Лекция грэ

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2012 в 21:55, лекция

Описание работы

Транзиттік экономика жағдайындағы реформаларды ойдағыдай жүргізу үшін өндірістік салалардағы, әлеуметтік сферадағы, сондай-ақ аймақтардағы барлық әлеуметтік-экономикалық үдерістерді мемлекет тарапынан реттеу қажет. Рыноктық шаруашылық жағдайында экономиканы реттеу мемлекеттің ең маңызды қызметтерінің бірі болып табылады.

Работа содержит 1 файл

Лекции ГРЭ.doc

— 1.02 Мб (Скачать)

Шаруашылық жүргізудің рыноктық жүйесіне өту көптеген сатушылары мен сатып алушылары бар рыноктың пайда болуымен бірге көптеген сатушылар және бір ғана сатып алушы ретінде мемлекет  көрінетін ерекше, арнайы рынок та қалыптасады. Рыноктарды жіктеу көзқарасы бойынша бұл – монополизацияланған рыноктың антиподы (қарама-қарсысы) монопсония болып табылады.

Мемлекеттік қажеттіліктер үшін сатып алуларды басқару теориясы мен практикасында келесі терминология пайдаланылады:

                   Мемлекеттік тапсырыс беруші – мемлекеттің атынан сатып алуға өкілеттігі бар органдар мен тұлғалар;

                   Жеткізуші – мемлекеттік тапсырыс бойынша өнім өндіруші және жеткізуші;

                   Сатып алушылар – мемлекеттік бюджет есебінен сатып алынатын тауарлар;

                   Жеткізілімдер – жасалған келісімге сәйкес мемлекеттік тапсырыс берушіге тауарларды өткізу, қызмет көрсетулерді атқару;

                   Мемлекеттік келісім-шарт (контракт) – жеткізілім шарттары келісілген тапсырыс беруші мен жеткізуші арасындағы келісім.

Материалдық өндіріс сферасына мемлекеттік әсерлер түрлерінің біріне мемлекеттік тапсырыс жүйесі жатады. Мемлекеттік тапсырыс – рыноктық экономиканы реттеудің маңызды құралдарының бірегейі болып табылады. Мемлекет өнімге, жұмыстарға, қызмет көрсетулерге тікелей тапсырыс беруші рыноктық субъект ретінде өндірісті мейлінше жандандыру бағытында мультипликативтік сұранысты туындататын нақты күшке айналады. Мемлекеттік тапсырыстың отандық тауар өндірушілерді қолдаудағы рөлі тіпті ерекше. Сондықтан түпкі сұранысты анықтауда мемлекеттік тапсырыстың үлесі айтарлықтай жоғары межені көрсетеді. Дамыған елдердегі мемлекеттік тапсырыс көлемі жалпы ішкі өнімнің (ж.і.ө.) 20-30% құрайды. Мемлекеттік тапсырыстың үлесі, әсіресе әскери-өндірістік кешендерде жоғары болады 50%-дан астам болып келеді.

Өнімдерге, жұмыстарға, қызмет көрсетулерге мемлекеттік тапсырыс мемлекеттің ең маңызды деген қажеттіліктерін жүзеге асыру үшін қолданылады.

Мемлекеттік қажеттіліктер үшін өнім жеткізу келесі мақсаттарды көздейді:

                   Мемлекеттік материалдық ресурстарды жасау және қажетті деңгейде ұстап тұру;

                   Елдің қажетті деңгейдегі қорғаныс қабілеттілігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

                   Елдің халықаралық экономикалық міндеттемелерін атқару үшін өнімдердің экспорттық жеткізілімдерін қамтамасыз ету;

                   Мемлекеттік бюджет қаражаттары есебінен толық немесе жартылай қаржыландырылатын мемлекеттік мақсатты бағдарламаларды жүзеге асыру.

Мемлекеттік қажеттіліктер үшін жеткізілімдерді қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру үшін Қазақстан Республикасының үкіметі мемлекеттік тапсырыс берушілер тізімін бекітеді. Олардың қатарында мемлекеттік атқару органы, мемлекеттік қазынашылық кәсіпорын, мемлекеттік мекеме, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар, корпорациялар болуы мүмкін.

Мемлекеттік тапсырыс берушінің негізгі функцияларының бірі өнімді жеткізушіні таңдау, яғни мемлекеттік қажеттіліктер үшін өнім жеткізу бойынша мемлекеттік тапсырыстарды орналастыру болып табылады. Әдетте, мемлекеттік тапсырыс конкурстық негізде орналастырылады, яғни ашық немесе жабық тендер өткізу жолымен жүзеге асырылады.

