Макроэкономиканың пәні және әдісі

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2011 в 18:06, реферат

Описание работы

Экономикалық теория күрделі қоғамдық және әлеуметтік, әрі гуманитарлық ғылым болып табылады. Оның зерттеу аясында біз білетініміздей, қоғамның шектеулі мүмкіндіктер жағдайында шексіз қажеттіліктерін қанағаттандырудағы қабылдайтын шешімдері сияқты мәселелер қаралады. Сондықтан біз экономикалық теория ғылымын микроэкономика курсын зерттеумен ғана шектеліп қоймаймыз. Сол үшін де макроэкономика курсы арқылы біз экономикалық теория деген адамзатқа қажетті үлкен ғылымды игеруді толық меңгере аламыз. Микроэкономика ғылымын және оның қалай оқытылғаны жөніндегі мәселелерді еске түсіре отырып, оған мынадай анықтама беруге тырысамыз.

Работа содержит 1 файл

Макроэкономика.doc

— 149.50 Кб (Скачать)

      Макроэкономикалық зерттеулер тұрақты жұмыссыздықтың өзектi мәселе екенiне назар аударады.

      Екiншi өзектi мәселе: жұмыссыздықты тежеу  барысында қандай шараларды қолдану  тиiмдiлiгi жөнiнде кейбiр экономистердiң  пiкiрiнше, жұмыссыздық мәселесiн  мемлекет тарапынан жұмыссыз қалғандарға  компенсация жүйесiн дұрыс жолға  қою арқылы немесе салықты қысқарту жолымен шешуге болады. Бұл тұрғыдағы пайымдау экономиканы жетiк бiлетiн Роберт Лукас секiлдi мамандарға әдеттегiден өзгеше болып көрiндi.

      Бұдан басқа да пайымдаулар жұмыссыздық  өскен кезде мемлекет өз тарапынан  қаржы саясатын жүйелi түрде, яғни салықты төмендету немесе мемлекет шығынын өсiру арқылы жүзеге асыруы тиiс дегенге саяды.

      Келесi ауқымды зерттеуге лайық мәселе – инфляцияны түсiндiру: Нелiктен АҚШ-та баға 1979-1980 жылдары 10%-ке өсiп, 1986 жылы 2%-ке төмендеп кеттi? Мұндай тоқтаусыз инфляцияның себебi неде? Баға өсуi әр жыл сайын 1,000%-тен асса, 1985 жылы Боливияда баға 11,000%-ке өстi. Мұндағы саясат – инфляцияны өсiрмеу, егер ол өсетiн болса, жұмыссыздықты көтермей оны қалайда қысқарту.

Үшiншi үлкен мәселе – өнiмнiң өсу  мөлшерiн не анықтайтын жөнiнде. Не себептен әр жан басына шаққандағы өнiм мөлшерi АҚШ-та жыл сайын 1,7%-тен келiп, бұл әрбiр 40 жылда екi есе өседi? Нелiктен өнiм өндiру АҚШ-қа қарағанда Жапонияда соңғы жылдары жедел арта түсуде? АҚШ-пен салыстырғанда Жапония экономикасы, егер табыс мөлшерi жан басына шаққанда, АҚШ деңгейiне жетсе де, өсе бермек пе? Осы секiлдi жұмыссыздық мәселесi зерттелуде деген сұрақ макроэкономикада ұзақ уақыттар бойы шешiмiн таппай отыр. Бұл сұрақ төңiрегiнде әр ұрпақ өкiлi өз ойларын өткен жағдайларды, әсiресе 1930 жылдарғы депрессияны талдай отырып дамытуы тиiс. Расында инфляция туралы экономистердiң ой-пiкiрлерi әр алуан. Бiреулерi инфляцияны тоқтау үшiн ақшаның өсуiн тежеу қажет дейдi. Әйтсе де инфляция өсуiнiң себебiн анықтау мәселесi әлi де тиiстi шешiмiн тапқан жоқ.

2.2. Макроэкономикалыє модельдер.

