Кәсіпорын шығындарын басқару және талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Октября 2011 в 19:08, дипломная работа

Описание работы

Шығындарды тиімді басқару арқылы кәсіпорында үлкен нәтижеге қол жеткізу, пайданы максималдау және өндірістің тиімділігін арттыру. Кәсіпорын қызметінің негізгі қаржылық нәтижесі пайда болып табылады, ол оның келешекте дамуының негізі және қаражат көзі қызметін атқарады. Өндіріс көлемін немесе шығарылатын өнімге бағаны өсіру арқылы пайданы арттыруға болады, бірақ бұл әрдайым мүмкін еме және мақсатқа сай келмейді.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................................5

1 Кәсіпорындағы шығындар құрылымын ұйымдастыру мен басқарудың теориялық негіздері.....................................................................................................7 1.1 Шығындардың экономикалық мәні және олардың жіктелімі...........................7

1.2 Кәсіпорын шығындарын басқару және талдау.................................................16

1.3 Шығындарды басқарудың шетелдік тәжірибесі...............................................23

2 «Бобровка + » ЖШС-ның қызметі барысында қалыптасатын жағдайды және шығындарын талдау..................................................................................................29

2.1 «Бобровка + » ЖШС-ның қаржылық шаруашылық қызметін талдау............29

2.2 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы мен өтімділігін талдау....................33

2.3 Шығындарды калькуляция баптары бойынша талдау.....................................41

3 «Бобровка + » ЖШС-ның шығындарын басқару жүйесін жетілдіру................46

3.1 «Бобровка + » ЖШС-нда шығындарды есептеу әдістерін жетілдірудің негізгі бағыттары.......................................................................................................46

3.2 Кәсіпорындағы шығындарды үнемдеу мумкіндіктерін анықтау және оңтайландыру.............................................................................................................54

3.3 Шығындарды басқарудың тиімділігін жоғарылату бойынша шаралар.........55

Қорытынды.................................................................................................................57

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................................59

Қосымшалар...............................................................................................................61

Работа содержит 1 файл

басқару дипломная.doc

— 643.00 Кб (Скачать)

     Сату  табысының коэффициенті2009 = 7697 / 42409 = 0,18

     Сату  табысының коэффициенті2010 = 20837 / 45730 = 0,46 

     Кәсіпорынның  сату табысы 2008 жылы 0,44, ал 2010 жылы 0,18 құрайды, әр бір сатылған өнімнің 1 теңгесінен кәсіпорын 46 тиын табыс алады.

     Кәсіпорынныңның қаржылық тұрақтылығы 2008 жылға қарағанда 2009 жылы және 2010 жылы төмендеген, себебі кәсіпорынның ұзақ мерзімді активтері мен капитал мөлшері өзгеріске ұшыраған.

     Маневрлік және инвестициялық коэффициенттері  нормаға сай. Қаржылық тұрақтылық коэффициенті 0,75 қауіпті мәннен төмен, бұл кәсіпорын үшін жағымсыз жағдай.

     Кәсіпорынның  сату табыстылығы мен активтердің  табыстылығының кемуі 2008 жылға қарағанда 2010 жылы төмендеген, ал меншіктік капитал  табыстылығы керісінше 2008 жылға қарағанда өскен.

      Кәсіпорынның  іскерлік белсенділігі мен қызметінің тиімділігін бағалау және талдау қаржылық талдаудың қорытынды кезеңі болып табылады.

        Кәсіпорынның іскерлік белсенділігін талдау келесідей:

      Капиталдың  жалпы айналымдылық коэффициенті.  

