Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Апреля 2012 в 19:43, дипломная работа

Описание работы

Қоғамда қаржылық талдау біреудің орынсыз тілегінен емес, өмірлік аса қа-жеттілік салдарынан туыңдады: салмақ, ұзындық өлшемін және есептеу жүргіз-бей, шаруашылық субъектінің мүліктік жағдайы мен оған әсер ететін себептер-ді білмей, табыс пен шығынды өзара салыстырмай, біріншісінің екіншісінен артық болуына қол жеткізбей шаруашылықты ойдағыдай жүргізу мүмкін емес.

Содержание

Кіріспе..................................................................................................................... 3-6
1-бөлім. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негіздері...................................................................................................................... 7
1.1. Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты....................... 7-16
1.2. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың
ақпараттық негізі................................................................................................. 17-31
1.3. Қаржылық жағдайды талдау әдістері......................................................... 32-38
2- бөлім. «Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясының қаржылық жағдайын талдау.................................................................................................... 39
2.1. «Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясының
жалпы сипаттамасы............................................................................................. 39-40
2.2. Кәсіпорынның мүліктік жағдайын талдау................................................. 41-45
2.3. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау............................................... 46-51
2.4. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау..................................... 52-59
2.5. Кәсіпорынның табыстылығын талдау........................................................ 60-64
2.6. Кәсіпорын қызметінің іскерлік белсенділігін талдау............................... 65-70
3-бөлім. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдірудің негізгі бағыттары........................................................................................................... 71-75
3.1. Кәсіпорынның активтерінің өтімділігі мен
төлем қабілеттілігін арттыру.............................................................................. 76-79
3.2 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы мен
іскерлік белсенділігін арттыру.......................................................................... 80-83
3.3. Кәсіпорынның табыстылығын арттыру..................................................... 84-85
Қорытынды........................................................................................................ 86-88
Қолданылған әдебиеттер тізімі....................................................................... 89-94
Қосымшалар......................................................................................................... 91-9

Работа содержит 1 файл

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау.doc

— 799.00 Кб (Скачать)

   Мк - меншікті капитал;                                                                                                                      

   Ак - авансталған капитал (баланс валютасы жиыны, яғни қаржыландырудың жалпы сомасы).                                                                                                               

   Бұл коэффициенттің өсуі кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігі жоғары екен-дігін көрсетсе, алдағы уақытта қаржылық қиындықтардың азаятындығын көр-сетеді.                                                                                                                            

   Батыс экономистері тәуелсіздік коэффициентінің  неғұрлым жоғары деңгейде болғаны дұрыс деп санайды. Себебі бұл қаржы көздерінің тұрақты құрылымын сақтауға мүмкіндік береді. Инвесторлар, несие берушілер дәл осындай құры-лымды таңдайды, себебі ол кәсіпорынға өздерінің міндеттемелерінің кепілдігін жоғарылатады. Неғұрлым кәсіпорынның қаражаты көп болса, соғұрлым үздік-сіз жұмыс қамтамасыз етіліп, нарық жағдайында алға шығуға көмектеседі. Сон-дықтан кәсіпкерлер әр түрлі резервтерді құру жолымен және жарғылық қорға бөлінбеген табысты тікелей қосу арқылы өзіндік капиталды көбейтуге тырыса-ды.                                                                                                

   Қаржылық  талдаудан кітаптардың бірқатар авторлары инвесторлар мен не-сие берушілерді қамтамасыз ететін, меншікті капиталдың оның жалпы сомасы-на қатынасының ең аз мәні 0,6 болып табылады деп есептейді [21,22].                        

