Кәсіпорын табысы

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2011 в 08:43, курсовая работа

Описание работы

Жолдауда «Біз тауарлы-сүт фермаларын, құс фабрикаларын, мал бордақылау алаңдарын ұйымдастыру мен дамыту, тамшылап суаруды қолдану арқылы жеміс-көкөніс дақылдары өндірісін дамыту, биязы жүнді қайта өңдеу, қазақстандық астық экспортының инфрақұрылымы және оны терең қайта өңдеу секілді экспортқа бағдарланған өндірістерді дамыту жөніндегі инвестициялық жобаларды қаржыландыруды жалғастыруға шешім қабылдадық», – деп экономиканың аграрлық саласындағы атқарылып жатқан жұмыстардың ауқымдылығын атап көрсетуінің өзі бізге серпін береді.

Работа содержит 1 файл

Ауыл шаруашылығы.doc

— 54.00 Кб (Скачать)

                                Серікова  Бақыткүл Төреқожақызы

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ аға  оқытушы, магистрант

Серікова  Салтанат Төреқожақызы

  М.Х.Дулати атындағы ТарМУ оқытушы, магистрант 

      АГРОӨНЕРКӘСІПТІ  ДАМЫТУ АРҚЫЛЫ  ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН ЖАҚСАРТУ ЖОЛДАРЫ 

      Жолдауда «Біз тауарлы-сүт фермаларын, құс фабрикаларын, мал бордақылау алаңдарын ұйымдастыру мен дамыту, тамшылап суаруды қолдану арқылы жеміс-көкөніс дақылдары өндірісін дамыту, биязы жүнді қайта өңдеу, қазақстандық астық экспортының инфрақұрылымы және оны терең қайта өңдеу секілді экспортқа бағдарланған өндірістерді дамыту жөніндегі инвестициялық жобаларды қаржыландыруды жалғастыруға шешім қабылдадық», – деп экономиканың аграрлық саласындағы атқарылып жатқан жұмыстардың ауқымдылығын атап көрсетуінің өзі бізге серпін береді.

    Ауыл  шаруашылығы — шаруашылық салаларының  ішіндегі ең ежелгі және табиғат жағдайларына тікелей тәуелді саласы. Сонымен  қатар ауыл шаруашылығы — неғұрлым көп тараған сала. Шындығында, дүниежүзінде халқы ауыл шаруашылығының түрлі  салаларымен айналыспайтын бірде-бір ел жоқ. Ауыл шаруашылығының барлық жерге таралуы оның алуан түрлілігіне байланысты. Ғалымдар шамамен онын 50-ге жуық түрін бөліп көрсетеді. Қазіргі мәлімет бойынша дүниежүзінде бұл салада шамамен 1,3 млрд-тан астам адам еңбек етеді, оған ауыл шаруашылығындағы шаруа отбасыларын қосатын болса, онда ол көрсеткіш 2,6 млрд адамға жетеді. Еңбекке жарамды ер адамдардың ауыл шаруашылығындағы үлесіне сәйкес елдер индустриялы, постиндустриялы және аграрлы болып жіктеледі. Дүниежүзінде экономикалық белсенді халықтың (ЭБХ) 46%-ы осы салада еңбек етеді.

    Ауылшаруашылық  географиясы климаттық, әлеуметтік және өндірістік факторлары әсерінен ұзақ тарихи уақыт аралығында қалыптасып, дамып отырды. Соңғы уақытқа дейін  ауыл шаруашылығы климаттық факторларға тікелей тәуелді болып келді. Олар: вегетациялық мерзімнің ұзақтығы; өсімдіктердің өсуіне мүмкіндік туғызатын 10°С-тан жоғары температуралар жиынтығы; жылдық жауын-шашынның мөлшері мен түсу мерзімі; топырақтың механикалық құрамы мен құнарлылығы сияқты мәселелер. Жер шарындағы ең құнарлы топырақ қатарына құрамында карашірігі мол қара топырақ, минералды заттары мол жанартаулық топырақ және тұнба жыныстардан түзілген өзен анғарлары бойындағы топырақтар жатады. Қазіргі кезде ғылым мен техниканың озық жетістіктері ауыл шаруашылығында кеңінен колданылып отырған еллерде климаттық жағдайға тәуелділік әлдеқайда төмендейді. Мысалы, Сауд Арабиясы көпшілік бөлігін шөлдер алып жатқанына қарамастан, соңғы жылдары бидаймен өзін толық қамтамасыз етіп, тіпті оны экспортқа шығара бастады.

