Материалдық шығын, еңбекақы шығыны

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2011 в 14:22, реферат

Описание работы

Материалдық шығын - өнімді өндіру мен өткізуге жүмсалған материалдық ресурстар шығынының осы өнімнің өзіндік құнының есебімен айқындалатын құндық көрінісі. Материалдық шығынның құрамына мыналар кіреді: шикізат пен материалдардың, сатып алынған құралымдық бұйымдар мен дүмбіл заттардың, өндірістік сипаттағы орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің, отынның, энергияның құны; минералдық-шикізаттың базаны үдайы қалпына келтіруге аударым; жерді баптап өндеуге аударым; су үшін төлем, кесілген ағаш үшін төлем, т. б.

Работа содержит 1 файл

Материалдық шығын, еңбекақы шығыны.docx

— 19.23 Кб (Скачать)

     Материалдық шығын - өнімді өндіру мен өткізуге жүмсалған материалдық ресурстар  шығынының осы өнімнің өзіндік  құнының есебімен айқындалатын құндық көрінісі. Материалдық шығынның құрамына мыналар кіреді: шикізат пен материалдардың, сатып алынған құралымдық бұйымдар мен дүмбіл заттардың, өндірістік сипаттағы  орындалған жұмыстар мен көрсетілген  қызметтердің, отынның, энергияның құны; минералдық-шикізаттың базаны үдайы  қалпына келтіруге аударым; жерді  баптап өндеуге аударым; су үшін төлем, кесілген ағаш үшін төлем, т. б. Материалдық  шығынның шамасы: материалдық ресурстардың сатып алу бағасынан, үстеме ақыдан, жабдықтау және сыртқы сауда ұйымдарына төленетін комиссиялық сыйақыдан, брокерлік қызметті қоса тауар биржалары  көрсететін қызметтердің құнынан, кеден  бажынан, тасымалдау ақысынан, сырт ұйымдар  өндіретін материалдық құндылықтарды  жеткізу мен сақтаудан құралады.

     «Материалдар» бабында төмендегілердің құны көрсетіледі:

     - Өндірілген өнім құрамына кіретін,  оның негізін қалайтын немесе  өнімді дайындауда (жұмыстарды жүргізуде,  қызметтерді көрсетуде) қажетті  компонент болып табылатын көліктік  – дайындау шығындарын есепке  ала отырып, сырттан алынған шикізаттар, негізгі материалдардың;

     - Өнімді өндіру үдерістерінде  қалыпты технологиялық үдерісті  қамтамасыз ету үшін және өнімді  орамалау немесе басқа да өндірістік, шаруашылық қажеттіліктеріне жұмсалатын  сатылып алынатын материалдардың;

     - Жерді рекультивациялау үшін  табиғи шикізаттардың, мамандандырылған  ұйымдармен жүзеге асырылатын  жерді рекультивациялау жұмыстарына  төлем төлеу; 

     - Берілген субъектіде, монтаждауда  қосымша өңдеуге ұшырайтын, сатып  алынатын бұйымдардың, полуфабрикаттардың;

     - Сыртқы субъектілермен орындалған  өндірістік сипаттағы жұмыстар  мен қызметтер: өнімді дайындау, шикізаттар мен материалдарды  өңдеу және қондырылған технологиялық  үдерістерді сақтауға бақылау  жасау бойынша жекеленген операцияларды  орындау; 

     - Қорларды орталық қоймаға жеткізу  бойынша сыртқы көлік қызметтері. Шикізаттарды, материалдарды, сатып  алынатын бұйымдар мен полуфабрикаттарды  субъектінің өз көлігі мен  қызметкерлері күшімен жеткізумен  байланысты шығындар, өндірістік  шығындардың сәйкесінше шығындары  да қосылады;

     - Өнімді дайындау үдерісінде қалыпты  технологиялық үдерісті қамтамасыз  ету үшін қолданылатын қосалқы  материалдардың;

     - Сырттан алынған, сондай-ақ субъектінің  өзі өндірген технологиялық мақсаттағы  отын;

     - Технологиялық мақсатта шығындалатын  сатып алынатын барлық қуат  түрлері. 

     Материалдық шығындарға тексеру  жүргізгенде аудитор  нақты шығындар 20 «Материалдар» тармақшасы шотында есептелетін  қалдықтар санатына қосылмайтынын анықтауы қажет, өйткені өндірістік шотта есептен  шығаруда материалдардың бір түрінің құны дайын өнімнің  нақты өзіндік  құнын реттеу мақсатында басқа түрлерге ауыстырылады. Сондай-ақ аудитор  өндірісте қолданылмайтын материалдарға қатысты  шығындардың өзіндік  құнға есептен  шығарылмағанына  көз жеткізуі керек [23].

