
шетел валютасын меншіктенуге; мүлікті
мұраға алып, мұраға қалдыруға; республика
аумағында еркін жүріп-тұруға және тұрғылықты
жер таңдауға; республикадан тыс жерлерге
еркін шығып кетуге және оның аумағына
қайтып оралуға; заң кұжаттарында тыйым
салынбаған кез келген қызметпен айналысуға;
дербес өзі немесе басқа азаматтармен
және заңды тұлғалармен бірігіп занды
тұлғалар құруға; заң құжаттарында тыйым
салынбаған кез келген мәміле жасасып,
міндеттемелерге қатысуға; өнертабыстарға
ғылым, әдебиет және өнер шығармаларына,
санаткерлік кызметтің өзге де туындыларына
санаткерлік меншік құқығы материалдық
және моральдық зиянның орнын толтырады
талап етуге; басқа да мүліктік және жеке
құқықтарды төленуге құқылы (АК-тің 14-бабы).
Азаматтардың құқық қабілеттілігі заңмен
қорғалады. Мысалы, бас бостандығынан
айрылып, сотталған азамат жазасын өтеп
болғанша, кейде соттылығы жойылғанша
не алынғанша тиісті заңдардан көзделген
белгілі бір құқықтарынан айрылады. Алайда,
азамат тек жекелеген субъективтік құқықтарынан
ғана айрылуы немесе оның құқық қабілеті
жартылай ғана шектелуі мүмкін. Ал, тұтастай
алғанда ол құқық қабілетінен ажырамайды.
Азаматтық құқық қабілеттілігі қылмыстық
заңда көзделген белгілі бір мерзімге
дейін ғана қатаң шектелуі мүмкін. Сондай-ақ
АК-тің 18-бабы бо-йынша құкық қабілеттілігін
немесе әрекет қабілеттілігін шектеуге
бағытталған мәмілелер де жарамсыз деп
табылады. Азаматтық құқық қабілетгілігі
азамат туған кезден басталып, қайтыс
болғаннан кейін тоқтатылады. Осы сияқты
занда әлі тумаған баланың, болашақ азаматтың
құқығын қорғау жағдайы да кезделген,
осы секілді жәйттер АК-тің мұрагерлік
құқыққа қатысты VI бөлімімен реттеледі.
7. Міндеттемелік құқық
Міндеттемеге сәйкес бір адам (борышкер)
басқа адамның (несие берушінің) пайдасына
белгілі бір әрекет жасауға, атап айтқанда:
мүлік беруге, жұмыс орындауға, ақша төлеуге
және тағы осылар сияқты әрекеттер жасауға,
не болмаса белгілі бір әрекеттер жасауға
тартынуға міндеттенеді, ал несие берушінің
борышқордан өз міндеттерін орындауын
талап етуге хақысы бар. Тараптар (борышкер
мен несие беруші) және үшінші жақ міндеттемеге
қатысушылар болып табылады. Міндеттемеде
оның әр тарабы-несие беруші немесе борышқор
ретінде бір мезгілде бірнеше адам қатыса
алады, яғни үлесті, ынтымақты немесе жәрдем
берушілік міндеттеме пайда болады.
Міндеттеме қабылдаудың мақсаты - борышкерді
өз міндетін уақтылы және сапалы орындауға
тарту. Міндеттеме көбінесе оның орындалуымен
аяқталады, ал орындалмаған жағдайда қарызды
қарызбен жабады, екі жақ келіседі, заңды
тұлғаларды жояды.
Міндеттемелердің пайда болу негіздері.
Міндеттемелер әртүрлі негізде туындайды.
Бұл негіздер заңда көрсетілген, сондай-ақ
заңда көрсетілмесе де, азаматтық заңдардың
жалпы негіздері мен мәнісіне байланысты
азаматтар мен ұйымдардың құқықтарды
және міндеттерді тудыратын әрекеттерінен
пайда болады.
