Макроэкономика

Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2013 в 08:36, реферат

Описание работы

Экономиканың қысқа мерзімдік тербелісінің үлгісін құру үшін, ең алдымен оның классикалық ұзақ мерзімдік үлгіден несімен ерекшеленетіндігін шешу керек. Макроэкономистердің көпшілігінің ойы бойынша, экономика дамуының қысқа және ұзақ мерзімдік кезеңдеріңдегі сипаты, түпкілікті өзгешеліктері бағалардың әр түрлі динамикасына байланысты болады. Ұзақ мерзімдік кезеңде бағалар сұраныс пен ұсыныстың өзгеруіне әсер етеді. Ал қысқа мерзімдік кезеңде көп тауарлардың бағалары белгілі бір деңгейде тұрақты болып табылады. Бағалардың әр түрлі болуы экономика саясатының нәтижесі уақытқа байланысты болатынын көрсетеді.

Содержание

КІРІСПЕ ...................................................................................3
1 Макроэкономиканың құрылымы
1.1 Жиынтық сұраныс........................................................................................4
1.2 Жиынтық сұраныс қисығынын қозғалуы..................................................6
1.3 Жиынтық ұсыныс........................................................................................7
ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................10
ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ........................................11

Работа содержит 1 файл

МАЗМҰНЫ.doc

— 58.50 Кб (Скачать)

 

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ...................................................................................3

1 Макроэкономиканың құрылымы

1.1 Жиынтық сұраныс........................................................................................4

1.2 Жиынтық сұраныс қисығынын қозғалуы..................................................6

1.3 Жиынтық ұсыныс........................................................................................7

ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................10

ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ........................................11

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Экономиканың қысқа  мерзімдік тербелісінің үлгісін  құру үшін, ең алдымен оның классикалық  ұзақ мерзімдік үлгіден несімен  ерекшеленетіндігін шешу керек. Макроэкономистердің көпшілігінің ойы бойынша, экономика дамуының қысқа және ұзақ мерзімдік кезеңдеріңдегі сипаты, түпкілікті өзгешеліктері бағалардың әр түрлі динамикасына байланысты болады. Ұзақ мерзімдік кезеңде бағалар сұраныс пен ұсыныстың өзгеруіне әсер етеді. Ал қысқа мерзімдік кезеңде көп тауарлардың бағалары белгілі бір деңгейде тұрақты болып табылады. Бағалардың әр түрлі болуы экономика саясатының нәтижесі уақытқа байланысты болатынын көрсетеді.

Қысқа мерзімдік және ұзақ мерзімдік кезеңдердегі экономика дамуының ерекшелігін анықтау үшін, ақша саясатындағы өзгерістер қалай өзгеретіндігін қарастырамыз.

Қысқа мерзім кезеңіндегі  көп тауарлар бағасы ақша саясатындағы өзгерістерге әсер етпейді.

Ақша ұсынысының азаюы  фирмалардың төлейтін жалақысын төмендетуге, дүкендердің сатып отырған тауарларға деген бағаларды қайта қарастыруға, пошта арқылы сауда жасайтын фирмаларға — жаңа каталогтар шығаруға, ал барлық мейрамханалар үшін — жаңа меню жасауға деген мәжбүрлікті туғызбайды. Керісінше, бағалардың көп түрі мәнсіз өзгерістерге ұшырайды. Бұл бағаны икемсіз деп атауға болады. Бағаның осындай болуынан ақша сұранысының қысқа мерзімінде өзгеруінің нәтижесі ұзақ мерзімінен ерекше.

Экономикалық тербелістер  үлгісі қысқа мерзімдегі бағаның  икемсіз болғанын ескеруі керек. Ақша ұсынысының өзгерісіне сәйкес бағалардың өзгермейтіндігіне, классикалык дихотомия принципінің сақталмайтындығына көз жеткіземіз.

 

1 Макроэкономиканың құрылымы

 

1.1 Жиынтық сұраныс

 

Жиынтық сұраныс дегеніміз  — сатып алушының сұранысы, өндірілген өнім саны мен бағаның жалпы деңгейінің арасындағы тәуелділік.