     Аудиторға өнімнің өзіндік құнына қосылатын  шикізат пен материалдар шығындары  өңделген шикізат, материалдар және полуфабрикаттар қалдықтарына жататын, бастапқы шикізаттың тұтынушылық сапасын  толықтай немесе біртіндеп жойған қайталама  қалдықтар құнымен азаяды. Олар өндірісте түсірілген баға бойынша немесе өнімнің шығарылуының азаюында артылған шығындар бойынша қолданыла алады. Сондай-ақ оларды халық тұтыну тауарларын шығаруды қолдануға болады. Алайда өз өндірісінде қолданылған қайталама қалдықтар сыртта келісімді баға бойынша өткізіле алады.

     Осылайша, материалдық шығындарды өнімнің  өзіндік құнына қатыстығының дұрыстығын тексеруде аудитордың келесілерге  көңіл аударғаны жөн:

     - Өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік  құнына қосылатын шткізат пен  материалдарды бағалаудың дұрыстығы; 

     - Материалдарды алу мен дайындау  үдерістерін кәсіпорынның қабылданған  есеп саясатына байланысты бухгалтерлік  есепте көрсету дұрыстығы; 

     - Өндірісте қолданылатын материалдарға  жатпайтын шығындарды өзіндік  құнға есептен шығару фактілері,  сондай-ақ ҚҚС-ын өндірістік құн  есебінен есептен шығару жағдайларының  барлығын;

     - Өнімнің өзіндік құнына цехтарға, бөлімшелерге берілген, алайда өндірісте  қолданылмаған шикізаттар, материалдар  құнын өнімнің өзіндік құнына  қосу фактілері барлығын;

     - Бөлінбеген табыс есебінен есептен  шығуы тиіс, әлеуметтік-мәдени нысандарда  құрылыс, жөндеу жүргізуде қолданылған  материалдар құнын негізгі іс-әрекеттер  шығындарына жатқызу жағдайлары  кездесетіндігін білу керек. Осындай  тәртіпте басқа кәсіпорындарға  көмек көрсету шығындары да  көрсетіледі; 

     - Шикізат пен материалдар шығындарының  нормаларын кәсіпорын өндірісінің  техникалық жағдайы мен технологиясына  сәйкес белгілеу дұрыстығын;

     - Қайталама қалдықтарды бағалау  және есептен шығару дұрыстығын;

     - Өнімнің өзіндік құнына тауар  биржасы қызметтеріне, брокерлік  қызметтерге төлем төлеу, делдал  және сыртқы экономикалық ұйымдарға  сыйақылар беруге кеткен шығындарды  қосудың негізділігін;

     - Кінәлі адамдары жоқ немесе  өндіріп алу сотпен бас тартылған  жағдайларда қоймалар мен өндірістегі  материалдық құндылықтардың жетіспеуін  өнімнің өзіндік құнына қосу  дұрыстығын;

     - Кәсіпорынның материалдық құндылықтарды  алуда ыдыс пен орамаға кеткен  шығындарын есеп көрсету дұрыстығына  көңіл аудару керек. Мұнда мына  жағдайларды еске сақтаған жөн:  егер ыдыс құны материалдар  бағасына кіретін болса, онда  материалдардың нақты құнын ыдыстың  қолдану немесе өткізу мүмкіндіктеріне  қарай (оны жөндеу шығындарын  қоса) бағасы бойынша азайту керек.  Егер ыдыс құнын сатып алушы  материалдық ресурстар бағасынан  жоғары төлесе, онда олар қолдану  мүмкіндігі бағасы бойынша материалдарды  алу шығындарына қосылады;

     - Табиғи шығын нормалары шеңберінде  жетіспеушіліктер мен жоғалтуларды  есептен шығару дұрыстығын;

     - Материалдық ресурстардың нақты  өзіндік құнының материалдардың  есептік бағасы бойынша бағаларынан  ауытқушылықтарының негізділігін.

     Жоғарыда  айтылып өткен материалдық шығындармен  қатар өзіндік құнда еңбекақы төлеу шығындарының елеулі салмағы  бар. Бұл материалдық өндірістің кейбір салаларындаөндіріске кететін барлық шығындардың 1/3 бөлігіне дейін жетеді. Сондықтан да шығындардың осы түрін де өзіндік құнға жатқызу дұрыстығына аудитор үлкен көңіл бөлген жөн. Мұнда сондай-ақ, еңбекақы төлеу шығындары материалдық шығындар сияқты өзіндік құнға туындау орындары бойынша көрсетіледі[17].

     «Еңбекақы төлеу» бабында субъектінің негізгі  өндірістік қызметкерлеріне еңбекақы төлеу, өндірістік нәтижелері үшін жұмысшыларға сыйақылар беру, ынталандыру және өтемақылық төлемдерге кеткен шығындар, сондай-ақ ұйым штатында тұрмайтын, негізгі  іс-әрекеттерге тартылған қызметкерлер еңбегін төлеу шығындары да көрсетіледі.

