Кәсіпорындардың инвестициялық іс-әрекеттері

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Января 2014 в 18:14, курсовая работа

Описание работы

Экономика құрлымын реформалау Қазақстанның қазіргі және келешек мүмкіндіктерін ескере отырып, кезең-кезеңімен мемлекеттік инвестициялық саясат негізінде жүзеге асырылады.Жинақталған қорлану деңгейінің жеткіліксіздігін, қозғалыстағы нарық капиталының болмауы, қаржы-несиелік ресурстарының шектеулігі инвестициялық саясат сипатын және оның іске асырылуының кезеңдігін қатаң түрде алдын-ала анықтайды.
Bнвестициялық саясаттың бастапқы кезеңдеріне тоқталатын болсақ онда мынадай міндеттер қойылған болатын.

Содержание

1 Кіріспе................................................................................................3 I бөлім. Кәсіпорындардың инвестициялық іс-әрекеттері.
1.1 Инвеститциялардың маңызы,мәні және түрлері.........5
1.2 Қаржы инвеститциялары ..............................................8
1.3 Инвестициялардың тиімділігін бағалау......................11
II бөлім. Қазақстандағы тікелей инвестицияларды мемлекеттік
қолдау.
2.1 Қазақстандағы тікелей инвестицияларды мемлекеттік
қолдау.........................................................................................16
2.2 Мемлекеттің инвестициялық қызметін жүзеге асыру және
оның маңызды мәселелері.........................................................18
III бөлім.Республикадағы инвестициялық процестерді басқару.
3.1 Қазақстандағы инвестицияны басқару ерекшеліктері.....21
3.2 Қазақстандағы инвестицияларды мемлекеттік
басқару жүйесі...........................................................................22
3.3 Мемлекттің құрылымдық инвестициялық саясатын
қалыптастыру негіздері...........................................................25
2. Қортынды....................................................................................32
Пайдаланған әдебиеттер..............................................................34

Работа содержит 1 файл

Копия 114.doc

— 213.50 Кб (Скачать)

      Әдетте инвесторлар компанияның капиталына қатысу үшін бағалы қағаздарды-акцияларды сатып алады.

      Акция-акционерлік қоғамдар, кәсіпорындар ,ұйымдар,банкілер,кооперативтер шығаратын,осы қоғамдарды және т.б дамыту мақсатымен акция иесінің қаржы қосқандығын растайтын және оған пайданың бір бөлігін дивиденд түрінде  алуға құқық беретін бағалы қағаздың түрі.Акция шығару арқылы акционерлік қоғамдар ірі инвестицилық жобаларды тақарады.Акциялар эмиссиясы-дегеніміз акционерлік қоғамдарды құру, мемлекеттік кәсіпорындарды сатып алу,компанияның жарғы капиталын көбейту.

       Қарыздық міндеттемелер инвестор мен қарыз алушының арасындағы қарым-қатынасты нақтайды.Қарыздық міндеттемелерге-облигациялар, мемлекеттік заемдар,банкілердің депозиттік және сақтау сертификаты, вексельдер жатады.

       Туынды бағалы қағаздар иелерінің акцияларды және қарыздық міндеттемелерді сатып алуға және сатуға құқығын бекітеді.Олар –опциондар,фъючерстік келісімдер.

       Опцион –еңбек ұжымының мүшелеріне тегін берілген немесе жеңілдік шартымен сатылатын және кейіннен жазылым құқығын беретін бағалы қағаздар.

       Қаржылық фьчерс –белгілі бір базистік активті болашақта тіркелген бағамен сатуға және сатып алуға жасалған келісім.

       Бағалы қағаздардың иелеріне акциялар мен облигациялардың орнына берілетін бағалы қағаздардың сертификаттары бағалы қағаз болып есептелмейді. Олар бағалы қағаздарды сатып алу туралы куәліктің қызметін атқарады және бұл сертификаттарда қанша көлемде, қандай бағамен , қандай сомаға бағалы қағаз сатып алынғаны көрсетіледі.

     Сертификаттың бір түріне –жамбо –сертификат немесе номиналдық құны өте жоғары аса ірі сертификат жатады. Мысалы:Швеицарлық жамбо –сертификат аса ірі акцияларды (1000 дана ) біріктіреді де, сомасы  наминал бойынша 100 мың швейцарлық франк болады.

