Кәсіпорындағы табыстың құрастырылуы және үлестірілуі

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2012 в 11:19, реферат

Описание работы

Бәсекелестік ортада кәсіпорынның қаржы менеджменті оның нарықтық және өндірістік стратегиясын анықтайтын басқару қызметінің басты буыны болып табылады. Осы жағдайға байланысты қаржы менеджменті кәсіпорынның өндірістік барысы қаржы ресурстарымен қажетті көлемде қамтамасыз етілуін, тартылған қаржы ресурстарын өндіріске тиімді орналастырылуын, өндірілген өнімнің шығындарын барынша азайтуды, нәтижесінде кәсіпкерлік қызметтен табыс алуды қамтамасыз етуге байланысты міндеттерді атқарады.

Работа содержит 1 файл

кәсіпорын табыс қалыптастыру .doc

— 128.00 Кб (Скачать)

Табысты үлестірудің  негізгі принциптері келесілер:

  • кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық, қаржылық және инвестициялық қызметтерден алынған табысы шаруашылық субъектісі ретінде мемлекет пен кәсіпорын арасында бөлінеді;
  • мемлекет қазынасына түсетін табыстың бөлігі салықтар және алымдар ретінде мемлекеттік бюджетке түседі. Салықтардың құрамы, мөлшерлемелері және сәйкес деңгейдегі бюджеттердің есебіне түсу тәртібі заңды түрде белгіленеді;
  • салықтардан кейін шаруашылық субъектінің қарамағында қалатын табыс мөлшері өндіріс көлемінің арттыруға және өндірістік-шаруашылық, қаржылық, инвестициялық қызметінің жақсаруына, сонымен қатар, кәсіпорынның қаржы қызметінің жақсаруына мүдделілігін арттыруға жетерліктей болуы керек;
  • шаруашылық субъектінің қарамағында қалатын табыс әуелі кәсіпорынның әрі қарай дамуын қамтамасыз ететін қорларға, ал қалған бөлігі тек тұтыну қорларына кетеді.

Кәсіпорын қарамағында  қалатын табыс (таза табыс) екі бөлікке  бөлінеді. Бірінші бөлігі тұтыну қорларына, екінші бөлігі жинақтау қорларына бағытталады.

Тұтыну қорларына бағытында  қолданылатын табыс кәсіпорынның мүлкін арттыру мақсатында өндірістік активтерді, жаңа технологияларды енгізуге, сондай-ақ, қосымша еңбек ресурстарын тартуға жұмсалады. Кәсіпорынның капиталын ұлғайтуға орналастырылған табыс өндірілген өнімнің көлемін арттыруға, өнімнің өзіндік құнын төмендетуге, түптеп келгенде шаруашылық субъектінің келешектегі әлуетті (потенциалды) табыстылығын арттырудың алғы шарты болып табылады.

Сондай-ақ, табыс тек  өндіріс процессіне орналастырылып қана қоймай, сонымен қатар, жұмысшылар мен қызметкерлердің әлеуметтік мұқтаждықтарын қамтамасыз етуге, олардың біліктілігі мен жауапкершілігін арттыруға, оларға қосымша сыйақылар төлеуге, басқа да әлеуметтік сала объектілерін қаржыландыруға жұмсалады. Бұл, өз кезегінде, қызметкерлер тарапынан еңбекке деген ынтасын арттыруға септігін тигізеді.

Жинақталу қорларына  бағытталатын табыс алуан түрлі  қосымша қорларды қалыптастыруға жұмсалады: әлеуметтік сақтандыру қоры, резервтік  қорлар, экологиялық қор және тағы да басқа қорлар.

                                               Қорытынды

 

Табыстың экономикалық мәні бүгінгі  экономикалық ілімдердің ең бір күрделі және әрқилы ұғымдарының бірі болып табылады. Экономикалық көзқарас бойынша табыс дегеніміз – бұл ақша шығыстары мен кірістерінің айырмасы болып табылады. Шаруашылық тұрғыдан қарастыратын болсақ, табыс – бұл кәсіпорынның есепті кезеңнің басындағы және соңындағы мүліктік жағдайының айырмасы болып табылады. Бұл жерде табыс ұғымы кәсіпорынның өзінің қаржылық-шаруашылық қызметінен алатын алуан түрлі табыстарының шығындар көлемінен басым болатын жағдайын білдіреді.

Белгілі бір шығындар шығармай әдетте қажетті табыс алу әсте мүмкін емес. Өз кезегінде, табыс алмай кәсіпорынның дамуын жүзеге асыру және әлеуметтік мәселелерді шешу мүмкін емес. Осы  орайда табыстың кәсіпорын қызметіндегі, сонымен қатар қоғам өміріндегі ролі маңызды болып табылады.

Нарықтық жағдайларды табыстың ролі айтарлықтай өсті.

Нарықтық экономикада кәсіпорын  табысының ролі оның атқаратын функцияларымен анықталады. Экономикалық нарықтық қатынастардың  маңызды категориясы ретінде ретінде табыс бірқатар маңызды функцияларды атқарады.

