Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 22:07, реферат
Макроэкономика (грекше μακρός — ұзын, үлкен, οἶκος — үй және Nόμος — заң) —
экономикалық теорияның экономиканы тұтастай зерделейтін бөлімі. Макроэкономика экономикалық циклдік кезеңдер мен экономикалық өрлеу, жұмыспен қамтылу, инфляция мәселелерін, жалпы экономика ауқымындағы басқа да мәселелерді, сондай-ақ ұлттық экономикалардың қарым-қатынасын зерттейді. Экономистер, әдетте, экономикадағы үдерістердің бәрін — жиынтық өндірісті, бағаның жалпы деңгейін, экономикалық саясаттың мақсаттары мен міндеттерін, сыртқы сауданы, жұмыссыздықты, мемлекеттік сектордың жұмыс істеуін, т.б. зерделеуді “макроэкономикалық теория” деп атайды.
Макроэкономика (грекше μακρός — ұзын, үлкен, οἶκος — үй және Nόμος — заң) —
экономикалық теорияның экономиканы тұтастай зерделейтін бөлімі. Макроэкономика экономикалық циклдік кезеңдер мен экономикалық өрлеу, жұмыспен қамтылу, инфляция мәселелерін, жалпы экономика ауқымындағы басқа да мәселелерді, сондай-ақ ұлттық экономикалардың қарым-қатынасын зерттейді. Экономистер, әдетте, экономикадағы үдерістердің бәрін — жиынтық өндірісті, бағаның жалпы деңгейін, экономикалық саясаттың мақсаттары мен міндеттерін, сыртқы сауданы, жұмыссыздықты, мемлекеттік сектордың жұмыс істеуін, т.б. зерделеуді “макроэкономикалық теория” деп атайды. Қазіргі заманғы экономикалық теорияны ерекше зерделеу ісі 20 ғасырдың 1-жартысында басталды және ол америкалық экономист Дж.М. Кейнстің (1883 — 1946) есімімен, оның “Жұмыспен қамтудың, пайыздың және ақшаның жалпы теориясы” (1936) деген кітабымен байланысты болды. Нарықтық экономикаға көзқарастың жаңа жүйесі баяндалған бұл еңбек 20 ғасырдағы экономика ғылымының бетбұрысты кезеңімен тұспа-тұс келді және макроталдаудың дамуына қуатты серпін берді. Макроэкономика одан әрі Кейнстік идеяларды тереңдету бағытында да, оларды нарықтық экономика туралы классикалық түсініктер негізінде қайта қарау жолымен де өрбіді. Макроэкономиканың дамуы мен қалыптасуына елеулі үлес қосқан ғалымдар: ағылшын экономистері Р.Харрод (1900 — 1978), Дж.Хикс (1904 — 1989), америкалық экономистер В.Леонтьев (1906 — 1999), М.Фридмен (1912 ж.т.), Р.Лукас (1937 ж.т.), т.б. Макроэкономикалық талдаудың негізгі әдісі — [макроэкономикалық үлгілер]. Үлгілерді жасау кезінде жалпы ұлттық өнім (жалпы ішкі өнім), ұлттық табыс, бағаның орташа деңгейі, т.б. сияқты жиынтық және біріктірілген көрсеткіштер пайдаланылады. Макроэкономика шеңберінде зерттелетін мәселелерге теориялық талдау жасалып қана қоймай, сонымен бірге, экономикалық саясат жүргізу жөнінде ұсыныстар әзірленеді. Экономикалық саясаттың стратегиялық және тактикалық міндеттерін айқындау, құралдарды таңдау, мақсаттарды үйлестіру — қазіргі заманғы макроэкономиканың аса маңызды құрамдас бөлігі;
жан-жақты көрсеткіштерді бағалауға негізделген экономикалық талдау әдісі. Макроэкономикалық талдау нышандары саяси экономияның классикалық мектебінің өкілдерінде ғана кездесетін. Француз экономисі Ф.Кенэнің (1694 — 1774) экономикалық кестесі алғашқы макроэкономикалық үлгілердің бірі болып табылады.
Макроэкономика өндірушілер мен тұтынушылардың іс-әрекеттерінің мотивациясын зерттейді, сонымен қатар, ол бәсекеліктің әр түрлі болған жағдайындағы солардың (өндірушілер мен тұтынушылардың) тауар нарығындағы жоне өндіріс факторлары нарығындағы өзара әсер ету механизмін зерттейді. Макроэкономика экономиканың тұтас болып қызмет етуін зерттейтін, экономикалық теорияның бөлшегі, тармағы болып табылады.