Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Января 2012 в 13:05, реферат
Құлсары қаласында 2010 жылы 11829 отбасында 54031 халық тұрады. Жұмыссыз азаматтар мен олардың отбасын анықтау, кедейшілік тегінде және табысы аз қамтылған отбасыларын, жастар, мүгедектер арасындағы жұмыссыздық себептерін анықтау мақсатында мониторинг өткізілуде. 1308 адамның жұмыссыздығы анықталды, қала бойынша 2491 адам жұмыссыздыққа тіркелген, тіркелмеген адамдардың тізімі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тапсырылды, әлі де анықталу үстінде.
Жұмыс жасап тұрған «Балапан» ясли бақшасы
мен жаңадан
ашылатын «Жауқазын» бөбекжай балабақшасына қосымша 120 балаға арналған жапсарлас құрылысын «АтырауСнабОйл»
ЖШС-гі жүргізуде.
Балабақшаларды
2011 жылы іске қосу жоспарланып отыр.
Бұрын әскери бөлімше болған 140 орындық «Рябинушка», қазіргі «Жауқазын» балабақшасының ғимаратына қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде және балабақшаға қосымша жапсарлас құрылыс
салынуда. Жөндеу жұмыстарын «АтырауСнабОйл»
ЖШС мемкемесі жүргізуде. Балабақшаның жөндеу жұмыстарын 2011 жылы аяқтау
жоспарланып отыр.
5 ауылдан 280 балаға арналған балабақша құрылысын «АтырауКапСтрой» ЖШС-гі бастап, құрылыс жұмыстары 2011 жылдың желтоқсан айында аяқталып, 2012 жылдың қаңтар айынан бастап бала қабылдау жоспарлануда.