Пайда болу негіздері: заңда көрсетілген
негіздер; заңда көрсетілмесе де, бірақ
оған кайшы келмейтін келісімдер; әкімшілік
актілер; жаңалықтар ашу, өнер табыстар,
ұтымды ұсыныстар жасау, ғылым, әдебиет
және өнер шығармаларын жасау нәтижесінде;
басқа адамға зиян келтіру салдары, сондай-ақ
жеткілікті негіздер болмаса да, адамның
қаржысы есебінен мүлік иелену немесе
жинау салдары; заңдар азаматтық-құқықтық
жағдайлар басталуын байланыстыратын
оқиғалар салдарынан пайда болады.
Міндеттемені орындамау не тиісті дәрежеде
орындамау (мезгілінде орындамау, тауарлар
мен жұмыстарды толық орындамау, міндеттеме
мазмұнында белгіленген басқа жағдайларды
бұзып орындау оның бұзылуы деп есептелінеді.
Орындау мүмкін болмаған жағдайда тараптар
бір-біріне шұғыл хабарлауға міндетті.
Міндеттемені орындамағаны үшін жауапқа
тарту несие берушінің талап етуі бойынша
жүргізіледі.
8. Шарттың құқықтық институт ретінде қалыптасуы
және шарттық құқық нормаларының дамуы
сауда айналымының дамуымен етене байланысып
жатыр. Шарт зат алмасудың негізгі құқықтық
нысаны болып табылады, яғни тауар бір
меншік иесінен екіншісіне ауысып отырады.
Қолтаңбалар мен мөрлері бар қағазды шарт
деп түсіну, аңғалдық болар еді. Ол дұрыс
емес.
Шарт дегеніміз тараптардың арасында
туындайтын өзара міндеттемелер жүйесі
екенін түсінбеушілік көпшілікті тығырыққа
тіреп жүр. Шарт талаптары тең қарастырылмаған
қандай шаралар қолданса да қиындық туып,
орындалмаған күйде қалуы мүмкін. Ойластырылмаған,
ретсіз міндеттемелер жиынтығы пайдалы
істерден гөрі көп қиындықтарға душар
етеді әрі әр тарап өзін қысым көруші ретінде
қабылдап, екінші тарап айыпты деп санайтын
дау-шарлардың көзі болады. Ал бұл жағдай
шынтуайтына келгенде, шарт жасау кезінде
оның талаптарын дайындауға шала-шарпы,
үстірт қарағандықтан болған нәтиже деп
қарау керек.
Сонымен, шарт дегеніміз не? Алдымен ұғымның
өзін қарастырайық.
Барлық дамыған елдерде шарт міндеттемелік
құқықтың негізгі институты болып табылады.
Еуропа елдерінде - қатысушылармен белгілі
құқықтар мен міндеттер белгіленетін
келісім, ағылшын-американ заңы бойынша
бір тарап басқа тұлғаға қатысты қабылдайтын
уәде немесе кепілдік ретінде қарастырылады.
Мұндай уәдеден құкықтық салдар туғызу
үшін оны басқа тарап қабылдайтын болуы
тиіс. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының
Азаматтық кодексінің (жалпы бөлімі) 378
- бабында "екі немесе бірнеше тұлғалардың
азаматтық құқықтар мен міндеттерді орнату,
өзгерту және тоқтату туралы келісімі
шарт болып танылады" деп айтылған.
Сонымен, шарт-оның тараптарының арасындағы
дербес еркінің актісі, бірнеше құжатпен
бекітілген болса да, өзара келісімі болып
табылады. Шарттың атқаратып қызметі,
мақсаты - құқықтар мен міндеттерді орнату,
өзгерту немесе тоқтату.
1. Бір тараптың ғана ықтияры (іс-әрекеті)
жеткілікті болатын мәмілелер (шарттар)
бір жақты болып табылады. Бұл жағдайда
басқа тараптың оған деген ықтияры болмайды.
Мәселен, өсиетхат жазу, сенімхат, чек
беру, мұрадан бас тарту және басқалары
бір жақты шарт (мәміле) болып табылады.
Бір жақты мәмілені (мысалы, өсиетхат)
көбіне-көп бір ғана тұлға жасайды, дегенмен
бір жақты мәмілелердің қайсыбірін, мәселен,
ортақ сенімхат беруді, жұрт алдында награда
беруге уағда етуді, меншік иелерінің
(жалға берушінің) мүлік жалдау шартынан
бас тартуын және тағы осындайларды бір
тарап ретінде әрекет ететін екі немесе
одан да көп тұлғалар бірлесе отырып жасауға
хақылы.