    Дүниежүзінің  кез келген елінің ауыл шаруашылығы  өзара бір-бірімен тығыз байланысты екі саладан — өсімдік және мал шаруашылығынан құралады. Олардың  арасалмағы әр елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен еңбек ресурстарының  көрсеткіштеріне және табиғат жағдайларының ерекшелігіне сәйкес өзгеріп отырады. Экономикалық деңгейі жоғары елдерде (АҚШ, ГФР, Франция және т.б.) ғылым жетістіктері мен агротехникалық шаралар кеңінен қолданылуы нәтижесінде мал шаруашылығы өнімдерінің үлесі жоғары. Мұндай жағдай кейбір жекелеген дамушы елдерде де байқалуда, бірақ оның басты себебі климаттың қолайсыз әсерінен өсімдік шаруашылығының өркен жаюына мүмкіндіктің болмауы. Бұл керініс Таяу Шығыстың кейбір елдеріне тән. Өсімдік және мал шаруашылығы тек қана өзара байланысып қоймай, олардың өнімдерін өңдейтін өнеркәсіп салаларымен де тығыз байланысты. Бұл салалар арасындағы өзара байланыс агроөнеркәсіптік кешен (АӨК) арқылы жүзеге асады. Мұндай кешендер құрылымы мен қуатына қарай алуан түрлі болып келеді және дамыған елдерде кең қанат жайған. Ал дамушы елдерде олар жаңа-жаңа белең алып келеді.

    Бүгінгі таңда жерге иелік етудің бірнеше  түрі қатар кездеседі. Олар: жеке-меншіктік, мемлекеттік меншік және кооперативтік  меншік. Ең көп таралғаны жерге  жекеменшік иелігі, олар дүниежүзіндегі тауарлық ауылшаруашылық өнімдерінің басым бөлігін өндіреді.

    Жоғары  дамыған елдердің көпшілігінде жер  қорының біраз бөлігі ірі жер  иеленушілердің — фермерлердің қолында  шоғырланған. Оларға берілген орташа жер  мөлшері — 40—50 га. Бірақ жердің басты қожасы — мемлекет. Мысалы, АҚШ-та жер қорының 1/4-і мемлекет меншігінде. Дамушы елдерде аграрлық қатынастар түрліше сипатты болып келеді. Азия мен Африканың бірқатар елдерінде жергілікті және сырттан әкелінген күрделі қаржыға негізделген ірі капиталистік шаруашылықтармен қатар феодалдық, тіпті ру-тайпалық қатынастары өлі сақталып калған шаруашылықтар да көптеп кездеседі. Ал Латын Америкасы елдерінде жер қорының көпшілігін помещиктік шаруашылықтың негізін құрайтын ірі жер иеліктері — латифундиялар меншіктейді, оларға берілген орташа жер мөлшері — 2—3 мың га. Бұрынғы ТМД мен Шығыс Еуропа елдерінде меншіктің жаңа түрлері енгізілуде.

    Қазақстанда ауыл шаруашылығы, оның ішінде мал шаруашылығы  ежелден негізгі өндіріс саласы болып келді. Ол халықты азық-түлікпен (сүт, май, ет, тоңмай т.б.), жеңіл және тамақ өнеркәсіптерін шикізатпен қамтамасыз етеді. Күш көлігі де (ат, өгіз, түйе т.б.) егіске керекті тыңайтқыш та (көң, қорда т.б.) осы мал шаруашылығынан алынады. 20 ғасырдың 90-жылдарына дейін Қазақстан ауыл шаруашылығы құрылымының негізін Кеңестік шаруашылықтар (кеңшар) мен ұжымдық шаруашылықтар (ұжымшар) құрады. 1990 жылдан бастап республиканың агроөнеркәсіп кешенінде кең ауқымды әлеуметтік-экономикалық өзгерістер болды.

    Жеке  елдер бойынша ауыл шаруашылығында жұмыс істейтіндер саны үлкен айырма жасайды. Мысалы, Батыс Еуропа елдерінде бұл көрсеткіш — 8%, АҚШ- та — 3%, Канадада — 4%, Ресейде — 14%, Қазақстанда 40%-ға жуық болса, ал дамушы елдерде ол өте жоғары.

