Материалдык есепке алу

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Сентября 2012 в 19:17, реферат

Описание работы

Курстық жұмыста тауарлы – материалдық есепке алу мәселелері қарастырылған . Тауарды өндіру мен жеткізуде бір қалыптылық жоқ жағдайда үзіліссіз қызметті қамтамасыз ету үшін өндіріс мекемелері мен кәсіпорында қажеті тауар қорлары болуы қажет. Тауар қорлары – бұл соңғы тұтынушыға сатылған кезге дейінгі нарықтағы қоғамдық өнімнің бөлігі. Міне, сондықтан да ұйымның міндеттемелерінің бірі болып тауарлы – материалдық қорларды есепке алу тақырыбы өз алдына бөлек мәселе болып қарастырылады және нарықтық экономика жағдайында өте актуалды. «Тауарлы –материалдардық қорларды есепке алу» атты №7 бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес, тауарлы – материалдық қорлар бұл: шикізат қорлары, материалдар, ыдыс және ыдыстық заттар, аяқталмаған өндіріс, дайын өнім тауарлар түріндегі активтер.

Содержание

1. Тауарлы –материалдық қорлардың ұғымы, классификациясы және бағалануы.
2. Кәсіпорынның қоймасына тауарлы – материалды қорлардың түсуін құжаттық рәсімдеу.
3. Кәсіпорының қоймасынан тауарлы – материалдық қордың шығуын құжаттық рәсімдеу.
4. Материалдық жауапты тұлғаның есеп беруі.
5. Тауарлы – материалдық қорлар синтетикалық есебі мен материалдардың қозғалысын есепке алу ведомосін толтыру тәртібі.
6. Тауарлы – материалдық қорлар есебін жетілдіру жолдары.
Қолданылған әдебиеттер:

Работа содержит 1 файл

12.doc

— 332.00 Кб (Скачать)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6.      Тауарлы –материалдық қорлар есебін жетілдіру жолдары.

 

Біріншіден ТМҚ есебін  жетілдіру мен қарастыруым бойынша бухгалтериялық есепті жүргізуде қолданылатын бағдарламаларды көрсетемін. Яғни, бухгалтерлік жұмысты жеңілдету, тездету және шығын аз келтіріп қызмет жүргізуді таңдаймын. Қазір мен ПК Компьютерленген бухгалтерия «Алтын» бағдарламасында, жабдықтаушылар мен жұмыс жасау және тауарлы – материалдық қорларды қоймаға қабылдау жөнінде айтып кетемін.

Негізгі жұмыс «Қойма» есебінде жүргізіледі, «Алтын» бағдарламасында аналитика қандай да болмасын балансттық шотта бес баспалдақты болады. «Қойма» есебінде келесі функциялар жүзеге асады:

      өндірілген цех өнімдері, материалдар, тауарлар, дайын өнімдер қоймаға түскенде бірінші ретті құжаттар өңделеді, жабдықтаушылардан қабылданған қызметтер құжаттамасы өңделеді,олар шығыс қа апарылады, ал ҚҚС олар бойынша есепке алынады;

      Тауарлы- материалдық қорларды ішкі қозғалысына накладной мөрмен рәсімделеді, мысалға өндіріске немесе сату нүктесіне;

      Материалдарды есептен шығару бойынша накладной мөрі және рәсімделуі;

      Шығу құжаттарды құру: қалдық есеп кітабы, материал қозғалысы бойынша айналым ведомосі, шығыс және кіріс ведомостарі, инвентарлық ведомостер;

      Автоматты  түрде ҚҚС-ң электронды салық есебі ақпараты құрылып, НК МФ програмасына аударылады.  

Сонда автоматты  түрде бухгалтерлік корреспонденция құрылып, «Балансқа» аударылады. Карточка қалдықты жыл басына көрсетеді және тауарлы – иатериалдық қорлардың әрбір қозғалыс ерекшелігін көрсетеді.

      Жинақтаушы мінездегі карточка..

Меню → Документы → «Материалдарды қабылдау» мұнда қоймадағы материалдар кірісі өңделеді. Бұл үшін кіріс құжатының келесі мәліметтері енгізіледі: нөмірі, күші, кіріс сомасының жиынтығын және корреспонденттік баланс шотын. Бұл кезде жабдықтаушы аты сұралады, бұған терезеде пайда болған жабдықтаушылар тізімінен керек атты таңдаймыз. Егер біз тауарды бірінші рет алып тұрсақ, оған карточка ашылу тиіс. (Вставка → таза орынға атын жазу) және содан кейін оның аты жабдықтаушылар тізімінде болады. «Номенклатура» справочнигін қолданып, тауар атын таңдаймыз, тауар көлемін көрсетеміз, бұл тауар есептелетін және қойма нөмірі көрсетілетін баланстық шотты көрсетеміз.   