9. Құқықтың қатынастар құқық нормасымен
реттеген отбасы мүшелері арасындағы
қатынастар
Отбасылық құқық қатынастарының субъектілері:
1. ерлі-зайыптылар;
2. балалар;
3. басқа отбасы мүшелері мен жақын туысқандары;
заңмен белгіленеген басқа да дамдар
Әке мен шешенің, өз балалары жөніндегі
құқықтары мен міндеттері бірдей болады.
Сондықтан егер ата-аналардың ортақ тегі
болса, онда балалар сол текпен жүруі тиіс,
егер олар ортақ текпен жүрмесе, балалардың
тегі ата-ананың келісуі бойынша белгіленеді.
Неке жойылған немесе некені заңсыз деп
танылған жағдаида, балалар туған кезде
алған тегін сақтайды.
Баланың ұлты ата-анасының ұлтымен белгіленеді.
Егер ата-ананың ұлты түрліше болса, баланың
ұлты оның қалауы бойынша оған төлқұжат
берген кезде әкесінің немесе шешесінің
ұлтымен жазылады.
Балалар жөніндегі ата-аналардың міндеттері:
балаларды тәрбиелеу; балалардың күшқкуатын
дамыту; оларды міндетті түрде оқыту; балаларды
пайдалы еңбекке үйретіп өсіру; жасы толмаған
балаларын және көмекке мұқтаж, еңбекке
қабілеті жоқ балаларын асырау.
Ал көмек көрсетуден, алимент төлетуден
бас тартқан жағдайда мәселе сот арқылы
шешіледі.
Жасы толмаған балаларға мынадай мөлшерде
алимент өндіріліп алынады: бір балаға
төрттен бірі, екі балаға үштен бірі, үш
және одан да көп балаға әкесінің немесе
шешесінің табысының тең жартысы.
Қорғаншылық пен камқоршылық ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған (мысалы, жетім
балалар) балаларды асырау, тәрбиелеу
және білім беру мақсатында, сондай-ақ
олардың мүліктік және мүліктік емес құқықтары
мен мүдделерін қорғау үшін белгіленеді.
Қорғаншылық - жасы он төртке толмаған
балаларға, сондай-ақ ақыл-есі ауысуы немесе
ақыл-есінің төмендігі салдарынан сот
әрекет кабілеттілгі жоқ деп танылған
кәмелеттік жастағы адамдарға белгіленеді;
2. Қамқоршылық - 15 жастан 18 жасқа дейінгі
жасы толмағандарға, денсаулық жағдайына
байланысты құкықтарын өздігінен жүзеге
асыра алмайтын жасы толмағандарға, сондай-ақ
спирт ішімдіктеріне немесе есірткі заттарға
салынып кету салдарынан әрекет қабілеттілігі
шектелген деп сот таныған азаматтарға
белгіленеді. Негізгі қорғаншылық және
қамқоршылық органдарына ауылдық, селолық,
поселкелік, аудандық, қала ішіндегі аудандық,
қалалық әкімшіліктер жатады.
