Ұлттық банк

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2011 в 19:49, реферат

Описание работы

Ұлттық банк)

Работа содержит 1 файл

Ұлттық банк.doc

— 198.00 Кб (Скачать)

     Ұлттық  банктiң ресми пайыздары, оның тiкелей  бақылауына жатпайтын несиелiк ресурстар  нарығының шартына сай банктер дербес белгiлейтiн нарықтық пайыз мөлшерлемесiне жанама түрде ықпал етедi. Соның негiзiнде сұраныс пен ұсынысқа байланысты саудада белгiленетiн Ұлттық банктiң қысқа мерзiмдi шоттары бойынша, банкаралық несиелер және мемлекеттiк қысқа мерзiмдi несиелер бойынша пайыз мөлшерлемелерi жыл бойына Ұлттық банктiң мүдделендiру мөлшерлемесiнiң өзгеруiне байланысты төмендеп отырған.

     Пайыздың  нақты бейнелерi, өз кезегiнде инвестициялау  үшiн әлуеттiк ресурс болып табылатын  депозиттердiң несиелiк мекемелерге  ағылуын арттыра түстi.

     Ақша  нарығындағы тепе-теңдiктi қамтамасыз етуде, банктерге берiлетiн несие  көлемiн реттеуде және олардың мiндеттемелерi бойынша төлемсiздiктi төмендетуде, сол сиықты банктiң салым иелерi мен акционерлерiнiң мүдделерiн  қорғау мақсатында Ұлттық банк ең төменгi резервтiк талаптар механизмiн қолданады.

     Резервтiк  талаптар, ашық нарықтағы операциялар  және пайыз саясатымен қатар коммерциялық банктердi жанама ақшалай-несиелiк реттеудiң  негiзгi құралдарының бiрiне жатады. Қазақстан  банк жүйесiнiң бүгiнгi даму жағдайында резервтiк коммерциялық банктердiң депозиттерiн сақтандыру қызметiн, екiншi жағынан, экономикадағы ақшалай мультипликатор үрдiсiн реттеу қызметтерiн атқарады.

     Ақша-несие  саясатының бұл құралы 1993 жылы 1 қаңтарда енгiзiлген “ҚР коммерциялық, кооперативтiк және жеке банктердiң қызметiн реттеу туралы” нұсқауға сәйкес, мiндеттi резерв нормативi 18-20% мөлшерiнде бекiтiлген болатын. Қазiргi уақытта ол төмендеп, 10,5%-ды құрайды. Банктер резервтерiнiң артық болуы яғни Ұлттық банктегi корреспонденттiк шоттардағы қаражаттардың өсуiне байланысты резервтiк талаптар шамасын төмендетiп қана қоймай, сол сияқты резервтеудiң баламалы тәртiбiне өтуге, яғни бұл банктердiң нормативтерiн орындау барысында корреспонденттiк шотттағы қаражаттар сомасын ең төменгi резервтер мөлшерiнен төмен болмауын саөтап отыруға тиiстiлiгiн бiлдiредi.

     Әлемдiк  тәжiрибеде мiндеттi резервтердiң өте  жоғары деңгейде болуы, банк жүйесiнiң  қаржы делдалы ретiндегi тиiмдiлiгiн  нашарлатып, ал ең төменгi резервтер  нормасының артуы несиелiк ресурстардың экономикаға құйылуына тосқауыл болатындығын көрсетедi.

     Ұлттық  банк екiншi деңгейдегi банктер үшiн, олардың нормативтердi орындауына байланысты ең төменгi резервтiк талаптарды орындау  барысында банктерге келесiдей  екi тәсiлдi қолданады:

  1. мiндеттi резервтеу;
  2. резервтеудiң баламалы тәртiбi.

     Орталық банк неғұрлым мiндеттi резервтердiң  нормасын жоғары тағайындаған сайын, коммерциялық банктердiң операцияларды жүзеге асыруға пайдаланатын қаражаты аз болады.  Резерв нормасының өсуi ( rr ) ақша мультипликаторын төмендетiп, ақша жиынының азаюына алып келедi. Сонымен Орталық банк мiндеттi резервтер нормасын өзгерте отырып , ақша ұсынысының динамикасына әсер етедi.

