Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2012 в 18:42, реферат
Ел тәуелсіздігін тіл тәуелсіздігімен астастыра қарап, туған тілдің тұғырын биіктету қамы қолға алынғалы да біраз уақыт болып қалды. «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатының тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы Заң» сияқты стратегиялық маңызы бар құжаттардың дүниеге келуі осы бағытта жасалған оң қадамдар.
1. Ортаның әсері; а) оқушының сөйлеуіне жергілікті тіл немесе басқа тіл әсер етеді, ә) көшенің әсері (дөрекі, былапыт тіл), б) пән тілінің нормаларын жақсы меңгермеген мұғалімнің әсері;
2. Сөйлеу дағдыларының жоқтығы (мектептің тіл дамытуға немқұрайлы қарауы);
3. Жекелеген оқушы тіліндегі кемшілік (сақаулық, быдықтық, мыңғылдық, т.б.)» - деп көрсетеді.
Сондай-ақ М. Балақаев, Т. Қоңыратбаев, С. Қирабаев, Ш. Беркімбаева, Н. Уәлиев тағы да басқа ғалымдардың зерттеулерін негізге ала отырып, оқушы жастардың тіл мәдениетінің төмен болуының себептері деп, төмендегілерді сараладым:
1. Көркем әдебиет оқуға деген оқушылардың қызығушылығының төмендігі. Тіл мәдениетіне жастарды тәрбиелеу көркем әдеби шығармаларын көптеп оқумен байланысты. Көркем әдебиетті аз оқитын адамның сөздік қоры аз болады, соған орай олардың сөйлеу мәдениеттілігі мен өз ойын логикалық баяндауы да төмен екендігі байқалады;
2. Мәдени орталықтарға бару, ол туралы пікірлесудің өте сирек кездесетіндігі;
3. Ата-аналардың балаларының тіл мәдениетіне жете мән бермеушілігі;
4. Тілдік ортаның әсері;
5. Тіл мәдениетін қалыптастыруды тек қазақ тілі сабағына міндеттеп, басқа пәндерді бұл мәселеден мүлдем бөліп тастаушылық;
6. Бастауыш сыныпта казақ алфавитін терең меңгермегендігін ескермей, орыс тілі, шетел тілі пәндерін қосып үйрету. Бірнеше тілді игеру ауыр тиетіндігіне көңіл бөлінбеу;
7. Кей мүғалімдердің өздерінің тіл мәдениетінің төмендігі. Мұғалімнің оқушы алдында сөйлейтін сөзін ешбір оқулықпен айырбастауға болмайды. Оқушы мұғалімді тыңдағанда одан білім алумен қатар сұлу, көркем, анық, түсінікті сөйлей білуге үйренеді;
8. Отбасы тәрбиесінде ұлттық педагогиканың, халық ауыз әдебиеті үлгілерінің тар шеңберде қолданылуы;
9. Мұғалімдердің көпшілігінің бұл мәселеге арнайы көңіл бөлмеуі т.б.
Жалпы тіл мәдениетіне қойылатын талаптар қандай, әрбір мәдсниетті адам мәдениетті сөйлеу, қарым-қатынас жасау үшін нені меңгеруі керек деген сұрақтар туындайды. Зерттеуші М.Балақаев өзінің тіл мәдениетін тереңінен зерттеген еңбектерінде тіл мәдениетінің негізгі принципі деп сөйлемдердің, жеке сөздердін тыңдаушыға, оқушыға бірден түсінікті болу керектігін көрсетеді. Зерттеуші жазуда, сөйлеуде адам ойына қажетті сөз таңдағанда олардың стильдік ерекшелігтерін ескеруді айтады. Тілдік норманы қалыптастыру, сауаттылық, тіл тазалығы, сөздерді дұрыс айтым, дұрыс жазу тіл мәдениетінің басты талаптары ретімде тұжырымдалады.