Конкурстың ең қолайлы түріне ашық түрі жатқызылады. Жабық конкурстар мемлекеттік құпия болып саналатын мемлекеттің қорғанысы және қауіпсіздігі үшін қажетті тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) сатып алу кезінде өткізіледі. Заттай өнімдердің кейбір түрлері (қымбат бағалы металдар мен тастар, мұражай құндылықтары, сирек кітаптар, қолжазбалар және мұрағаттық құжаттар ж.б.) конкурс өткізбей-ақ сатып алынады.

Конкурстың қатысушысы ретінде тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өндіру үшін қажетті қуаттары, жабдықтары және еңбек ресурстары бар жеткізуші (атқарушы) танылады. Ашық конкурсты жеңіп шыққан өнім (жұмыс, қызмет көрсету) жеткізушімен (атқарушымен) мемлекеттік тапсырыс беруші мемлекеттік келісім-шартқа қол қояды.

Мемлекеттік келісім-шарт мемлекеттік қажеттіліктер үшін өнім жеткізуші мен мемлекеттік тапсырыс берушінің құқықтарын және міндеттерін анықтайтын негізгі құжат болып табылады. Мемлекеттік келісім-шартта мыналар көрсетіледі:

                   Натуралды түрде тізбесі және сұрыпталуы көрсетілген өнім (жұмыс, қызмет көрсету) көлемі;

                   Өнімнің (жұмыстың, қызмет көрсетудің) сапасына қойылатын талаптар;

                   Өнім жеткізу мерзімдері;

                   Тауарлық бағалар және оларды өзгерту шарттары;

                   Мемлекеттік келісім-шартты атқару үшін қажетті қаржылық ресурстар көлемі;

Қазіргі уақытта мемлекеттік тапсырыстардың көптеген түрлері бар. Солардың ішінде:

                   Қорғаныс қажеттіліктері үшін тапсырыс;

                   Ғылыми-зерттеу жұмыстарына тапсырыс;

                   Мемлекеттің материалдық резервтері үшін тапсырыс;

                   Ауыл шаруашылығы өнімдері қорын толықтыру үшін тапсырыс;

                   Мердігерлік жұмыстарға тапсырыс және т.б. бар.

Материалдық өндірісті мемлекеттік реттеуде оңтайлы өнеркәсіптік саясат жүргізудің маңызы зор.

Өнеркәсіптік саясат дегеніміз рыноктық механизмдерді экономикалық және әлеуметтік тиімді бағыттарда реттеу үшін, мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілер қатынасын оңтайландыру үшін қажетті ұлттық экономиканы дамыту құралы. Ол ел экономикасындағы, сыртқы экономикалық байланыстар мен әлемдік шаруашылықтағы өзгерістерді ескере келе кезең-кезеңімен түзетіліп, жаңартылып отыруы тиіс.

Әлемдік тәжірибе көрсеткеніндей өнеркәсіптік саясат өтпелі кезеңде, мысалы рыноктық экономикаға өту кезеңінде ерекше қажет болады екен. Өнеркәсіптік саясат тіпті дәстүрлі рыноктық экономикасы бар индустриалды дамыған елдер үшін де қажет екендігі дәлелденген ақиқат болып табылады. Қазіргі әлемдік экономиканы ырықтандыру және оның жаһандануы жағдайында тиімді өнеркәсіптік саясат экономикалық өсудің кепілі ретінде танылып отыр.

Өнеркәсіптік саясат ескірген өндірістік құрылымды жойып жаңа құрылымды қалыптастыруға, ғылыми-техникалық прогресс пен басқаруды жетілдіруге, жаһандану жағдайындағы әлемдік экономика талаптарына сай болуға көмектеседі.

Өнеркәсіптік саясат корпорация мен мемлекет мүдделерін біріктіруге мүмкіндік беретін механизмдерге иек артады. Ол барлық ұйымдық-құқықтық нысандағы шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін жүргізіледі. Оны қалыптастырып, жүзеге асыру – заң шығарушы және атқарушы биліктің тікелей міндеті болып табылады.