      Макроэкономика  териясының негiзi ретiнде микроэкономика теориясы пайдаланылады. Микроэкономика пәнi – үй шаруашылықтары мен фирмалардың берiлген экономикалық шарттардың шешiм қабылдау және сол берiлген шарттарда өзара қызметтерi арқылы қалыптастыру механизмдерi болып табылады. Микроталдауда тұтынушылардың табысы тек берiлген өлшем ретiнде қарастырылады да, негiзгi назар үй шаруашылықтарының шығындары әртүрлi тауарлар мен қызметтер арасында бөлiнуiне аударылады. Ал макроталдауда, керiсiнше, басты назар жиынтық табыс, жиынтық шығын, қолда бар табыс, тұтыну және тағы сол сияқты iрi, бөлшектелмеген көрсеткiштерге аударылады. Пайыздың нарықтық мөлшерлемесi, инфляция, жұмыссыздық сияқты макроэкономикалық факторлар үй шаруашылықтары мен фирмалардың қор жинау, инвестиция, тұтыну шығындары секiлдi қабылдайтын шешiмдерiне әсерiн тигiзедi де, ал олар өз кезегiнде жиынтық сұраныстың көлемi мен құрылымын анықтайды. Микро және макроэкономикалық үрдiстер өзара тығыз байланыста болады. Макроэкономикалық талдауды үш кезеңге бөлемiз:

      1-кезеңде фирмалар мен үй шаруашылықтарының шешiм қабылдауын зерттеушiлер теория деңгейiнде қарастырады. Содан соң микроэкономикалық құралдарды пайдаланып, фирмаларды әртүрлi экономикалық жағдайларға байланысты қарастырады;

      2-кезеңде фирмалар мен үй шаруашылықтарының жиынтық шешiмдерiн қарастыра отырып, жалпы экономикалық беталыстар талдауға түседi. Бұл кезеңде агрегатталған, iрiленген шамалар қолданылады. Мысалы, бiр ғана фирманың өнiмi емес, ЖҰӨ; жеке банктiң пайыз мөлшерлемесi емес, нарықтық пайыз мөлшерлемесi;

      3-кезеңде макроэкономикалық ақпаратты талдау және жинау арқылы теорияның нақты мағынасы қарастырылады. Макроэкономика – макроэкономикалық теория мен агрегатталған ақпараттардың ортасындағы байланысты нысандық тәсiлмен зерттеудi қарастыратын ерекше ғылым.

      Экономикалық үлгi экономикалық айнымалылардың арасында байланыстар орнатуға қажеттi алғышарттардан тұрады. Үлгi қисынның, графиктiң және математиканың көмегiмен құрылған теориялардан белгiлi бiр қорытынды алуға пайдаланылады, ол өз кезегiнде теория түсiндiруге тырысатын құбылыстардағы алғышарттардың салдарын анықтауға мүмкiндiк бередi Сөйтiп, үлгiнi экономикалық шарттардың өзгеруi және сатып алынатын иiгiлiктердiң құны мен көлемiне қандай өзгерiстер енгiзетiнiн анықтау, жорамалдау үшiн пайдаланамыз.

      Экономикалық айнымалылар деп әртүрлi мәндерге ие бола алатын өзгеретiн өлшемдердi немесе ақша сомаларын айтамыз. Әдетте экономикалық үлгiлер экономикалық шарттардың ең маңызды экономикалық айнымалыларға әсерiн түсiндiруге тырысады. Үлгiде мәндерi берiлген айнымалылар параметрлер деп аталады.

      Экономикалық үлгiлердiң қорытындылары көбiнесе болжамдар түрiнде көрсетiледi. Бұл белгiлi бiр фактiлермен расталатын немесе жоққа шығарылатын себептер мен салдардың көрiнiсi болып табылады.

      Макроэкономикалық үлгi – әртүрлi экономикалық құбылыстар мен үрдiс арасында пайда болатын функционалдық байланыстарды айқындау мақсатында құрылған жүйеленген сипаттама. Кез келген үлгi күнделiктi өмiрдiң оңайлатылған бейнесiн көрсетедi. Себебi макроэкономикалық зерттеу жүргiзуде нақты өмiрдiң барлық жақтарын бiр уақытта қарастыру мүмкiн емес. Сондықтан да бiрде-бір макроэкономикалық үлгi нақты, толыққанды болмайды. Ол нақты уақыт кезеңiндегi белгiлi бiр бағыттағы тек жалғыз ғана дұрыс жауапты бермейдi. Бiрақ осындай жалпылама үлгiлердiң арқасында экономикаға әсер ететiн iшкi (эндогендi) және сыртқы (экзогендi) экономикалық айнымалылардың көлемi анықталады.

      Экзогендi айнымалылар – алғашқы ақпараттар, сырттан ендiрледi, ал эндогендi айнымалылар – кейiнгi ақпараттар, олар үлгiнiң өзiнде қалыптасады. Басқа сөзбен айтқанда, экзогендi айнымалылардың мәнi үлгi құрылмай тұрып берiледi, ал эндогендi айнымалылар үлгiнiң iшiндегi есептеулердiң нәтижесiнде қалыптасады.