Бағдарламада тауарлы –материалды қорлар есебі мен есепті шығару тәсілдері: Фифо, Лифо, орташа өлшенген болып табылады. Бір накладной бойынша қабылданған тауарлар қоймада бөлек-бөлек қабылдануы мүмкін. Құжатты өңдегенде салық сомасы қосымша құнда ерекшеленеді, ол кіріс- счет фактура реестріне түседі.

Керек мәліметті енгізе отырып, біз автокөлік кәсіпорны бойынша ақпарат аламыз.(журнал-ордерде 3310 шот), ал 8040 шотта 10000 теңге сомасына келесі шот шығыны көбейеді «көліктік шығын» және жаңа жол пайда болады 307.00

Салық есебіне керекті счет-фактура реестрі электронды түрде құрылады, НК МФ программасында формат бойынша. Жабдықтаушы карточкасында оның РНН және ҚҚС есеп қойылым куәлігінің нөмірі болады. Олар 307.00 формасына түседі.

Тәжірибелік жұмыс барыснда бағдарламаны пайдалану тиімділігіне, сервистік мүмкінділіктеріне көз жеткіземіз. Бұл бағдарлама бухгалтерге өз жұмысын әрә тез әрі сапалы түрде жүргізуге көмектеседі.

Ендігі, бухгалтердің жұмысын жеңілдететін программаларға 1С: «Бухгалтерия и оклад» бағдарламасы жайлы жазып өтемін.

«Сату және қойма» бағдарламасында біріктірілген тауарлар, ол туралы ақпараттар «Номенклатура» справочнигінде болады. Біріктірілгендердің тізімі, комплемент тұратын құрамы, қоластындағы справочникке «Комплемент құрамы» енгізіледі, онда «баға коэффициентіне» коэффициент енгізіледі.баға коэффициентін қолмен енгізуге болады немесе біріктірілгендердің бағасына сәйкесті қойылуы мүмкін. Біріктіру операциялары «Тауарлы – материалдық қорлардлың комплектациясы» құжатымен рәсімделеді,онда комплект атын таңдау және көлемін көрсетуден кейін кестелік бөлімін автоматты түрде толтыруға болады, соған байланысты комплемент құрамын оперативті құжат әзірлеу кезінде өзгертуге болады. Құжатты тіркегеннен кейін біріктірілгендер белгіленген қоймадан өзіндік құн бойынша шығарылып тасталады.

Ақпарат анализі «Сату және қойма» көптеген әртүрлі есеп берулерден тұрады, олар икемді құрылымдарға және мәліметті топтауға мүмкіндік береді. Сату – шаруашылық іс-әрекет нәтижелеріне анализ жасау үшін, сонымен қатар келешектегі операцияларды жоспарлау мен бақылау үшін аналитикалық есеп берудің кең спектрі қолданылады. Меню → отчеты → аналитикалық.

Жабдықтаушылар мен сатып алушылардың тауарлар бойынша жинақталған ақпарат алу үшін (клиенттер бойынша есеп  беру) қолданылады. Ал сатып алушылардың проект жөніндегі өтініш бойынша ақпараттарды жабдықтаушыларға заказдар бойынша тауарлы материалдық қорлардың түсуі мен кетуін «Проект бойынша есеп беруде» топтастыруға болады.

«Сату динамикасы» анализ жасауға белгілі бір мерзімдегі таңдалған түрлі тауарлардың сату динамикасын есеп беру көмегімен жасауға болады.

«Айналым құралдардың динамикасы» есеп беруі компанияның активі мен пассивінің құрылымын алуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар олардың өзгеру тенденцияларын көруге болады. Ал «Сату анализі» бойынша сату іс - әрекетінің пайдалылығын бағалауға болады. Егер тауарлар жақсы сатылған жабдықтаушыны анықтау керек болса, онда топтастыру тәртібін қою керек «Жабдықтаушы  - «Номенклатура», ал егерде жабдықтаушының тауарын алудан түскен максималды табысты анықтау керек болса, онда «Номенклатура» - «Жабдықтаушы» топтастырылып қою керек.

