Макроэкономикалық саясат: негізгі моделдері

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2011 в 22:22, реферат

Описание работы

Экономикалық өсу халық санының артуы және техникалық прогресс сияқты салыстырмалы түрақты факторлар әсерінің нәтижесі болып табылады. Осы фак-торлардың үзақ мерзімдегі динамикасы әлуетті өндіріс көлемінің динамикасын анықтайды. Ал қысқа мерзімде экономика осы негізгі траекториядан ауытқып отырады. Сол себепті тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін осы циклдік толқуларды басқарып отыру қажет.

Работа содержит 1 файл

Макроэкономика экономикаға тән жалпы құбылыстарды.docx

— 22.58 Кб (Скачать)
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Макроэкономикалық саясат: негізгі моделдері. 
 
 
 
 
 
 

                                                        Орындаған:_________________

                                                         Тексерген:__________________ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     Макроэкономикалық саясат: негізгі моделдері 

     Макроэкономикалық саясат — экономиканы тиісті деңгейде ұстау, оның тұрақты жұмыс атқаруын қамтамасыз ету мақсатымен мемлекеттің экономиканы реттеуге бағытталған іс-әрекеті.

     Экономикалық өсу халық санының артуы және техникалық прогресс сияқты салыстырмалы түрақты факторлар әсерінің нәтижесі болып табылады. Осы фак-торлардың үзақ мерзімдегі динамикасы әлуетті өндіріс көлемінің динамикасын анықтайды. Ал қысқа мерзімде экономика осы негізгі траекториядан ауытқып отырады. Сол себепті тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін осы циклдік толқуларды басқарып отыру қажет.

       Ресурстардың толық пайдаланылуы және экономиканың инфляциясыз өсуі мақсатында экономикалық циклдерді басқару макроэкономикалық саясат арқылы жүзеге асырылады. Макроэкономикалық саясат бюджет-салық немесе қазыналық және ақша-несие немесе монетарлық саясаттан тұрады. Бюджет-салық саясаты сыртқы саудада, тек қана үкімет арқылы, ал ақша-несие саясаты Орталық банк арқылы жүзеге асырылады. Осы қазыналық, монетарлық саясаттардың көмегімен мемлекет ішкі және сыртқы макроэкономикалық тұрақтылық орнатуға және оны ұстап тұруға тырысады. Кез келген мемлекет экономикасы үшін макроэкономикалық саясатын қатесіз анықтау, оны таңдалған бағытта дүрыс жүргізу ең өзекті де басты мәселе болып табылады.

       Макроэкономика теориясының негізі ретінде микроэкономика теориясы пайдаланылады.

      Макроэкономика  экономикаға тән жалпы құбылыстарды (инфляция, экономикалық өсу, жұмыссыздық) зертейдi. Экономикалық талдаудың мәнi ұлттық шаруашылық дамуының қалыптасу теориясын әзiрлеу болып табылады. Соңғының негiзiнде макроэкономикалық саясаттың құралдары қалыптасады оған қазынагерлiк, несие-ақша саясаты, табыс саясаты және сыртқы экономикалық саясат жатады. 

      Макроэкономикалық саясаттың мақсаты мен құралдары. 

      Мақсаты:  

1. Өндiрiс  – жоғары деңгей, өсудiң жоғары  қарқыны. 

2. Жұмыспен  қамтылу – жұмыспен қамтудың  жоғары деңгейi жұмыссыздықтың төмендiлiгi. 

3. Еркiн  нарықтағы бағаның тұрақтылығы. 

4. Халықаралық  сауда – экспорт пен импорттың тепе-теңдiгi. Валюта бағамының тұрақтылығы. 

      Құралдары: 

1. Қазыналық  саясат. Мемлекеттiк шығыстар және  салық салу. 

2. Табыстар  және шығыстар саясаты. 

3. Монетарлық  саясат. Ақшалық ұсыныстарды басқару. 

4. Сыртқы экономикалық саясат. 

      Елiмiздiң экономикалық жағдайын талдау ұлттық шоттардың жүйесiне (ҰШЖ) негiзделедi. Ұлттық шоттар жүйесi – ұдайы өндiрiстiң шарттарын, процесiн және нәтижелерiн сипаттайтын өзара байланысты макроэкономикалық көрсеткiштер жүйесi болып табылады, бұл – елдiң негiзгi экономикалық көрсеткiштерiн бағалайтын халықаралық стандарт.

      Жалпы ұлттық өнiм ұлттық өндiрiстiң көлемiн өлшейтiн негiзгi көрсеткiш болып табылады. Жалпы Ұлттыє Өнiм (ЖҰӨ) – бұл ел азаматтары белгiлi кезеңде (бiр жыл iшiндегi) өндiрген барлық түпкiлiктi тауарлар мен қызметтерiнiң нарықтық бағасы. 

      Жалпы Ішкi Өнiм (ЖIӨ) – белгiлi кезеңде елдiң iшiнде өндiрiлген барлық түпкiлiктi тауарлар мен қызметтердiң нарықтық бағасы. 

      Таза  Ұлттыє Өнiм (ТҰӨ) – бұл ЖҰӨ-нен амортизация сомасын алып тастағаннан қалған, жабдықтың тозу бағасы болып есептеледi. 

          Ұлттық  табыс (ҰТ) – бұл экономикада өндiрiстiң  барлық факторларымен (жермен, еңбекпен, капиталмен, кәсiпкерлiкпен) өндiрiлген өнiмнiң бағасы.         