     Ақша-несие  саясаты арқылы реттеудiң бiрi есеп мөлшерлемесiн өзгерту. Мұндай тiркеу мөлшерлемесiн пайдаланатын Орталық банк коммерциялық банктерге несие бередi. Егерде есеп мөлшерлемесi өсетiн болса, онда Орталық банктен қарыз алу азаяды, демек коммерциялық банктiң қарыз беру операциялары азаяды және коммерциялық банктер қымбат несие алғаннан соң, қарыз пайыз мөлшерлемесiн өсiредi.  /4, 145 б./

     Несиенiң  азаюы және ақшаның қымбатауы  барлық жүйеге таралады. Экономикада  ақаша ұсынысы төмендейдi. Әдетте тiркелген мөлшерлеме нарықтағы  банкаралық мөлшерлемеден төмен  болады, бiрақ Орталық банктен несие алу белгiлi әкiмшiлiк қиындақтарға тiреледi.

     Несиелеу  және қаржыландыру операцияларына соңғы  жылдары Ұлттық банк қызметiнiң алдағы уақыттарда классикалық қызметiне жақындауына  байланысты тиiстi шаралар қолданады. Қазiргi уақытта екiншi деңгейдегi банктердi несиелеу тек қана олардың өтiмдiлiгiн сақтау мақсатында жүзеге асырылады. Бюджет тапшылығын жабу үшiн Үкiметке несие беру бюджет саясаты аумағында, яғни Ұлттық банктiң республикалық бюджеттi несиелеуден бас тарту мақсатында жүргiзiледi. Жеңiлдiкпен несие беру және кәсiпорындардың несие алу үшiн тiкелей өтiнiш жасауы қарастырылған жоқ. Ұлттық банк несиелердi орналастыруы аукциондар арқылы, банкаралық нарық арқылы, сол сияқты ломбардтық несиелеу негiзiнде жүзеге асырылады.

     Ақша  нарығындағы операциялар – Ұлттық банктiң айналыстағы ақша жиынының көлемiн реттеу мақсатында екiншi реттегi нарықта мемлекеттiң бағалы қағаздарын сату және сатып алумен байланысты операцияларын бiлдiредi.

     Бұл бiршама ақша жиынын,  коммерциялық банктердiң өтiмдiлiгi және несиелiк жұмыстарды реттеудiң ыңғайлы әдiстерiнiң бiрi болып табылады. Оның негiзгi мәнi ақша эмиссиясын тоқтату арқылы банктердiң несиенi эмиссиялауын шектеудi бiлдiредi.

     Ұлттық  банк рыноктағы бағалы қағаздарды сату арқылы оны сатып алушылардың  резервтiк шоттарынан тиiстi соманы ұстап қалады. Сөйтiп, банктерге несие берудi және ақша шығаруды ынталандыру мақсатында Ұлттық банк бағалы қағаздарды сатып алады да,  тиiстi соманы банктердiң резервтiк шотына қайта аударады.

Орталық банк ақша нарығы операцияларын мұқтаждық пайда болуына немесе ақша-несие эмиссиясы көлемiнiң кеңеюiне байланысты жүйесiз жүргiзедi. 

      Ақша-несие  саясатының қазiргi кезеңдегi тиiмдiлiгi Орталық банктiң саясатына деген  сенiмдiлiкпен тығыз байланысты.

      Ақша-несие  саясаты салық-бюджет және сыртқы экономикалық саясатпен ылғида байланыста болады. Егерде Ұлттық банк тұрақты айналым курсын ұстап тұруды көздесе, онда дербес, тәуелсiз iшкi ақша саясаты болуы мүмкiн емес, өйткенi айнымалы курсты ұстау мақсатындағы әрекеттер, валюталық резервтердiң көбеюi және азаюы экономикадағы ақша жиынының өзгеруiне әкеледi. ( Мысалы, валюта сатып алғанда экономикадағы ақша ұсынысы өседi ). Салық-бюджет және ақша саясаттарын бiр-бiрiне сәйкес келтiру белгiлi қиындықтарды тудырады. Егер мемлекет экономиканы мемлекеттiк шығындарды көбейту арқылы ынталандырса, онда мұндай iс-әрекеттердiң нәтижесi ақша саясатымен байланысты болады.   
 

