Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2012 в 10:54, реферат
Қазақстандағы шағын кәсіпкерліктің қолдауындағы негізгі бағытты жетілдіру. Қазақстан Республикасы индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қуатты экономикалық серпілісті жүзеге асыруға, жаңа жетістіктерге жетуге жұмылдырады. Қойылған стратегиялық мақсаттарға сәйкес экономикалық қатынастарды трансформациялау мәселесін шешу қажет.
Мемлекет және шаруашылық жургізуші субъектілер арасындағы экономикалық корсеткіштерін талдау
Қазақстандағы шағын кәсіпкерліктің қолдауындағы негізгі бағытты жетілдіру. Қазақстан Республикасы индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қуатты экономикалық серпілісті жүзеге асыруға, жаңа жетістіктерге жетуге жұмылдырады. Қойылған стратегиялық мақсаттарға сәйкес экономикалық қатынастарды трансформациялау мәселесін шешу қажет.
Шикізат бағытынан қол үзуге ықпал ететін экономика салаларын
әртараптандыру жолымен елдің тұрақты дамуына қол жеткізу, ұзақ мерзімді
жоспарда сервистік-технологиялық экономикаға өту үшін жағдай жасау.
Өндеуші өнеркәсіпте орташа жылдық өсу қарқынын 8-8,4% мөлшерінде
қамтамасыз ету, 2000 жылмен салыстырғанда 2015 еңбек өнімділігін кемінде 3 есе арттыру және ЖІӨ энергия сыйымдылығын 2 есе төмендету; өндеуші өнеркәсіптің негізгі қорларының өнімділігін арттыру; кәсіпкерлік ахуалды, құрылымды қалыптастыру және жеке секторды ынталандыратын әрі бәсекелестік артықшылықты жетілдіретін, дүниежүзілік ғылыми-техникалық және инновациялық процестерге қосыла отырып, өңірлік және дүниежүзілік
экономикамен ықпалдасуды күшейту - бұл индустриялық-инновациялық
дамудың белгіленген негізгі мақсаты мен міндеттері.
Стратегияны іске асыру ЖІӨ құрылымында өнеркәсіптің үлестік салмағын 2015 жылы 46,5%-дан 50-52%-ға дейінгі мөлшерде ұлғайтуға; ЖІӨ құрлымында ғылыми және ғылыми-инновациялық қызметтің үлестік салмағын 2000 жылғы 0,9%-дан 2015 жылы 1,5-1,7%-ға арттыруға; ЖІӨ құрылымында өңдеуші өнеркәсіп үлесінің төмендеу қарқынын 2000 жылғы 13,3%-дан 2015 жылы 12-12,6%-ға төмендеуін бәсендетуге, ал ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу үлесі 38,1%-дан 45-46%-ға дейін өседі деп қарастырылған.
Салыстырма бойынша Ресей. кәсіпорындарының инновациялық белсендігі 13% (2008 ж.), ал Шығыс Еуропада -' 40%-ға дейін (Румыния -28%, Словения -32%,Полына-38%).
Аймақтық кескін бойынша инновациялық дамуда көш басында: инновациялық белсенділік Алматы қаласы - 6,7%, Қарағанды облысы -6,2%,Шығыс Қазақстан облысы - 5,9%. Соңғы тізгін бойынша: Ақмола облыс-1,2%, Маңғыстау -1,4%, Қостанай -1,5%, Қызылорда -1,5%.
Егер 2008 ж. инновациялық қызметпен айналысушы кәсіпорындар арасында өнім өндіруде басты көлемі металлургия саласы болса (ҚР бойынша барлық инновациялық өнім өндірудің 84,4%), ал 2009 ж. мерзімінде өндеу өнеркәсібі алда болды - 68,95% (2-кесте).
