Автор: i******@yandex.ru, 25 Ноября 2011 в 11:12, реферат
Экономика — бұл тауарлар мен қызмет көрсетулерді өндіру, бөлу, сату және пайдалану жөніндегі қоғамдық ғылым, яғни адам қызметінің саласы болып, адамдардың қажеттілігін қанағаттандыруға қызмет етеді және барлық экономикалық ғылымдардың жалпы объектісі болып табылады. Шаруашылық өміріндегі көкейтесті, ең маңызды процестерді танып білу және реттеу бағытында көптеген экономикалық ғылымдардың ішінде теориялық және қолданбалы экономиканы бөлуге болады. Осылардың жиынтығын қысқаша «Қазақстандағы экономика», ал батыста — «Экономикс» деп атайды.
Кәсіпорындардың қызметі н қаржыландырудың ерекшеліктері
Экономика — бұл тауарлар мен қызмет көрсетулерді өндіру, бөлу, сату және пайдалану жөніндегі қоғамдық ғылым, яғни адам қызметінің саласы болып, адамдардың қажеттілігін қанағаттандыруға қызмет етеді және барлық экономикалық ғылымдардың жалпы объектісі болып табылады. Шаруашылық өміріндегі көкейтесті, ең маңызды процестерді танып білу және реттеу бағытында көптеген экономикалық ғылымдардың ішінде теориялық және қолданбалы экономиканы бөлуге болады. Осылардың жиынтығын қысқаша «Қазақстандағы экономика», ал батыста — «Экономикс» деп атайды.
Теориялық және қолданбалы экономиканың негізі болып саналатындар:
• экономикалық дамуды зерттеу;
• жалпы халық шаруашылығы саласының жұмыс істеуін және жекелеген кәсіпорындарды (фирмаларды) зерттеу;
• экономикалық саясаттың негізгі принциптерін алдын ала әзірлеу.
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорын шаруашылықты жүргізудегі негізгі объективті буынға айналады. Мәселе мынада, рыноктық сұранысты еске ала отырып, кәсіпорын тек өнім өндіріп ғана қоймай, сонымен қатар халықты жұмыспен қамту, жаңадан жұмыс орындарын ашу, еңбек қорларын есептеу т.б. жұмыстарды іске асырған жөн.
Өндіріс, кәсіпорынның барлық жұмыс қызметін сипаттау және түсіндіру — «Кәсіпорын экономикасы» пәнін зерделеу болып табылады. Өндірістік қызметтердің заңдылығын түсіну негізінде нақтылы өңдірістік мақсаттарды іске асыруда шаруашылық әдістерін әзірлеуге мүмкіндік туады.
Кәсіпорын экономикасының даму негізінде қоғамдық өндірістің дамуына объективті экономикалық заңдар жатады. Кез келген ұйымдастырушылық деңгейде экономиканы басқару — бұл экономикалық заңдардың талабына сай өндірістің қызмет етуі.
Қазіргі кезде кәсіпорынның мәртебесі, оны құрудың тәртібі мен жойылуы, мүлікті пайдалану, шаруашылық жүргізу, экономикалық және әлеуметтік қызметтер, кәсіпорынның мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен қатынасы негізінде ұлттық заңдармен реттеледі.
«Кәсіпорын экономикасы» бағамын зерделеуде, оның негізгі міндетін тұжырымдау қажет. Олар анықталатын екі ережемен еріксіз қабылданады және оның мәні мынада:
• кәсіпорын меншік нысанына және салалық құрамында болуына қарамастан бірінші буыны халық шаруашылығының экономикалық негізі болып табылады, ақырғы соңында кәсіпорынның тиімді жұмыс істеу деңгейі жалпы халық шаруашылығының даму деңгейі мен халықтың әл-ауқатының деңгейіне байланысты болады;
• нарықтық экономикаға өту бұрыннан әрекет еткен шаруашылық тетігін жан-жақты қарастыруды, оның құрылымына жаңа нысандар енгізуді, атап айтқанда, кәсіпкерлік, бәсеке, бизнес-жоспар, еңбек мотивациясы, салық салу, т.б. қажет етеді. Осыған сәйкес пәннің негізгі мақсаты мына төмендегілерден тұрады:
• кәсіпорындарда әрекет ететін шаруашылық тетіктерінің негізгі элементтерін қарау;
• алдын ала анықтайтын нарықтық экономиканың талаптарына сай шаруашылық жүргізудің жаңа нысандары мен әдістерін кеңінен енгізу;
• меншіктің әр түрлі нысандарындағы кәсіпорын экономикасы мен ұйымдастырудың ерекшеліктерін зерделеу;
Кәсіпорын экономикасы және басқа да экономикалық ғылымдармен байланысты.