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мемлекеттің
пайда болуы теориялары - мемлекет - көпқырлы құбылыс. Оның пайда
болуы, шығу тегі әртүрлі факторлармен түсіндірі
Табиғи құқықтық теория – XVII-XVIII ғғ қалыптасқан теория. Өкілдері: Г.Гроцкий , Т.Гобсс, Д.Локк, Ж.Ж. Руссо,Б, Спиноза, А. Радищев. Теорияның мазмұны: адамдардың өздерінің табиғи құқықтары болады (бостандық, теңдік, еңбек жасау). Оны ешкімде жоя алмайды, оған зиян келтіре алмайды . қоғамның тарихи даму процесінде адамдардың ара қатынасында қайшылықтар басталады. Сондықтан қоғамда бостандықты, әділеттілікті, теңдікті сақтау үшін адамдар өзара шарт жасасып мемелекет құрады. Бұл шарттың мазмұны көп елдердің Конституциясына кірді деп түсіндіреді. Психологиялық теория – XIX ғ.бұл теорияны уағыздаған: Ч. Тард, Л.И. Петражицкий. Қоғам мен мемлекетті бұл теория адамдардың психологиялық біріккен көзқарасы, іс-әрекеті, мінезі, тәртібі – бәрі келісіпп ұжымдық түрде басқаруы. Қоғам мен мемлекет адамдардың табиғи психологиялық даму заңдылық процесінінің нәтижесінде пайда болды деп түсіндіреді. Күштеу теориясы – XIX ғ. Қалыптасқан пікір. Өкілдері: Л. Гумплович, К. Каутский, Е.Дюринг т.б. мазмұны: күшті рулар, тайпалар өздерімен шектес әлсіз руларды, тайпаларды күштеп, зорлыққ озбырлық жасап өзіне бағындырып, бақылауды жақсарту үшін мемлекет құрады деп түсіндіред Тарихи-материалистік теория – Мемлекет құқықтың пайда болуын экономикалық тұрғыдан түсіндіреді. Себептері: қоғамдық еңбектің болінуі, ққосымша өнімнің , жеке меншіктің пайда болуы, қоғамның қарама-қарсы екі тапқа бөлінуі, қайшылық күресінің басталуы. Мемлекет пен құқықтың мазмұны ның тарихи өзгеріп отыруы қоғамдық мүдде –мақсаттарды қорғауы
Органикалық теория- бұл пікірді Платон көне дәуірде уағыздаған (Б.З IV-IIIғғ). Бірақ теория толық түрде XIX ғасырда қалыптасты. Өкілдері: Спенсор, Вормс, Прей.
XIX ғасырдағы ғылымның жетістктеріне суйене отырып бұл теория –адам қоғамы да табиғаттың обьективтік даму заңдарына сәйкес эволюциялы жолмен мемлекетті құрады. Мемлекеттің Үкіметті- адамның басы-миы сияқты қоғамды басқарады. Қанаушы тап қоғамның экономикасы н дамытады. Қоғамды қорғайды деп түсіндіреді.
Табиғи құқықтық теория – XVII-XVIII ғғ қалыптасқан теория. Өкілдері: Г.Гроцкий , Т.Гобсс, Д.Локк, Ж.Ж. Руссо,Б, Спиноза, А. Радищев. Теорияның мазмұны: адамдардың өздерінің табиғи құқықтары болады (бостандық, теңдік, еңбек жасау). Оны ешкімде жоя алмайды, оған зиян келтіре алмайды . қоғамның тарихи даму процесінде адамдардың ара қатынасында қайшылықтар басталады. Сондықтан қоғамда бостандықты, әділеттілікті, теңдікті сақтау үшін адамдар өзара шарт жасасып мемелекет құрады. Бұл шарттың мазмұны көп елдердің Конституциясына кірді деп түсіндіреді.
Психологиялық теория – XIX ғ.бұл теорияны уағыздаған: Ч. Тард, Л.И. Петражицкий. Қоғам мен мемлекетті бұл теория адамдардың психологиялық біріккен көзқарасы, іс-әрекеті, мінезі, тәртібі – бәрі келісіпп ұжымдық түрде басқаруы. Қоғам мен мемлекет адамдардың табиғи психологиялық даму заңдылық процесінінің нәтижесінде пайда болды деп түсіндіреді.
Күштеу теориясы – XIX ғ. Қалыптасқан пікір. Өкілдері: Л. Гумплович, К. Каутский, Е.Дюринг т.б. мазмұны: күшті рулар, тайпалар өздерімен шектес әлсіз руларды, тайпаларды күштеп, зорлыққ озбырлық жасап өзіне бағындырып, бақылауды жақсарту үшін мемлекет құрады деп түсіндіред
Тарихи-материалистік теория – Мемлекет құқықтың пайда болуын экономикалық тұрғыдан түсіндіреді. Себептері: қоғамдық еңбектің болінуі, ққосымша өнімнің , жеке меншіктің пайда болуы, қоғамның қарама-қарсы екі тапқа бөлінуі, қайшылық күресінің басталуы. Мемлекет пен құқықтың мазмұны ның тарихи өзгеріп отыруы қоғамдық мүдде –мақсаттарды қорғауы
Мемлекет
1. Мемлекеттің пайда болу себептері, белгілері
Мемлекет деген ұғым бірнеше мағынада
қолданылады.
