Кәсіпорынның негізгі капиталын пайдалану тиімділігін талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2013 в 10:07, реферат

Описание работы

Кәсіпорынның негізгі капиталдың жалпы соммасында әдетте негізгі қорлар үлкен үлес салмақты алады. Олардың санына , құнына , техникалық деңгейіне, пайдалану тиімділігіне байланысты кәсіпорынның соңғы нәтижелері тәуелді: өнім өндірісі, оның өзінідік құны, пайда, рентабелділік, қаржылық тұрақтылықтың жағдайы. [15,245б.]
Негізгі құралдарды пайдалану тиімділігін жалпылама сипаттау үшін рентабелділік (пайданың негізгі өндірістік қорлардың ортажылдық құнына қатынасы), қор қайтарымы (өндірілген немесе өткізілген өнімнің құнын ҚҚС-ғын, акциздерді алып тастағаннан кейін сомасын негізгі өндірістік қорлардың ортажылдық құнына қатынасы ), қорсыйымдылық ( қорқайтарымның кері көрсеткіші), өнімнің өсімінің бір теңгесіне салынған күрделі салымдардың үлесі көрсеткіштер анықталады.

Работа содержит 1 файл

кәсіпорынның негізгі капиталы.docx

— 34.39 Кб (Скачать)

Кәсіпорынның негізгі капиталын пайдалану тиімділігін талдау

Кәсіпорынның  негізгі капиталдың жалпы соммасында  әдетте негізгі қорлар  үлкен үлес салмақты алады. Олардың санына , құнына , техникалық деңгейіне, пайдалану тиімділігіне байланысты кәсіпорынның соңғы нәтижелері тәуелді: өнім өндірісі, оның өзінідік құны, пайда, рентабелділік, қаржылық тұрақтылықтың жағдайы. [15,245б.] 
Негізгі құралдарды пайдалану тиімділігін жалпылама сипаттау үшін рентабелділік (пайданың негізгі өндірістік қорлардың ортажылдық құнына қатынасы), қор қайтарымы (өндірілген немесе өткізілген өнімнің құнын ҚҚС-ғын,  акциздерді алып тастағаннан кейін сомасын негізгі өндірістік қорлардың ортажылдық құнына қатынасы ),  қорсыйымдылық ( қорқайтарымның кері көрсеткіші), өнімнің  өсімінің бір  теңгесіне салынған күрделі салымдардың үлесі көрсеткіштер анықталады.  Сонымен бірге салыстырмалы үнемдеу де есептеледі: 
± Ү нөқ = НӨҚ1  –  НӨҚ0  х IЖӨ                         (17) 
мұнда, 
НӨҚ1 , НӨҚ0 -   сәйкесті  бзистік  және  есептік жылдарда негізгі  өндірістік қорлардың ортажылдық құны; 
IЖӨ — өнім өндірісінің көлеміінң индексі. 
Қорлардың ортажылдық құнын есептеу барысында  тек қана өзіндік негізгі құралдар ғана емес жалға алынғандар, резервтегі және жалға берілгендер  де есепке алынады. [13,313б.] 
Жеке көрсеткіштер кейбір машиналар, жабдықтар, өндірістік алаңдарды саипатту үшін пайдаланылады. Мысалы сменада жабдықтың бір данасына шаққан өнім көлемі, өндірістік алаңның 1 шаршы метіріне өнім өндірісі. 
Талдау барысында өсы көрсеткіштердің динамикасы, олардың деңгейі бойынша жоспардың орындалуы , шаруа аралық салыстырмалар зерттеледі. 
Негізгі өндірістік қорларды пайдалану тиімділігінің жалпылама көрсеткіші ретінде қор рентабелділігі болып табылады. Оның деңгейі тек қор қайтарымына емес сонымен өнімінң рентабелділігіне байланысты. Осы көрсеткіштердің ара байланысын келесідей көрсетуге болады: 
П            ЖӨ              П 
R нөқ = ———- = ———-  х ———- = ҚҚ  х  Rжө  ,                          немесе 
НӨҚ         НӨҚ            ЖӨ