                           К0А = DN / Ак                                    (20) 

мұндағы, DN – өнімді сату мен көрсетілген қызметтен түскен түсім

               Ак – авансталған капитал

     К0А 2008 = 30251 / 54488 = 0,56

     К0А 2009 = 42409 / 57761= 0,73

     К0А 2010 = 45730 / 156953 = 0,29

     Капиталдың  жалпы айнылымы 2008 жылы 0,56, ал 2010 жылы 0,29 азайған.  Көрсеткіш соңғы жылдары кәсіпорынның жалпы капиталын (барлық ресурстарды) пайдалану тиімділігінің төмендегенін көрсетеді. Егер  2008 жылда кәсіпорында активтердің әрбір ақша бірлігіне 56 тиын, ал 2010 жылы  29 тиын келтірілген болса, ол 2008 жылмен салыстырғанда 2 есе аз.

      Негізгі құралдардың айналымдылығы. 

                              К0С = DN / Нк               (21) 

     К0С 2008 = 30251 / 32580 = 0,93

     К0С 2009 = 42409 / 28578 = 1,48

     К0С 2010 = 45730 / 126467 = 0,36

     Көрсеткіш соңғы жылдары кәсіпорынның негізгі  құралдардың пайдалану тиімділігінің төмендегенін көрсетеді. Егер 2008 жылы кәсіпорында негізгі құралдардың әрбір бірлігі  93 тиын келтірсе, 2010 жылы 36 тиын келтірді.

Меншікті  капиталдың айналымдылық коэффициенті. 

                                    К0С = DN / Ск                        (22) 

мұндағы, Ск – баланс бойынша меншікті капиталдың кезеңдегі шамасы.

     К0С 2008 = 30251 / 21666 = 1,4

     К0С 2009 = 42409 / 27237 = 1,56

     К0С 2010 = 45730 / 54104 = 0,85

       

Сурет 8.  «Бобровка +» ЖШС-ның 2008-2010 ж.ж негізгі құрал айналымдығы, капиталдың жалпы айналымдылық және меншікті капитал айналымдығы коэффициентерінің динамикасы 

     Көрсеткіш соңғы жылдары кәсіпорынның меншікті капиталдың пайдалану тиімділігінің  артқанын көрсетеді. Егер 2008 жылы кәсіпорында  меншікті капиталдың әрбір ақша бірлігі  1 теңге 4 тиын, ал 2009 жылы 1 теңге 56 тиын, 2010 жылы 85 тиын келтірді.

        Ағымдағы активтер немесе айналым капиталының айналымдылық коэффициенті.  

                              К0та = DN / ТАС                 (23) 

мұндағы, ТАС – ағымдағы активтер.

     К0та 2008 = 30251 / 13058 = 2,32

     К0та2009 = 42409 / 29184 = 1,45

     К0та2010 = 45730 / 10562 = 4,33

     Көрсеткіш соңғы жылдары кәсіпорынның ағымдағы активтердің пайдалану тиімділігінің  артқанын көрсетеді. Егер 2008 жылы кәсіпорында активтердің әрбір ақша бірлігі 2 теңге 32 тиын, ал 2009 жылы 1 теңге 45 тиын, 2010 жылы 4 теңге 33 тиын келтірді.

      Материалдық айналым қаражатының айналымдылық коэффициенті 

                              КЗО = SN / ЗС                      (24) 

мұндағы, SN – сатылған өнімнің толық өзіндік құны;

                 ЗС –  өндірістік материалдық қорлар.

     КЗО2008 = 16871 / 8720 =1,93

     КЗО2009 = 34712 / 9384 = 3,69

     КЗО2010 = 24893 / 8898 = 2,79

     Біздің  кәсіпорынымызда сатылған өнімнің  өндірістік өзіндік құны негізінде  есептелген материалдық айналым  құралдарының айналымдылық коэффициенті 2008 жылы  – 1,93 рет; 2009 жылы- 3,69 рет, 2010 жылы – 2,79 рет болды.

      Дебиторлық  борыштың айналымдылық коэффициенті.

     

                              КОД/З = DN / DЗ                (25) 

мұндағы, DЗ – дебиторлық борыш.

