Кәсіпорынның негізгі қорларын пайдалану тиімділігі

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Сентября 2011 в 22:22, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың тақырыбының өзектілігі – кәсіпорынның негізгі қорларын пайдалануды талдау, амортизацияның ерекшеліктерін ашып көрсету және оларды пайдалану жолдарын жақсарту мәселелерін зерттеуді талап етеді.

Курстық жұмыстың мақсаты – кәсіпорынның негізгі қорларын талдау және пайдалану жолдарын зерделеу, теориялық танымды негізге ала отырып, негізгі қорларды тиімді пайдалану туралы білімдерді жүйелеу, ашып қарастыру және жетілдіруді көздейді.

Содержание

КІРІСПЕ...........................................................................................................3


1 КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ ҚОРЛАРЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ, БАҒАЛАУ МЕН МОРТИЗАЦИЯСЫ

Негізгі қорлардың экономикалық мәні мен маңызы...........................5
Негізгі қорлардың тозуы мен амортизациясы...................................12


2 КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ ҚОРЛАРЫН ПАЙДАЛАНУДЫ СИПАТТАУ

2.1 Кәсіпорынның негізгі капиталын пайдалану тиімділігін талдау.......................................................................................................19

2.3 Кәсіпорынның негізгі қорларының амортизациясын есептеу ...... ...22


3 КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ ҚОРЛАРЫН ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫН ЖАҚСАРТУ

3.1 Негізгі құралдарды тиімді пайдалану шаралары...............................28

3.2 Амортизацияны есептеудің жеделдетілген тәсілін қолдану және негізгі капиталының ұдайы өндірісі.....................................................32


ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................................37

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................................

Работа содержит 1 файл

КР Негізгі қорлар.doc

— 358.50 Кб (Скачать)

       Интегралды  коэффициент:

         

     К и = К экст. х К инт.                                                                             (11) 

       Талдау  жасау барысында негізгі қорлардың  құрамы мен құрылымы анықталып, олардың  тозу деңгейін, пайдалану тиімділігін  ашып көрсетіледі.

       Негізгі өндірістік қорлардың нәтижелілігін  арттырудың аса маңызды факторларының  бірі – жабдықтардың  пайдалануын  жақсарту. Ол үшін олардың  жұмыссыз  тұрып  қалуын  азайту,  ауыстыру коэффициентін көбейту жолымен  қол жетеді[12, 197б].

       Негізгі қорларды пайдалану мерзімі (қызмет ету мерзімі) өндірістік процесс  барысында  техникалық  прогресс  жағынан  да, негізгі қорлардың жаңа түрлерін жасауға кететін тиімділігі жоғары капитал салымдарын пайдалану жағынан да маңызы зор болады. 

       Негізгі қорларды және айналым қорларды үнемді, әрі рационалды пайдалану  әрбір  кәсіпорынның  басты  міндеттердің  біріне  жатады. Әрине,  кез  келген  кәсіпорынның  қалыпты  жағдайда  қызметі  үшін негізгі құралдармен бірге айналым құралдары қажет болады, олар ақша құралдары  ретінде  қолданылып,  негізгі  қорларды  және  айналым  қорларды сатып алуға кетеді. Кез келген кәсіпорынның басты міндеттердің бірі – жалпы қоғамдық өндірістің сапасы мен тиімділігін жоғарылату және капитал алымдары мен негізгі  қорларды  қайтарымын  үлкен  көлемде  ұлғайту,  себебі,  олар  елдің өндірістік  күштердің  құрама  бөлігі,  материалдық  базасы  болып  табылады.

       Негізгі құралдарының сандық өсімі мен сапалық  жақсару ғылыми-техникалық прогрестің негізінде құралған болса, онда ол еңбек  өнімділігінің жоғары қарай өсуінің  шешуші қадамы ретінде есептеуге болады.

