Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2011 в 18:53, реферат
Ұлттық экономика —қызметі көбінесе елдің экономикалық аумағында жүзеге асырылатын шаруашылық бірліктердің жиынтығы (үкімет‚ жеке тұлғалар‚ пайда алмайтын жекеше ұйымдар‚ кәсіпорындар‚ фирмалар‚ компаниялар‚ т.б.).[1] Ұлттық есепшіліктің халықаралық тәжірибесінде экономика аумақ санатына мыналар жатады: елдегі әкімшілік басқарудың еркін тауар-ақша айналысы жүзеге асырылатын аумағы; әуе кеңістігі‚ мемлекеттің балық аулауға‚ шикізат‚ отын өндіруге айрықша құқығы бар аумақтық су мен құрлықтық қайраң; шет елдегі “аумақтық анклавтар”‚ яғни елдің дипломатикалық‚ әскери‚ ғылыми және басқа мақсаттар үшін меншікті жалдау негізінде немесе сатып алу жолымен басқа мемлекеттерде пайдаланатын экономикалық аймақтары; кеден бақылауынан азат аймақтар — бұл аймақта сыртқы сауда мәмілесінің заты болып табылатын кез келген материалдық құндылықтар кеден бақылауына жатпайды және импорт баждары мен алымдары салынбайды.
Экономикалық
теория да шаруашылық практикасы сияқты
қоғамдық өнімнің әр қилы өлшемдерін пайдаланады.
Бұл әр қилылық мына жайлармен байланысты:
біріншіден, қоғамдық өнімді сипаттауға
теориялық тұрғыдан жан-жақты қарау; екіншіден
(бұл бірінші жағдайдан туындайды) статистикалық
есептеудің сан алуан методологиясы, үшіншіден,
қоғамдық өнім қозғалысының әр түрлі сатысы
тиісінше макроэкономикалық көрсеткіштерді
талап етеді.