Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Декабря 2011 в 20:21, реферат
Мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс жасауы ерекше экономикалық нысандар— бюджеттің кірістері мен шығыстары арқылы болып отырады. Олар құндық бөліністің жеке көздерін білдіреді. Категориялардың екеуі де бюджеттің өзі сияқты объективті және олардың өзгеше қоғамдық арналымы болады: кірістер мемлекетті қажетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз етеді, шығыстар орталықтандырылған ресурстарды жалпы мемлекеттік қажеттіліктерге сәйкес бөледі.
Бюджеттің кірістері — бюджетке қайтарылмайтын негізде салықтардан, алымдардан және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден алынатын түсімдердің, салыққа жатпайтын және өзге де түсімдердің, сондай-ақ негізгі капиталды сатудан түсетін кірістердің көлемі.
"Қазақстан
Республикасының Бюджет
1)
салықтық түсімдер,
алымдар және басқа
да міндетті тәлемдер:
корпорациялық табыс салығы, қосылған
құнға салынатын салық, соның ішінде Қазақстан
Республикасының аумағында өндірілген
тауарларға, орыңдалған жұмыстар мен көрсетілген
қызметтерге және Қазақстанның аумағына
импортталатын тауарларға салынатын қосылған
құн салығы, импортталатын тауарларға
акциздер, газ конденсатын қоса алғанда,
шикі мұнайға салынатын акциздер, жер
қойнауын пайдаланушылардың салықтары
мен арнаулы төлемдері, экспортқа шығарылатын
шикі мұнайға салынатын рента салығы,
Қазақстан Республикасының аумағы бойынша
автокөлік құралдарының жүріп өткені
үшін алым, телевизиялық және радиохабар
ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға
рұқсат бергені үшін алынатын алым, теңіз,
өзен кемелері мен шағын көлемді кемелерді,
азаматтық әуе кемелерін, радиоэлектрондық
құралдарды және жиілігі жоғары құрылғыларды,
дәрілік заттарды мемлекеттік тіркегені
үшін алынатын алым, қалааралық және (немесе)
халықаралық телефон байланысын бергені
үшін, радиожиілік сеьстрін, кеме жүретін
су жолдарын пайдаланғаны үшін төленетін
төлем, әкелінетін және әкетілетін тауарларға
кеден баждары, отандық тауар өндірушілерді
қорғау шаралары ретінде алынатын баждар,
консулдық алым, Қазақстан Республикасы
азаматтарының паспорттары мен жеке куәліктерін
бергені үшін мемлекеттік баж, жүргізуші
куәліктерін және
көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер бергені үшін алынатын мемлекеттік баж, мемлекеттік нотариат кеңселері нотариустарының нотариаттық іс-әрекет жасағаны үшін алынатын мемлекеттік баж және басқа алымдар мен төлемдер;
2) салықтық емес түсімдер республикалық меншіктен алынатын кірістер (республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен Ұлттық банктің таза табысы бөлігінің түсімдері, республикалық меншіктегі: акциялар пакеттеріне дивидендтер, заңи тұлғаларға қатысу үлесіне кірістер, мүлікті жалға беруден алынатын кірістер, Үкіметтің депозиттері, екінші деңгей банктерінің шоттарында орналастырылған мемлекеттік сыртқы қарыздар, республикалық бюджеттен берілген кредиттер бойынша сыйақылар (мүдделер), қару-жарақ пен әскери техниканы сатудан түсетін кірістер, республикалық меншіктен түсетін басқа да кірістер); республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін түсімдер және осы мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуларды өткізуден түсетін ақша түсімдері; мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санк-циялар, өндіріп алулар және республикалық бюджетке түсетін басқа да салыққа жатпайтын түсімдер);
3) негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер (республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітіп берілген мемлекеттік мүлікті, мемлекеттік босалқы қорлардан, резервтерден тауарларды, материалдық активтерді сатудан түсетін ақшалар);
4) ресми трансферттердің түсімдері (облыстық бюджеттерден, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен алынған ресми трансферттер, Ұлттық қордан республикалық бюджетке алынған мақсатты трансферттер).