Басқа сөзбен айтқанда, жиынтық  сұраныс қисығы әрбір берілген баға деңгейінде сатып алатын тауарлар мен  көрсетілген қызметтер санын  көрсетеді.

Біз жиынтық сұранысының  сандық ақша теориясының базасында қарапайым теңдеуін құра аламыз.

MV =PY

Мұнда: М — ақша ұсынысы

V - ақша айналымының  жылдамдыгы (мұнда ол тұрақты) 

Р —  баға деңгсйі 

Ү — өндірілген өнім және көрсетілген  қызмет саны

Ақша ұсынысының бұл  теңдеуі өндірістің атаулы көлемін анықтайды, ал ол өз кезегінде баға деңгейіне және өндірілген өнім санына тәуелді.

Сандық ақша теориясының  теңдеуі ақша қаражатының сұранысы мен ұсыныс көрсеткіштері түрінде  нақты көрсетілуі мүмкін.

М/Р=(М/Р)d = кҮ

Мұнда: к = 1/Ү

Бұл теңдеу нақты ақша ұсынысы М/Р = (М/Р)d сұранысқа тең және сұраныс өндірілген өнім Ү санына пропорционалды екенін көрсетеді. Ақша ұсынысы тұрақты болғанымен Р баға деңгейі мен өндірілген өнім Ү саны арасындағы тәуелділік теріс екендігін сандық ақша теориясының теңдеуінен көреміз (1-сурет).  Р және Ү әр түрлі мәндерінің байланысы келтірілген, олар сандық теорияны белгілі бір тұрақты ақша ұсынысы тендеуін қанағаттандырады. Бұл қисық жиынтық сұраныс қисығы деп аталады.

Жиынтық сұраныс қисығы төмен оңга қарай бағытталған. Әрбір берілген ақша ұсынысының деңгейіне (РҮ) өнім шыгару көлемінің белгілі бір мәні сәйкес келеді. Егер Р баға деңгейі көтерілсе, Ү өнім шығару көлемі қысқаруы керек. Р және Ү арасындагы кері тәуелділік механизмін анықтау үшін, ақша ұсынысы және жалпы шығарылган тауарлар мен қызметтер көлемінің арасындағы тәуелділікті қарастыруға болады.

Ақша айналымы жылдамдығы тұрақты болғандықтан, шығарылған тауарлар мен қызметтердің акшалай көлемі ақша ұсынысының мөлшерімен анықталады. Баға деңгейі көтерілгенде тауар  мен қызмет көрсетуге көп мөлшерде ақша қажеттігі туындайды, сондықтан сатып алынатын тауарлар мен қызметтер саны азаяды.

Ақша нарығындағы сұраныс  пен ұсынысты талдау да осыны көрсетеді. Өндіріс көлемі өскен сайын жасалатын мәмілелер саны да көбейеді, демек М/Р нақты сипатында ақшаның көп қоры қажет. Тұракты ақша ұсынысы кезінде ақша қаражатының қоры нақты күйінде ең төменгі баға деңгейі қойылған жағдайда ғана өсуі мүмкін. Және керісінше, ең төменгі баға деңгейіне ақша қаражатының көп қорлары сәйкес келеді, ақша көлемінің өсуі жалпы үлкен сомаға мәмілелер жасауға көмектеседі, яғни өнім өндіру көлемін ұлғайтуға көмектеседі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2 Жиынтық сұраныс қисығынын  қозғалуы

 

Жиынтық сұраныс қисығының  графигі өнім көлемінің белгілі  бір мәніне сәйкес салынады. Басқа сөзбен айтқанда, бұл графикте белгіленген М мәніне сәйкес келетін Р және Ү мүмкін болатын үйлесулері өрнектелген. Егер ақша ұсынысы өзгерсе, онда Р және Ү мүмкін болатын үйлесулер жиыны да өзгереді, яғни жиынтық сұраныс қисығы қозғалады. Осындай қозғалысты тудыратын кейбір жағдайларды анықтайық.