П            СӨ              П 
R нөқ = ———- = ———-  х ———- = ҚҚ  х  Rсө         (18) 
НӨҚ         НӨҚ            СӨ

мұнда, 
R нөқ – негізгі өндірістік қорлардың рентабелділігі; 
П — өнімді сатудан алынған пайда; 
НӨҚ – негізгі өндірістік қорлардың ортажылдық құны; 
ЖӨ, СӨ — сәйкесті  өндірілген немесе сатылған өнімнің құны; 
ҚҚ – қорқайтарымы; 
Rжө, Rсө  — өндірілген немесе сатылған өнімнің  рентабелділігі. [13,432б.] 
«К & К — TALDYKORGAN»  ЖШС-нде негізгі өндірістік қорларды пайдалану тиімділігін  талдау үшін келесі кестені есептегенде мынандай қорытындылар шығады. 
Кесте 1 — Негізігі қорларды пайдалану тиімділігін талдау үшін бастапқы мәліметтер 
Көрсеткіш    2008 
жыл    2009 жыл     2009жыл 
2008 жылдың өзгерісі 
Өндірілген өнімнің көлемі(ЖӨ), мың тг    96000    100800     + 4800 
Өнімді өткізуден алынған  пайда, мың  тг    17900    19296    +1396 
Ортажылдық құн, мың тг: 
-    негізгі өндірістік қорлар (НӨҚ); 
-    активті бөлігі (НӨҚ @) 
-жабдықтардың бірлігі (Б) 
12715 
7680 
120 
14000 
8400 
127,27 
+1285 
+720 
7,27 
Үлес салмақ, коффициент: 
-қорлардың активті бөлігі (ҮС@ ) 
0,604 
0,6 
-0,004 
Қор рентабелділігі 
(R нөқ),%    140,8    137,8    -3,0 
Өнімнің рентабелділігі (Rжө), %    18,65    19,14    +0,49 
Қор қайтарымы, тг: 
-негізгі өндірістік қорлардың(ҚҚнөқ) 
-активті бөлігінің (ҚҚ@) 
7,55 
12,5 
7,20 
12,0 
-0,35 
-0,5 
Технологиялық жабдықтардың ортажылдық көлемі (К) 
64 
66 
+2 
Барлық жабдықтар жұмыс жасағаны (Т), мың. сағ 
Оның ішінде жабдықтардың бірлігімен: 
-сағат (Тбір) 
-ауысым(Ау) 
-күн (Күн) 
240

3750 
500 
250 
226,51

3432 
470,4 
245 
-13,49

-318 
-29,6 
-5,0 
Жабдықтардың ауысымдық коэфициенті(Кау) 

1,92 
-0,08 
Деректер көзі: «К & К — TALDYKORGAN»  ЖШС-нің 2008, 2009 жылдардың бухгалтерлік балансы