А. Жапбаров тіл мәдениетінің жоғары болуына мынадай талаптар кояды:
- сөздің жүйелі, анық, түсінікті болуы;
- сөздің тілдегі орфоэпиялық, грамматикалық, лексикалық нормаларға сай дұрыс құрылуы;
- сөздердің қажет еткенде бейнелі, көркем, эмоциялы болуы;
- сөздердің тыңдаушы немесе оқушының жағдайына, ортаның қажеттілігіне сай болуы. [9,139 б.]
Осы сияқты көптеген зсрттеушілер, ғалымдар, педагогтардың ой-тұжырымдары мен пікірлсрін қарастыра келе тіл мәдениетіне қойылатын талаптарды төмендегідей сараладық:
- сөйлегенде тілдегі дыбыстарды дұрыс, анық айту;
- сөйлеу әуені, қарқыны, дауыс күші мен кідірісті сақтау;
- екпіннің түсуін, үндестік заңын сақтау;
- сауатты, қатесіз жазу;
- жазба мәтіндерде тыныс белгілерін сақтау;
- әріп таңбаларын дұрыс, түсінікті жазу;
- дұрыс айтып, сөздердің тізбегін табиғи заңдылықтарымен дыбыстау;
- сөйлегенде сөз тұлғаларын, түрленуін сақтау, қосымша, көмекші сөздерді дұрыс, өз орнында қолдану;
- сөздерді өз мағынасына қарай қолдану, мағыналарын анық біліп отыру;
- сөйлемдерді, әсіресе, күрделі ойды білдіретін кұрмалас сөйлемдерді дұрыс құрастыру;
- керекті сөзді сөздік құүрамның ішінен іріктеп, әдеби вариантын қолдану, ретсіз енген, баламасы бар кірме сөздерді, жергілікті тілге тән диалектілерді, жаргон сөздерді тұс-тұстан қолданудан қашық болып, реттеп отыру;
- тілдегі ауызекі, ресми іс-қағаздарды, публицистикалық, көркем поэзиялық, ғылыми стильдердің әрқайсысының ерекшелігін сақтап отыру;
- сөйлеу әдебінің сақталуы;
- тілдегі көркемдік құралдар, тіл байлығын, оның мүмкіндіктерін пайдалану;
- сөйлеуде тілдің өз заңдылықтарына қатысты халықтың ұлттық ерекшеліктерін сақтау;
- сөйлегенде ойдың көлемі, мазмұндық құрылымы, хабардың жеткізу жүйесін реттеу[10,305 б.].
Өз алдыма тіл мәдениетінің даму сатысы қандай өлшемдер арқылы анықталатындығын айқындау міндетін қойғандықтан, ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді талдай отырып, тіл мәдениетінің мынадай көрсеткіштерін белгіледім: тілдің тазалығы, дәлдігі, анықтылығы, ойлылығы, орындылығы, мәнерлілігі, байлығы, әсерлілігі, жүйелілігі, түсініктілігі, мазмұндылығы, нақтылылығы, дұрыстығы, тілдік нормаға сай болуы, мағыналылығы, әдебі.
Егер осы айтылған көрсеткіштер адам бойында дамып, жетілсе, онда осы адамның тіл мәдениеті жоғары деп санауға болады. Сондықтан мұғалімдер оқушыларға тілдік тәрбие бергенде тіл мәдениетінің көрсеткіштері мен талаптарын үнемі басшылыққа алып отырулары керек.
Жұмыстың келесі кезеңінде тіл мәдениетін қалыптастыру жұмысының негізгі бағыттарын анықтауға тырыстым. Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді зсрттеу, бір жүйеге келтіріп, талдау төмендегідей қорытындыға әкелді.
Тіл мәдениетін қалыптастыру тілді оқыту негізінде жүреді. Тілді оқыту - тілдің дыбыстық құрамын, лексикасын, грамматикасын оқыту арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан, оқытуда сөйлеу тілін дамыту тіл білімінің толық саласынан оқушыға білім беру арқылы жүргізіледі. Тіл материалдарын игеру дегеніміз, оны тану ғана емес, сол материалды дұрыс түсіну әрі дұрыс қолдана білу дағдысын игере білу деген сөз. Олай болса тіл мәдениетін қалыптастыру, тіл дамыту тәсілдері мен әдістері, амалдары мен жолдары осыны ескере отырып белгіленуі керек.