      Экономикалық принциптер арқылы түсiндiрiлетiн айнымалылар эндогендi, ал түсiндiрiлмей, берiлген түрде қабылданатын айнымалылар экзогендi деп аталады. Негiзгi мақсатымыз эндогендi айнымалылардың өзгерiсiн экзогендi айнымалылар арқылы түсiндiру болып табылады.

      Үлгiнiң көмегiмен қамтамасыз етiлетiн экономикалық мәселелердi шешудегi жан-жақтылық макроэкономикалық саясаттың икемдiлiгiн және баламалылығын арттырады. Макроэкономикалық үлгiлердi пайдалану Үкiмет пен Ұлттыє банк экономикадағы циклдiк толқуларды реттеуде жүргiзетiн бюджет-салық, ақша-несие саясаттарының құралдарын тиiмдi пайдалануға мүмкiндiк бередi.

      Шеңберлi ағым үлгiсi, АD-AS, Кейнс кресi, IS-LM, Филипс пен Лаффер қисығы, Солоу үлгiсi сияқты жалпылама макроэкономикалық үлгiлер макроэкономикалық талдау жүргiзудiң негiзгi құралдары болып табылады. Бұл үлгiлер қандайда бiр ғана ұлттық экономикаға тән емес. Кез келген үлгi экономиканың динамикасын және оның көрсеткiштерiн танып-бiлудегi пайдалылығымен бағалануы тиiс. Бағалаудың объективтiк қиындығы мынада болып табылады:

а) алға қойған мақсаттарға жетуге байланысты үлгi құрарда оны жеткiлiктi алғышарттармен қамтамасыз ету;

ё) макроэкономикалық саясат үшiн қате шешiмдердi болдырмау. Үлгi жеткiлiктi дәрежеде нақты өмiрдi көрсетуi мүмкiн, бiрақ бұл жағдайда ол өте күрделiленiп кетуi де ықтимал.

      Ал  өз кезегiнде үлгiнiң қарапайымдылығы оны экономикалық зерттеулерге пайдалануға байланысты басты талап немесе шарт болып табылады. Үлгiнiң шамадан тыс жеңiлдетiлуi үлгiде бiраз маңызды факторлардың ескерiлмеуiне әкелiп соғады, ал оның нәтижесiнде қабылданған шешiмдер қате болып шығу ықтималдылығы артады. Сондықтан кез келген үлгiнi құрудағы басты қиыншылық – нақты мәселе бойынша макроэкономикалық талдау жүргiзуге қажеттi факторлар шеңберiн анықтау. 

2.3. Макроэкономикалық көрсеткiштер.

      Кез келген ғылым сияқты макроэкономика да теориялардың өзара байланысы мен бақылауларға бағытталған. Сол себептi, макроэкономикалық теорияны зерттеу мақсаты бұл экономиканы қалыптастыру механизмiнiң түсiнiгi болып табылады, яғни экономикалық бақылаулар теория негiзiнде қалыптасқан.

      Экономикалық статистика – бұл объективтi ақпараттың қайнар көзi. Үкiмет фирмалар  мен азаматтардың экономикалық iс-әрекетi туралы, яғни белгiленген бағалардың деңгейiн және сұраныс жүйесiн, табыс мөлешерiн, және т.с.с. дерек алу мақсатында үнемi зерттеулер жүргзедi. Алынған деректер бойынша әртүрлi статистикалық көрсеткiштер есептелiнедi, олардың жиынтығы экономиканың қалпын, жағдайын сипаттайды.

      Макроэкономистер  бұл статистиканы өздерiнiң талдауларында пайдаланады. Бұлар экономикалық көрнiстердi бағалауда және тиiстi әдiстердi жасағанда көмек көрсетедi.

      Экономикалық көрсеткiштер экономикалық саясатта, экономикалық талдау және бағалау үшiн жиi қолданылады. Жалпы Ұлттық өнiм (ЖҰӨ) азаматтар табыстарының жиынтығын және өндiрiс тауарлары мен қызметтерi үшiн жұмсалған жалпы шығын көлемiн сипаттайды.

      ЖҰӨ экономика көрсеткiштерiнiң ең нақтысы деп есептеледi. Статистикалық деректер мемлекеттiң экономика министрлiгiнiң 3 айда бiр есептеуi бойынша, экономикалық iс-әрекет нәтижесiн бiрыңғай көрсеткiшпен беруге негiзделген. ЖҰӨ-дi төмендегiдей бөлiктерге бөлiп көрсетуге болады:

      1) Барлық экономикалық агенттер табысының жиынтығы. 2) Өндiрiс тауарлары мен көрсетiлген қызметтердiң жалпы шығын көлемi. 