      Ақшаларды акцияларға, облигацияларға және басқада да бағалы қағаздарға айналдыру қаржылық инвестициялар деп аталады. Кәсіпорын активтерінде ұзақ мерзімді (1 жылдан көп), қысқа мерзімді(1 жылдан аз)қаржылық инвестициялар болады.Көрсетілген активтерге қаражат құюшылар –инвестролар,ал бағалы қағаздар шығарушылар –элименттер деп аталады.

Инвесторлардың негізгі мақсаттарына жататындар:

-Салымдардың қауіпсіздігі;

-Салымдардың табыстылығы;

-Салымдардың өсуі;

-Салымдардың өтімділігі.

Инвестициялық жобаларды орындап,есептеп,олардың  тиімділігі жобаға кеткен шығындар мен  жобаның іске асу нәтижелерін  салыстыра отырып,талдау нәтижелерін  салыстыра отырып,талдау нәтиежесінде анықтау қажет.

       Жобалық талдау дегеніміз капиталдық жобаның табыстылығын талдау процесі.Басқаша айтқанда, инвестициялық жобаға кеткен шығындар мен осы жобадан түскен табысты салыстыру.Ол үшін инвестициялық жобаның барлық сатылары мен аспектілеріне ұзақ талдау жасалынады: Негізгі талдау аспектілері:

  Техникалық талдау.Инвестициялық жобаға неғұрлым дәл келетін техника мен технологияны анықтау.

  Коммерциялық талдау (маркетингтік) Инвестицилық жобаны іске асырғаннан кейін,шығарылған өнімнің сатылу нарығын талдау, яғни қаншалықты көлемде өнім шығарылуы қажеттігін талдау, жобаға қажетті өнім нарығын талдау.

  Институционалдық талдау –жобаны іске асырудың ұйымдық –құқықтық, әкімшілік және саяси ортасын бағалау . Осы ортаны мемлекеттік  ұйымдардың талабына сай келтіру; тағы бір басты жай –фирманың ұйымдық құрылымын жобаға сай келтіру.

  Әлеуметтік (әлеуметтік –мәдени) талдау жобаның жергілікті тұрғындарға әсерін зерттеу.

  Қоршаған ортаны талдау –жобаның қоршаған ротаға тигізген кері әсерін экспертиза арқылы анықтау және ондай кері әсерлерді болғызбау әдістерін қарастыру.

 Қаржылық талдау.

 Экономикалық талдау.

                                

                   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     1.3 Инвестициялардың  тиімділігін  бағалау.

 

Инвестициялық жобалардың тиімділігін анықтау және бағалауды,материалдық және заңды түрде тікелей жауап беретін инвесторлар жүргізеді.Қазақстан Республикасында инвестициялық жобалардың тиімділігін анықтаудың методологиясы мен әдістері, меншік формасына қарамастан, Россияда жасалынған және 31 наурыз 1994 ж бекітілген, инвестициялық жобалардың тиімділігін анықтау және оларды қаржыландыруға таңдап алу жайлы методикалық нұсқауларды қолдану арқылы негізделеді.

    Осы методикалық нұсқауларға байланысты инвестициялық жобалардың экономикалық тиімділігін бағалауда: коммерциялық (қаржылық) тиімділік –қатысушылар үшін жобаны іске асырудың қаржылық нәтиежелерін; бюджеттік тиімділік –жобаны іске асырудан түскен қаржылық түсімдердің жергілікті және аймақтық бюджетке түсімдерін; Экономикалық тиімділік –жобаны іске асыруға байланысты болған шығындар мен соңғы нәтиежелерді анықтауда қолданылады.

       Инвестициялық жобалардың тиімділігі көрсеткіштер жүйесімен анықталады. Ондай көрсеткіштерге:

-таза дисконтталған  құн (ТДҚ) немесе таза дисконтталған  табыс (ТДТ).

- инвестициялардың рентабельділігі  (ИР)

- табыстың ішкі нормасы(ТІН);

- қайтарым уақыты (Т  қай).

     Осы көрсеткіштермен –пайданың жай нормасы, капитал беру, шығындардың интегралдық тиімділігі  көрсеткіштері де қолданылады.