Ел экономикасы дамуының қазіргі кезеңінде мемлекеттің өнеркәсіптік саясаты келесі бағыттарда жүргізілуі тиіс:

1.                  Экономиканың шикізатты бағытынан өңдеуші (ұқсатушы) өнеркәсіптің басымдылығына өту;

2.                  Өндірісті ұйымдастырудың ескірген әдістерінен бас тартып өнімді жедел жаңалап оның бәсекеге қабілеттілігін арттыратын икемді өндірістік жүйелерді қалыптастыру;

3.                  Халықтың денсаулығына қолайлы, экологиялық таза және қауіпсіз өнеркәсіп өндірісін дамыту;

4.                  Өзін-өзі қамтамасыз ету принципі бойынша қызмет ететін комбинаттардың орнына ішкі және сыртқы рыноктардағы бәсекеге қабілетті мамандандырылған өндірістерді көптеп ашу;

5.                  Ғылыми-зерттеу жұмыстарын әлеуметтік тапсырыс негізінде ұзақ мерзімге арналған кешенді ғылыми-техникалық болжамға құрылған мақсаттарға бейімдеу.

Қазақстан Республикасы өнеркәсіптік саясатының негізі 2015 жылға дейінгі уақытқа арналған экономикалық өсудің индустриалдық-инновациялық стратегиясы алға қойған мақсаттар мен міндеттерді шешу болып табылады.

Құрылымдық-салалық мазмұны бойынша өнеркәсіптік саясатта үш салалық топ ерекшеленеді:

1.                  Экспорттық мүмкіндіктері бар отын-шикізаттық сектор салалары (мұнай-газ, қара және түсті металлургия, электроэнергетика және т.б.);

2.                  Ішкі және сыртқы бәсекеге қабілетті өңдеуші-ұқсатушы салалар;

3.                  Ішкі рыноктық сұранысын өтеуге қабілетті салалар (автомобиль және ауыл шаруашылығы машина жасау, жеңіл және тамақ өнеркәсібі).

Мемлекет тұтынушылар мен өндірушілердің мүдделерін сәйкестендіру үшін табиғи монополия болып табылатын коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың іс-әрекетін реттейді.

Мемлекеттік реттеу жүзеге аспаған жағдайда табиғи монополия кәсіпорындары (электроэнергетика, темір жол т.б.) олигополияға айналады да өндіріс көлемі қысқарған жағдайларда монопольды бағалар тағайындау себебі басқа салалардағы бағаның өсуіне алып келеді. Сондықтан мемлекеттік реттеудің табиғи монополиялардағы негізгі объектісіне солар өндіретін өнімге деген шығындар, бағалар және тарифтер жатады.

Қ.Р. үкіметі ішкі рынокта бағасы реттелуі тиіс тауарлар (қызмет көрсетулер) тізімін жасайды. Реттелетін бағалар ұйымдық-құқықтық және меншік формасынан тәуелсіз барлық кәсіпорындарда қолданылады.

Табиғи монополиялар қызметін мемлекеттік реттеу келесі бағыттар бойынша жетілдірілуі тиіс:

                   Табиғи монополиялар өніміне шығындардың, бағалардың және тарифтердің қалыптасуына мемлекеттік бақылауды күшейту;

                   Экономикалық мақсаттарға және мемлекеттік заңдарға сәйкес табиғи монополия субъектілерінен дербес кәсіпорындарды даралау;

                   Монополия субъектілерінің қаржы ағындарына бақылауды ұйымдастыру және тұтынушылардың әртүрлі топтарын субсидиялауды әлеуметтік әділеттілік қағидаларына сай жүргізу;

                   Реттеудің нормативтік базасын жетілдіру;

                   Табиғи монополияларды реттеуде республикалық және өңірлік органдар қызметін үйлестіру;

                   Жекешелендіру кезеңдерінің ерекшеліктерін анықтап отыру т.б.