       Негізгі  құралдардың  құрылымы  бойынша  барлық  негізгі  қорлардың жалпы  құндылығының  үлес  салмағы  ретінде  анықталынады[13, 103б].

       Негізгі қорлардың сыныптамасы, құрамы мен  құрылымы бойынша талдап, олардың  жұмыс істеуге жарайтын қалыпта сақтау және тиімді пайдалануын қарастырамыз. 
 
 

     
    1. Негізгі қорлардың  тозуы мен амортизациясы

     Негізгі қорлар кәсіпорын қызметіне бірнеше  ұзақ жылдар бойы қызмет етеді де,  физикалық және моральдық тозу процесіне  ұшырайды.

     Негізгі қорлар адам күшімен, жылдар мерзімдерінің әсерімен, техникалық  және экономикалық факторлардың ықпалы  арқылы   олар  өзіндік  ерекшелігін,  үлгісін  бірте-бірте  жояды,  жарамсыздыққа  әкеледі, сөйтіп  алдағы  кезде  өз  бернелерін  орындауға  мүмкіндіктері  болмайды.

     Негізгі қорлардың тозуы –құндылықтарының пайдалану кейпінде не болмаса жұмыс істемейтін күйінде негізгі қорлардың тұтынушылық ерекшеліктері мен бөліктік немесе толық ысырапқа ұшырауы.

     Кәсіпорынның  негізгі өндірістік қорлары өндірістік ауыспалы айналымын  жасайды. Ол мынадай сатылардын тұрады:

  • Негізгі  қорлардың тозуы;
  • Амортизация;
  • Негізгі қорларды толық қалпына  келтіру  үшін қаражаттың  қорлануы;
  • Негізгі қорларды күрделі қаржы жұмсау арқылы  ауыстыру. 

     Өндіріс  процесіне  қатысуымен негізгі қорлардың  кез келген объектілері:

  • Табиғи;
  • Сапалық  тозуға  ұшырайды.

     Негізгі қорлардың табиғи немесе физикалық  тозуы олардың өндіріс процесіне  қатысу нәтижесіне және негізгі қорлардың  пайдалануға тікелей қатыспай-ақ түрлі сыртқы факторлар әсерінен: ылғалдан, атмосфералық  құбылыстар нәтижесінде, металдардың тот басуымен, ескіруінен пайда болады.

     Негізгі қордың табиғи тозуы – олардың  өндірістік тұтыну барысында және  табиғат күшінің  әсерінен тұтыну құнын бірте-бірте жоюы. Табиғи тозған негізгі қорларды біртіндеп жөндеу, қайта құру немесе жаңалау жұмыстары арқылы бұрыңғы қалпына келтіруге болады.

     Табиғи  тозу жөндеу, қайта құру және негізгі  қорларды  жаңғырту арқылы  ішінара  қалпына келеді. Экономикалық әдебиеттердің  көрсетуі бойынша физикалық тозудың  мына формуласын пайдалана аламыз.

Физикалық тозу:                             

                      Т фэ

          И ф =  –––––                                                                                       (12)

                      Т н 

     Мұнда:

     Т ф және  Т н – НҚ-дың актілі және нормативті қызмет көрсету мерзімі.

     Негізгі қордың сапалық тозуы – қор  түрлерінің конструкциясы, өнімділігі,  үнемділігі, сапалы  өнімдер  шығаруы  жағынан  жаңа үлгіден  кейін  қалуы.  Демек,  экономикасы   дамыған   елдерде  негізгі  қорды ауыстыруда сапалық тозу қажеттілік ретінде басты айқындаушы  фактор болып табылады.

     Негізгі қорлардың сапалық немесе моральдық  тозуы техникалық прогреске  өндіріс  әдістерін  жетілдіруге  және  жаңартуға байланысты  болып  келеді. Техника мен технологияны жетілдіру жұмыс істеп тұрған негізгі қорлардың  арзандауына  ықпал етеді.  Осыған  орай, пайдаланудағы  негізгі қорлардың өздерінің  құнының  бөлігін  жоғалтып  құнсызданғаны байқалады.