Бұл кестені талдағанында келесі қорытынды жасауға болады: негізгі өндірістік қорлардың рентабелділік деңгейі 2007 жылы 2006 жылмен салыстырғанда 3% төмен. Қор рентабелділі және өнімнің  рентабелділігі өзгергені есебінен анықтау үшін абсолютты айырмалар әдісін пайдалануға болады. 
Қор рентабелділіктің өзгерісі келесі есебінен анықтауға болады: 
-    негізгі өндірістік қорлардың қор қайтарымы есебінен: 
R нөқ  =   ∆ ҚҚ  х Rжө =(7,20 – 7,55)х18,65 = — 6,53%       (19) 
- өнім өндірісі рентабелділігі  есебінен: 
R нөқ  = ҚҚ  х   ∆Rжө = 7,20(19,14 – 18,65)= +3,53%        (20) 
Бұл есептен қарап отырғанымыздай қор қайтарымы 0,35-ке  төмендегеніне байланысты негізгі өндірістік қорлардың рентабелділігі 6,53%  төмендеді. Ал өнімнің рентабелділігі 0,49%-ға көбейгендіктен  қор рентабелділігі 3,53%-ға көбейді. Нәтижесінде қор рентабелділігі 3,5%-ға төмендеді(6,53-3,53). 
Негізгі өндірістік қорлардың қор қайтарымына әсер ететін бірінші деңгейлі факторларына негізгі өндірістік қорлардың жалпы сомасында қорладың активті бөлігінің үлесінің өзгеруі  және қорлардың активті бөлігінің қор қайтарымының өзгеруі  әсер етеді: 
ҚҚ = ҮС@   х  ҚҚ@                                                            (21) 
Берілген мәліметтерден  абсолютты айырмалар әдісімен факторларлық есептің нәтижесінде келесі шығады: 
-активті бөлігінің үлес салмақтың өзгеруіне  байланысты қор қайтарымы 0,05 тг. азайды((0,6 — 0,604) х 12,5 = -0,05тг) 
- активті бөлігінің  қор қайтарымының өзгергеніне байланысты қор қайтарымы 0,30тг азайды((12,0 – 12,5) х 0,6 = -0,30тг) 
Нәтижесінде қор қайтарымы  0,35теңгеге азайды. 
Қорлардың активті бөлігінің қор қайтарымы (технологиялық жабдықтардың)  оның құрамынан, жұмыс істеген уақытынан және ортасағаттық өнімділігінен тәуелді. 
Талдау үшін келесі факторлық моделді пайдаланады: 
К х Тбір  х СағӨ 
ҚҚ@  = ———————-                                                    (22) 
НӨҚ @

Жабдықтардың қор қайтарымының факторлық моделін кеңейтуге болады егерде жабдықтың бірлігінің жұмыс істеген уақытын  жұмыс істеген күнін (Күн), ауысым коэфициентін (Кауыс) және сменаның  орташа ұзақтылығын(Ұ) көбейтсе. [19.291б.] 
Технологиялық жабдықтың орташа жылдық құны  оның санын(К) бірлігінің орташа құнына (Б)  көбейту арқылы есептеуге болады: 
К х Күн х Кауыс  х Ұ х СағӨ        Күн х  Кауыс  х  Ұ х СағӨ 
ҚҚ@  = ————————————— = ———————————-       (23) 
К х Б                                                Б

Кәсіпорында қор қайтарымының өсіміне     факторлардың әсерін тізбелік әдісті пайдаланып есептеуге болады: 
Күн ж   х Кауыс ж  Х Ұ ж  х СағӨж           250  х 2 х 7,5 х 0,4 
ҚҚ@ж  = ————————————————    =  ————————  = 12,5 тг. 
Бж                                                                120 
Қорқайтарымның бірінші шартты көрсеткішін анықтау үшін  жабдықтардың бірлігінің құнның жоспарлы көрсеткіштің орнына  нақты ортажылдық  құнын алу керек, ол бірдей бағалар жағдайында тек құрылымның өзгеру есебінен  болуы мүмкін: 
Күн ж   х Каус ж  Х Ұ ж  х СағӨж         250 х 2 х 7,5 х0,4 
ҚҚ@ шарт1 = —————————————— = ———————— = 11,7857тг 
Бн                                  127,27

Жабдықтардың құрылымының  өзгергеніне байланысты қорқайтарымның деңгейі 0,71143 тг (11,7857 – 12,5) азайды. 
Содан кейін жабдықтардың нақты құрылымы және нақты жұмыс жасаған күні және қалған факторлардың жоспарлы көлемі жағдайында қорқайтарымы қандай болды:

Күн н   х Каус ж  Х Ұ ж  х СағӨж         245 х 2 х 7,5х 0,4 
ҚҚ@ шарт2 = —————————————— = ———————- = 11,55тг 
Бн                                                127,27