Біріншіден, табыс кәсіпорын қызметінің тиімділігін білдіретін көрсеткіш  болып табылады. Басқаша айтар  болсақ, кәсіпорынның табыстылығы деген  деректің өзі оның қызметінің тиімділігінің  айғағы болып табылады.

Екіншіден, табыс ынталандырушы  функция қызмет атқарады.

Табыс – меншікті капитал өсімінің бірден-бір көзі. Нарықтық қатынастар жағдайларында акционерлер мен  қаржы менеджерлері, кәсіпорын қарамағында  қалатын табыс мөлшеріне икемделе отырып, кәсіпорынның даму перспективаларына сәйкес дивидендтік және инвестициялық саясаттар бойынша шешімдер қабылдайды.

Нарықтық экономикада табыс - өндірістік активтердің және өндірілетін өнімнің  қозғаушы күші болып табылады.

Тағы да айта кететін жағдай –  табыс кәсіпорын жұмысшыларының әлеуметтік игіліктерінің көзі болып табылады. Салықтарды, дивидендтерді және басқа да бірінші кезектегі төлемдерді өтегеннен кейін кәсіпорын қарамағында қалатын табыс жұмысшыларға материалдық жәрдемақы төлеуге, оларға әлеуметтік жеңілдіктер жасауға, әлеуметтік сала объектілерін қаржыландыруға жұмсалады.

Үшіншіден, табыс мемлекеттік бюджет қаражаттарының қалыптасу көзі болып  табылады. Табыс мемлекеттік бюджет қазынасына салықтар түрінде, сондай-ақ экономикалық санкциялар түрінде түседі. Бұл қаражаттар, өз кезегінде, бюджеттің шығыстық баптарымен қарастырылған және заңды түрде бекітілген мақсаттарына бағытталады.

Нарықтық экономика  жағдайында кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметінің негізгі және түпкі мақсаты  табыс алу болғандықтан, барлық назарды осы көрсеткішке аудару керек.

Табыстылықтың негізгі көрсеткіштеріне  нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның қаржылық қызмет жасау, қаржыландыру көздерін ынталандыру және оларды тиімді пайдалану  секілді мүмкіндіктерін анықтайтын, осы кәсіпорын қызметінің тиімділігін (рентабельділігін) сипаттайтын көрсеткіштері жатады.

кәсіпорынның табыстылық деңгейінің өзгеруіне әсер етуші негізгі  факторларғ келесілер жатады:

  1. өткізілген өнімнің табыстылық деңгейі;
  2. жалпы активтердің айналымдылығы.

Кәсіпорын табысын қамтамасыз ету барысында оның қандай факторлардың есебінен артатынын немесе азаятынын  анықтау қажет. Жоғарыда біз табыстың өткізілген өнімнің көлемінен тәуелді  екенін қарастырған болатынбыз. Өнімнің  өзіндік құнында тұрақты шығындардың  үлесі басым болса, өнімді өткізу көлемінің артуы табыстың өсуіне алып келеді. Сонымен қатар, табыс тауардың бағасы мен өзіндік құнының айырмасы ретінде анықталатындықтан, табыс көлеміне бағалардың өсуі мен өзіндік құнның төмендеуі де әсер етеді.

Кәсіпорындардың қазіргі таңдағы табысты арттырудың бірден-бір әдісі - өндірістік шығындарды төмендету болып табылады. Кәсіпкерлік қызмет тәжірибесінде өзіндік құнды төмендетудің алуан түрлі тәсілдері қолданылады.

Бәсекелстік күрестің күшеюі кезінде бағаны төмендету арқылы сатылым көлемін арттыруға кәсіпорындардың қабілеттері жетпейді, өйткені жұмыс тиімсіз бола бастайды. Табыстылықты қамтамасыз ету үшін кәсіпорындар бағаны шығындардың төмендеуіне сәйкес төментетулері тиіс немесе нарықта үлкен сұраныстарға ие бола алатын басқа тауарды өндіруге күш салулары қажет. Осы факторды ескере отырып, кәсіпорындар өнімнің жаңа түрлерін игеруге табыс көлемінің барынша артқан кезінде кірісулері керек. Бұл ескі тауардың рентабельділігінің төмендеуі басталған мезетте жаңа өнімді шығару залалсыздық нүктесіне жетіп үлгеруіне жағдай жасайды.

Мұндай стратегия кәсіпорындардың  қол жеткізген табыстылық деңгейін сақтап қалуға және қолайлы нарықтық жағдайларда бұл көрсеткішті  барынша арттыруға мүмкіндіктер береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                  Қолданылған әдебиеттер тізімі:

 

 

  1. Қазақстан Республикасының 1995-жылдың 26-желтоқсанындағы «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» №2732 Заңы

 

  1. Балабанов И.Т., «Основы финансового менеджмента», Москва – 1998

 

  1. Дүйсенбаев К.Ш., «Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау»,       Алматы – 2001

 

  1. Жуйриков К.К., «Финансовые риски и как они влияют на прибыль», Банки Казахстана, 2007, №2

 

  1. Ковалева А.М., «Финансы фирмы», Москва – 2002

     Колчина Н.В., Поляк Г.Б., «Финансы предприятий», Москва – 2003




Информация о работе Кәсіпорындағы табыстың құрастырылуы және үлестірілуі