     КОД/З 2008 =  2022902 / 140007 = 14,45

     КОД/З 2009 = 1095416 / 199832 = 5,48

     КОД/З 2010= 896568 / 141069 = 6,36

     Біздің  кәсіпорынымызда дебиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті 2008 жылы – 14,45 рет; 2009 жылы – 5,48 рет, 2010 жылы – 6,36 рет болды.  Дебиторлық борштың  айналымдылық коэффициенті кәсіпорынның дебиторлық борышының төмен бөлуын көрсетеді.

      Кредиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті.  

                                    КОК/З = DN / КЗ                    (26) 

мұндағы, КЗ – кредиторлық борыштың кезеңдегі орташа шамасы.

     КОК/З 2008 = 30251 / 14998 = 2,02

     КОК/З 2009 = 42409 / 13819 = 3,07

     КОК/З 2010 = 45730 / 80769 = 0,57

     Біздің  кәсіпорынымызда кредиторлық борыштың айналымдылық коэф-фициенті 2008 жылы –  2,02 рет; 2009 жылы – 3,07, 2010 жылы – 0,57 рет болды.    

      Бонкртоттық 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      «Бобровка +» ЖШС-ның қаржылық тұрақтылығы мен өтімділігіне талдау жасадық, ендігі кезекте кәсіпорынның шығындарына калькуляция баптары бойынша талдау жасаймыз 
 

      2.3. Шығындарды калькуляция баптары  бойынша талдау 

      Шығындарды экономикалық элементтері бойынша топтастыру өнімнің барлық түрін шығаруға шығындар сметасын өңдеуге және оның негізінде өнімнің өзіндік құнының негізгі түрлерін анықтауға мүмкіндік берсе, ал шығындарды калькуляция баптары бойынша топтастыру әрбір жеке өнім түрінің өзіндік құнын анықтауға мүмкіндік береді.

      Калькуляцияның  өндірістік шығындар сметасынан айырмашылығы ол нақты бір өнім түріне немесе бір орындалған жұмысқа есептеледі.

      Калькуляциялау  денегіміз – шығындардың белгілі  бір түрін осы шығындардың  қажетті баптарына бөлу үрдісін  атайды. Калькуляциялау - өнім, жұмыс және көрсетілетін қызмет бірліктерінің өзіндік құнын есептеу. Ол кәсіпорын жұмысына оперативті басшылық жасау үшін өте маңызды, өйткені ішкі резервтерді уақтылы ашуға және өнімнің өзіндік құнын одан әрі түсіндіруге, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді. Калькуляция өнімнің өзіндік құнын жоспарлауда және оған нарықтағы сұранысты есепке ала отырып, жұмысқа, көрсетілетін қызметке негізгі баға белгілеуде қолданылады.

      Калькуляциялаудың міндеті – шығындардың оны  көтеруші бірліктерге, яғни өткізуге, сондай-ақ ішкі тұтынуға арналған өнімнің бірлігіне қанша болатынын есептеу.

      Калькуляцияны құру уақытына қарай алдын – ала  есептелетін калькуляция және соңынан  есептелетін калькуляция деп  бөлінеді. Алдын – ала есептелетін  калькуляция жоспарлық, сметалық және жобалық деп бөлінеді.

      Жоспарлы  калькуляциялау – бір дана өнімді өндіру үшін кететін шығындарды баптар бойынша есептеу. Ол өнімнің барлық түрлеріне есептелінеді. Есептеу  барысында еңбек және өндіріс  құралдары шығындарының прогрессивті мөлшерлері қолданылады. Бұл мөлшерлер өндірісті басқару тәжірибесінде өндіріс шығындарының төмендету жолдарын және өзіндік құнды төмендету арқылы пайданы молайту тәсілдерін анықтау мақсатындағы салыстыру эталоны ретінде қолданылады.

      Сметалық  калькуляция – бұл жоспарланған және жаңадан игерілген бұйымның негізінде жасалатын калькуляция.

      Жобалық калькуляция – бұл келшекке құрылған жоспарлы калькуляцияның бір түрі. Ол күрделі салымның, жаңа техника  мен технологияның тиімділігін  анықтау үшін қолданылдады.