Біріншіден, Ұлттық банк ақша ұсынысын қысқартқанда не болатынын  қарастырайық. (МV=РV) сандық теориясының  тендеуі ақша ұсынысының қысқаруы өнім шығару көлемі құныньщ РҮ нақты түрінде  пропорционалды қысқаруына әкелетінін көрсетеді. Сондықтан да әрбір баға деңгейіне сәйкес келетін өндірілген өнімнің саны азаяды, солға қарай жылжиды.

Енді Ұлттық банк ақша ұсынысын жоғарылатқан жағдайда не болатынын  қарастырайық. Сандық теория теңдеуіне  сай РҮ жоғарылайды.

Сондықтан әрбір баға деңгейіне үлкен өнім шығару көлемі сай келеді, ал кез келген өндірілген өнім санына сәйкес неғүрлым жоғары баға деңгейі көрсетілгендей, жиынтық сұраныс қисығы оңға қарай жылжиды.

Ақша көлемінің өзгеруі жиынтық  сұраныс тербелісінің жалғыз себебі болмайды. Егер ақша ұсынысы тұрақты болып қала берсе де, жиынтық сұраныс қисығы ақша айналысының жылдамдығы өзгеруінен де жылжуы мүмкін. Ол туралы толығырақ білу үшін, оның жылжуын тудыратын себептерді қарастырамыз.

Басқа да тең жағадйларда баға беңгейінің өзгеруі жиынтық шығы көлемін нақты ЖҰӨ көлемі экономика сұрайтын нақты ЖҰӨ көлемінде өзгертеді. Бұл өзгерістер тұрақты жиынтық сұраныс қисығын да  бір нүктенің 2-ші нүктеге өзгерімін көрсетемін. Бірақ егер 1-ші нүкте бірнеше басқа шарттар өзгерсе жиынтық сұраныс қисығы өзгереді.

 

1.3 Жиынтық ұсыныс

 

Жиынтық сұраныс өз бетінше баға деңгейін немесе өндіріс көлемін  анықтамайды, ол тек кана осы екі  айнымалар арассында мүмкін болатын  қатынастарды көрсетеді. Жиынтыққ  сұраныс қисығын толықтыру үшін бізге Р және Ү арасындағы тәуелдікті енгізу керек.

Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс қисықтары баға деңгейінің және өнім өндірісі көлемінің мәндерін анықтауға  мүмкіндік туғызады.

Жиынтық ұсыныс- бұл сатушылардың әр түрлі  баға деңгейінде ұсынатын тауарлар саны мен көрсетілетін қызметтер мөлшерін көрсетеді. Бұл қатынастың түрі біздің уақыт аралығының қай жерінде өз көңілімізді аударатындығымызға тәуелді. Сондықтан жиынтық ұсыныс қисығының екі түрін ажарата білу қажет; ұзақ мерзімдік  және қысқа мерзімдік жиынтық ұсыныстар.

Ұзақ мерзімдік кезеңде  эканомиканың функциясы классикалық  үлгімен сипатталатындықтан, жиынтық  мерзімдік классикалық, ұсыпыс қисығы  соның  негізінде,  өндірілген өнімнің  көлемнің, еңбектің және классикалық  теория бойынша тұрғызылады;

-  өнім өндіру көлемі  тек қана қолданылатын факторлар  санына, яғни капитал мен еңбекке   технологияға байланысты, ал бага  деңгейіне байланысты емес;

-  өндіріс факторы  мен технологиядағы өзгерістер  баяу болады;

-  экономикадағы    барлық    өндіріс    факторлары қолданылады, яғни өнім шығару көлсмі әлустті өнім көлеміне тең;

-  баға және атаулы  еңбекақы икемді және олардың  өзгеруі нарықтағы теңдікгі қамтамасыз  етіп отырады. 

Сонымен, классикалық үлгі негізінде өнім шығару көлемі баға деңгейіне тәуелді емсс. Соңдықтан  көрсетілгендей жиынтық ұсыныс қисыгы тік сызык болып табылады. Жиынттық сұраныс қисығыпың жиынтық ұсыныстың тік қисығымсн қиылысу нүктесі баға деңгейін анықтайды.