Кесте 2
ҚР экономика салалары бойынша инновациялық өнім өндіру көлемі, млн.теңге
ҚР экономика салалары | Өнім өндіру көлемі?(тауарлар,жұмыстар, | Салалар өнімдерін өндірудегі меншікті салмақ,% | Негізгі капиталдағы инвестициялар көлемі | Өнім таралымындағы табыс (тауарлар,жұмыстар,қызметтер) |
Барлығы | 1006169,6 | 100 | 170320,2 | 1493127,3 |
Ауыл шаруашылығы | 2664,6 | 0,26 | 399,3 | 3262,5 |
Тау-кен өнеркәсібі | 292194,5 | 29,04 | 60885,7 | 576784,5 |
Өндеу өнеркәсібі | 693754,8 | 68,95 | 105306,9 | 897705,7 |
Кұрылыс | 17555,7 | 1,75 | 3728,3 | 15374,5 |
Экономиканың кез-келген секторында инновациялар қаржы салымдарын қажет етеді. Қосымша пайда табу, шағын кәсіпкерлік қызметінің тиімділігін жоғарылату, әлеуметтік-экономикалық нәтижені алу үшін де қаржы салымдары керек.
Кесте 3
2011ж 1қарашаға шағын және орта кәсіпкерлік секторының құрылымы
| Белсенді субъектілер саны | Жұмыспен қамтылғандар саны | Өнім шығарылымы | |||
үлес салмақ | 2011 жылғы | үлес салмақ | 2011 жылғы | үлес салмақ | 2011 жылғы қантар-қазан | |
Барлығы | 100,0 | 104,4 | 100,0 | 96,5 | 100,0 | 102,6 |
шағын кәсіпкерліктің заңды тұлғалары | 9,3 | 98,5 | 27,1 | 100,5 | 21,4 | 95,4 |
орта кәсіпкерліктің заңды тұлғалары | 1,2 | 92,7 | 28,0 | 99,0 | 64,0 | 100,5 |
жеке кәсіпкерлер | 64,8 | 106,7 | 28,2 | 91,0 | 7,0 | 112,9 |
шаруа (фермерлік) қожалықтар | 24,7 | 101,4 | 16,7 | 96,3 | 7,6 | 120,7 |
3-кестеде көрсетілгендей шағын және орта кәсіпкерлік секторының құрлымы 2011 ж 1 қараша көрсеткіштеріне сүйенсек, төмендегідей нәтижені көрсетеді. Шағын кәсіпкерлік заңды тұлғалары белсенді субъектілер санының 9,3 бөлігін үлес салмағын құрайды, 2011 ж 1 қарашаға көрсеткіштеріне сәйкес 98,5 %-ға артқанын көрсетеді. Орта кәсіпкерліктің заңды тұлғалары белсенді субъектілер санының 1,2 үлесін құрап, 2011 ж 92,7 %-ға артқанын көрсетеді. Оның ішінде жеке кәсіпкерлер ең жоғарғы үлесті 64,8, ал 2011 ж 106,7 %-ды құрап отыр. Жұмыспен қамтылғандар саны шағын кәсіпкерліктің заңды тұлғаларының үлесінде – 27,1 , 2011 ж 100,5 %, орта кәсіпкерлік тұлғалары үлес салмағы- 28,0-ді құраса, 2011 ж -99,0 %-ды көрсетеді. Ал жеке кәсіпкерлер үлес салмағы – 28,2, 2011 ж -91,0 %-ды құрап отыр.Өнім шығарылымында:Шағын кәсіпкерлік үлесі- 21,4; Орта кәсіпкерлік үлесі- 64,0; Жеке кәсіпкерлік үлесі- 7,0-ді құрап отар. 2011 ж қаңтар- қазан және 2011 ж қаңтар- қазанның пойыздың көрсеткіштері бойынша ең жоғарғы үлес – шаруа қожалықтары- 120,7 %; жеке кәсіпкерлер-112,9%; орта кәсіпкерлік – 100,5; шағын кәсіпкерлік тұлғалары- 95,4%-ды құрайды [11].
Белсенді ШОК субъектілерінің саны, бірлік / өнім шығарылымы, млн. теңге
Сурет 1
Өңірлер бөлінісінде ШОК субъектілері қызметінің негізгі көрсеткіштері
1-суретте көрсетілгендей өнім өндіріу бойынша ең жоғары көрсеткіш ОҚО ал ең төменгі көрсеткішті СҚО көрсетіп тұр. Ал ШОК субьектілерінің саны бойынша да ОҚО ең жоғарғы денгейде бірақ өнім өндіруден Манғыстау облысымен қатар тұр.