Қорқайтарымы 0,2357 теңгеге (11,55 – 11,7857) азайюы жоспардан  артық  жабдықтардың жұмыс істемей тұрып қалуының нәтижесі   болып табылады(орта есеппен жабдықтардың әр бір біолігі орташа бес күннен) 
Негізгі өндірістік қорлардың қорқайтарымының деңгейіне осы факторлардың әсері  белгілі бір  фактордың есебінен жабдықтардың қорқайтарымының өсімін  қорлардың активті бөлігінің нақтылы үлес салмағына  көбейту  жолменен есептелінеді. Өнімнің өндірісінің көлемі  қалай өзгергенін есептеу үшін әр бір фактордың есебінен  негізгі өндірістік қорлардың қорқайтарымының өзгеруін негізгі өндірістік қорлардың  ортажылдық нақты қалдықтарына көбейту керек, ал негізіг өндірістік қорлардың ортажылдық құнының өзгеруін – негізгі өндірістік қорлардың қорқайтарымның жоспарлы деңгейіне. [13,444б.] 
Қорлардың рентабелділігінің деңгейіне қорқайтарымның өзгеру факторларының әсері факторларының әсері  белгілі бір факторлардың есебінен қорқайтарымның абсолютті өсімін өнімнің рентабелділігінің  жоспарлы деңгейіне көбейту арқылы анықталынады. [15,310б.]

2.2 Кәсіпорынның негізгі қорларының амортизациясын есептеу 
«К & К — TALDYKORGAN» ЖШС-і станок сатып алды. Оның бастапқы құны 200 000тг., ал жою құны 20 000тг. Станокты пайдалану мерзімі 5 жыл. Осы әдіс бойынша амортизациялық аударымды есептейік:

20000000 – 200000 
————————-    = 360000 
5

360000 / 12 = 30000

Бұл станоктың барлық амортизацияланатын сомасы 1 800 000 теңге (2 000 000 – 200 000), яғни бастапқы құны мен жою құнының айырмасы, ал оны пайдалану мерзіміне бөлу арқылы бір жылдық амортизациялық аударым сомасы табылады. Бұл станоктың пайдалану мерзімі 5 жыл болғандықтан барлық амортизациялануға тиісті соманы 100% (пайыз) деп алып, ал бір жылдық амортизациялық аударым мөлшерін (100/5 = 20%) сол соманың 20% (пайыз) деп те табуға болады. Бұл жағдайда жоғарыдағы көрсеткішке тең сома табылады: 
1 800 000 х 20% = 360 000 
Станокқа амортизациялық аударым сомасының бес жыл бойы есептелуін төмендегі кестеден көруге болады 
Кесте 4 — Станоктың қалдық құнын анықтау 
Мерзімі    Бастапқы 
құны    Амортизацияның 
жылдық сомасы    Жинақталған 
тозу сомасы    Қалдық құны 
Сатып алынған кездегі 
1-ші ж/аяғында 
2-ші ж/аяғында 
3-ші ж/аяғында 
4-ші ж/аяғында 
5-ші ж/аяғында