Жалпы тәрбие үрдісінің дұрыс бағытта жүруінің кепілі - педагогтар мен ата-аналар арасындағы өзара тығыз байланыстың болуы. Сондықтан тәрбие үрдісінің басым бөлігін ата-аналармен, балалармен бірлесе ұйымдастыру керек. Бұл тіл мәдениетіне де қатысты. Тіл мәдениеті шыңына жету жолы ұзақ әрі қиын. Ол отбасынан, балалар бақшасынан басталады, мектепте ана тілі жүйелі оқытылып, тіл дамыту, сауатты жазу үйретіледі. Оқушының мектептен алатын тіл сабақтары отбасы мен айналаның «тіл сабақтарымен» ұштасып жатуы керек. Мектеп ұжымы жүйелі жоспар құрып, шәкірттермен ақылдаса, ата-аналармен бірлесе жұмыс істеген жағдайда ғана үлкен нәтижелерге ие бола алады.
2. ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫ ТІЛ МӘДЕНИЕТІНЕ ТӘРБИЕЛЕУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖОЛДАРЫН ҚАРАСТЫРУ
2.1 Оқушыларды тіл мәдениетіне тәрбиелеудегі дидактикалық, әдістемелік ұстанымдар
Тіл мәдениетіне тәрбиеленудің жолға қойылуы — бүгінгі қоғамдық-әлеуметтік сұраным талабынан туындап отырған мәселе. Мемлекеттік мәртебеге ие болған казақ тілінің қолданыс өрісінің кеңеюі, біршама жылдар бойы өзге тілдің өктемдігінен табиғи арналарынан ажырап қалған ана тілімізді өрістетуге деген талаптың күшеюі республикамыздағы білім беру жүйесінің негізгі буыны болып саналатын жалпы білім беретін мектептерде қазақ тілі пәнінің рөлінің, маңызының арттырылуына қажетті алғышарттарды қалыптастыруды керек етеді. Бұл орайдағы негізгі шарттар — қазақ тілі пәнінің білім мазмұнын жаңарта отырып, оқушыға терең білім беру, олардың коммуникативтік біліктілігін арттыру ана тілін сөз мәдениеті талаптарына сай деңгейде дұрыс қолдана білу іскерліктерін жетілдіру.
Қазақ тілінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартында белгіленген талаптарға: жаңартылған білім мазмұнына, оқушы мең-геруге тиіс міндетті білім деңгейлеріне табан тірей отырып, тіл мәдениетін оқытуға катысты міндеттер мен нәтиже межелері белгіленеді.
Қазіргі таңда тіл мәдениетін оқытуда оқушының өзіндік ізденістеріне негіздей отырып білім алуына және біліктерді меңгеруіне қажетті жағдайларға молырақ мүмкіндік беру мәселесі ескеріледі. Бұл орайда, оқушының өздік, шығармашылық жұмыстарды орындауына мән беріледі. Яғни білім мен білік оқушының өздігінен ізденуіне, түрлі тілдік жағдаяттарды тіл жұмсауға төселуіне және оның лингвистикалық дүниетанымының кеңеюіне жол ашатындай тілді әр қырынан өздік әрекеті арқылы тану жолымен меңгертіледі.
Оқушыларды тіл мәдениетіне тәрбиелеу төмендегідей дидактикалық, әдістемелік ұстанымдарға негізделді:
1. Теория мен практиканың бірлігін нығайту, яғни тілдік білік пен коммуникативтік біліктің қатар қалыптасуына жол ашуды көздей отырып оқыту.
2. Білім мазмұны мен білікті қалыптастыру жүйесіндегі сатылы-сабақтастықты сақтау, яғни тіл білімі салаларының бір-бірімен ұштастырыла берілуін қамтамасыз ете отырып оқытумен қатар, сол білімді тілдік білікпен сабақтастыруға басымдылық беру.
