Мемлекеттің индустриялды-инновациялық саясаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 21:42, курсовая работа

Описание работы

Бүгiнгi әлемдiк экономикада Қазақстан Республикасының өзiндiк орны айқындалып қалды. Бұл мәселенiң өзектiлiгi әлемдiк экономикалық қауымдастықта елiмiздiң нарықтық бағытта дамушы ел деп танылуымен арта түстi. Себебi Елбасымыз атап көрсеткенiндей “мемлекетiмiз әлем таныған, алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуы керек” деп атап көрсеттi. Сондықтанда болар бүгiнгi күнi экономикалық дамудың тиiмдi жолдарын табу туралы мәселелi сұрақтар кең түрде талқылауға түсiп отыр. /1/

Работа содержит 1 файл

Kursovaya.docx

— 223.34 Кб (Скачать)

Экономиканы мелекеттiк реттеу әдiстерi мен саясатын жетiлдiру жөнiндегi жекелеген ұсыныстарды  негiздеу үшiн Стратегияның тиiстi бөлiмдерiне импортты алмастыратын және экспортқа  бағытталған саясатты iске асыру  жөнiндегi шет елдердiң тәжiрибесi, оның iшiнде экспорттық саясаттың  әрқилы түрлерi мен кезеңдерi, сондай-ақ әлемдiк рыноктарда бәсекелестiк  артықшылыққа қол жеткiзуге мүмкiншiлiк  беретiн факторлар келтiрiлген.

2003 жылы Индустриялық-инновациялық  стратегиямызды iске асырудың алғашқы  жылы болды. Елiмiзде даму институттары  құрылып, олар қазiрдiң өзiнде  өңдеушi салаларды жаңғыртуға нақты  ықпал жасай бастады. Даму банкi жарты миллиард доллардан астам  сомаға 20 инвестициялық жобаға кредит  бөлiп отыр.

Мұны жақсы нышан деу керек, бiзде тәуелсiздiк алған жылдар iшiнде 2003 жылы тұнғыш рет өңдеушi өнеркәсiптiң  өсу қарқыны өндiрушi өнеркәсiптiң  өсу қарқынынан асып түтi. Машина жасауда  бұл көрсеткiш 20 пайыздан артық болды. Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өңдеу  көлемi өткен жылы нақтылы есептегенде 9,5 пайыздан аса ұлғайып отыр. 

Қорытындылай келе, индустриялық-инновациялық саясатты жүзеге асыруда келесiдей шараларды атқаруымыз керек:

  • елдегi инновациялық күштердi қалыптастыру және нығайту;
  • мемлекеттiк мекемелердiң қызметiн индустриялық-инновациялық дамудың мақсаттарына сәйкес қайта құру. Бұл – бiлiм, ғылым, қаржы фискальдық және тарифтiк саясатты жетiлдiрудi қажет етедi;
  • индустриялы-инновациялы дамуды халық арасында насихаттау;
  • отандық өнiмдердiң халықаралық рыноктарда бәсекеқабiлеттiлiгiн  арттыру үшiн әлемдiк стандарттар мен сертификаттарға көшу;
  • инновациялық қызметке мемлекеттiк қолдау көрсету, шағын инновациялық бизнестi ынталандыру.

Әрине дамыған елдер қатарына қосылу үшiн сол елдердiң даму жолын  зерттеп, олардың ұлттық экономикамызға тиiмдi жақтарын ала бiлуiмiз қажет. Бiздiң елiмiзге әсiресе Оңтүстiк  Азияның бiрнеше жаңа индустриялы  елдерiнiң ұстанған саясаты ыңғайлы  болып отыр. Яғни “Азия айдаһары мен жолбарысы” атанған елдер қысқа мерзiмдi аралықта индустриялы-инновациялы саясатты тиiмдi жүргiзу арқылы үлкен жетiстiктерге қол жеткiздi. Яғни , инновация – экономикалық өсуде негiзгi қозғаушы күш болмақ. /15/

Отанымыз Қазақстан Республикасы алдағы кезеңде тиiмдi реформалар жүргiзу арқылы және индустриялы-инновациялы  саясатты iске асырып тұрақты экономикалық өсу арқылы әлем таныған, алдынғы  қатарлы дамыған елдер қатарына “Азия барысы” деген атаумен қосылатындығына сенiмiм мол. Ол үшiн әрбiр Қазақстандық азамат осы шара үшiн аянбай еңбек етуi керек.

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

  1.  Н.А. Назарбаев.  Қазақстан – 2030  Қазақстан  халқына Жолдауы.
  2. Статистика  1991-2001 десят лет независима Казахстана.  Алматы. - 2002г.
  3. Шумпетер Й.   Теория экономическая развития. – Москва: Прогресс. 1998. – 454 с.
  4. Купешова Сауле Телеухановна  /   Теория и практика инновационного процесса в переходной экономике Республике Казахстан. – автореферат Алматы, 2002 г.
  5. Инновационный менеджмент / К.Нарибаев, С.Джуманбаев, А.Нусупова. – Алматы: Қазақ унивеситетi. – 1998. – 60 с.
  6. Есентугелов А.  Долгосрочная стратегия развития экономики и размещение производительных сил в РК  //  Аль-Пари, -  №6. - 2000 г.
  7. Ю. К. Шокоманов Состояние и перспективы экономического развития Казахстана в переходной период //  Вестник КазНУ, Серия экономическая.- №4.- 2001 г.
  8. Стратегия / “Қазақстан Республикасының Индустриялы-инновациялы дамуының 2003-2015 жылдарға арналған ұзақ мерзiмдi стратегиясы” – Алматы, 2003 ж.
  9.   Н. А. Назарбаев. Задача науки – способствовать развитию экономики // Казахстанская правда, 16 апрель, 2002 г.
  10.   Әбдiжапар Сапарбаев Инновация – негiзгi қозғаушы күш// Егемен Қазсқстан, 24 наурыз.-  2004 ж.
  11.   Н. Ә. Назарбаев.  Бәсеке қабiлеттi Қазақстан, Бәсекеқабiлеттi экономика және Бәсекеқабiлеттi халық деген Қазақстан халқына Жолдауы. // Егемен Қазақстан, 19 наурыз. - 2004 ж.
  12. Қуат Бораш Инновация, оның елiмiз экономикасы үшiн маңызы қандай //  Егемен Қазақстан, 23 ақпан. -  2004 ж.
  13. Бердашкевич А.П Оподдержке инновационной деятельности в Японии // Инновации №7. -  2002 г.
  14. Купешова С.Т. Ғылыми-технологиялық және инновациялық саладағы мемлекеттің орны //Саясат . - №2. -  2001 г.

 


Информация о работе Мемлекеттің индустриялды-инновациялық саясаты