Біріншіден: қоғамды басқаратын аппарат.
Себебі «үкімет» деген ұғымға сай. Екіншіден:
қоғам мүшелерінің ассоциациясы. Мұнда
«халық», «ел», «қоғам» сөздеріне сәйкес.
Мемлекет саяси жүйенің негізгі бөлігі
болып саналады. Мемлекет алғашқы қауымда
болған жоқ. Себебі алғашқы қауымдық құрылыста
теңсіздік болған жоқ. Құл иеленушілік
құрылыста мемлекет пайда болды, себебі
өмірге басқарушылар мен бағынушылар
келді. Мемлекеттің пайда болуы туралы
әр түрлі анықтамалар бар:
Патриархтық теория. Оның негізін салушы
XVIII ғ. өмір сүрген ағылшын ойшылы Роберт
Филмер. Ол мемлекеттің пайда болуын рулардың
тайпаға, тайпалардың одан үлкен қауымдастыққа,
олардың одан әрі мемлекетке дейін бірігуінен
деп санайды.
Қоғамдық келісім теориясы. Негізін салушылар:
Т.Гоббс, Г.Гроций, Ж.Ж.Руссо. Мемлекет тәуелсіз
әмірші мен оның қол астындағы адамдардың
келісімі арқылы пайда болды.
Теологиялық теория. Негізін салушылар:
А.Августин мен Фома Аквинский. Мемлекет
құдайдың құдіретімен пайда болған.
Зорлық жасау теориясы. Негізін салушылар:
Е.Дюринг, Л.Гумплович, К.Каутский. Мемлекет
бір елді екінші елдің басып алуының нәтижесінде
арасындағы қатынастарды реттеу үшін
пайда болды.
Географиялық теория. Негізін салушылар:
А.Гатцель, В.Соловьев, Б.Чичерин. Мемлекеттің
пайда болуы географиялық ортаның өзгешеліктерінен
деп түсіндіреді.
Психологиялық теория. Адамдарға бағыну
мен құлшылық ету қажеттігі мәңгі бақи
тән болған дегенді айтады.
Марксистік теория. Мемлекет жеке меншік
пен таптың пайда болуынан туған дейді.
Яғни, экономика жағынан үстем болып тұрған
таптың мүддесін қорғап, басқа таптардың
қарсылығын басу үшін керек дейді.
Шетелдік зерттеушілер мемлекеттің мәнін
таптық күресті бітістіруде, татуластыруда
деп біледі. Қоғамға қауіпті әлеуметтік
шиеленістерді асқындырмауға тырысып
және оларды бейбіт саяси жолмен шешу
үшін мемлекет негізгі әлеуметтік топтар
арасындағы қатынастарға белсене араласып,
ортадағы әділ төреші сияқты болуы керек
дейді.
Қорыта келе, мемлекет деп – белгілі бір
аумақ шеңберінде адамдардың әлеуметтік
топтар, таптар мен бірлестіктердің қатынастары
мен қызметтерін ұйымдастыратын, бақылайтын
қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементін
айтамыз.
Мемлекеттің мынадай белгілері болады:
1. Өзінің шекарасы бар, белгілі территориясы
болады. Өндірістің өркендеуі, сауданың
өсуі, еңбектің бөлінуі, халықтың көбеюі
кәсіпке байланысты аумақтық бөлінуге
әкелді. Аудан, облыс, штат, т.с.с. пайда
болды.
2. Ерекше үкімет аппараты болады: мемлекетте
әр түрлі мәселелерді шешу үшін қарулы
әскер, шенеуліктік аппарат, полиция, сот,
барлау, шіркеу, баспасөз, т.б. құралдар
қажет болады.
3. Мемлекет егеменді болуы керек. Ол –
ішкі және сыртқы істерін атқарудағы толық
тәуелсіздігі, дербестігі.
4. Ішкі істер органдары, тергеу комитеті,
прокуратура. Қылмыс жасағандарды еркінен
айырудан бастап, өлім жазасына дейін
кесе алады.