3. Білім мазмұнының қоғамдык-әлеуметтік сұраным талаптарына сәйкестігі, яғни тіл мәдениетініңң оқушының өзіндік көзқарастары мен дүниетанымын жетілдірудің басты факторларының бірі екендігіне жол аша отырып оқыту.
4. Оқушының жас және психологиялық ерекшеліктерін ескеру, яғни тіл мәдениетінің оқушының жеке бас қасиеттері мен қабілеттерін дамытуына мүмкіндігін барынша дұрыс пайдалана отырып оқыту.
5. Тіл мәдениетін лингвомәдени, психолингвистика, әлеуметтік лингвистика мәселелерімен байланысын арттыра оқыту, яғни сөйлеу әдебі, сөз мәдениеті талаптарына ерекше мән бере отырып оқыту.
2.2 Қазақ тілі пәнінен орта буын оқушыларын тіл мәдениетіне тәрбиелеу
Тіл мәдениетіне тәрбиелеу – қазақ тілін оқытудың, білім мен тәрбие берудің ең маңызды да салмақты мәселесі. Ол арқылы жасөскінді тіл өнеріне баулу, туған тілінің қыры мен сырын терең меңгерту, ойын жатық та көркем етіп жеткізе білу, мәдениетті де сауатты жаза білу іс-әрекеттері жүзеге асады.
Бүгін алдымызда тұрған келелі мәселе - өзіндік пікірі бай, ойлы, сезімді, мейірбан ұрпақ тәрбиелеу десек, бұл тікелей сөз өнерімен байланысты. Әр адамға ауадай қажет осы ғажайып өнерге тәрбиелеу – тіл мен әдебиет мұғалімінің қиын да құрметті міндеті.
Оқушының шығармашылық қабілетінің жоғары дәрежеде дамитын кезеңі орта буында екені белгілі. Осы орта буында қазақ тілі сабақтарында оқушыларды тіл мәдениетіне тәрбиелеуге тоқталмақпын.
5 сыныпта осы тарауда ауызекі сөйлеу тілі мен жазба тілдің ерекшеліктерін қамтитын жаттығулар мен тапсырмалар берілген. Оқушыларға тіл мәдениеті екі үлкен саланы — ауызша сөйлеу мәдениеті мен жазба тіл мәдениетін қамтитындығы жайлы дәріс беріліп, ауызша сөйлеу мәдениеті мен жазба тіл мәдениетіне байланысты жұмыстар жүргізіледі. Тіл мәдениеті саласында оқушылардың өзіндік пікірі, ойлы көзқарасы, ауызша және жазбаша түйіндеулері көбірек талап етіледі, сөйтіп «өзіндік менін» қалыптастыруға алғаш рет қадам жасалады[11,51 б.]. Бұл сыныпта тіл мәдениетін оқытуда мынандай міндеттер қойылады:
- ауызекі сөйлеу тілінің ерекшеліктерін мұғалімнің және
оқушылардың өзара сөйлесуіне көңіл бөлгізіп талдату;
- ауызша сөйлеу тілі әдеби тілде сөйлеу және ауызекі сөйлеу
тілі болып бөлінетіндігіне мысал келтіру;
- оқушылардың айналасындағы адамдардың, үй-ішінің ауызекі
сөйлеуіндегі қателерді тапқызып, әдеби тілде сөйлеудің үлгісін келтіру;
- ауызша сөйлеу мәдениеті сөйлеген кезде орфоэпия
қағидаларын сақтап, мәнерлеп сөйлеумен де байланысты екендігін білгізу мақсатында ауыз әдебиеті үлгілерін, шешендік сөздерді әуезді, мәнерлі, құлаққа жағымды етіп айтқызу;
- дыбыстарды сындырып айтуға төселдіру;
- күйтабақ немесе үнтаспадан әртістер оқыған үзінділерді
тыңдатқызып, салыстыра талдау жасату;
- сөз қолдану мәдениеті, ең алдымен, сөздің емле ережесіне сай
жазылуымен байланысты екендігіне бағытталған жазба жұмыстарын жүргізу;
- жазба жұмыстарында сөздердің бірге және бөлек жазылатын
түрлеріне, терминдердің жазылуына, аң-құс, жан-жануар, өсімдік атаулары, шаруашылық, тұрмыс, мәдениет, өнер салаларына қатысты құрал-жабдық, ұғым атаулары, мамандық, кәсіп атауларының бірде бөлек, бірде бірге жазылуына көңіл бөлгізу;
- жыл бойы өтілген тілдік тақырыптар мен пайдаланылған оқу
материалдары бойынша әр түрлі топқа жататын сөздердің мағыналық реңктерін ескеріп, әңгімелеу, баяндау, сипаттау, мінездеу, талқылау бағытындағы мәтіндер құрату.