    Қазір Қазақстанда ауыл шаруашылығы мақсатына арналған жеке меншік иелері мен жер иеленушілердің қарамағындағы 149,1 млн. га жер бар. Оның 25,7 млн. га-сы егістік, 3,6 млн. га-сы шабындық, 103,5 млн. га-сы жайылым (1998). Мемлекеттік ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын жекешелендіру және ұжымшарлар жүйесін қайта жаңғырту оң нәтиже берді. Жерге байланысты құқықтық қарым-қатынас жүйесі өзгерді, баға, несие, қаржы саясаты реформаланды, басқару механизмі жеңілдетілді. 1997 жылы Қазақстанда жалпы саны 72335 ауыл шаруашылығы құрылымдары жұмыс істеді. Оның 1847-сі шаруашылық серіктестіктері, 601-і акционерлік қоғамдар, 3714-і өндірістік кооперативтер, 65 мыңнан астамы шаруа қожалықтары, 192-сі мемлекеттік кәсіпорындар. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын жекешелендіру меншік нысанын ғана өзгеріске ұшыратып қойған жоқ, сонымен бірге оларды жедел дамытуға, өндірісті қайта құруға, тауарлы өнім өндіруді арттыруға мүмкіндіктер тудырды. Ауыл шаруашылығы салалары бойынша жалпы өнім құны 305, 4 млрд. теңгеге жетті (1997). Оның 41,5%-і мал шаруашылығы үлесіне тиеді. Негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 1997 жылы 21843,7 мың га, оның ішінде дәнді дақылдар 15651,5 мың га болды. Бидай 11512,2 мың га, күріш 85, 2 мың га, жүгері 69 мың га, қант қызылшасы 13,6 мың га, мақта 103,6 мың га, күнбағыс 223,9 мың га, картоп 176,3 мың га, көкөніс 87,1 мың га, мал-азық дақылдары 5445,6 мың га жерге егілді. Дәнді дақылдарының жалпы түсімі — 12,4 млн. т құрады. Оның ішінде бидай 8955 мың т, күріш 255,0 мың т, жүгері ұны 111,2 мың т, қант қызылшасы 139 мың т, мақта 198 мың т, күнбағыс 66 мың т, картоп 1472 мың т, көкөніс 880 мың т. болды. Ауыл шаруашылығы дақылдарының әр га-дан түсетін өнімділігі: дәнді дақылдардан 8,7 ц, күріштен 30,8 ц, қант қызылшасынан 126,5 ц, мақтадан 19,3 ц, күнбағыстан 3,5 ц, картоптан 84,1 ц, көкөністен 100,6 ц болды. 1997 жылдың аяғында ірі қара малдың саны 4405,7 мың (оның ішінде сиыр 2181,8 мың), қой мен ешкі 10896,6 мың, шошқа 881,5 мың, жылқы 1101,1 мың, құс 15858,2 мың болды. Ет 1302,1 мың т., сиыр сүті 3220,4 мың т, жүн 32,4 мың т мөлшерінде өндірілді.

        Еліміздің агроөнеркәсіптік кешенін индустрияландыру мақсатында мемлекеттің іс-қимылы бүгінде Қазақстанның алдында өткір күйінде тұрған екі негізгі міндетті шешуге бағдарланып отыр. Оның біріншісі - азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бұл міндетті жүзеге асыру шеңберінде агроөнеркәсіптік сектордың дамуына қолдау көрсететін тиімді жұмыс істейтін жүйе құрылды. Бұл бір жағынан осы сектордың ағымдағы жұмысын, оның ішінде көктемгі егісті және жиын-терінді қаржыландыруды, екінші жағынан ауыл шаруашылығын және қайта өңдейтін өндірісті дамытуға инвестиция шоғырландыруды қамтамасыз етеді. Сондықтан, егін шаруашылығында саланы әртараптандыруға, ылғалды ресурстарды сақтайтын технологияларды қолдана отырып саланы кеңінен химияландыруға екпін салынуда. Бұл ретте субсидиялаудың идеологиясы өзгертілді, бұл идеология ауыл шаруашылық тауарын өндірушілерді жаңа технологияға көшуге ынталандыруға бағытталған. Майлы және жеміс-көкөніс дақылдары өндірісінің көлемін ұлғайтуға ерекше назар аударылуда. Мұндағы мақсат - осы өнім түрлері бойынша импорт көлемін азайту. Сыртқы нарықта лайықты позицияны иелену үшін, Қазақстанның жетекші экспорттаушылардың қатарына кіруге мүмкіндігі бар агроөнеркәсіптік кешеннің бірқатар перспективалы бағыттары бойынша арнайы даму бағдарламалары әзірленіп жатыр. Мұндай перспективалы бағыттарға экспортқа бағдарланған мал шаруашылығы өнімдерінің (сиыр еті, қой еті, жылқы еті, биязы жүн, тері) өндірісін және қайта өңдеуді дамыту; экспортқа бағдарланған егін шаруашылығы өнімдерінің (астық: азық-түлік бидайы, макарон, крахмал, ұн, бидай ұрығы, мақта, күріш, ұлпа) өндірісін және қайта өңдеуді дамытуды жатқызылып отыр.