2.2 Ұлттық банктің инфляцияны реттейтін ақша-несие саясатының жаңа бағдарының маңызы мен қызмет ету механизмі 

      Өз  кезегiнде өспелi инфляция мемлекеттiң экономикаға бақылау жасауы төмендегенiн көрсетедi. Неғұрлым экономикада инфляция деңгейiнiң анықталмағаны байқалса, соғұрлым кәсiпкерлердiң инвестиция тартуға және салуға ынтасы төмендейдi. Ал инвестициялық активтердiң төмендеуi өз кезегiнде өндiрiстiк мүмкiншiлiктердi төмендетедi. Сондықтан мемлекет және елдiң қаржы секторы инфляция қарсы саясаттар жүргiзiп отырады.

      Ұлттық  банк осы экономикалық жағдайларды  ескере отырып 2003-2006 жылдарға инфляцияның  белгіленген деңгейін, яғни 5-7% аралығында болады деп жоспарлады. Бұл жоспарланған шама 2003 және 2004 жылдары орындалды. Экономикалық қатынастар да тиімді дамулы қолға алды. Ал 2005 жылы инфляция деңгейі межеленген шамадан асып кетті. Оны жоғарыдағы бөлімде талқылап өткенбіз. Бұл өз кезегінде экономиканың тұрақты дамуына кері әсерін тигізеді. Сондықтан елбасымыздың өзі және Ұлттық банктің қатысы бойынша биылғы еетк алып отырған инфляциялық шағын толқуға қарсы саясаттарды экономикалық тұрғыдан қолға алуда.  /8, 65 б./

      Елiмiз  инфляцияны жою және ақша айналысын тұрақтандыруға арналған шаралар қолдану үстiнде. Инфляцияға қарсы саясаттар елiмiзде тiкелей және жанама реттеулер негiзiнде жүзеге асып отыр. Инфляция тiкелей реттеу табыстар саясаты шеңберiнде жүзеге асады. Ол елдегi жалақы мен бағалардың өсу нысаналарын белгiлеу негiзiнде көрiнiс тауып отыр. Ал бағаға ықпал етудiң жанама әдiстерiнiң үлесi елiмiзде басымырақ деп те айтсақ болады. Елiмiздегi iске асып отырған инфляцияны реттеудiң жанама әдiстерiне монетарлық және фискалдық саясаттың “дефляциялық” шаралары жатады. Ұлттық банк инфлияцияны тежеу үшiн ақша массасына, берiлген несиелердiң көлемiне, пайыз қойылымыныңкөлемiне, ұлттық валюталық бағам саясатына, ашық рыноктағы бағалы қағаздармен операцияларға реттеу шараларын жанама түрде жүргiзiп отырады. Өйткенi бұл өтпелi экономиканың талабынан туындайды.

        Қазақстан Ұлттық банкi мемлекеттiк  ақша-несие саясатын анықтайтын  және жүзеге асыратын орган  болып табылады. Қазақстан Ұлттық  банкi ақша-несие саясатының басты  мақсаты: ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлемқабiлеттiлiгi мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етудi көздейдi.

     Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі ақша-несие  саясатының негізгі бағыттарын 2002 жылдан бастап алдағы үш жылға алдын-ала  анықтау тәжірибесіне көшті және әр жылғы өзгерістерді ескеріп оған Ұлттық банк пен ҚР Үкіметі біріге отырып түзетулер енгізеді.

     Мұндағы негізгі мақсат біртіндеп инфляциялық  таргеттеу принципіне өту, яғни ақша базасы мен алтын-валюта резервтері бойынша мақсатты көрсеткіштерден инфляция бойынша мақсатты көрсеткіштерге көшу.

     Осы аталған ақша-несие саясаты Ұлттық банктің инфляцияны төмендету мақсатындағы саясатына толық жауап береді және сонымен қатар жүргізілетін ақша-несие саясатына деген рыноктың қатысушыларының үлкен сенімін қамтамасыз етеді. Инфляцияны таргеттеу мынадай факторлар негізінде жүзеге асады: бюджеттің тұрақты жағдайы, макроэкономикалық тұрақтылықты кепілдендіру, қаржы жүйесінің тұрақтылығы, Ұлттық банктің тәуелсіздігі, Ұлттық банктің құралдары мен инфляция арасындағы өзара байланысты түсіну, ақпараттардың ашықтығы.

