Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Октября 2011 в 14:42, реферат
Маркетинг басқару жүйесінің мәні мен мазмұны нақты банк топтары қызмет ететін нарықтың құрылу процесінің түсініктерімен және осы нарықта, нарықтық қатынаста болып, оның субъектісі болып табылатын сатушылар нарығының қызметі түсініктерімен тығыз байланысты. Маркетингтің классикалық анықтамасы - болашақ айырбас арқылы қажеттіліктер мен мұқтаждықтарды қанағаттандаруға бағытталған адам қызметінің түрі
кәсіпорында маркетингтік
іс–әрекетті басқару
кәсіпорында маркетингтік іс–әрекетін ұйымдастыру және басқару жағдайын қарастыру
кәсіпорында маркетингті басқаруды жетілдіру бойынша ұсыныстарды білдіру
Зерттеу пәні болып
кәсіпорындағы маркетингті
Зерттеу объектісі – «Таймас Принтхаус» АҚ-ның өндірістік және маркетингтік іс-әрекеті.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы. Дипломдық жұмыста кәсіпорында маркетингтік қызметті басқаруға қатысты келесідей ұсыныстар берілген:
кәсіпорындағы маркетингтің мәні мен ролі терең зерттеліп ашылған;
«Таймас Принтхаус» АҚ-ның қаржылық-шаруашылық, маркетингтік қызметтері кешенді бағаланған;
осы кәсіпорында маркетингтік басқару шаралары негізінде оны дамыту жолдары көрсетілген.
Дипломдық жұмыстың теориялық және әдістемелік негізіне Қазақстан Республикасының Заңдары, Үкіметтің Қаулылары, Президент Жолдаулары, ҚР Статистика жөніндегі Агенттігінің мәліметтері мен «Таймас Принтхаус» АҚ деректері құрайды.
Дипломдық жұмыстың тәжірибелік маңызы. Кәсіпорынның мақсаты – маркетингтік іс – әрекетті ұйымдастыру мен басқару барысында нақты ұсыныстары полиграфиялық фирмалардың қызметінде қолданылуы мүмкін.
Бұл дипломдық жұмыста маркетингті басқарудың мазмұны, мәні мен мағынасы, оның кәсіпорындағы ерекшеліктері баяндалады және «Таймас Принтхаус» АҚ-ның маркетингтік қызметін басқаруды жетілдіру жолдары айқындалған. Сонымен қатар, «Таймас Принтхаус» полиграфиясы басшылығына кадр дайындауды өз мекемесі арқылы жүзеге асыруды ұсына отырып, бұл арнаулы жұмыс өзге жақтан жұмысшы күшін шақырудан өте пайдалы екенін ұсынуға болады. Және де өз қызметкерлерінің жұмысқа деген ынталары артып, ұжымдағы моральдық жағдай жақсарып, қызметкерлердің фир
маға деген тұрақтылығы артады. «Таймас Принтхаус» полиграфиясы басшылығы айтылған ұсыныстарды құлаққа салуы қажет, себебі қазіргі таңда мекеме жұмысшы күшіне зәру болып отырғаны - бұл кадрлардың тұрақтамауы. Ол фирма жұмысының жандануына әсерін тигізеді. Солай бола тұра, мекемеге басқа жақтан жаңа жүмысшы күшінің келгені, олардың жаңа идеялар мен көзқарастарының болғанына байланысты тиімді.