2 000 000 
2 000 000

2 000 000

2 000 000

2 000 000

2 000 000

———- 
360 000

360 000

360 000

360 000

360 000

———- 
360 000

720 000

1 080 000

1 440 000

1 800 000

2 000 000 
1 640 000

1 280 000

920 000

560 000

200 000 
Деректер көзі:«К & К — TALDYKORGAN» ЖШС-нің қаржылық есепке қосымшасы

Өндірістік әдіс. 
Бұл әдіс объектінің пайдаланылатын уақытына емес, оны пайдалану нәтижесіне негізделген. Егер жоғарыда, яғни алдыңғы әдісте қарастырылған станок өзінің 5 (бес) жыл ішінде пайдаланатын уақыты аралығында 15 (он бес) миллион дана өнімді жасауға негізделген болса, онда ол станокқа жыл сайын есептелетін амортизациялық аударым сомасы бұл әдіс бойынша станок арқылы өндірілетін бәр дана өнімге тиісті амортизациялық аударымды әр жылда осы станок арқылы өндірілген өнім санына көбейту арқылы табылады. 
Бастапқы құн – қалдық құны                              әр жылдағы 
Жалпы өндірілуге тиісті өнім саны   х   өндірілген өнім саны  = 
2000000  — 200000 
=—————————  х әр жылдағы өндірілген өнім саны   = 
15000000 
=0,12теңге х әр жылдағы өндірілген өнім саны 
Станоктың бір дана өнім өндіруге есептелетін амортизациялық аударым мөлшері бұл әдіс бойынша жоғарыда табылғандай 0,12 теңгені құрайды, яғни он екі (12) тиын. 
Егер станок 
бірінші жылы  4 миллион 
екінші жылы   4  миллион 
үшінші жылы  3 миллион 
төртінші жылы 2 миллион 
бесінші жылы   2 миллион өнім өндірсе, онда оған әр жылда есептелетін амортизациялық аударым мөлшері 
бірінші жылы  480 000тг = 4 миллион  х 0,12 = 480 000 
екінші жылы   480 000тг = 4 миллион  х 0,12 = 480 000 
үшінші жылы  360 000тг = 3 миллион  х 0,12 = 360 000 
төртінші жылы  240 000тг = 2 миллион  х 0,12 = 240 000 
бесінші жылы   240 000тг = 2 миллион   х 0,12 = 240 000 
Кесте 5 — Станокқа өндірістік әдісі бойынша амортизациялық аударым кестесі 
Мерзімі    Бастапқы құны    Өндірілген өнім көлемі    Амортизацияның 
жылдық сомасы    Жинақталған 
тозу сомасы    Қалдық құны    Айға есептелген амортизация сомасы 
Сатып алынған кездегі 
1-ші ж/аяғында 
2-ші ж/аяғында 
3-ші ж/аяғында 
4-ші ж/аяғында 
5-ші ж/аяғында 
2 000 000

2 000 000

2 000 000

2 000 000

2 000 000

2 000 000 
————-

4 000 000

4 000 000

3 000 000

2 000 000

2 000 000 
—————

480 000

480 000

360 000

240 000

240 000 
————

480 000

960 000

1 320 000

1 560 000

1 800 000 
2 000 000

1 520 000

1 040 000

680 000

440 000

200 000 
———

40 000

40 000

30 000

20 000

20 000 
Деректер көзі: :«К & К — TALDYKORGAN» ЖШС-нің қаржылық есепке қосымшасы

Кумулятивті әдіс. 
Кумулятивті әдіс- латынтілінен аударғанда өсу, жиналу деген мағынаны білдіреді. 
Кумулятивті әдіс деп айтылуының себебі осы әдіс бойынша негізгі құралдарға амортизациялық аударым сомасын есептейтін формуланың  алымы негізгі құралдардың пайдалану мерзімінің қалған жылдар санына тең болып, ал бөлімі ол активтің пайдаланатын барлық жылдар мерзімі сандарының қосындысына тең болуына байанысты. Бұл формула мына түрде жазылады: 
Қалған жылдар саны 
АА   = ——————————-          х   (бастапқы құн – қалдық құн) 
Пайдаланатын жыл 
сандарының қосындысы