Қайбір кәсіпорын болмасын өзінен-өзі тіршілік ете алмайды, ол жалпы зкономикамен тікелей байланысты, бірінші жағынан — өндіріс факторы рыногы, екінші жағынан — өткізу рыногы арқылы. Сондықтан да кәсіпорын экономикасы жеке кәсіпорындардың басқа шаруашылық құрылымдарымен қатынасатын рынокпен зерделеуге тиіс Сонымен ол шаруашылық процесін ретіндегі қарайды.
Кәсіпорын экономикасы микро және макроэкономикамен тығыз байланысты. Микроэкономика — бұл сала, кәсіпорындар, отбасылар, яғни жекелеген экономикалық құбылыстарды қамтитын зкономкалық ғылымның бір бөлігі. Осы салалардағы тауарлар және қаржы рыноктарын, банкілерді, түрлі фирмалар мен кәсіпорындарды, тағы басқаларды зерттейді. Микроэкономика сол сияқты жекелеген тауарларды өндірудің көлемін талай тағайындайтынын және олардың бағаларын, халықтың жинақ ақшаларына салықтар қалай ықпал ететінін, т.б. зерделейді Ол кәсіпкерлік қызметінің экономикасы мен ұйымдастыру мәселелерін де зерттейді. Бұған жататындар: бизнестің ұйымдық нысаны және құқықтың негізі, фирмалардың қаржы және шаруашылық мәселелерін жоспарлау, бизнестің дамуы үшін капиталды жұмылдыру тәсілі, рынокты монополиялау деңгейін бағалау әдісі, баға белгілеу мәселесі және өнімдерді сатудағы өндіріс шығындарын есептеу, т.б.
Микроэкономикалық талдау тек жеке кәсіпорынға ғана тиісті емес, сонымен бірге жеке кәсіпорынның рыноктағы ықпалын және ақиқатында, кәсіпорын деңгейіндегі экономиканы және өндірісті ұйымдастыруды зерттеу
болып табылады.
Макроэкономика — бұл экономиканы бірыңғай тұтас ретінде қарайды және сұраныс пен ұсыныстың жиынтық процестерін қалыптастыруды зерттейді. Мұнда сұраныс - белгілі баға бойынша тұтынушылар сатып алудағы дайын тауар саны, ал ұсыныс — бұл тауарды және қызмет көрсетуді жеткізу.
Макроэкономика, сол сияқты ұлттық табысты, жалпы өнімді зерттейді, үкіметтің бюджет саясатының ұлттық банкінің ақша саясатының экономиканы дамытуға ықпалын, инфляцияны, жұмыссыздық деңгейін және т.б. талдайды.
Макроэкономикалық талдау деңгейі жалпы экономика бойынша немесе олардың құрамдық бөліктері ұлттық экономиканың салаларына жатады. Бұл салаларды зерделей отырып, макроэкономика экономика кұрылымының жалпы көрінісін және халық шаруашылығының салалар арасындағы өзара қатынастарын көрсетуге өзінің алдына мақсат етіп қояды.
Әр елдің ұлттық экономикасы макроэкономика деп аталады. Қазақтың макроэкономикасы аралас экономика болып табылады. Аралас экономикада экономикалық механизмдер кеңінен пайдаланылады, себебі мемлекеттік емес кәсіпорындарды макродәрежеде басқару қажеттілігі және микродеңгейде ұйымдастыру және басқару рөлінің өзгеруі экономикалық механизмін кеңінен пайдалануды талап етеді. Өйткені, аралас экономикада өндірістің өнім көлемін жоспарлау арқылы мемлекет белгілей алмайды. Қанша, қандай және қайда қызмет көрсету қажеттілігін рынок анықтайды.
Сонымен, кәсіпорын экономикасы дербес экономикалық пән болып табылады, пәннің мән-мағынасын зерделеу кәсіпорынның іс-әрекетін, әзірлеу процесін және шаруашылық шешімдерін қабылдау.
Шағын кәсіпорынның ел экономикасындағы рөлі аса үлкен. Біздің республикада шағын кәсіпкерліктің үлесі қазіргі кезде 90%-ке жетеді.
2000 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша республикадағы 372 мыңнан астам шағын кәсіпкерлік субъектісі тіркеліп, олардың ішіндегі жұмыс істейтіндері — 329,1 мың болды. Шағын кәсіпкерлік саласында жұмыспен қамтылғандардың саны — 1,4 млн. адамды құрайды.