     Келесі  формула арқылы біз моральдық  тозудың есептелеулерімен      танысамыз.

          Бірінші ретті моральді тозу:

                          Ф баст   – Ф қалпына келтіру

     U u 1 = –––––––––––––––––––––                                                        (13)

                                       Ф баст. 

     Мұнда:

     Ф қалпына келтіру – НҚ қайта қалпына келтіру құны. 

Екінші  ретті моральді тозу:

                              N 2   – N 1

     U u 2 = ––––––––––––– х 100%                                                          (14)

                             N 2              

     Мұнда:

     N 1 , N 2 – жаңа және ескі құрал-жабдықтар өнімділігі.

     Сапалық тозудың екі нысанын көрсетеді.

     Бірінші нысаны бойынша,  негізгі қорларды дайындайтын салалардағы еңбек  құралдарының өнімділігінің жоғарылауы нәтижесінде олардың құндылығының жоғалтуы байқалады. Жаңа машиналар арзандай түсіп, ал жұмыс істеп тұрған қорлар экономикалық тұрғыда сапалық жағынан ескіреді.

       Сапалық тозудың екінші нысаны бойынша, өнімділігі жоғары, жаңа техника-экономикалық өлшемдерімен ең керемет негізгі қорлардың  пайда болуы еңбек құралдарының құндылығының жоғалтуларына себепші болады.

       Сапалық тозу – экономикалық категория болып  табылады. Табиғи және физикалық тозу заңдылығын зеттеу негізінде берілген еңбек құралдарының экономикалық ескіру мерзімі анықталады. Еңбек құралдары  өз ретінде негізгі қорлардың бекітілетін нормативті мерзімнің негізінде жатады.

       Машиналардың,  жабдықтардың,  үйлер  мен  ғимараттардың  барынша  жаңа неғұрлым жетілдірілген  және үнемді тұқымдарын, көпжылдық  өсімдіктермен  сұрыптарын  өндіріске  енгізуге байланысты пайдаланып жүрген  негізгі  қорларды  бұдан  әрі  пайдалану экономикалық  жағынан тиімсіз  болып  қалады.

       Негізгі қорлардың сапалық тозуын мынандай факторлар арқылы анықтайды: өндірісте  және жабдықтарды жаңартудағы жаңалықтар; технологиялық процестерді  жетілдіру  –  жаңа  технологияны  қолданған  кезде   пайдаланудағы машиналар мен жабдықтар жарамайды; шығарылатын  өнімдердің номенклатураларын өзгерткенде және жаңартқанда; жұмысшылардың күштерінің еңбекке қамтылуындағы, жұмысшылар біліктілігінде,  өндірісте  орналастыру  географиясындағы  өзгерістер өндірістің және пайдаланылатын машиналар мен жабдықтар санының  азайтылуын  талап  етуі  мүмкін.

       Сапалық  тозу  ескірген негізгі  қорлар  өзінің  конструкциялық, өнімділік,  үнемділік, шығарылған өнімнің сапасы жөнінен жаңа үлгіден қалып қоятынын   білдіреді.  Сондықтан,  негізгі  қорларды әсіресе, олардың активтік бөлігінен  дүркін-дүркін  ауыстырып  отырудың  қажеттілігі  туады.

       Осыған  байланысты қазіргі экономикада  айырбастудың анықтаушылық  қажеттіліктің  басты  факторы  – сапалық тозу болып табылады[19, 69б].

       Негізгі қорларды  пайдалану  процесінде табиғи және моральдық жағынан тозады. Олардың жекелеген бюджеттері негізгі  бөлшектер мен детальдардың құрылымының  элементтері негізгі қорларды тұтастай алғандағымен  салыстырғанда неғұрлым қысқа мерзімде тозады.