Станоктың пайдалану мерзімі 5 (бес) жыл деп алсақ, онда станоктың пайдаланатын жыл сандарының қосындысы 15-ке (он бес) тең, яғни (1+2+3+4+5). Бұл 15 саны кумулятивтік сан. Әр жыл үшін есептік көрсеркіш коэффициенті өзгеріп отырады, яғни 
бірінші жылы        5/15 
екінші жылы         4/15 
үшінші жылы        3/15 
төртінші жылы      2/15 
бесінші жылы        1/15 –ге тең болады. 
Станоктың бастапқы құны 2 000 000 (екі миллион) теңге, қалдық құны 200 000 (екі жүз) теңге болған жағдайда онығ амортизацияланатын аударым мөлшері 1 800 000 (бір миллион сегіз жүз мың) теңгені құрайды (2 000 000 — 200 000). Ал жылдық амортизациялық аударым мөлшері былайша анықталады: 
1-    жыл АА = 5/15 х (2 000 000 – 200 000) = 600 000 
2-    жыл АА = 4/15 х (2 000 000 – 200 000) = 480 000 
3-    жыл АА = 3/15 х (2 000 000 – 200 000) = 360 000 
4-    жыл АА = 2/15 х (2 000 000 – 200 000) = 240 000 
5-    жыл АА = 1/15 х (2 000 000 – 200 000) = 120 000 
Сандардың қосындысын, яғни кумулятивтік санын неғұрлым жылдам анықтап табу үшін мына формула қолданылады: 
N  х (N + 1) 
S=  ———————— 

мұндағы, 
S – сандардың қосындысы; 
N – негізгі құралдардың пайдалану мерзімі (жыл). 
Біздің кәсіпорынымыз бойынша 
5 х (5+1)         5 х 6              30 
S=  ————-  =  ———   =  ————- = 15 
2               2                    2 
егер негізгі құралдардың пайдалану мерзімі 10 жыл болатын болса, кумулятивтік сан 55-ке тең болады. 
10 х (10+1)         10 х 11              110 
S=  —————-  =  ———   =  ————- = 55 
2                      2                    2 
Кемімелі – қалдық әдісі. Бұл әдіс бойынша негізгі құралдарға амортизациялық аударым есептеу алдымен құнды біркелкі есептен шығару әдісімен жүргізіледі. Ол үшін негізгі құралдардың бастапқы құны онығ жұмыс істейтін мерзімінің, яғни пайдаланатын уақыт жылы санына бөлініп, әр есепті жылға тиісті амортизацияның пайызы анықталады. Бұл жерде бастапқы құнын 100% деп аламыз. Одан кейін табылған пайыз мөлшері (100% бөлінген пайдаланатын жылы) екі еселеніп, негізгі құралдардың бастапқы құнына емес, әр есепті жыл басындағы әлі амортизацияланбаған қалдық құнына, яғни баланстық құнына көбейтіледі. 
Осыған дейінгі әдістерде мысалға алынған станоктың амортизациялық аударымын осы әдіс бойынша есептейтін болсақ, төмендегідей көрсеткіштер табылады. Станоктың пайдалану мерзімі 5 (бес) жыл, сондықтан құнды біркелкі есептеп шығару әдісі бойынша жылдың амортизациялық аударым мөлшері 20% болады. Ал кемімелі-қалдық әдісі бойынша ол көрсеткіш екі еселеніп алынады, яғни 4% болады. Бұл белгіленген амортизациялық аударым мөлшерінің пайызы негізгі құралдардың әр есепті жылдың соңында қалған қалдық құнна көбейтіледі. Амортизациялық аударым сомасы тек негізгі құралдардың пайдалану мерзімінің ең соңғы жылында қалдық құнының сомасы қалатындай мөлшерде шектеліп,  өндіріс шығындарына қосылады. Ал басқа жылдарда өндіріс шығындарына қосылатын амортизациялық аударым сомаларына ешқандай шек қойылмайды. 
Кесте 7 — Кемімелі-қалдық әдісі бойынша негізгі құралдарға амортизациялық аударым есептеу кестесі 
Мерзімі    Бастапқы құны    Амортизацияның 
жылдық сомасы    Жинақталған 
тозу сомасы    Қалдық құны    Айға есептелген амортизация сомасы 
Сатып алынған кездегі 
1-ші ж/аяғында

Информация о работе Кәсіпорынның негізгі капиталын пайдалану тиімділігін талдау