«Үлгі жоспар» справичнигі бухгалтерлік операцияларды шаруашылық іс - әрекет бойыншаь дұрыс қолдану үшін қолданылады. Бағдарлама, сонымен қатар, әрбір құжат құрылған бухгалтерлік проводкалар жөнінде мәлімет алуға мүмкіндік береді. Ал байланыстары белгілі мерзімдегі шаруашылық операциялар бойынша  файлға апаруға болады. Сонымен қатар кассалық құжаттар ақпаратын, сату және сатып алу кітаптарындағы жазуларды жинақтап файлға апаруға болады. Осылайша, топтастырылған файлдар «1С: Бухгалтерия» бағдарламасына апарылады.

Сонымен, екі бағдарламаны қарастырып өттім. Екі бағдарламада да өз ерекшеліктері мен кемшіліктері болады. Әрбір ұйым өз қызметіне байланысты, өзінеқажет, тиімді деген бағдарламаны қолданады. Мысалға, «1С: бухгалтерия» бағдарламасы аз мөлшердегі қызметкерлер, қатысушылар саны аз болған кәсіпорындарда көбінесе қолданылады. Мысалға, Қарағанды Экономикалық университеті бағдарламасы Лука про бағдарламасы қолданылады. Себебі ол бағдарлама іс - әрекетті бухгалтерияда жасауға ыңғайлы. Әр кәсіпорын өзіне ұнайтын барлық жағынан жақсы бағдарламаны таңдап, соған сәйкес жұмыс атқарады.

Қазақстандық стандарт бухгалтерлік есеп жүргізудің бірдей принциптері мен әдістеріне негізделген өтпелі кезең экономикасына бейімделген болып саналады.

Жалпы ХҚЕС 2006 жылы жүзеге толығымен асырылады.

Келесі қарастырылып өтетін мәселе ХҚЕС мен БЕС 7 «Тауарлы материалды қорлар есебі» арасындағы айырмашылықты анықтаймын.

                     ХҚЕС  «Қорлар»

БЕС 7 «Тауарлы – материалдық қорлар есебі» методологиялық әдістеме.

ХҚЕС бағалау тәртібін айқындайды және оларды актив түрінде қарастырады:

1.сатуға арналған (тауарлар, дайын өнімдер)

2.өндіру процесіне (аяқталмаған өндіріс)

3.өндіріс прцесіне арналған шикізат пен материалдар түрінде сақталады.

ХҚЕС сәйкес қор бағалау кем дегенде екі көлемде: өзіндік құн немесе мүмкін сату бағасы.

Қордлың өзіндің құн орташа өлшенген құн бойынша, немесе Фифо, Лифо әдісі бойынша анықталады. Бұл кезде Лифо әдісі альтернативті әдіс ретінде қарастырылады қордың құны шығынға сәйкесінше табыс деп танылған кезде апарылады.

Қор шығыны бухгалтерлік тәсілмен немесе инвентаризация нәтижесімен анықталады.Кәсіпорныда қаржылық есеп беру келесілерге алынуы тиіс:

1.қорларды бағалау бойынша есеп саясаты;

2.қорлардың балансының құны;

3.өндіріс процесінде қолдану үшін қорларды бағалау.

ХҚЕС мен халықаралық стандарт өзгешілігі нақты шығын тізімін бермейді. ХҚЕС жалпы өзіндік құнды анықтау принциптерін береді, оның құрылуы кәсіпорынның саясатынна сәйкесті ХҚЕС-та шығын регламентациясы жоқ, бұл қазақстандық бухгалтерлерге үйреншіксіз, олар нормативті құрылымды құжаттарға үйреніп қалған.

Бірақ ХҚЕС -да өзіндік құнды анықтауда көп еркіндік беріледі, ол прфессионалды ойларымен нақтыланады. Нақты шығын тізімі жоқ болса, ол өзіндік құн өз бетінше, қалай болса солай құрылмайды. Шығын деп танылу үшін ол өзіндік құн міндетті түрде принциптеріне сүйене отырып жазу керек.

БЕС 7 «Тауарлы – материалдық қорлар есебі» бір тәртібін анықтауды өзіне тауарлы – материалдық қорлар классификациясын және бағалауын, тауарлы – материалдық қорлар өзіндік құнын өндіріске сәйкесті шығын есебін қосады.

БЕС 7 тауарлы – материалдық қорлар ең төменгі баға өзіндік құнынан және реализациядан таза баағасын анықтайды.