   А.Д.Шеремет, А.М.Ковалев; В.П.Привалов, О.В.Ефимова және тағы басқа-лар бұл көрсеткіштің 0,5 деңгейдегі мәні кәсіпорынның барлық міндеттемеле-рін өз қаражатымен жабуды қамтамасыз ете алатын ең теменгі көрсеткіш бола алады [2,18,6] деп санайды.                                                                                            

   АҚШ және Еуропа елдерінде тәуелсіздік  коэффиентінің жоғары жетерлік деңгейі  болып, 0,5-0,6 тең болатын меншікті капиталдың баланс валютасына қатынасы саналады. Бұл жағдайда несие берушілердің тәуекелдігі төмен бола-ды: өз қаражаттарынан қалыптастырылған мүліктің жартысын сатып (қарызға алынған каражаттар салынған, екінші жартысы кейбір себептермен құнсыздан-ған болса да), кәсіпорын өзінің қарыз міндеттемелерін жабуына болады.                                                                                                            

   Жабдықтаушылар  мен сатып алушылар арасындағы келісім-шарттық міндет-темелер қатаң сақталатын және фирманың атағына үлкен мән берілген нарық-тық экономикасы дамыған елдерде тәуелсіздік коэффициентіне мұндай жоғары талаптарды қоймайды (Жапонияда оны 0,2-ге дейін төмендетуге болады).                                                                                                                   

   Жоғарыда  келтірілген меншіктік коэффициентін 0,5-0,6 деңгейінде шектеуді орындау,  қарызға берушілер үшін ғана емес, кәсіпорынның өзіне де маңызды. Сонтықтан талдаушыға, қаражат көздерін орналастырудың тиімділігін белгі-леуге мүмкіндік беретін, құрылымына зерттеу жүргізіп баға беру қажет. Нарық жағдайында ол акпарат ішкі және сыртқы пайдаланушылармен жүзеге асыры-лады.

   Ақпаратты сыртқы пайдаланушылар, мысалы, банктер, несие берушілер сыртқы пайдаланушылар, мысалы, банктер, несие берушілер капиталдың аванс-талынған капиталдың жалпы сомасындағы үлесінің өзгеруін, келісім-шарттарға отырған кездегі қаржылық тәуекелдік жағынан баға береді. Меншіктік капитал-дың үлесі төмендегенде тәуекелділік өседі. Кәсіпорын капиталының құрылы-мын зерттеу оларға кәсіпорын қызметінің кеңейгені немесе қысқарғаны жайлы айтуына мүмкіндік береді. Қысқа мерзімдік несиелердің төмендеуі және мен-шіктік капиталдың өсуі кәсіпорын қызметінің қыскарғанын көрсетеді. Бірақ бі-рыңғай мұндай қорытынды жасауға болмайды, себебі бұл қаражаттардың үлесі басқа факторлардың несие үшін және дивидендке пайыздық мөлшерлемелер әсерінен болуы мүмкін. Егер несие үшін пайыздық мөлшерлемелер дивидент-тердің мөлшерлемелерінен төмен болса, онда тартылған қаражаты өсірген дұ-рыс, ал егер керісінше болса, онда меншікті капиталды пайдаланған дұрыс.

   Әрине, авансталған капиталдың құрылымы жоғарыда қарастырылған жағ-дайларға тәуелді болады.                                                                                                             

   Каржылық  есеп берудің активтерінің қалыптасу көздерінің құрылымын зерт-теу үшін келесідей талдау 5-кестесі құрылады. 

   Кесте-5

   «Халлибуртон  Интернэшнл Инк.»  компаниясының авансталынған капиталының құрамы мен құрылуы.

   Көрсеткіштер Сомасы, мың тг.    Құрылымы, %    Өзгеріс (+;-)
     Жыл басында Жыл соңында Жыл басында Жыл соңында Мың тг. Үлес салмағы%
Меншікті  капитал                              
Жарғылық  капитал 13 395 13 395    3,63    3,72    0     
Қосымша капитал    223 375    223 375    60,49    62,09    0     
Резервтік капитал    3 225    3 225    0,87    0,90    0     
Бөлінбеген  табыс (жабылмаған зиян) 60 480 59 415    16,38    16,51 -1 065    -1,76
Жиыны    300 475    299 410    81,37    83,22 -1 065    -0,35
Ұзақ  мерзімді міндеттемелер    0    0    0,00    0,00    0     
Қысқы мерзімді міндеттемелер                              
Қысқы мерзімді несиелер және овердрафт 5 325 3 175 1,44 0,88 -2 150    -40,38
Кредитолық  борыш 44 325 41 835 12,00 11,63 -2 490    -5,62
Алдағы  кезең кірістері 3560 3 570 0,96 0,99 +10    +0,28
Баса  да несиелік борыштар 15 565 11 775 4,22 3,27 -3 790    -24,35
Жиыны 68 775 60 355 18,63 16,78 -8 420    -12,24
Барлығы 369 250 359 765 100,00 100,00 -9 485      2,57