Мемлекеттік реттеудің тағы бір объектісіне кәсіпорынның жағдайы (төлем қабілеттілігі) және оған банкроттық процедурасын қолдану мәселесі жатады. Қазіргі кезде барлық меншік формасындағы кәсіпорындар күрделі жағдайда жұмыс істеуге мәжбүр: сұраныстың әрқилылығы, дебиторлық және кредиторлық қарыздар, энергия және көлік тарифтерінің жоғарылығы, салық салудың тәркілеуге ұқсастығы т.с.с. Бұл жағдайларда кәсіпорындар үлкен қаржылық қиыншылықтарға тап болады. Сондықтан, мемлекет кәсіпорындардың қаржылық жағдайының нашарлауын болдырмауға, оларды банкроттыққа жібермей, өндірісті жандандыруға әрекет етеді. Өндірістік қорларының көлемі және шығаратын өніміне сұраныс деңгейіне сәйкес кәсіпорындар төрт топқа бөлінеді. Бірінші топтағы кәсіпорындар (тозу деңгейі салалық деңгейден төмен, өніміне жоғары, тұрақты сұраныс) мемлекеттік қолдауға бірінші кезекте үміткер бола алмайды. Екінші және үшінші топқа жататын кәсіпорындарда өндірісті диверсификациялау (сұранысқа байланысты әртараптандыру) мүмкін және мақсатқа сай болғанда, басқарудың жаңа әдістерін енгізуге тиімді жағдайлар туындағанда өздерінің қаржылық қабілетін қалпына келтіру үшін мемлекеттің қаржылай көмегіне үкіметтенуіне сенім арта түседі. Төртінші топтың кәсіпорындары (тозу деңгейі орташа салалық деңгейден жоғары, сұраныс төмен) қайта құруға жатқызылады немесе тиімділіг төмендігіне байланысты іс-әрекеттегі кәсіпорындар қатарынан шығарылады.

Барлық елдерде банкроттық үдеріс, яғни кәсіпорынды төлем қабілеті жоқ деп тану заңнамалық тұрғыдан реттеледі. Кәсіпорынның қаржылық жағдайының қанағаттанарлықсыз екендігін анықтау және банкроттық белгілерін айқындау үшін бірқатар көрсеткіштер есептеледі. Олардың негізгілері:

                   Ағымдағы өтімділік коэффициенті – айналмалы активтердің (болашақтағы шығындарды шегергендегі) мерзімді міндеттемелер сомасына қатынасы;

                   Өзіндік қаражаттарымен қамтамасыз етілу коэффициенті – өзіндік айналмалы қаражаттар мөлшерінің запастар құнына қатынасы.

Егер көрсетілген есептік коэффициенттер белгіленген (нормативті) коэффициенттерден төмен болса кәсіпорын банкроттық туралы заң әрекеті шеңберіне түседі.

 

 

 

§3 Мемлекеттің өнеркәсіптік саясаты

Өндіріс кез келген экономикалық жүйенің негізі, базисі. Өндіріс – бұл адамдардың іс-әрекеті, қызметі арқылы табиғи ресурстар мен қолда бар еңбек құрал-жабдықтарын қолдану негізінде өмір сүруге, экономиканы дамытуға, байлықты арттыруға, басқа да қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған әртүрлі экономикалық өнімдерді өндіру болып табылады. Тарихи көзқарас өндірісті тек қана материалдық өндіріс деп таныды, яғни еңбек өнімдерін материалдық-заттық формада, қолмен ұстап, көзбен көретін заттар, бұйымдар түрінде қарастырды. Қызмет көрсету өндірісі мен ақпарат өндірісінің үлесі экономикасы дамыған елдердің жалпы ішкі өнімінің жартысына жеткен қазіргі кезеңде экономиканы өндірістік және өндірістік емес сфераларға бөлу шартты сипатта ғана болып қалды. Бұлардың әрқайсысының нәтижесін «өнім» деп атау берік орнықты.

Әлемдік тәжірибе көрсеткеніндей өнеркәсіптік саясат, әсіресе өтпелі кезеңдерде, мысалы рыноктық экономикаға өту кезеңінде қажет. Мұның өзі дәстүрлі рыноктық, индустриалды дамыған елдерге де дүниежүзілік экономиканың либерализациялануы (ырықтандырылуы) және жаһандануы процесі жағдайында қажетті құрал болып табылады.

Өнеркәсіптік саясат ескі өндірістік құрылымдардан бас тартып, жаңаларын қалыптастыруға көмектеседі; ғылыми-техникалық прогресті және жаңа менеджментті енгізуді жеделдетеді; жаһанданған әлемдік экономиканың объективті талаптарына бейімделуді оңайлатады.

Өнеркәсіптік саясат корпорациялар мен мемлекет мүдделерін біріктіруші механизмдерге сүйенеді және барлық ұйымдық-құқықтық формадағы шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін жүргізіледі. Оны қалыптастыру және жүзеге асыру заң шығарушы және атқарушы биліктердің төл ісі болып табылады.

Қазақстан экономикасы дамуының қазіргі кезеңінде мемлекеттік өнеркәсіптік саясаттың мақсаттары келесідей:

Информация о работе Лекция грэ