      Соңынан есептелетін калькуляцияға есептік калькуляция немесе нақты шығындар бойынша құрылатын калькуляцияны жатқызады. 
Мұндай калькуляция бақылау және басқару жұмыстарын жүргізуде бөлімше басқарушыларының қызметіне байланысты шығындарды есептеуге қажет болады. Кәсіпорында шығындарды толық және дұрыс есепке алу өнімнің толық өзндік құнын калькуляциялауға мүмкіндік береді.

      Шығындарды есепке алу объектісі – цехтар, өндірістің жеке сатылары, агрегаттар, бөлімдер және тағы басқалар жатады.

      Калькуляциялау  объектісіне – өндірілетін өнім, жартылай фабрикатар, әр түрлі қызмет түрлері жатады. Кейбір жағдайларда шығындарды есепке алу объектісі мен шығындарды калькуляциялау объектілері өнімнің бір түрін өңдеуде бір-бірімен сәйкес келеді. Ал кешенді өндірісте шығындарды есепке алу объектісі калькуляциялау объектісіне қарағанда кеңірек болады, себебі бір өндіріс үрдісінде өнімнің бірнеше түрі өндіріледі.

      Шығындарды  есепке алу объектісі калькуляциялау объектісіне қарағанда аздау  болатын себебі есепті ұйымдастыру  өңдеудің жеке түрлері бойынша жүргізіледі, ал осы өндірісте барлық өнім калькуляцияланады.

      Калькуляция объектісінің калькуляциялық есеппен  және калькуляциялық бірлікпен мақсатқа бағытталған байланыстары бар. Алайда ол жай өлшем бірлігі емес, ол калькуляция объектісінің сапасы мен тұтыну құнын сипаттайды.

      Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялауда калькуляциялық бірліктер қолданылады, олар калькуляциялық объектілердің өлшеуіші болып табылады. Калькуляциялық бірліктер төрт түрге бөлінеді:

  1. Заттай бірліктер – бұл өнім жоспарланатын, есептелетін және тұтынушыларға өткізілетін өлшем бірліктеріне (дана, тонна, кг) сәйкес келеді. Ірілендірілген заттай бірліктер біртекті өнім жиынтығын аралық калькуляциялау үшін қолданылады;
  2. Шартты-заттай бірліктер – өнімді калькуляциялау үшін қолданылады, бірліктегі пайдалы заттық құрамы ауытқуы мүмкін:
  3. Құнды бірліктер – көтерме (өткізу) бағадағы қосалқы бөлшектер және өткізу бағасындағы 1 теңгелік тауар өнімі;
  4. Еңбек бірліктері – кәсіпорын бөлімшесінің өнімін, еңбек шығындарын есепке алып калькуляциялауға арналған бірліктер.

      Орындалған  жұмыс пен көрсетілген қызмет калькуляциялық бірлік ретінде, әдетте құрылыспен, жөндеумен, көлік қызметін көрсетумен және т.б. шұғылданатын өндірісте  қолданылады.

     Калькуляция өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін бақылауды жүзеге асыру үшін маңызды рөл атқарады. Калькуляцияны кәсіпорында белгіленген шығындар бабы номенклатурасы бойынша өндірілген өнімнің, жұмыстың және көрсетілген қызмет түрлері бойынша құрастырады.

     Калькуляция баптары бойынша есеп жүргізу шығындардың мақсатты бағытталуын анықтауға және өнім бірлігі мен жеке түрлердің өзіндік құнын есептеуге көмектеседі. Кәсіпорынның өзіндік құн және толық өзіндік құн сияқты көрсеткіштері анықталады. Сонымен қатар, «Бобровка +» ЖШС-де екі түрлі өнімнің өзіндік құнын талдау 7 кестеде көрсетілген. Бұл талдауда кәсіпорын бойынша 1 тонна өнімнің жалпы өзіндік құны, өткізу құны және пайданы талдаймыз.  
 

Информация о работе Кәсіпорын шығындарын басқару және талдау