 Жеке  табыс (ЖТ) –барлық үй шаруашылықтары табыстарының сомасы + трансферттiк төлемдер. Ол тұтынуға, ақшаны жинауға, салықтарды төлеуге кетедi.

  Қолдағы бар табыс (ҚБТ) – бұл барлық салықтар мен салықтан тыс төлемдердi төлегеннен кейiн шаруашылықтардың иелiгiнде қалатын табыс.

Жалпы Ұлттық өнiмдi екi түрлi әдiспен: қоғамның осы жылы өндiрiлген тауарлар мен қызметтерге жұмсаған барлық шығындары жиынтығымен, немесе осы жылғы өндiрiстiң нәтижесiнде алынған өнiмнiң ақша табыстарын қосу жолымен өлшеуге болады.

      Ұлттық  өндiрiстiң макроэкономикалық көрсеткiштерi нарықтық бағалар арқылы көрсетiледi. Олар ағымдағы бағалармен өлшенген жағдайда, олардың мөлшерi атаулы шама түрiнде болады. Егерде тұрақты бағалар (базалық жылдың бағалары) пайдаланылса, онда олар нақты шаманы көрсетедi. Атаулы ЖҰӨ өндiрiстiң көлемiнiң өзгеруiне де, бағалардың деңгейiне де тәуелдi болады. Нақты ЖҰӨ тек қана өндiрiс көлемiнiң өзгеруiне тәуелдi. 

      Атаулы  ЖҰӨ – тауарлар мен қызметтер  өндiрiсiнiң ағымдағы бағалармен көрсетiлген көлемi. 

      Нақты ЖҰӨ – тауарлар мен қызметтер  өндiрiсiнiң тұрақты бағалармен көрсетiлген көлемi. 

      ЖҰӨ дефляторы – ағымдағы бағалардың базистiк кезеңдегi баға деңгейiне қатынасын, яғни өндiрiс көлемiн емес, бағалардың салыстырмалы өзгеруiн сипаттайды.

      Қазақстан экономикасы үшiн 1991-2001 жылдар қайшылықты сипаттағы экономикалық түрлену және реформалар кезеңi деп белгiлендi. Жеткен нәтижелер тұрғысынан алғанда елiмiзде 1994-1998 жж. ешқандай алға басу болған жоқ. Қазақстанда 1994-1998 жж. ЖҰӨ-нiң өсуi терiс (-4,2%) қарқын алды. 1996 және 1997 жж. бұдан өзгеше болды онда ЖҰӨ тиiсiнше 0,5 және 1,7 %–ды құрады (өткен жылдың тиiстi кезеңiне шаққанда). 1998ж. ЖҰӨ көлемi 1994 ж. деңгейдiң 91,4 %–ын құрады. Экономистердiң есебi бойынша, 2001 жылы 1990 жылдың деңгейiне жету үшiн ЖҰӨ-нiң өсуiн жыл сайын 3,5-4 %-ға қамтамасыз ету қажет болды. Мұндай сәтсiз нәтижелер тек қана iшкi факторлардың емес, сонымен бiрге сыртқы факторлардың, ең алдымен Ресейдегi қаржы дағдарысы, мұнай бағасының төмендеуi және т.б. салдарынан туындайды.              

Микроэкономика  – фирмалар, үй шаруашылықтары, үкiметтiк агенттiктер сияқты шағын бiрлiктер жасайтын таңдауларды зерттейтiн экономиканың білiм. Макроэкономика – экономиканың инфляция, жұмыссыздық, экономикалық өсу секiлдi iрi масштабты экономикалық құбылыстарын зерттейтiн бөлiгi.

      Макроэкономика  экономиканы бiр үлкен бүтiн  құбылыс ретiнде қарастыратын ғылым. Ол экономикадағы iс-әрекеттердi бiрiктiрiп  жалпылай қарастырады. 

      Макроэкономикалық талдауды үш кезеңге бөлемiз: 

      1-кезеңде  фирмалар мен үй шаруашылықтарының  шешiм қабылдауын зерттеушiлер  теория деңгейiнде қарастырады.  Содан соң микроэкономикалық  құралдарды пайдаланып, фирмаларды  әртүрлi экономикалық жағдайларға  байланысты қарастырады; 

      2-кезеңде фирмалар мен үй шаруашылықтарының жиынтық шешiмдерiн қарастыра отырып, жалпы экономикалық беталыстар талдауға түседi. Бұл кезеңде агрегатталған, iрiленген шамалар қолданылады. Мысалы, бiр ғана фирманың өнiмi емес, ЖҰӨ; жеке банктiң пайыз мөлшерлемесi емес, нарықтық пайыз мөлшерлемесi; 

      3-кезеңде  макроэкономикалық ақпаратты талдау  және жинау арқылы теорияның  нақты мағынасы қарастырылады.  Макроэкономика – макроэкономикалық  теория мен агрегатталған ақпараттардың  ортасындағы байланысты нысандық  тәсiлмен зерттеудi қарастыратын ерекше ғылым.

      Экономикалық  өсудiң көрсеткiштiк өлшемдерi ЖҰӨ  және ЖІӨ болып табылады (тек нақты  сипаттары). Халықаралық деңгейде салыстыру  үшiн ЖҰӨ және ЖІӨ-нiң халықтың жан басына шаққандағы көрсеткiшi пайдаланылады. ЖҰӨ (ЖIӨ)-нiң бiрдей көлемiнде оның халықтың жан басына шаққандағы шамасы тұрғындардың санына тәуелдi болады.

Информация о работе Макроэкономикалық саясат: негізгі моделдері