Республикалық бюджетке республикалық бюджеттен кредиттерді өтеуден, республикалық меншіктегі мемлекеттің қаржы активтерін сатудан, Үкіметтік қарыздарды өтеуден түскен түсімдер есепке алынады.
Қазақстан
Республикасының 2003 жылғы республикалық
бюджет кірістерінің құрамы мен құрылымы
мына мәліметтермен сипатталады.
Республикалық бюджет кірістерінің
көлемі
мен құрылымы.
Түсімдердің атауы | млн.теңге | % |
ТҮСІМДЕР | 722034 | 100,0 |
1. КІРІСТЕР | 649000 | 89,9 |
Салықтық түсімдер | 603396 | 93,0 |
соның ішінде: | ||
корпоративтік табыс салығы | 272632 | 45,2 |
қосылған құнға салынатын салық | 222161 | 36,8 |
акциздер | 6019 | 1,0 |
Салықтық емес түсімдер | 39348 | 6,1 |
Капиталмен жасалған операциялардан алынатын кірістер | 6256 | 0,9 |
II. АЛЫНҒАН РЕСМИ ТРАНСФЕРТТЕР | 57630 | 8,0 |
III. КРЕДИТТЕРДІ ҚАЙТАРУ | 15404 | 2,1 |
Дерек
көзі: Қаржы Министрлігінің статистикалық
бюллетені № 6, маусым 2004ж.
Кестеден көрініп тұрғандай, кірістердің негізін салықтық түсімдер құрайды, ал салықтық түсімдердің негізгі көздері, бұрынғыдай қосылған құнға салынатын салық пен корпорациялық табыс салығы болып табылады. Республикалық бюджет кірістерінің басқа едәуір көзі—салықтық емес түсімдер және капиталмен жасалған операциялардан алынатын кірістер.
Бюджеттің шығыстары — бұл бектілген бюджет шегінде қайтарылмайтын негізде бөлінетін қаражаттар.
Республикалық бюджеттің шығыстары мына бағыттар бойынша жұмсалады:
1) жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер көрсету: Қазақстан Республикасы Президентін және оның отбасын қамтамасыз ету, оларға қызмет көрсету және күзету, Парламенттің, Үкіметтің және Конституциялық кеңестің жұмыс істеуі, сайлаулар мен референдумдар өткізу, мемлекеттік бюджетті болжау мен республикалық бюджетті жоспарлау, салық службасы органдарының қызметі, республикалық меншікті басқару, мемлекеттің бірыңғай жүйесін ұйымдастыру, мемлекеттік қаржылық бақылау, кеден қызметтері, мемлекеттің сыртқы саяси қызметі, іргелі ғылыми зерттеулер жүргізу мемлекеттік статистикалық есеп, мемлекеттік службаның бірыңғай жүйесін ұйымдастыру, заңнамаларға сәйкес қызметтің әр түрлі салалары мен қызмет сферасында мемлекеттік сыйлықтар беру және мемлекеттік наградалармен марапаттау және басқалары.
2) қорғаныс, қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік: мемлекеттің қорғанысын ұйымдастыру және қамтамасыз ету, лаңгестікке және экстремизм мен сепаратизмнің басқадай көріністеріне қарсы күрес, Қазақстан аумағында қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, паспорт және виза жұмысын жүзеге асыру, жедел іздестіру, тергеу қызметі, азаматтық қорғаныс жүйесін ұйымдастыру, экономикалық және қаржы сфераларындағы құқық қорғау қызметі және басқалары.
3) құқық, сот, қылмыстық-атқару қызметі: әділет сферасындағы қызмет, азаматтар мен мемлекеттің мүдделерін құқықтық қорғау, зандылық пен құқықтық тәртібін қамтамасыз ету, соттың сараптамалық қызметі, сот жүйесінің жұмыс істеуі және басқалары.
4) білім беру: білім берудің республикалық ұйымдарында дарынды балаларға жалпы білім беру, республикалық мектеп олимпиадаларын өткізу, республикалық деңгейде орта кәсіби білімі бар мамандарды даярлау, жоғары кәсіби жөне жоғары оқу орындарынан кейінгі кәсіби білімі бар мамандарды даярлау, республикалық деңгейде кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау, білім берудің республикалық ұйымдарын оқулықтармен қамтамасыз ету, республикалық маңызы бар білім беру ұйымдарында балаларды оңалту және басқалары.