      ЖҰӨ – экономика жағдайын сипаттайды, себебi адамдар аз табыстарға қарағанда үлкен табыстарды көбiрек қалайды. Яғни өндiрiс тауарлары мен көрсетiлген қызмет көлемi жоғарылаған сайын, өзiндiк қанағаттану дәрежесiнiң деңгейi, өндiрiстiк және мемлекеттiк тұтыну деңгейi жоғары болады.

      ЖҰӨ – экономикадағы табыс пен өндiрiстегi шығын көлемiн бiрдей өлшейдi. Себебi бұл өлшемдер соңында бiрдей болады. Жалпы, экономика үшiн табыс көлемi шығын көлемiне тең болуы керек.

      Мысал ретiнде мынадай экономиканы алайық:

      Ауыспалы көлем 2 түрге бөлiнедi – қор және ағын.

      Ваннадағы судың көлемi – бұл қор, ол әдетте нақты уақыт мерзiмiмен өлшенедi, кран арқылы құйылатын су көлемi – бұл ағын, ол әдетте бiрлiк уақыт көлемiмен өлшенедi.

      Кран  арқылы келетiн су – ағын, ваннаға уақыт бiрлiгiнде келетiн су көлемi. Сондықтан, қор мен ағында өлшеу үшiн әр түрлi бiрлiктер қолданылады. Ваннада 50 литр су бар, ал ваннаға әр минутта 5 литр су құйылады. Кейбiр айнымалыларға теориялық талдау жасаған сәтте бiз қор мен ағын арасындағы тәуелдiлiктi жиi кездестiремiз. Ваннадағы жағдай бұл әдеттегi тәуелдiлiк. Қордағы су, кран арқылы құйылатын ағынның жиналуы нәтижесiнде ванна толады. Қордың өзгеру үрдiсi ағында көрсетiлген. Экономикалық көрсеткiштердi зерттеу кезiнде, көбiнесе қай санатқа жататындығын анықтау қажет болады – қор ма, әлде ағын ба, олардың арасында тәуелдiлiк бар ма?

      Тұтынушы заты – қор, оның табысы мен шығыны – ағын.

      Жұмыссыздар саны – қор, ал жұмысын жоғалтушылар саны – ағын.

      Мемлекеттiк  қарыз-қор, бюджет тапшылығы – ағын.

      Көпшiлiгi ағын түсiнiгiне жатады. Мысалы, ЖҰӨ (ЖIӨ), инвестиция, мемлекеттiк шығын, т.б.

      Макроэкономикада  маңызды деп есептелiнетiн қор-ағын

 ұғымына жататын кейбiр көрсеткiштердi қарастырамыз.

      1. Инвестиция және негiзгi капитал.

Экономикадағы капитал – бұл белгiленген, анықталған уақытта жинақталған тұрғын үй қоры, машина, құралдар, өндiрiстiк ғимараттар қоры және елдегi өндiрушi күш. Инвестициялық шығындар – бұл белгiлi бiр уақыт аралығында негiзгi капиталды қолдауда және капиталдың өсуiне бағытталған өнiмдер ағыны. Осыдан төмендегiдей қатынасты алуға болады.

                        К =  К-1 + I

Мұндағы:

К –  қарастырылып отырған жыл аяғындағы капитал қоры.

К-1 –  қарастырылып отырған жыл алдындағы  жылдың капитал қоры.

Қор өсiмi (К-К-1) инвестиция ағымына тең.

      Егер  инвестиция мен капитал қорының арасындағы байланысты тереңiрек қарастырсақ, онда төмендегi теңдеудi құрауға болады. 

К= К-1 + I – DN

Мұндағы:

DN –  кейбiр капитал қоры табиғи  қартаяды немесе үнемi пайдалану  нәтижесiнде тозады, мұндай тозуды  амортизация деп те атайды.

I – инвестиция ағымы, жалпы инвестиция деп те атайды.

I – DN – таза инвестиция. 

      2. Қор және байлық.

      Жоғарыда  қарастырылған  қор – ағын ұғымының бiр көрсеткiшi ретiнде қор және байлықты қарастыруға болады. Қор  Ұлттық табыстың тұтынудан қалған бөлiгi, бұл қаржылық байлықтың қалыптасуына мүмкiндiк бередi және (W) белгiленедi.

W- W-1 = S

(W –  W-1) – қор жинағының өсiмi қорға  тең.

      3. Ағымдағы операция шоттары және шетел инвестициясының сальдосы.

      Қор – ағын ұғымының үшiншi көрсеткiшi. Ол ағындағы операция шоттары (СА) шетел инвестициясының сальдосы (NIIP) арасындағы байланысты көрсететiн тәуелдiлiк.

Информация о работе Макроэкономиканың пәні және әдісі