      Импорттың осы түрлерін отандық нарықтан ығыстыру және елдің ішкі қажеттіліктерін толық қанағаттандыру мақсатында майлы дақылдарды өндіру және қайта өңдеуді дамыту; ашық және жабық топырақты жерде жеміс-көкөніс шаруашылығын дамыту; алманың апорт сортын қайта дамыту; қант қызылшасынан қант өндіру және оны дамыту; түйе сүтінен, жемістен, көкөністен балалар тамағын өндіру; құс шаруашылығын дамыту; тауарлы балық шаруашылығын дамыту; ауыл шаруашылығы машинасын жасауды дамыту; сүт пен сүт өнімдерінің өндірісін дамыту; ет және ет өнімдерін дамыту жөнінде арнайы бағдарламалар әзірленіп жатыр. Сонымен қатар, экспорттың жалпы көлеміндегі және агрөөнеркәсіптік кешеннің жалпы қосылған құнындағы ауыл шаруашылығы өнімінің үлесін ұлғайту және қосымша жұмыс орындарын көбейту мақсатында министрлік жеделдетілген индустриялық-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарламада шаралар қарастыратын болады. Мұндай шаралар еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, ішкі азық-түлік нарығының тұрақтылығын сақтауға, саланың экспорттық басымдылығын ұлғайтуға және ауыл халқының әл-ауқатын өсіруге мүмкіндік береді. 2009 жылдан бастап мал шаруашылығы өнімдерін өндіруді субсидиялау ережесі оның міндетті түрде өнеркәсіпте қайта өңдеуге бағытталуы тиіс болып өзгертілді. Келесі жылы бұндай өзгерістер өсімдік шаруашылығы өнімдеріне де қолданылатын болады. Сонымен қатар жалпы ауыл шаруашылығы шикізатын дайындау, сақтау, бастапқы қайта өңдеу және өткізу инфрақұрылымын құру бойынша жұмыстар жалғасуда. Ең қажетті азық-түлік өнімдеріне (сүт, ет, тәтті сусын мен жеміс-жидек көкөніс, бидай, ұн, жармаға) халықаралық талаптарға сай келетін техникалық регламент енгізіліп, әрі тамақ өнімдерінің жалпы қауіпсіздігіне қатаң бақылау қойылды.

       Агроөнеркәсіптік кешен субъектілері менеджмент жүйесінің халықаралық стандарттарына сәйкес сапа менеджменті жүйесін әзірлеуге, енгізуге және сертификаттауға кеткен шығындар субсидияланып жатыр. Ішкі нарыққа үнемі мониторнинг жүргізілуде, импорттық тауарларға қатысты кедендік баж салығының мөлшері реттеліп әрі ішкі нарықты арзанқол импорт өнімдерінен қорғауға бақылау күшейтілді. Елбасының тапсырмасына сәйкес, мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардағы сатып алулардағы қазақстандық мөлшерді арттыру арқылы отандық өнім өндірушілер үшін кепілді әрі тұрақты тұтыну нарығын қалыптастыру мақсатында қолданыстағы заңнамаларға тиісті өзгертулер енгізілуде. Яғни, алдағы уақытта мемлекеттік сатып алулар кезінде міндетті түрде отандық өнімдерге басымдық беріледі. Қорытындылай келе мемлекет тарапынан азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық жағдай жасалғанын айтқым келеді. Қазір бұл жұмыстарды жүзеге асыруда барлық орталық, әсіресе жергілікті атқарушы органдар бірлесіп, белсенді жұмыстар жүргізулері тиіс.  

Қолданылған әдебиеттер тізімі

  1. Айкын газеті

    резюме

    Пути  развитие агропромышленности для улучшение  социального положения  народа

    В статье приведены примеры индустриализации комплексного  развитие агропромышленности и инновационные факторы в развитии сельскохозяйственных комплексов Казахстана. А также рассматривается формирование и развитие агропромышленности по переработке зерна. 

      АГРОӨНЕРКӘСІПТІ ДАМЫТУ АРҚЫЛЫ  ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН ЖАҚСАРТУ  ЖОЛДАРЫ 

    Мақалада Қазақстандағы агроөнеркәсіптің индустриалды кешендерін дамытудағы инновациялық факторлар, жүргізіліп жатқан реформаларға мысалдар көрсетілген. Астықты қайта өңдеуді қалыптастыру және агроөнеркәсіпті дамыту қарастырылады. 

    Серікова  Бақыткүл Төреқожақызы

    Туған күні, айы, жылы: 6 тамыз 1975 жыл 

    Мекен –жайы: Қаратау қаласы, Арыстанбаб -13,

    тел.: 8-726-44-6-08-97

    ұ.т.: 8705-456-47-41

    E-mail: Baxitkul_75 @ mail.ru 

    Серікова  Салтанат Төреқожақызы

    Туған күні, айы, жылы: 13 шілде 1980 жыл

    Мекен-жайы: Қаратау қаласы, М.Мәмедова-5-5

    ұ.т.: 8-777-539-21-06

    Е-mail: Serikovasalta_ @ mail.ru 

    Конференцияға қатысу формасы  - сырттай 
     

Информация о работе Кәсіпорын табысы