Балалардың жас ерекшелігі, қызығушылығы мен қабілетіне сәйкес мынадай тақырыптар ұсынылады: отбасы, сынып, дос-жаран, табиғат, ауыл, қала тұрмысы, тіршілігі, шаруашылығы. Өнер, тұрмыс-салт, әдет-ғұрып, т.б.
Тіл мәдениеті бойынша 5 сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:
Міндетті деңгей:
- сөздерді лексикалық, фонетикалық нормаға сай орынды қолдана алу;
- орфография, орфоэпия нормаларын сақтай білу;
- ауызша, жазбаша тілде сөздерді талғап қолдана білу;
- мәтіндерге өтілген тақырыптар бойынша талдау жасай алу;
- оқыған ертегі-әңгімелерге ұқсатып ертегі, әңгіме жаза білу.
Мүмкіндік деңгейі:
- ауызекі сөйлеу тілі мен жазба тілдің ерекшеліктерін пайымдай білу;
- ауызекі сөйлеудегі қателерді тауып, әдеби тілде сөйлеудің үлгісін таныту;
- ауызша сөйлеу мәдениетіне жататын қағидаларды іс жүзінде қолданып көрсету;
- сөз қолдану мәдениетіне бағытталған жазба жұмыстарын жүргізу, дағдыларын игеру;
- әңгімелеу, баяндау, сипаттау, мінездеу, талқылау бағытындағы мәтіндерді ажырата білу, өзі құрастыра алу.
Ал, 6 сыныпта тіл мәдениеті тарауында оқушыларды жұрт алдында сөйлеу мәдениетіне тәрбиелейді. Мұнда жұрт алдында сөйлеудің түрлері, мұғалімдердің, оқушылардың, баяндамашылардың, дикторлардың сөйлеу ерекшеліктері, ауызша тілдің жазба тілден айырмашылыктары айқындалады. Оқушыларға ойды жеткізудің тілден тыс көмекші құралдары (ым-ишара, дауыс ырғағы, күші, қимыл-қозғалысы) тақырыптың мазмұнымен астарласып беріліп, соның мақсатын ашатындай қызмет атқаруын талдатады.
Жұрт алдында айтылатын ауызша сөздің жазба сөзге қарағанда құрылысы жағынан ықшам келетіндігі, қаратпа, қыстырма, одағай сөздердің жиі қолданылатындығы, жазба тілде қойылатын тыныс белгілері жайлы мағлұмат беріліп, соған орай жаттығулар жүргізіледі. Мұғалім оқушыларға ой айту, дауыс ырғағы дауыс кідірісі арқылы берілетіндігін байқатады.
Бұл тарауда сонымен қатар, жазудың маңызы, сөзді дұрыс жазу мәдениеті, орфографиялық нормадан ауытқуға болмайтындығы, оны сақтаудың міндеттілігі түсіндіріледі. Емле ережесіндегі соңғы толықтырулар мен өзгерістер тіл фактілері негізінде талқыланып, олардың дағдыға айналуы қадағаланады.