5. Салық салу. Үкімет аппаратын ұстау үшін
халыққа салық салады.
6. Мемлекеттің азаматтығын алу қажет.
Сол жерде туып, өскен соң, сол елдің азаматы
болуың керек, онсыз мемлекет тарапынан
қорғаныш болмайды.
Осы айтылған белгілер мемлекетті басқа
ұйымдардан ерекшелендіреді.
2. Мемлекеттің қызметтері
Мемлекеттің ішкі, сыртқы қызметтері болады.
Ішкі:
Экономикалық салада мемлекет кәсіпкер,
жоспаршы, үйлестіруші ретінде мәселелерді
шешеді. Экономикалық бағдарламаны жасайды.
Халық шаруашылығының әр түрлі салаларының
арасындағы байланыстарды реттеуге, экономикалық
интеграцияны өрістетуге, ғылыми-техникалық
революцияның жетістіктерін енгізуге,
т.с.с. қатысады.
Әлеуметтік өмірді ұйымдастырады. Халықтың
әл-ауқатын, өмір деңгейін көтеру, денсаулықты
сақтау ісін жақсарту, тұрмыс қажетін
өтеуді жетілдірумен айналысады.
Заңдылықты қамтамасыз етеді. Ел ішінде
қарапайым тәртіпті сақтауға, қылмысқа
қарсы күресті өрістетуге, әкімшілік –
зорлыққа жол бермеуге басшылық етеді.
Мәдени-тәрбиелік салада мемлекет халыққа
білім беру және оқу-ағарту ісін, ғылымды,
әдебиет пен өнерді дамыту жөнінде қамқорлық
жасайды.
Сыртқы:
Мемлекеттің тұтастығы мен қауіпсіздігін
қорғау.
Өзін-өзі билеу, егемендігін сақтау, басқа
елдермен тиімді қарым-қатынасты орнату,
олармен бірге алынған міндеттердің екі
жаққа бірдейлігін қамтамасыз ету.
Өз елінің саяси мүддесінің ықпалдылығына,
ұтымдылығына, өтімділігіне, тиімділігіне
жағдай жасау, басқа елдердегі жаңалықтар
туралы өз еліне дер кезінде мәліметтер
беру және т.б.
Жалпы азаматтық, аймақтық саяси негізде
интеграциялық процестерді дамыту.
Қорытындылай келе, мемлекеттің ең басты
міндеті – қоғамның тұрақтылығын орнатып,
қалыпты тіршілігіне жағдай жасау. Ол
әр түрлі топтарға, жіктерге бөлінген
қоғамның бірлігін қамтамасыз етуге тиіс.
3. Мемлекеттің түрлері
Мемлекеттің түрі деп оның ішкі құрылысын,
ұйымдастырылуын және мемлекеттік биліктің
жүзеге асырылу тәсілін айтады. Мемлекеттің
үш жағы
бар:
Басқару түрі.
Саяси тәртібі.
Мемлекеттік құрылысы.
Басқару түрі жоғарғы өкімет билігі кімнің
қолында екендігін көрсетеді.
Монархия деп – мемлекеттің жоғарғы өкімет
билігі жеке-дара, бір билеушінің қолында
болып, ол әкеден балаға мұра ретінде қалатын
түрін айтады. Монархия абсолюттік, конституциялық
болып бөлінеді. Абсолюттік монархия деп
жоғарғы өкімет билігі бүтіндей, тұтас,
формальді түрде де шектелместен бір адамның
қолында тұрған құрылысты айтады. Мысалы:
Ресейдегі Романовтар әулеті. Қазір басқарудың
мұндай түрі жоқ.
Конституциялық монархияда монархтың
билігі белгілі дәрежеде заң шығаратын
билік парламентпен шектеледі. Қазір Бельгия,
Голландия, Дания, Иордания, Испания, Норвегия,
Люксембург, Морокко, Жапонияда сақталған.
Республика деп – мемлекеттік биліктің
барлық жоғары органдары белгілі бір уақытқа
сайланатын немесе өкілдік мекемелер
арқылы қалыптасатын мемлекеттік басқарудың
түрін айтады.