       Кәсіпорынның  негізгі міндеті болып саналатыны – ол негізгі өндірістік қордың шамадан  тыс  ескіріп  қалмауына  жол  бермеу  (әсіресе, активтік бөлігі), себебі, олардың жеке және сапалық  тозуының деңгейі және кәсіпорынның   жұмысының   нәтижесі  осыған   байланысты  болады. Сонымен  бірге,  негізгі  қорлар  уақытынан  бұрын  тозып  кетпеу  үшін  оларды  мезгіл сайын жөндеп тұру қажет. Ұйымдастыру техникалық белгілеріне қарап    жөндеуді  күрделі  және  жай  етіп  бөледі.

       Күрделі  жөндеуде негізгі  қорлардың  объектісін  тұтастай алғандағыны  салыстырғанда  тозу мерзімі азырақ жекелеген бөліктерін қалпына келтіруді айтады.

       Машиналардың, жабдықтардың және көлік құралдарының күрделі  жөндеуі де бір жылдан  астам  мерзімде  агрегатты толық бөлшектен  барлық  тозған  детальдары  мен  бөлшектерін  ауыстыратын  немесе  қалпына  келтіріп  агрегатты қайта жинауды  және сынақтан  өткізуді, жүйелі  түрде  жүргізіліп   отыратын жөндеуді айтады.

       Негізгі  қорлардың тозу ысырабын  азайту  оларды  жақсылап пайдалану жолымен, негізгі көрсеткішінің деңгейлерін қор қайтарымы, ауысымдылық коэффициенті, жабдықтау жіктемесінің коэффициентін арттыруы  мүмкін.

       Бұл көрсеткіштерді жақсарту ғылыми-техникалық прогресс, негізгі қорлардың құрылымын жетілдіру, жабдықтардың әр  түрлі бос тұрып қалуын  қысқарту,  өндірісті және  еңбекті жетілдіру, шаруашылықты жүргізудің  жаңа  нысанын дамыту есебінен мүмкін  болады.

       Амортизация  – негізгі  қорлардың құнын  сол арқылы өндірілетін өнімдер  мен қызметтерге бірте-бірте көшіру: ақша қаражаттарын мақсатты шоғырландыру және тозған негізгі қорлардың орнын толтыру, пайдалану процесінде  олар  тозады,  өзінің  тұтыну  құнын  жоғалтады.

       Нарықтық  қатынастар жағдайында амортизациялық аударымның мөлшері кәсіпорынның экономикасына елеулі қосылысын білдіреді. Бірінші жағына, амортизациялық аударымның тым жоғары деңгейі өндіріс шығындарының мөлшерін көбейтеді, осыған орай өнімнің бәсекеге жарамдылығы  төмендейді,  алатын  пайдасының мөлшері де азаяды. Сол себепті  кәсіпорынның  экономикалық дамуының  ауқымды  деңгейі  қысқарады.

       Екінші  жағынан,  амортизациялық аударымның  кемітілген  үлесі негізгі   қорды   сатып  алуға құралған  қаржының  айналым  мерзімін  ұзартады, ал бұл олардың ескіріп қалуына  әкеп соғады. Міне, осының салдарынан, бәсекеге жарамдылығы төмендеп, өздерінің рыноктағы жайғасымы ысырап         болады.

       Амортизациялық  аударымды өтелім  мөлшеріне  және  өзінің балансында  тұрған   негізгі   құрал-жабдықтардың  баланстық   құнына   сәйкес  кәсіпорын ай сайын жасап отырады. Өтелім мөлшері мемлекет белгілеген негізгі қорлардың құнын  өтеудің  жылдық  проценті  болып  табылады  және  өтелім  мөлшерінің  жылдық  сомасын  анықтайды.  Басқаша  айтқанда, өтелім мөлшері – бұл жылдық амортизациялық аударымның негізгі өндірістік қорлардың  құнына  процент  есебіндегі  қатынасы.

Информация о работе Кәсіпорынның негізгі қорларын пайдалану тиімділігі