Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 11:16, доклад
Инновациялық кәсіпорындардың белгілі бір құрылымы бар және фирма турасында сыртқы орта болып табылатын макроэкономикалық кеңістіктің элементі ретінде қаралады. Сондай-ақ инновациялық кәсіпорындардың өзінің ішкі құрылымы күрделі.
Кәсіпорынның ішкі және сыртқы ортасы
Инновациялық кәсіпорындардың белгілі бір құрылымы бар және фирма турасында сыртқы орта болып табылатын макроэкономикалық кеңістіктің элементі ретінде қаралады. Сондай-ақ инновациялық кәсіпорындардың өзінің ішкі құрылымы күрделі. Бұл құрылымның элементтері инновациялық кәсіпорындардың ішкі ортасын түзеді. инновациялық кәсіпорындар мен сыртқы орта бір-бірімен ақпараттық, материалдық, ақша және басқа ағымдармен алмаса отырып, үнемі өзара белсенді іс-әрекетте болады. Сонымен, инновациялық кәсіпорындардың қызметін талдау кезінде ішкі және сыртқа орта екеуі тығыз жиынтықта, өзара қарым-қатынаста, өзара іс-әрекеттесуінде және өзара тәуелділікте қарастырылады. Инновациялық кәсіпорындардың сыртқы және ішкі ортасы . Сыртқы орта көптеген күрделі әрі алуан түрлі факторлармен сипатталады және оған сатып алушылар өздерінің фирма тауарларының сатылуын анықтайтын демографиялық мінездемелерімен бірге; бәсекелестер; делдалдар (көлік мекемелері, сатушы инновациялық кәсіпорындары , сауда агенттері); инновациялық кәсіпорындардың нарықта табысты іс-әрекет етуіне мүдделі болған әріптестер; қаржы мекемелері (банктер, сақтандыру компаниялары); жарнамалық агенттіктер; кеден және өзге де үкіметтік органдар кіреді. Сонымен бірге қолданыстағы және әзірленіп жатқан заңдарды, жалпы экономикалық жағдайды, саяси ахуалды, ғылыми-техникалық жетістіктерді, қолданыстағы патентті, мәдени және басқа да дәстүрлерді сыртқы орта жағдайларына жатқызған жөн. Ішкі ортаға тұрақты қызмет ету мен басқаруды қамтамасыз ететін инновациялық кәсіпорындардың ұйымдастырушылық, функционалдық және өндірістік құрылымдарын, өнім өндіру технологияларын, жаңа тауарларды шығаруды және тестілеуді, сатып алушыға дейінгі тауар қозғалысын, сатуды, шикізат, материал жабдықтаушыларымен, сондай-ақ қаржылық және өзге сыртқы органдармен өзара қарым-қатынастарды жатқызған жөн. Сондай-ақ кадрлардың біліктілігі, оларды пайдалану жүйесі, ақпаратты басқарудың жоғары қатарларынан төмен қатарларына және кері жіберу жүйесі, нарықтық жағдайдың және жалпы сыртқы ортаның өзгерістеріне құрылымдардың икемділігі де ішкі орта түсінігіне кіреді.
Ішкі және сыртқы ортаның әртүрлі факторларын екі топқа дұрыс бөлу маңызды: біріншісі – инновациялық кәсіпорындардың басшылығы тарапынан басқарылады, екіншісі – мұндай басқаруға көнбейді, демек, инновациялық кәсіпорындардың өзіне бейімделуін қажет етеді. Мұндай бөлу мақсаттарды болжау, жоспарлау, алға қою және оларға қол жеткізу тұрғысынан аса маңызды.