Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2011 в 20:38, реферат
Әлемдік даму аренасына қадам басқан кез келген мемлекет өз қоғамының мүшелерінің барлық қажеттіліктерін қанағаттандырып, жаңа биік белестерге қадам басуға әрекет жасайды. Бүгінгі таңда әлеуметтік мемлекет болып табылатын көптеген әлем мемлекеттері үшін әлеуметтік саясаттың айқын басым бағыттарын анықтап, салиқалы әлеуметтік саясат жүргізу, халықты әлеуметтік қорғаудың өзіндік моделін қалыптастыру стратегиялық маңызы бар мәселе болып отыр.
Кіріспе.
Негізгі бөлім.
1. Әлеуметтік саясат туралы теориялық талдаулар
2. Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясаты
3. Әлеуметтік саясат жүргізудің әлемдік тәжірбиесі
Қорытынды.
Жерорта теңізі елдерінің әлеуметтік саясат жүргізудің өзіндік үлгісі бар. Ол мемлекеттерге Испания, Португалия, Греция, Италия, Ирландия елдері жатады. Бұл елдерде әлеуметтік қорғау жүйесінің негізгі мазмұны мемлекет немесе Үкіметтік емес ұйымдардың ұсынған әлеуметтік сақтандырумен түсіндіріледі. Жерорта теңізі елдері үлгісінде әлеуметтік салаға көп қаражат бөлінгенімен, ол халықтың басым бөлігін қамти алмайды.
Демек, әр мемлекеттің әлеуметтік саясат жүргізу ерекшелігі елдің экономикалық потенциалымен санасады. Осыған сәйкес әлеуметтік мәселелерді шешуге арналған әдістер жүйесі бар. Бірнеше елдердің топтамасында немесе жекелей мемлекеттердің өздеріне тән әлеуметтік жүйесін кездестіруге болады. Бір елдің белгілі бір топқа жіктелуін қарастырғанда өзіндік ерекшеліктер мен талаптарды ескерген дұрыс:
Жалпы
алғанда әр үлгінің мемлекетте әлеуметтік
саясат жүргізу мен халықтың әлжуаз
бөлігін қорғап отыруда өзіндік
артықшылығы мен кемшіліктері бар.
Бірақ әлем мемлекеттер қоғам
түрленіп, дамыған сайын әлеуметтік
саясат жүргізу әдістерін жетілдіріп
отырады, бір-бірімен тәжірбие алмасу
үрдісі тоқтамайды.
ХХ
ғасыр кез келген мемлекеттің
ішкі саясатының негізгі
Халықты әлеуметтік қорғау – мемлекеттің әлеуметтік саясатының ең негізгі басым бағыты. Экономикалық нарықтық қатынастар кезеңіне өткенде мемлекеттің әлеуметтік саясатын жетілдіру қажеттілігі туындады. Әлеуметтік саясат аясында халықты, оның ішінде көмекке аса мұқтаж адамдар, асыраушысынан айрылған, мүгедек жандар, жетім балалар әлеуметтік қорғалады.
Қазақстан Республикасы Ата Заңында «өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы адам және адам өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп көрсеткен. Әрине, әлеуметтік мемлекеттің негізгі принципі де әлеуметтік саясатты жүргізіп, негізгі функцисы әлеуметтік қорғау болып табылады. «Әлеуметтік қорғау – бұл мұндай қатынастар, яғни оның қамқорлығында индивидтер қоғамдағы өз позицияларын сақтауға мүмкіндіктері болады. Әлеуметтік қорғау – саяси немесе әлеуметтік одақты сақтау функциясы» .
Әлеуметтік
саясатты жүргізудің негізгі
мынадай принциптері бар: баға
көтерілгенде компенсацияның
Халықты әлеуметтік қорғау мәселесін әр мелекет өзінің әлеуметтік-экономикалық мүмкіндігінің шеңберінде шешеді. Әр аймақтық бөлініске сай әр мемлекеттің әлеуметтік саясатты жүргізудің өзіндік үлгілері болады. Мәселен, Ұлыбритания, Жапония, Канада, Жерорта теңізі және т.б. елдерінің әлеуметтік қорғау үлгілері сияқты Қазақстанның да өз үлгісі бар. Қазақстанда әлеуметтік саясатты жүргізіп, әлеуметтік қорғауды ұйымдастырумен 1996 жылы Президент жарлығымен құрылған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі айналысады. Тәуелсіз Қазақстанның халықты әлеуметтік қорғаудың өзіндік құрылымы 1999 жылдардан қалыптасты. 2001 жылы 27 маусымды «Халықты әлеуметтік қорғаудың концепциясы» қабылданды. Бұл маңызды құжат мемлекетте әлеуметтік сақтандыру жүйесінің енгізілуімен ерекшеленеді. Сонымен бірге құжат бойынша халықты әлеуметтік қорғау үш деңгейде жүзеге асады. Олар:
Осының аясында жыл сайын үкімет пен министрлікте ауқымды бағдарламалар қабылданып, іс-шаралар жоспары бекітіледі.