   5-кестеден  кәсіпорынның есеп беру жылындағы  активтерінің қалыптасу көзі 9485 мың теңгеге немесе 2,57%-ға төмендегені көрініп тұр. Тәуелсіздік коэффи-циенті 0,814-ден 0,832-ге дейін немесе 0,018 пунктке өскен. Бұл кәсіпорынның қаржылық жағдайының (тұрақтылығының) аз да болса жақсарғанын көрсетеді. Бұны тәуелсіздік коэффициентіне кері көрсеткіш болып табылатын қатысты-рылған капиталдың  барлық авансталынған капиталдағы үлес салмағы да дәлел-дейді. Оны тәуелділік коэффициенті деуге де болады. Ол мына формулармен анықталады:

Кт = Қк:АК  немесе Кт = 1 - Ктс

   Мұндағы: Кт -   тәуелділік коэффициенті;                                                                          

   Қк -   қатыстырылған капитал;                                                                                             

   Ак  -  авансталған капитал (баланс валютасы, жиыны);                                                    

   Ктс- тәуелсіздік коэффициенті.                                                                                          

   Бұл коэффициент  авансталған  капиталдың  жалпы сомасындағы қарыздың

   үлесін сипаттайды.                                                                                                                              

   Бұл үлес жоғары болған сайын, кәсіпорынның сыртқы каржыландыру көзде-рінен тәуелділігі жоғарылайды. Біздің кәсіпорынымызда оның деңгейі жылдың басында 0,186 (1-0,814), ал жыл соңында 0,168 (1-0,832) болды.

     Келесі, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын меншікті ка-питалдың қатыстырылған капиталға қатынасын көрсететін қаржыландыру коэффициенті болып табылады.

Кқ = Мк:Қк

   Мұндағы: Кқ - қаржыландыру коэффициенті;                                                                 

   Мк - меншікті капитал;                                                                                                             

   Қк - қатыстырылған капитал.                                                                                           

   Бұл коэффициент жоғары болған сайын, соғұрлым банктер мен инвесторлар   қаржыландыруға соғұрлым сенімді кіріседі.                                                                 

   Бұл коэффициент кәсіпорын қызметінің қандай бөлігі өз қаражатымен, ал қандай бөлігі қарыз қаражатымен қаржыландырылатынын көрсетеді. Қаржы-ландыру коэффициенті <1 болатын жағдай (кәсіпорын мүлкінің көп бөлігі қарыз қаражатымен қалыптасқан) төлем қабілеттілігінің өте қауіпті жағдайға жеткендігін және несие алуды қиындатқанын көрсетеді. Біздің кәсіпорынымыз-да бұл көрсеткіш келесі берілгендермен сипатталады:              

жыл басында – 4,37 (300475:68775);

жыл аяғында  – 4,96 (299410:60355).                                                                            

   Батыс фирмаларында қаржыландыру коэффициентінің кері көрсеткіші кеңі-нен қолданылады, қатыстырылған капиталдың меншіктік капиталға қатынасы-мен анықталатын қарыз және меншікті қаражаттар қатынасының коэффициен-ті:

Кқ/м = Қк:Мк

   Мұндағы: Кқ/м - қарыз және меншікті қаражаттар қатынасының коэффициенті;                                                                                                                      

   Қк - қатыстырылған капитал;                                                                                                    

   Мк-меншікті капитал.                                                                                                                            