Егер   жиынтық   үсыныс   қисығы   тік  болса    онда жиынтық сұранысының өзгерісі бағаға әсер етеді өндіріс көлеміне әсер етпейді. Мысалы, егер ақша ұсынысы қысқарса, онда жиынтық сүраныс қисығы төмен қарай ығысады.

Жиынтық ұсыныстың тік  қисыгы өңдірілген өнім санының жиынтық  сұранысқа тәуелді еместігін  көрсететіндіктен, классикалық дихотомия талабын қанағаттандырады, демек ақша ұсынысына да тәуелді емес. Өндірілген өнімніц саны сәйкес түрде өндіріс дсцгейі деп аталады. Егер жұмыспен толық қамтылган жағдайдағы өндірілген өнім көлемі болса немесе шығарылған өнім көлемі өндірісте жұмыссыздықтың табиғи деңгейі кезінде өндірілсе, онда бұл экономика ресурстарының толық пайдаланылғаны кезеңіндегі өндіріс деңгейі.

Классикалық үлгі және жиынтық ұсыныстың тік қисыгы тск үзақ мсрзімдік талдауга ғана қолданылады. Қысқа мерзімдік кезеңде ксйбір тауарларға деген бағалар икемсіз болады және сондықтан олар сұраныстың өзгеруінс бейімделмеген. Бағалардың икемсіз болуына байланысты қысқа мерзімдік жиынтық ұсыныс кисығы тік түзу болмайды. Барлық фирмалар алдын ала тауарга деген бағасымен каталогтар шығарады, демск және жаңа ката-логтар шығару шығындары белгілі бір мөлшерде маңызды деп үйғарайық. Сондықтан барлық баға  бұрынғы деңгейінше қалады. Фирмалар бслгілі бага деңгейі бойынша өзінің өніміне деген сатып алушылардыц сұранысын қанағаттандыруға тырысады. Олар керекті өнім санын өндіру үшін керскті  жұмысшыларды жалдайды

Қысқа мсрзімдік ксзендс  жиынтық сұраныс қисығының жәнс көлдснең жиынтық ұсыныс қисыгының  қиылысу иүктесі экономикалық тепс-тендік нүктесі болып табылады. Енді жиынтық сұраныс мөлшсрінің өзгеруі өнім шығару көлемінс әсер етеді.

Талдауымызды келесі түрде  қорытындылай аламыз: қысқа мерзімдік  кезеңде баға икемсіз, жиынтық ұсыныс қисығы көлденең түзумен берілген және жиынтық сұраныс өзгерісі өнім шығару көлеміне әсер етеді. Ұзақ мерзімдік  кезеңде баға икемді, жиынтық ұсыныс қисыгы тік және жиынтық сұраныс өзгерісі тек қана баға деңгейіне әсер етеді.

Сөйтіп, жиынтық сүраныс  өзгерісі уақыттың әр кезеңінде бірдей емес. Ұзақ мерзімдік кезеңде тепе-теңдік жиынтық сұраныстың ұзақ мерзімдік жиынтық ұсыныспен қиылысу нүктесінде өзгереді. Сондықтан, экономика үзақ мерзімдік тепе-тендік жағдайда орналасқанда, қысқа мерзімдік жиынтық үсыныс қисығы да  көрсетілгендей осы нүкте арқылы өтуі керек. Енді, Ұлттық банк ақша ұсынысын азайтады және жиынтық сүраныс қисығы солға қарай жылжиды деп үйғарайық. Қысқа мерзімдік кезенде бүл (баға икемсіз болғанда) А нүктесінен В нүктссіне ауысуга алып келеді. Өнім шығару көлемі және толық жүмыспен қамтамасыз етілу өздерінің табиги деңгейінен төмендейді, бұл рецессияның туындағанын көрсетеді. Одан кейін сұраныстың құлдырауына жауап ретінде еңбекақы мен баға төмендейді. Баға деңгейінің ақырындап төмендеуінен экономика да жиынтық сұраныс қисығы бойымен С нүктесіне дейін. үзақ мерзімдік тепе-теңдіктің жаңа нүктесіне дейін төмендейді.

Үзақ мерзімдік тепе-теңдіктің  жаңа нүктесінде (С) өнім шығару көлемі және жүмыспен толық қамтамасыз етілу  өзінің табиғи деңгейіне қайтадан келеді, бірак бүл нүктеге бұрынғы  ескі үзақ мерзімдік тепе-теңдік нүк-тесіне қарағанда (А нүктесі) бағаның ең төменгі деңгейі сәйкес келеді.

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Егер баға икемсіз болса. онда өнім көлемі классикалық  үлгі анықтайтын деңгейден ауытқуы  мүмкін. Классикалык үлгіде өндірілген өнім саны еңбектің және капиталдың жұмсалуына және қолда бар техника мен  технологияға тәуелді. Бағаның икемді болуы шешуші рөл атқарады, классикалық үлгіде бағаның өзгеруі сұраныс өлшемінің ұсыныс көлеміне деген тұрақты тендікті қамтамасыз етеді. Бірақ егер баға икемді болмаса, өңдіріс көлемі тауарға деген сұранысқа тәуелді. Сұраныс, өз кезегінде ақша-несие, салық-бюджет саясаттарына және басқа да факторларға тәуелді. Сонымен, бағаның икемді болмауы ақша және бюджет саясаттарын экономиканы тұрақтандыру үшін пайдалануға негіз салады. Бағаның ұақ мерзімдік кезеңе икемді болуы, ал 
қысқа мерзімді кезеңе икемсіз болуы ұақ және қысқа 
мерзімдік кезеңдердің арасындағы басты айырмашылық 
болып табылады.  Жиынтық сұаныс  және  жиынтық ұсыныс үлгісі экономикалық тербелістер және экономикалық саясаттың нәтижесіңде болатын әр түрлі қайшылыктарды бағалау үшін қолданылатын талдау негізін қамтамасыз етеді.

Жиынтық сұраныс  қисығы, неғүрлым баға деңгейі төмен  болса, соғүрлым тауарлар мен қызметтерге  деген жиынтық сұраныс өлшемінің  жоғары болатындығын көрсетеді. Ұзақ мерзімдік  кезеңде жиынтық сұраныс қисығы тік, өнім шығару көлемі еңбектің және қолда бар технологиямен анықталады. Сондықтан да, жиынтық сұраныстың өзгеруі баға деңгейіне әсер етеді, өнім шығару көлемі мен жұмыспен қамтамасыз етуге әсер етпейді. Қысқа мерзімдік кезенде жиынтық ұсыныс қисығы көлденең, себебі еңбекақы мен баға тіркелмеген. Сондықтанда жиынтық сұранысының өзгеруі өнім шығару көлеміне және жұмыспен қамтамасыз етілу деңгейіне әсер етеді.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. Ақша,несие,банктер. Оқулық Алматы-2001ж. 186б.
  2. Мамыров Н.Қ., Тлеужанова М.Ә., Макроэкономика Алматы -2003ж 23-28б
  3. Назарбаев Н.Ә., Қазақстан-2030, Қазақстан халқына жолдауы
  4. Ихданов Ж.О., Орманбеков Ә.О., Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері 2002 202 б.
  5. Осипова Г.М., Экономикалық теория негіздері  Алматы-2002ж 123б.
  6. Шеденов Ө.К., Сағындыков Е.Н., Жүнісов Б.А., Байжомартов Ү.С., Комягин Б.И., Жалпы экономикалық теория Ақтюбе-2004ж 156 б
  7. Күлекее Ж.Ә., Есенғалиева К.С., Тастандиева Н.Б., Микро-макроэкономика терминдерінің орысша-қазақша сөздігі Алматы-1995ж. 245б.
  8. Бюджет жүйесі туралы. Қазақстан Республикасының Заңы «Қаржы-қаражат» 1996ж
  9. Макконелл К.Р., Брю С.Л., Экономикс: принципы, проблемы и политика М: Республика,1992
  10. Экономикалық теорияның негіздері оқулық  Алматы,2002
  11. Analytik №3 2006.
  12. Экономика и статистика №6 2005

Информация о работе Макроэкономика