Республика президенттік және парламенттік
болып бөлінеді.
Президенттік басқаруда мемлекеттің де,
үкіметтің де басшысы президент болып
саналады. Оны парламент немесе халық
сайлайды. Егер президентті парламент
сайласа, «парламенттік президент» дейді.
Конституция бойынша президентке белгілі
бір құқықтар беріледі. Ол құжатқа премьер-министрдің
қолы керек. Онсыз Президентті жалпыға
бірдей, құпия түрде, сайлау арқылы халық
сайласа, ондай мемлекетті президенттік
республика дейді. Ондай президенттің
билігі зор. Мысалы: АҚШ. Мұнда атқарушы
билік парламентке бағынбайды. Президент
үкіметті өзі тағайындап, өзі басқарады.
Парламенттік тәртіпте елдің жоғарғы
басшысы парламентке бағынады. Мұнда заң
шығарушы билік те, атқарушы билік те парламентке
тәуелді. Ол салықты белгілейді, бюджетті
бекітеді, соттарды құрады, соғыс аша алады,
әскерді қамтамасыз етеді, т.с.с.
Парламент екі палатадан тұрады. Жоғарғы
палата сенат арқылы, ал төменгі палата
жалпыға бірдей тікелей сайлау арқылы
қалыптасады. Парламент бірпартиялық
және екіпартиялық болуы мүмкін.
Бірпартиялық парламент кішкентай елдерде
кездеседі. Мысалы: Финляндияда бірпартиялық
парламент қызмет етеді. Дамыған елдерде
екіпартиялық парламент жүйесі қалыптасқан.
Мысалы: АҚШ-та республикалық және демократиялық
партиялардан тұрады.
Әр елде парламентті әр түрлі атайды:
АҚШ, Филиппинде – конгресс;
Польша, Финляндияда – Сейлі; Иран, Түркияда
– Мәжіліс; Израильде – Кнессет; Швейцарияда
– Ригстаг; Францияда – Ұлттық жиналыс
дейді.
Мемлекет құрылысына қарай унитарлық,
федерациялық, конфедерациялық болып
бөлінеді.
Унитарлық – құрылыста саяси билік бір
орталыққа бағынады, мемлекеттің ішінде
өз алдына бөлек басқа құрылымға жол бермейді.
Оның жері, конституциясы бір болады. Мемлекеттік
биліктің жоғарғы органдар жүйесі, азаматтығы
ортақ. Мысалы: Қазақстан, Италия, Греция,
т.с.с.
Федерация – деп белгілі бір саяси тәуелсіздігі
бар бірнеше мемлекеттік құрылымдардың
бірігіп одақтық жаңа бір мемлекет құруын
айтады. Жалпы мемлекеттік конституция
барлық міндеттерді реттейді. Әрқайсысының
жоғарғы билеу органдары болады. Барлығы
ортақ институттарға бағынады. Мысалы:
АҚШ, Германия, Канада, т.с.с.
Конфедерация – деп өздерінің кейбір
амал-әрекеттерін үйлестіріп, белгілі
бір мақсаттарды жүзеге асыру үшін бірлескен
егеменді елдер одағын айтады. Міндетті
ортақ заңдары болмайды. Мысалы: бұрын
Швейцарияда, Солтүстік Америка Штатында
болған.
4. Мемлекеттің саяси режимі
Негізгі мәні: Түрлері: Қамтыған бағыттары:
-мемлекет басшысының
рөлі, қызметі мен Демократиялық:
өкілеттері;
-мекемелер өкілеттілігін
құратын әдістер;
-заң шығарушы, атқарушы,
сот өкіметтерінің өзара
қарым-қатынасы;
-өкіметтің орталық және
жергілікті органдарының
өзара қарым-қатынасы;
-күш қолданатын, үстемдік
жасайтын және жазалайтын Тоталитарлық:
диктатуралық нәсілшілдік
органдарының жағдайы мен
қызметі;
-қоғамдық саяси
ұйымдардың ықпалдығының
деңгейі мен қызметінің
жағдайы;
-азаматтардың заңдық және
ақиқаттық құқықтары мен
бостандықтары.