Шағын бизнес өкілдері 2000 жыл ішінде 532,6 млрд. теңгенің өнімін өндірді және қызмет көрсетті. 1999 жылы олар бюджетке төленетін төлем 33,7 млрд. теңге құраса, 2000 жылы — 45,9 млрд. теңгеге жетті.
Қазақстан
Республикасы Президентінің 2001 жылғы
7 мамырдағы Жарлығымен Қазақстан Республикасында
«Шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың
2001—2002 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы» бекітілді. Оның басты мақсаты
шағын кәсіпкерліктің өндірістік саласының
серпінді дамуын қамтамасыз ететін мемлекеттік
қолдау саясатын жетілдіру болып табылады.
Бағдарламаның міндеттері оның мақсатымен айкындалған және олар мыналар:
Шағын
кәсіпорындардың ең басты маңыздылығы
— бұл әлеуметтік аспектілігінде.
Өзінің құрылуымен шағын кәсіпорындар
жұмыс орындарын көбейтуге
Сонымен, жоғарыда
баяндалғандай экономиканың жаңа
жағдайындағы рынокқа өтуінде
шағын кәсіпорындар «жанама»
өнім ретінде болмайды.
Олар еліміздің ажырамайтын
саяси-экономикалық жүйенің бөлігі
болып табылады. Біріншіден,
нарықтық қатынастардың
тұрақтылығы, солай болғандықтан, халықтың
көптеген бөлігі осы қатынастар
жүйесінде тартылады; екіншіден,
рыноктық жағдайда олар қажетті
икемділікті қамтамасыз етеді, терең
мамандандыруда іске асыруды
және өндірісті тармақтанған
корпорацияға айналдырады. Онсыз оның
экономикалық тиімділігінің
болуы мүмкін емес. Нәтижесінде,
бұл шаруашылық дамуының және ұлттық экономиканың
серпінді өсуіне үлкен
Кәсіпорынның қызметін қаржыландыру
1.Кәсіпорынның
қызметі мемлекеттік тапсырысты бөлек
көрсете отырып, мемлекеттік басқару органының
бекіткен смета бойынша жеке кірісінің
есебінен қаржыландырылады.
2.Кәсіпорынның
сметадан тыс алынған кірістері республикалық
бюджетке аударылуға жатады.
3.Кәсіпорын
шығаратын және өткізетін тауарлардың
жұмыстардың, қызметтердің бағаларын
мемлекеттік басқару органы белгілейді
Кәсіпорынның монополды өндіретін тауарларының
/жұмыстарының, қызметтерінің бағаларының
өсуіне жол бермеу мақсатында оларды мемлекеттік
реттеуді бағалар мен тарифтерді реттеу
жөніндегі орталық атқарушы органмен
келісе отырып мемлекеттік басқару органы
жүргізеді
Ұзақ және қысқа мерзімді капитал қажеттігі анықтлған соң қаржыландырудың мүмкін нұсқаларын қарап көру керек. Ол үшін қаржыландырудың мүмкін қателіктерін негізге алу қажет.
Қаржыландырудың мүмкін қателіктері
Кәсіпорындардың
өзін - өзі қаржыландырудың сипаты
мен мәні
Кәсіпорынның өзін-өзі қаржыландыруы — нарықтық экономика жағдайында кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің табысты болуының міндетті шарты. Бұл қағидат өнім өндіру мен кәсіпорынның өндірістік-техникалық базасын ұлғайту жөніндегі шығындардың толық өтелуіне негізделеді, ол әрбір кәсіпорын өзінің ағымдағы және күрделі шығындарын меншікті көздері есебінен жауып отыратындығын білдіреді. Қаражаттардың уақытша жетіспеушілігі кезінде оған деген қажеттілік банктің қысқа мерзімді кредиттері мен коммерциялық несие есебінен (ағымдағы шығындарға пайдаланылады) және ұзақ мерзімді кредиттер есебінен (күрделі жұмсалымға пайдаланылады) қамтамасыз етілуі мүмкін, олар кәсіпорынның қарамағында қалатын пайданың есебінен өтелінеді.
Нарықтық экономика мен жекешелендіру процестерінің дамуы жағдайында өзін-өзі қаржыландыру қағидатын қамтамасыз етуге акционерлік капиталды, бағалы қағаздар бойынша дивидендтер мен пайыздарды, қаржы операцияларынан алынған табысты (пайданы) пайдалану арқылы қол жетеді.