     Инвестициялық жобаның коммерциялық (қаржылық) тиімділігі табыс нормасын қаржы шығындармен толтыратын нәтиежелердің арақатынасымен анықталады және жоба бойынша толық түрде немесе жобаны инвестициялау үлесіне байланысты жеке қатысушылар үшін де есептелінеді.

      Инвестициялық жобаның коммерциялық тиімділігін есептегенде инвестордың –инвестициялық ,операциялық, қаржылық  іс -әрекеті қаралып, есепке алынады.Мұнда нақты ақшалардың ағыны мен сальдосы анықталып, талданады.

    Нақты ақшалардың ағыны –инвестициялық жобаны орындау барысындағы, инвестициялық және операциялық іс -әрекеттен болған, ақша қаражатының құйылымы мен шығысының арасындағы айырма.

   Нақты ақшалардың сальдосы (қалдығы) –инвестициялық жобаны іске асыру уақытындағы, барлық үш бірдей (инвестициялық, операциялық, қаржылық) іс -әрекеттен болған ақша қаражаттарының құйылуы мен шығуының арасындағы айырма. Инвестициялық жобаны қабылдаудың қажетті критерий ретінде нақты ақшалардың жағымды сальдосы (қалдығы) есептеледі.Ал егер сальдо (қалдығы) –жағымсыз болған жағдайда инвесторлар өз қаражаттарынан қосымша қаражат алуы тиесілі.Инвестицицялық жобаның коммерциялық тиімділігін қосымша бағалау үшін, қарызды толық өтеу  уақыты және инвестицияның жалпы көлеміндегі инвестициялық жобаға қатысушылардың үлесі есептелінеді.

Қарызды толық өтеу уақыты, инвестициялық  жобаны іске асыруда несие және қарызға  алған қаржаттар болған жағдайда ғана  анықталады.

        Инвестициялық  жобалардың коммерциялық тиімділігіне  әсер ететіндер:

  Жалпы инфляция –экономикадағы өндіріс ресурстарына (шикізат, капитал,қызмет, еңбек т.б және шығарылатын өнімге бағаның жалпы деңгейінің өсуі;

  Инфляцияның әртектес болуы (яғни оның әртүрлі көлемі) -өнім түрлері және өндіріс ресурстары бойынша;

  Инфляция деңгейінің шетел валютасының курсынан жоғары болуы.

 Бюджеттік тиімділіктің көрсеткіштері  –жобаны іске асырудың нәтижелерінің  жергілікті және аймақтық бюджеттің  кірісі мен шығысына әсерін  анықтайды.

Бюджеттік тиімділіктің негізгі көрсеткіші болып –бюджеттік әсер (эффект) есептелінеді.

          Интегралдық  бюджеттік әсер –жылдық дисконтталған  бюджеттік әсерлердің қосындысы  түрінде еспетелінеді немесе  бюджеттің интегралдық шығыстарынан  асып түсуі түрінде қарастырылады.

           Бюджеттің шығыстарының құрамына кіретіндер:

  жобаны бюджеттік қаражаттандыруға тікелей бөлінген қаражаттар;

  ұлттық, аймақтық және басқа да банкілердің жобаны іске асыруға жеке қатысушыларға берген несиесі.Олар қарызға беріледі де бюджет арқылы жабылады;

  отын мен энергия тасмалдаушылардың нарықтық бағасына қосымшаға бөлінген тікелей бюджеттік ассигновациялар;

  жобаны іске асыру барысында жұмыссыз қалған адамдарға жәрдемақылар төлеу;

  мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша төлемдер;

    шетелдік және өз еліміздің қатысушыланрына, инвестициялық тәуекелшілдіктен мемлекеттік, аймақтық кепілділік;

  жобаны іске асыру барысында туындауы мүмкін қатерлердің әсерлерін кетіруге бюджеттен бөлінген қаражаттар .