БЕС 7 және медологиялық әдістеме нақты шығын тізімін береді., тауарлы – материалдық қорлар өзінді құнын құрайтын өзіндік құн өзіне сатып алу шығындарын, тасымаладау – дайындау шығындарын, өнімді қайта өңдеуді қосады. Өзіндік құн бағалаудың тәсілдермен жүзеге асырылады. Фифо, Лифо орташа өлшенген және спецификалық идентификациялау.

Реализациялаанытын тауарлы – материалдық қорлар өзіндік құны сол есеп берушілеріне шығыс түрінде келістіріледі, соған сәйкесті оларға табыс.

Қаржылық есеп беруде келесілерді ашу керек:

1.есеп саясатын, тауарлы – материалдық қорлар бағалау үшін құру;

2.тауарлы – материалдық қорлар классификацияны бойынша баланстық расшировка құны;

3.тауарлы – материалдық қорлар реализация таза бағасы бойынша себеп көрсетуге байланысты есептен шығару.

4.Реализацияланған тауарлы – материалдық қорлар өзіндік құны және т.б. Методолгиялық әдістеме дешығын тізімі беріледі, ол өнімнің өзіндік құнын құрайды және мерзімде шығыс болады, бұл БЕС ХҚЕС-дан ерекшеленеді.

БЕС 7 ХҚЕС секілді өзіндік құн мен мерзім шығындарын анықтау жалпы принциптерді ұсынады, бірақ метологиялық әдістеме. Олардың нақты тізімін көрсетеді. Берілген тізім шығын құрамын регламенттейді, олар өзіндік қосылады, ол белгілі бір дәрежеде кәсіпорынның бухгалтериясына ыңғайлы, бірақ ол өзіндік құнының еркіндікті шектейді. Сонымен қатар «Басқа шығындар» сөз тіркемесі бухгалтерияда методонологиялық әдістемені дұрыстығына сенім артпайды.


             

 

Қорытынды.

 

   Тауарлы – материалдық қорлар есебін ұйымдастыру сұрақтарын қарастыру нәтижесінде мынадай қорытындылар жасауға болады. Тауарлы – материалдық қорлар қалдығын есептеу әдісін дұрыс таңдау мен сатылған тауарлы – материалдық қорларының құнын дұрыс анықтау маңызды болып табылады. Егер № 7 БЕС «Тауарлы – материалдық қорлар» бухгалтерлік есеп стандартына келесі төрт әдістерін ұсынады: Ерекше ұқсастыру, Орта құн есептеу, Фифо әдісі және Лифо әдісі.ХҚЕС сәйкес қор бағалау кем дегенде екі көлемде өзіндік құн немесе мүмкіндік сату бағасы бойынша жүзеге асады. Қордың өзіндік құн орташа өлшенген құн бойынша немесе Фифо, Лифо әдісі бойынша анықталады.

  Ал біздің есеп саясатында Фифо әдісі қолданылады. Тауарлы – материалдық қорларды бағалау дұрыс әдісін таңдау кәсіпорынның таза табысын да, тұтас табысында, қаржылық жағдайында да мәнді әсер етеді.

  Тауарлы – материалдық қорлар сипаттауға алғашқы есеп құжаттары негізіне кіріс және шығыс, ал толтыру әдісі бойынша есептеу техниксының көмегімен және қолмен толтыру болып бөлінеді. Толтырған құжаттар мен олардың құжат айналымы данасының санын субъектінің өзі субъектінің сипатына, өндірісті ұйымдастыру ерекшеліктеріне, материалдық, техникалық жабдықталуына және есепті ұйымдастыру жүйесіне байланысты бекітіледі.

   Тауарлы – материалдық қорлардың қоймаларға түсуін әлде босатылуын ұйымда тағайындалған құжаттар толтыру арқылы рәсімделеді.

   Бастапқы құжаттар санын азайту үшін түскен материалдардың қорды құжатсыз толтыруға рұқсат беріледі.Жабдықтаушылардан алынған қажетті құжаттарда алшақтық  болмаған кезде, кіріс ордерінің негізгі реквизиттері мен арнайы штампы қойылып толтырылады. Ұйымды тауарлы – материалдық қорлармен прогрессивті жабдықтау үлгілерінің бірі – жабдықтаушылардың қоймасынан автокөлік пен орталықтандырылған жеткізіп беру, ол кезде тауарлық – көлік накладнойы 4 данада түзіледі:

1.сатып – алушыға  - кіріс ордері орнына материалды қабылдау үшін;

2.жабдықтаушыларға құндылықтарды есептен шығару үшін;

3.автокөлік жүргізушілеріне еңбек ақы есептеу үшін;

4.төлемді жүзеге асыру үшін банке ұсыну.