5) денсаулық сақтау: жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету, ауру адамдарды шетелде емдеуді ұйымдастыру, ерекше қатерлі инфекцияларға қарсы іс-ерекет, республикалық денсаулық сақтау ұйымдары үшін қан, оның компоненттері мен препараттарын өндіру, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің санитарлық-эпидемиологиялық сауаттылығын республикалық деңгейде және мемлекеттік шекара мен көлікте қамтамасыз ету, сот-медицина және сот-психиатрия сараптамасын жүргізу және басқалары.
6) әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру: бюджет қаражаттары есебінен зейнетақы заңнамасына сәйкес зейнетақымен қамсыздандырылуға құқығы бар азаматтарға зейнетақы төлемдері, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар, мемлекеттік арнаулы жәрдемақылар, арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар, экологиялық апат аумақтарында тұратын адамдарға әлеуметтік көмек, әскери қызметшілерге құқық қорғау органдары қызметкерлеріне, олардың отбасы мүшелеріне медициналық қызмет көрсету, құрбандарына және одан зардап шеккендерге төлемдер, көші-қон іс-шаралары, баланың туылуына байланысты әлеуметтік төлемдер және басқалары.
7) мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік:
8) ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау, жер қатынастары:
9) өнеркәсіп, жер қойнауын пайдалану, сәулет, қала құрылысы және қызметі:
10) көлік және коммуникациялар:
11) экономикалық қызметті реттеу: стандарттау, метреология және сертификаттау, патенттерді, тауар белгілерін тіркеу және қорғау, мемлекеттік инновациялық саясат, мемлекеттік экспорттық және импорттық бақылау, саудалық және демпингке қарсы реттеу, бәсекелестікті қорғау және табиғи монополияларды реттеу.
12) басқада бағыттар: облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттеріне, Ұлттық қорға берілетін ресми трансферттер, үкіметтік борышқа қызмет көрсету және оны өтеу, мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді орындау.
Республикалық
бюджеттен сонымен бірге барлық
мемлекеттік органдардың және басқа
мемлекеттік мекемелердің қызметтін
қамтамасыз етуге (кадрларды қайта
даярлауды және бұл мемлекеттік мекемелер
қызметкерлерінің
біліктілігін арттыруды қоса алғанда),
бюджеттік инвестициялық жобалар мен
бағдарламаларға, халықаралық ынтымақтастыққа,
сондай-ақ қолданбалы ғылыми зерттеулерге,
мемлекеттік басқарудың орталық органдардың
заңнамалық актілері мен көзделген өзге
де функцияларына жұмсалатын шығындар
да қаржыландырылады.
Республикалық бюджет шығыстарының
көлемі
мен құрылымы (2003ж.)
млн.теңге | % | |
ШЫҒЫСТАР | 773893 | 100,0 |
ШЫҒЫНДАР | 734809 | 94,9 |
1. Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызмет көрсетулер | 44066 | 5,7 |
2. Қорғаныс | 40435 | 5,2 |
3. Қоғамдық тәртіп және кауіпсіздіқ | 73822 | 9,6 |
4. Білім беру | 23241 | 3,0 |
5. Денсаулық сақтау | 19105 | 2,5 |
6. Әлеуметтік қамтамасыз ету және әлеуметтік көмек | 202043 | 26,1 |
7. Тұрғын ұй-коммуналдық шаруашылығы | 10321 | 1,3 |
8. Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік | 12879 | 1,7 |
9. Отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану | 8486 | 1,1 |
10. Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау | 43040 | 5,6 |
11. Өнеркәсіп және құрылыс | 1395 | 0,2 |
12. Көлік және байланыс | 59663 | 7,7 |
13. Басқалар | 68345 | 8,8 |
14. Борышқа қызмет көрсету | 34338 | 4,4 |
15. Ресми трансферттер | 93630 | 12,1 |
КРЕДИТТЕР | 39085 | 5,0 |
Информация о работе Мемлекет бюджеттің кірістері мен шығыстары