Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2011 в 22:26, лекция
Лекция по экономике на тему: "Тақырып: саяси экономияның германияда дамуы"
5.1 “Ескі” және “жаңа” тарихи мектептердің пайда болуы.
5.2 Маркстік саяси экономияның қалыптасуы мен дамуы.
5.3 К.Маркстің методологиясы және “Капиталды” жазуы.
5.4 “Капиталдың” үш томының құрылымы.
5.5 Ф.Энгельстің экономика ғылымына қосқан үлесі.
Аталмыш тақырып Германияда классикалық маркстік саяси экономияның пайда болуы мен дамуына, сондай-ақ Германиядағы неоклассицизм мен меркентализмге қарсы күш түрінде, саяси экономияны ұлттық шаруашылық туралы ғылым ретінде қарайтын «ескі» және «жаңа» тарихи мектептердің пайда болуына арналған.
Маркстік саяси экономияның пайда болуы, ХІХ ғасырдаң әлемдік экономикалық ойлар тарихындағы аса елеулі оқиға болды. Марксизмді қалыптастыру тарихи дамудың бүкіл барысы әзірлеп даярлады. Мәселен, Англиядағы өнеркәсіп төңкерісі, машиналы өндіріс пен жаңадан пайда болған тап – пролетариаттың экономикалық негізге айналуына алып келді.
Марксизм
– философияда, социологияда, саяси
экономикада және тарихи зерттеулерде
пролетарлық бағыт ретінде
Марксизм – бұл ағылшынның класикалық саяси экономиясы, немістің классикалық философиясы және францияның утопиялық социализмінің үш өзара байланысты бөлімдерінен тұратын капиталистік өндіріс тәсілінің негізі мен тағдыры туралы тұтас жүйе.
К. Маркс методологиясы – базис және қондырма идеясы; адамдардың өндірістік қатынастарының жиынтығы мен қоғамның экономикалық құрылымы – жоғары орналасқан базис.
«Капитал» - К. Маркстің 4 томнан тұратын негізгі шығармасы. Бірінші томның зерттеу пәні – қосымша құн өндіру және капиталды жинақтау процесі. Екінші том – ұдайы өндіріс процесін өндіріс пен үздіксіз айналымның тұтастығы ретінде зерттеу.
Үшінші том пайда нормасының төмендеу үрдісін талдайды, бұл қосымша құн нормаларының азаюына әкеледі және пайда нормасын қысқартады. Төртінші том экономикалық теорияның даму тарихына арналған.
Марксизм ілімін қалыптастыру мен дамытуда Ф. Энгельс «Англиядағы жұмысшы табының жағдайы», «Анти-Дюринг», «Отбасы, жеке меншік және мемлекеттің пайда болуы» және т.б.с.с. өзінің еңбектерімен өлшеусіз үлес қосты.
Мемлекетке табынушылық.
Монблан факторлар.
Әлеуметтік саясат одағы.
Таза микроэкономистер.
Өнеркәсіп төңкерісі.
Конституцияланған құн.
Қосымша құн.
Пайда.
Марксизм.
К Маркстің методолгиясы.
Құн теориясы.
«Капитал» құрылымы .
Зерттеу пәні.