     Осы аталған инфляцияны таргеттеудегі  ақша-несие саясаты қаржы нарығының  тұрақтылығын сақтауға, сақтандыру, бағалы қағаздар нарығының толық және сенімді  түрде дамуына, экономиканың нақты  секторын банктердің несиелеуін әрі қарай өсіру үшін жағдай жасауға, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларының жетілдірілуіне мүмкіндік береді. /7, 2-4 б./

     Қазақстанның  экономикалық дамуында жағымды тенденцияның сақталуы еліміздің Ұлттық банкінің ақша-несие саясатында жаңа режим болып табылатын инфляциялық таргеттеуге өтуіне байланысты болып отыр. Қазіргі таңда инфляциялық таргеттеудің негізгі саясаттары мен құралдары, басты себептері мен әдістері қарастырылып бұл режимді Ұлттық банктің қолға алуы жақсы жаңалық болып табылады.

     Елдің макроэкономиклық тұрақтылығы, қаржы  секторының жедел әрі сапалы дамуы, соңғы жылдардағы сыртқы экономикалық жағдайлың жақсаруы Ұлттық банктің  жаңа сапалы кезендік дамуына көшуіне  себеп болды. Бұл банк стратегиясы  ақша-несие саясатиын нақты жүргізуге, осы арқылы коммерциялық банктердің қызметтері мен активтілігін дамытуды және ақша айналысын тұрақтандыруды жолға қоюда.

     Ұлттық  банктің ақша-несие саясаты инфляцияны минимизациялауға бағытталуды, яғни тек қана ақша агрегаттары мен теңгенің бағамына тәуелді емес, ауыл шаруашылығы бағаларын, бензин және тұрғын-комуналдық бағаларды реттеп отыру шаралары болып табылады.

     1-ші  кестеден көретініміздей соңғы  жылдардағы ақша агрегаттарының  өсу қарқыны жоғары болғанымен  инфляцияның жылдық деңгейі 2003 және 2004 жылдары 7% деңгейінде тұрақты қалпын сақтауда.

     2002 жылы Ұлттық банк ақша-несие  саясатының негізгі бағыттарын  анықтап, инфляцияны таргеттеу  қағидасына, еуростандарттарға өте  бастады. Таргеттеу ( ағыл. баға белгілеу, бағаның белгілі шамасы) монетарлық саясатта – негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерді орта мерзімде мақсатты түрде алдын-ала айқындау шаралары.

     2003-2006 жылға арналған ақша-несие саясатынындағы  инфляцияны таргеттеудің негізгі  көрсеткіштерінің болжамы келесідей  сипат алуда. 

Кесте 1

2004-2006 жылдарға арналған ақша-несие саясатындағы инфляцияны таргеттеу көрсеткіштерінің белгіленуі 

Көрсеткіштер 2003 2004 2005 2006
Базалық инфляция орташа, % - 4-6 3-5 3-5
Инфляция (ТБИ) орташа, % 6,5 5-7 4-6 4-6
 

     1-ші  кестеден көріп отырғанымыздай 2004-2006 жылға арналған ақша-несие саясатының басты мақсаты орташа жылдық базалық инфляцияны – 2004 жылы 4-6% және 2005-2006 жылдары 3-5% шегінде ұстау қажеттігі мақсат етілді.

     Инфляциялық таргеттеу тұсындағы ақша-несие  саясатының негізгі құралдарының біріне «ашық нарықтағы операция», оның ішінде РЕПО операциясы және вексельдерді қайта есепке алу операциялары жатады. 2003 жылы Ұлттық банк өзінің ресми мөлшерлемелерінің ролін нығайту үшін шаралар қолданбақ. Бұл өз кезегінде биылғы жылдары және өткен 2004 жылдарда инфляциялық таргеттеуге өтуіне дайындық үшін қызмет етеді.

Информация о работе Ұлттық банк