Макроэкономика пәні, негізгі зерттеу мәселелері

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2013 в 18:13, доклад

Описание работы

Микроэкономикалық көзқарастан өзгеше түрде зерттеу объектісі. Мұнда экономикалық жүйе сырттай біртұтас жүйе ретінде қаралып, объектінің ішкі байланыстары, ішкі құрылымы толық ескерілмейді, тек экономикалық жүйенің жұмыс істеуінің жалпылама көрсеткіштері ғана зерделенеді, онда да осы көрсеткіштер экономикалық жүйенің элементтерін құрайтын өзара әрекеттегі өнім екеніне қатыссыз тұрғыда зерделенеді. Микроэкономикалық көзқараста объект іштей қаралады, ішкі құрылым, оның элементтері арасындағы ішкі байланыстар зерделенеді.

Работа содержит 1 файл

макро.ppt

— 116.50 Кб (Скачать)

 

 

 

 

 Макроэкономика пәні, негізгі  зерттеу мәселелері

 

 

 

 

  • Макроэкономика пәні
  • Макроэкономикалық дәрежеде зерттелетін негізгі мәселелер
  • Макроэкономикалық реттеу 
  • Макроэкономикалық тәсіл 
  • Макроэкономикалық көзқарас

 

 

 

 

   Макроэкономика экономиканың тұтас болып қызмет етуін зерттейтін, экономикалық теорияның бөлшегі, тармағы болып табылады. Макроэкономика экономикалық циклдік кезеңдер мен экономикалық өрлеу, жұмыспен қамтылу, инфляция мәселелерін, жалпы экономика ауқымындағы басқа да мәселелерді, сондай-ақ ұлттық экономикалардың қарым-қатынасын зерттейді.

 

 

 

 

  Макроэкономика өндірушілер мен 

  тұтынушылардың іс-әрекеттерінің мотивациясын, сонымен қатар, ол бәсекеліктің әр түрлі болған жағдайындағы солардың (өндірушілер мен тұтынушылардың) тауар нарығындағы жоне өндіріс факторлары нарығындағы өзара әсер ету механизмін зерттейді. 

 

 

 

 

   Экономистер, әдетте, экономикадағы үдерістердің бәрін — жиынтық өндірісті, бағаның жалпы деңгейін, экономикалық саясаттың мақсаттары мен міндеттерін, сыртқы сауданы, жұмыссыздықты, мемлекеттік сектордың жұмыс істеуін, т.б. зерделеуді “макроэкономикалық теория” деп атайды.

 

 

 

 

Макроэкономикалық дәрежеде  зерттелетін негізгі мәселелер: 

 

  • ұлттық өнім және ұлттық табыстың мөлшері мен құрылымын анықтау;
  • ұлттық экономика масштабында жұмыспен қамтуды реттейтін факторларды айқындау;
  • инфляцияның табиғатын талдау;
  • экономикалық өсудің механизмі мен факторларын зерттеу;

 

 

 

 

     Макроэкономикалық реттеу -экономиканы басқару тәсілі. Макроэкономикалық реттеу жалпы елдің экономикалық жүйесінің жұмыс істеуіне бағытталған. Макроэкономикалық реттеуде нарыққа қатысушылардың іс-қимыл ережелері белгіленіп, қажет болған жағдайда түзетулер енгізіліп отырады. Бұл мағынадағы нарықтық қатынаста макроэкономикалық реттеу мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің өзін-өзі реттеуі ұштастырылады. 
 

 

 

 

 

   Макроэкономикалық тәсіл — экономикалық құбылыстарды зерделеу тәсілі.

   Макроэкономикалық тәсіл экономиканы зерттеугемакроэкономикалық ғылым (жалпы экономиканың тұрақты жұмыс істеуін зерделейтін ғылым) тұрғысынан қарау дегенге саяды. Ол мемлекеттің жалпы елдің экономикасына ықпал ететін саясат ретіндегі макроэкономикалық саясаттың негізгі ұстанымын білдіреді.

 

 

 

 

   Микроэкономикалық көзқарастан өзгеше түрде зерттеу объектісі. Мұнда экономикалық жүйе сырттай біртұтас жүйе ретінде қаралып, объектінің ішкі байланыстары, ішкі құрылымы толық ескерілмейді, тек экономикалық жүйенің жұмыс істеуінің жалпылама көрсеткіштері ғана зерделенеді, онда да осы көрсеткіштер экономикалық жүйенің элементтерін құрайтын өзара әрекеттегі өнім екеніне қатыссыз тұрғыда зерделенеді. Микроэкономикалық көзқараста объект іштей қаралады, ішкі құрылым, оның элементтері арасындағы ішкі байланыстар зерделенеді.


Информация о работе Макроэкономика пәні, негізгі зерттеу мәселелері