     Еңбекақы  төлеу шығындары құрамына мыналар  қосылады:

     - субъектімен қабылданған еңбекақы  төлеу формалары мен жүйелеріне  сәйкес мәмілелік бағалау, тарифтік  ставка және лауазымдық окладқа  сүйене отырып бөлінген нақты  орындалған жұмысқа еңбекақы  төлемдері; 

     - сатуралды еңбекақы төлеу тәртібінде  берілген өнім құны;

     - жүйелік ережелер бойынша ынталандыру  сипатындағы төлемдер: өндірістік  нәтижелері үшін сыйақы, жыл бойғы  жұмысы қорытындысы бойынша сыйлықақы,  кәсіби шеберлігі, жұмыстағы жоғарғы  жетістіктері үшін тарифтік ставкасы  мен окладқа үстеме төлемдер  және т.б.;  

     - жұмыс режимі мен еңбек жағдайларына  байланысты өтемақылық сипаттағы  төлемдер: түнгі уақыттағы жұмыс,  үстеме уақытты жұмыс, көп ауысымды  режимде, кәсіптерді қоса атқару, ауыр, зиянды, өте зиянды еңбек  жағдайында жұмыс жасағандары  үшін тарифтік ставка мен окладтарға  үстеме ақша қосу;

     - қолданыстағы заңнамаларға сәйкес  тегін ұсынылатын коммуналды  қызметтер, тамақтар, өнімдер құны, жекелеген субъектілерге, қызметкерлерге  тегін үй, кәсіби киімдер, құрал-жабдықтар  беру төлемдері шығындары; 

     - заңнамалармен қарастырылған жұмыс  жасамаған уақыттар үшін төлемдер;

     - кезекті және қосымша еңбек  демалыстарын төлеу, пайдаланбаған  еңбек демалысы үшін өтемақы,  еңбек демалысын өткізу орындарына  бару-келу жолақыларын (жүк тасымалдау) төлеу, аналардың бала тамақтандыру  үшін берілетін жұмыс үзілістерін  төлеу, сондай-ақ мемлекеттік  міндеттемелерді орындау; 

     - ұйымды керіқұрылымдауға, жұмыс  штаттары мен қызметкерлер санын  қысқартуға байланысты жұмыстан  босаған қызметкерлерге төлем; 

     - заңнамаларға сәйкес, еңбек еткен  жылдары үшін бір реттік сыйлықақы  төлеу; 

     - ұйым балансында тұрған оқу  орны түлектеріне жұмыс алдында  ақы төлеу; 

     - қызметкердің кінәсіне емес тоқталыстарда  төлемдер төлеу; 

     - уақытша еңбекке жарамсыздығы  үшін төлемақы;

     - қан тапсырушы донарларға қаралу, қан тапсыру және қан тапсырған  күннен ертесіне берілетін демалыс  күндері үшін төлеу; 

     - азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар  жасасу бойынша атқарылған жұмыстары  үшін штаттан тыс қызметкерлердің  еңбекақысын төлеу (егер орындалған  жұмыс үшін ақы төлеуді субъектінің  өзі жүргізсе);

     - белгіленген тәртіпке сәйкес  еңбекақы төлеу қорына қосылатын  басқа да төлем түрлері. 

     Еңбекақы  төлеу шығындарын зерделей отырып, аудитор кәсіпорында қабылданған  еңбекақы төлеу формалары мен  жүйелеріне сәйкес мәмілелік бағалау, тарифтік ставка және лауазымдық окладқа  сүйене отырып бөлінген нақты орындалған жұмысқа еңбекақы төлемдері сәйкесінше есептік құжаттар бойынша анықталған толық сомада өзіндік құнға қосылады, ал өтемақылық төлемдер заңнамалармен  қарастырылған нормалар тәртібінде есептен шығарылады.

     Еңбекақы  төлеу шығындарын тексеру барысында  аудитор олардың құрамына келесілердің кіретініне көңіл бөлген жөн: қызметкерлерге натуралды төлем төлеу тәртібі  бойынша берілетін өнімдердің құны; қызметкерлердің жекелеген санаттары  бойынша тегін берілетін бұйымдар құны; еңбекті реттеумен келісілген төлемдер.

     Еңбек демалыстарын төлеуге бөлінген шығындар есептік айдың еңбекақысын төлеу  қорына еңбек демалысы өткен күндердегі есептік айға қосылатынын ескерген жөн. Егер демалыстың бір бөлігі келесі айға көшетін болса, қызметкерге  бұл күндері төленген сома берілген аванс ретінде (дебет бойынша 4230 шот) көрсетіледі де, өндірістік шығындарға тек келесі айда есептен шығарылады.

     Еңбекақыны  төлеумен тығыз байланыста аудитор  сақтандыруға міндетті төлемдердің  дұрыстығын тексеруі керек. Шығындардың  бұл бабында мемлекеттік бюджеттен  тыс қорларға (зейнетақы қоры, әлеуметтік сақтандыру қоры, міндетті медициналық  сақтандыру, жұмыспен қамту қоры) төленетін  жарналар көрсетіледі.

Информация о работе Материалдық шығын, еңбекақы шығыны