  Егер жабдықтаушылардан келіп тауарлы –мсатериалдық құндылықтарды сандық және сапалық айырмашылығы болса немесе материалдардың көлік құжатынсыз  келіп, түссе, қабылдау комиссиясы «Материалды қабылдау Актіні» 2 данада жазады.

  1-ші данасы бухгалтерияға, ал 2-шісі маркетингтік бөлімге тапсырылады.

  Материалдардың қоймадан жән еқойма цехынан босатылуын құжаттау тәртібі олардың босатылуын құжаттау тәртібі олардың босатылу бағытына байланысты. Материалдар шығынына дұрыс бақылауды іске асыру үшін материалды талап етуге құқы бар тұлғалардың тізімі мен қолтаңбасының үлгісі әрбір қоймада бекітілуі тиіс. Бұл тізім бухгалтермен келісілген болуы тиіс. Өнім өндіруде жүйелі түрде қолданылған қорларды өндіріске босату кезіңде «Шектеулі алу» карталарын пайдалынған жөн. Шектеулі  карта өндірістік бөлімде толтырылады және маркетинг бөлімімен визаланады. Оның жоғарғы бөлімінде сол цехқа берілген материалдардың номенклатуралық нөмірлері мен  айлық шек көрсетіледі.

  Шектеулі – алу картасы екі данадан тұрады: бір данасы ай басында цехқа беріледі, екіншісі қоймада қалдырылады. Шектеулі  - алу карталарын пайдалану, біріншіден материалдарды босату үшін толтырылған құжаттар санын қысқартады, екіншіден шек шеңберінде босатылған материалдарға бақылауды күшейтеді.

  Шекте көрсетілген материалдарды алуы кезінде «Материалдарды ауыстыру акт» талабы толтырылады, ал талап бойынша алынған сан шектеулі – алу картаға жазылады. «Материалдарды ауыстыру талап акті» нормаларға біріктіріледі.

  Материалдық қорлар  цехтар мен  күн сайын пайдалынбайтын болса, мұндай материалдарды босату үшін бір реттік «Талап» толтырылады.

  Материалдардың қоймалардағы қорлар есебін қойма меңгерушісі жүргізуге міндетті. Бұл есеп қоймасындағы материалдар туралы сандық ақпарат қалыптастыру үшін ұйымдасытруды жән есол материалдардың номенклатуралық нөмірлері бойынша түскенін, шыққанын және қалдығын анықтайды.

  Материалдардың түсуі мен есептен шығуына толтырылған алғашқы құжаттар негізінде қойма меңгерушісі немесе қоймашылар жедел бухгалтерлік шынайлылығы «Қойма есебінің каточкаларында» жүргізіледі.

  Бухгалтерия материалдарының әрбір нменклатуралық нөмірлеріне карточканы «құжаттарды тапсыру - өткізу реестрінде» ашады да, олады қол қойғызып, қойма меңгерушісіне береді. Материалды – жауапты тұлға қойма есебінің карточкаларына жазуды күн сайын кіріс және шығыс құжаттары негізінде түсіреді де , әрбір жазудан соң жаңа қалдық шығарылып отырады. Материалды жауапты тұлғалар кезең сайын кіріс жән ешығыс құжаттарының реестірін жасап, оларды субъект бухгалтериясына береді.

  Материалдардың синтетикалық есебінің жинақ ведомосты негізінде бухгалтерияда «Материалдардың ақшалай түрдегі қозғалыс ведомосты» жасалады. Егер берілген субъектіде қалдық әдісі қолданбаса, жинақ ведомосының орнына мәліметтерді материалды –жауапты тұлға есеп беруінен алады.

  Материалдардың қозғалыс ведомосында есеп кезеңнің басы мен аяғына қалдықтарды көрсету, қойма немесе материалдарды – жауапты тұлғалар бойынша материалдардық қорлардың қозғалысын көрсету қарастырылған. Сондай – ақ онда көлікті– дайындау шығындарының КДШ орташа процентін есептейді.

    

 

 

 

 

 

  Қосымша №

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Информация о работе Материалдык есепке алу