Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 23:03, реферат
Материалды емес активтер келешекте табыс келтіретін ұзақ мерзімде пайдаланылатын және қолмен үстауға жатпайтын экономикалық ресурстар. Бұлардың физикалық үлгісі болмайды. Халықаралык стандарттарға сәйкес, сезілмейтін активтер (саудалық марка, патенттер ж.т.б.) егер олардың өлшеу құны бар болып, мекеме сатып алған болса, активтер кұрамына қосылады.
Кейбір қаржылардың түрі де, айтарлық дебиторлық қарыздар мен теленген аванстар, көзге көрібейтін активтер болып саналады, бірақ олар қысқа мерзімді болғандықтан материалды емес активтердің қатарына жатқызылмайды.
МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС АКТИВТЕР ЕСЕБІ
Материалды емес активтер келешекте табыс келтіретін ұзақ мерзімде пайдаланылатын және қолмен үстауға жатпайтын экономикалық ресурстар. Бұлардың физикалық үлгісі болмайды. Халықаралык стандарттарға сәйкес, сезілмейтін активтер (саудалық марка, патенттер ж.т.б.) егер олардың өлшеу құны бар болып, мекеме сатып алған болса, активтер кұрамына қосылады.
Кейбір қаржылардың түрі де, айтарлық дебиторлық қарыздар мен теленген аванстар, көзге көрібейтін активтер болып саналады, бірақ олар қысқа мерзімді болғандықтан материалды емес активтердің қатарына жатқызылмайды. Материалды емес активтер төменгі бағамен сатып алынуы мүмкін және кейіннен олардың бағасының өсуіне қарамастан, баланстағы құнын өзгертпейді. Материалды емес активтер нарықтық баға бойынша сатып алынған болса, есеп жүйесінде сол сатып алынған бағасымен көрсетіледі.
Жаңа өнімдерді өндіруге байланысты жасалған шығындарды, өнімнің өзіндік құнына, келешектегі шығындар ретінде, белгіленген уақыт ішінде бөлшектеп қосып отыру туралы шешім қабылданған. Ондай шығындарды өнімнің өзіндік құнына жатқызу есебін, оларды топтап шығаруды бастаған кезде, шығарылған өнімнің мөлшеріне қарай, сметалық шығындарды ескере отырып жүргізеді.
Ұйымның материалды емес активтері мекемелердің бірігуіне сәйкес мемлекеттік субсидия есебінен сатып алынуы, айырбасқа алынуы мүмкін. Айырбас арқылы сатып алынған өзара тендес материалды емес активтердің бастапқы баланстық құны, актив-терді алмастырумен келген бағасы бойынша есепке алынады. Тендес емес активтерге айырбасталып алынған материалды емес активтер, айырбасқа ұсынылған активтің сату бағасы бойынша есепке алынады.
Мысалы, шаруашылық серіктестігінің жарғылық капиталына салым ретінде, акша қаражаты, бағалы қағаздар, заттар ғана емес, сонымен қатар меншіктік құқықтар, интелектуалдық қызмет нәтижесі және басқа да мүліктерді қосуға болады.
Материалды емес активтер бастапқы кезеңге жасалған келісім шарттағы бағамен немесе арнайы құрылған комиссияның қойған 204 бағасымен кіріске алынады. Кей жағдайда материалдық емес активтер өздерінің нақты құнынан әлде қайда жоғары бағаланады. Бұл активтердің материалдық үлгісі болмағанына қарамастан, олар келіп түскен құжаттырына сай, материалды емес активтердің амортизациясы көрсетіле отырып, есепке алынады.
Тауарлық белгі, технология, ноу-хау тәрізді материалды емес активтердің құқығы, тараптардың келісімі бойынша, нарықтық шектеулермен (франчайзинг) бір біріне берілуі мүмкін.
Материалдық емес активтер басқа мекемелерге, болмаса жеке тұлғаларға сатылса, тегін берілсе және моральдік тозуына орай немесе пайда келтіруін тоқтатуына байланысты есептен шығарылады.
Материалдық емес активтерді танудың бір шарты, ондай активтерді пайдаланудан ұйым келешекте экономикалық пайда табуға тиісті.