         Бюджеттің  кірістерінің құрамына кіретнідер:

  қосымша құн салығы, жобаны іске асыратын шетел және Қазақстан кәсіпорындарының бюджетке төлейтін арнайы салығы мен басқа да салық төлемдері;

   жобаны іске асырудың барысында қаржылық жағдайында әсер еткен басқада кәсіпорындардан түскен салықтық түсімдердің көбеюі;

   жоба бойынша шығарылған өнімдерден бюджетке түскен кедендік баж алымы мен акциздер;

   Жобаны орындауға шығарылған бағалы қағаздардан иүскен эмиссиялық табыс;

   Жобаны қаржыландыру үшін шығарылған акциялар мен басқа да бағалы қағаздардан түскен дивиденд;

   Қазақстан және шетел жүмысшыларының жоба бойынша орындағаны үшін алған еңбекақысынан бюджетке түскен табыс салығы;

   Жер, су және басқа да табиғат ресурстарын қолданғаны үшін;жобаны орындау барысында геологиялық –барлау жұмыстарын жүргізуге берілген лицензия үшін бюджетке түскен төлемдер;

  Жоба бойынша объектілер салып, іске қосуға, барлауға конкурстар мен тендерлер өткізуден түскен табыс;

Жобаны орындауға бюджеттен  бөлінген несиеге қайтару;

       Жобаға байланысты,материалдық,отын-энергия табиғи ресурстарды дұрыс қолданбағаны үшін салынған айыптар мен санкциялар.

     Бюджеттің кірістеріне-зейнеткерлік қорға,жұмыспен қамтамассыз ету қорына және т.б. бюджеттік емес қорларға түскен түсімдері де жатады.

     Халық шаруашылық экономикалық тиімділіктің көрсеткіштері жобаның тиімділігін бүкіл халық шаруашылығы бойынша және жобаны іске асыруға қатысқан аймақтар,салалар,ұйымдармен кәсіпорындар бойынша көрсетеді.

    Экономикалық тиімділіктің көрсеткіштерін халық шаруашылығы бойынша есептегенде жобаның нәтижелеріне мыналар кіреді.

  Соңғы өндірістік нәтижелер(барлық шығарылған өнімді сыртқы және ішкі нарықта сатудан түскен түсім);Жобалау барысында қатысушылар жасаған мүліктермен интеллектуалдық меншікті сатудан түскен түсімде;

  Әлеуметтік және экологиялық нәтижелер(жобаның халықтың денсаулығына,аймақтағы әлеуметтік және экологиялық жағдайға әсерін есептегенде);

  Тікелей қаржылық нәтижелер;Шетелдердің,банкілер мен фирмалардың қарыздар мен несиелері.

Құндық өлшемге келмейтін  әлеуметтік,экономикалық саяси және басқа да нәтижелер халық шаруашылығы тиімділігінің қосымша көрсеткіштері ретінде қарастырылады және жобаны қабылдау жайлы шешім қабылдағанда есепке алынады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

          

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  II бөлім.      Қазақстан   тікелей инвестицияларды  мемлекеттік                         

                       қолдау.

 

2.1   Қазақстандағы тікелей инвестицияларды мемлекеттік

               қолдау.

 

Қазақстандағы «Тікелей инвестицияларды  мемлекеттік қолдау туралы» заң (28 ақпан 1997ж) қабылданған. Онда инвестицияның қызметі –инвестицияларды жүзеге асыру процесімен байланысты кәсіпкерлік қызмет деп көрсетілген.Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау ең алдымен кемсілерден тұрады:

-инвестициялық қызметті қамтамасыз  етудің заң шығарушы кепілдері;

-жеңілдіктері мен артықшылықтары  жүйесін белгілеу;

-Қазақстан Республикасының  мүддесін инвесторлар алдында  көрсетуге өкілетті, біріңғай мемлекеттік  органның болуы.Заңда тікелей  инвестицияларды мемлекеттік қолдаудың  мақсаттары мен міндеттері белгіленген.

     Бұл қолдаудың  мақсаты-экономиканың басым секторларында  тауар өндірісін,жұмыс пен қызмет  көрсетудің жедел дамуын қамтамассыз  ету үшін қолайлы инвестициялық  климат жасау болып табылады.

     Мемлекеттік  тікелей қолдаудың ортақ мақсатына  жету үшін міндеттердің бірқатарын шешу қажет:

 —жаңа технологияларды,алдыңғы  қатарлы техника мен ноу-хау  енгізу;

—жоғары сапалы тауарлар мен қызмет көрсетуге ішкі нарықтың қанығуы;

—отандық тауар өндірушілерді  мемлекеттік қолдау мен ынталандыру;

Информация о работе Кәсіпорындардың инвестициялық іс-әрекеттері