Қоғамның тағы да бір әлжуаз таптарына арналған мемлекет тарапынан жасалынатын қолдаулар жүйесі көрсетілген «Мемлекеттік атаулы көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Мемлекеттік атаулы көмек көрсету қаржылай төлемдер арқылы атқарылады. Атаулы әлеуметтік көмек жәрдемақы төлемдерінің 4 түрін қамтиды:
БҰҰ ның
мәліметінше дүние жүзінде
Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінде әлеуметтік сақтандыру маңызды элементтерінің бірі болып табылады. Әлеуметтік сақтандыруға зейнеткерлік, медицналық, жұмыссыздық бойынша сақтандыру, өндірістегі оқыс оқиғалардан сақтандыру сияқты түрлері бар. Әлемнің көптеген мемлекеттерінде медициналық және зейнеткерлік сақтандыру жалақының бір бөлшегін ұстап қалу арқылы жүзеге асады. АҚШ-та әлеуметтік сақтандыру мақсатында жұмысшылардың жалақысының 7,5 пайзы ұсталынады. Ал Швецияда әлеуметтік сақтандыру толықтай мемлекет есебінен қаржыландырылады. Қазақсатнда міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін жүзеге асыру үшін ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 27 ақпандағы N 237 қаулысына сәйкес Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры құрылды.
Мұнда мемлекетке төленетін әлеуметтік салықтың үш пайызын құрайтын бөлігі ғана Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударылады. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі қолданысқа енген уақыттан бастап 2008 жылдың 1 қаңтарына дейінгі жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жүргізілген әлеуметтік төлемдердің сомасы 822 542,1 мың теңгені құрады. Бұл қор төмендегідей қызметтер атқарады:
Зейнеткерлік жасына жеткен ел тұрғындарын лайықты өмір мен жеткілікті зейнетақымен қамтамасыз ету – әлеуметтік саясаттың үлкен міндеттерінің бірі. 1998 жылдан бастап зейнетақымен қамтамасыздандыру екі жүйеден тұрады: ортақ жүйеден (зейнетақыны төлеу жөніндегі Мемлекеттік орталықтан зейнетақымен қамтамасыздандыру); жинақтаушы зейнетақы жүйесі (жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақымен қамтамасыздандыру). Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің негізі өздерінің қарттық кезеңдерінің әл-ауқаттылығына жауап беруші азаматтардың жеке жауапкершілігімен, жасалынған салымдардың және зейнетақы төлемдерінің арасында тікелей байланысты орнату. Зейнетақы жасы фиксациялы болады: еркектерге – 63 жас, ал әйелдерге – 58 жас .
«2009 – 2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заң жобасында мемлекеттік базалық зейнетақының төменгі мөлшері – 5388 теңге, зейнетақының ең төменгі мөлшері – 9875 теңге, ал ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы – 13470 теңгені құрап отыр . Осы тұста Қазақстан бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен зейнетақының ең төменгі мөлшері тіптен төмен болып отыр. Зейнетақы мөлшері халықты әле де толықтай қанағаттандыра алмай келеді. Зейнетақы тағайындау барысында теңестіру саясаты жүзеге асқандықтан, минимум және максимум зейнетақы арасындағы айырмашылық көлемі тым аз. Болашақта зейнетақылық жинақтаулардың сақталуы мен кәрілік жеткен кезде олардың жетерлік мөлшерде болуы жөнінде мемлекеттік кепілдіктерді қамтамасыз ету мақсатында зейнетақы жүйесін қайта жетілдіру жұмыстары жүргізілуде.
Қазақстанда
әлеуметтік саясат аясында көрсетіліп
келе жатқан әлеуметтік көмек көрсетудің
бір түрі – әлеуметтік көмек төлемдері.
Бұл салаға бөлінетін қаржы соңғы бес
жылда жылдан жылға артып келеді, яғни,
мемлекеттің әлеуметтік салаға жіті көңіл
бөліп отырғаны байқалады.Жалпы соңғы
жеті жыл ішінде мемлекеттік бюджеттің
білім беруге, денсаулық сақтауға және
әлеуметтік қамсыздандыруға арналған
шығындары бес еседен астам ұлғайған екен.
Сонымен бірге бес миллионнан аса біздің
азаматтарымыз мемлекеттік әлеуметтік
қорғаумен қамтылып отыр. Бұл көрсеткіш
– осыдан бес жыл бұрынғыға қарағанда
екі есеге артық. Бүгінде 630 мыңдай адам
мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыалады.
Бұл бүгінгі талданған жүйелер мемлекетіміздегі
әлеуметтік саясаттың негізі болған әлеуметтік
қорғаудың маңызды бөліктері болып табылады.
Қарқындап дамып келе жатқан Қазақстан
экономикалық, саяси потенциалымен уақыт
өткен сайын әлеуметтік салаға тереңінен
көңіл бөлері анық.
Информация о работе Әлеуметтік саясат және оның Қазақстан Республикасындағы орны