   Бұл коэффициент кәсіпорын активтеріне салынған меншікті қаражаттың әр-бір теңгесіне қанша қарыз қаражатын тартқанын көрсетеді. Біздің кәсіпорыны-мызда бұл көрсеткіш келесі берілгендермен сипатталады:            

жыл басында - 0,23 (68775: 300475);                                                                    

жыл аяғында - 0,2 (60355: 299410).                                                                                 

   Бұның мәні кәсіпорын есеп беру кезеңінің басында активтерге салынған меншіктік қаражаттардың  әрбір теңгесіне қарыз қаражатының 23 тиынын тарт-қанын дәлелдейді. Есеп беру кезеңінің ішінде қарыз қаражаттары меншіктік са-лымдардың әрбір теңгесіне 20 тиынға дейін азайған.                    

   Арнайы  әдебиеттерде [2, 10] бұл көрсеткіш үшін қалыпты шектеу: Ккм<1. Егер оның мәні  1-ден асып кетсе, онда кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігі мен тұрақтылығы қауіпті нүктеге (жағдайға) жетеді, бірақ жауап әр уақытта бір жақты бола бермейді. Қарыз және меншікті қаражаттар қатынасының коэффи-циенті салалы ерекшеліктерге, кәсіпорынның  шаруашылық қызметінің сипаты-на және айналым қаражатының айналу жылдамдығына байланысты болады. Материалдық айналым қаражатының айналымдылығының жоғары көрсеткіш-тері және дебиторлық борыштың одан да жоғары айналымдылығы кезінде коэффициенттің қауіпті мәні бірден де асып кетуі мүмкін, ол сонда да кәсіпо-рынның қаржылық дербестігіне ешқандай әсерін тигізбейді. Кәсіпорынның ең төменгі қаржылық тұрақтылығын сақтау үшін бұл коэффициент ағымдағы және ұзақ мерзімді активтердің қатынас коэффициентінің мәнімен шектелуі қажет [10].                                           

   Кәсіпорынның  тәуелсіздік (дербестік) дәрежесін сипаттайтын ең бір маңыз-ды көрсеткіштердің бірі қаржылық тұрақтылық коэффициенті болып табылады немесе оны басқаша инвестицияларды жабу коэффициенті деп атайды. Ол мен-шікті және ұзақ мерзімді қарыз капиталының жалпы (авансталған) капиталдағы үлесін сипаттайды және мына формуламен анықталады:

Кқт=( Мк  + ҰМ ) / Ак                                                                                                  

   Мұндағы: Кқт - қаржылық тұрақтылық коэффициенті;                                                       

   ҰМ - ұзақ мерзімді міндеттемелер;                                                                                    

   Ак -  авансталған капитал (баланс валютасы, жиыны);                                                                                                                                       

   Бұл дербестік коэффициентімен салыстырғанда анағұрлым жұмсақ көрсет-кіш. Батыс тәжірибесінде бұл коэффициенттің қалыпты мәні 0,9-ға тең болуы керек ал оның 0,75-тен төмендеуі қауіпті [6]. Біздің кәсіпорынымызда бұл көр-сеткіштің мәні ұзақ мерзімді міндеттемелердің жоқтығына байланысты тәуел-сіздік коэффициентінің мәніне тең.:                                                                                   

жыл басында - 0,814 ((300475+0):369250);                                                                   

жыл аяғында - 0,832 ((299410+0):359765).                                                                                             

   Капиталдың  құрылымын қалыптастырудың тиімділігін (қолайлылығын) анықтау үшін жоғарыда келтірілген көрсеткіштермен қатар инвестициалау коэффициентінде қолдану ұсынылады. Ол батыс фирмаларында кеңінен қол-данылады және меншікті капиталдың негізгі құралдарға қатынасымен анықта-лады.

Ки=Мк / Нк                                                                                                  

   Мұндағы: Ки - инвестициялық коэффициенті;      

   Мк  – меншікті капитал;                                                                                                                       

Информация о работе Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау