Кәсіпорын шығындары

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2012 в 10:08, реферат

Описание работы

« Шығындар қолдағы бардың сатып алуға жұмсалғанын және оны шаруашылық субьектінің балансында актив ретінде көрсетілген, келешекте табыс әкелуге қабілетті қаражаттар » - бұл Г. М. Лисович пен И.Ю.Ткаченконың шығынға берген түсініктемелері. Осымен қатар кәсіби әдебиеттерде осы ұғымның басқалай да трактовкасы ( түсіндірулері ) кездеседі.

Содержание

1 тарау. Шығындар есебінің негізі.
1.1. Шығындар есебінің жалпы сипаттамасы.
1.2. Өндірістік шығындардың жіктелуі.
1.3. Өндірістік шығындардың есебін ұйымдастыру.

2 тарау. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау.
2.1. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың өндірісті басқарудағы ролі.
2.2. Калькуляциялаудың принциптері және оның объектісі.
2.3. Калькуляциялаудың әдістері.

Работа содержит 1 файл

кәсіпорын шыгындары.doc

— 66.50 Кб (Скачать)

                       Жоспар:  

1 тарау. Шығындар  есебінің негізі.

1.1. Шығындар  есебінің жалпы сипаттамасы.

1.2. Өндірістік  шығындардың жіктелуі.

1.3. Өндірістік  шығындардың есебін ұйымдастыру. 

2 тарау. Өнімнің  өзіндік құнын  калькуляциялау.

2.1. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың өндірісті басқарудағы ролі.

2.2. Калькуляциялаудың  принциптері және оның объектісі.

2.3. Калькуляциялаудың  әдістері. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

            1 тарау. Шығындар есебінің негізі.

        1.1. Шығындар есебінің  жалпы сипаттамасы.

       Шығын – тауарға және жұмысқа  төленетін ақша.

« Шығындар қолдағы бардың сатып алуға жұмсалғанын  және оны шаруашылық субьектінің  балансында актив ретінде көрсетілген, келешекте табыс әкелуге қабілетті  қаражаттар » - бұл Г. М. Лисович пен  И.Ю.Ткаченконың шығынға берген түсініктемелері.  Осымен қатар кәсіби әдебиеттерде осы ұғымның басқалай да трактовкасы ( түсіндірулері ) кездеседі. Мәселен, проффессор Ч.Т. Хорнгерн, Дж. Фостер келесідей түрде тұжырымдайды: « Шығындар – тауарларға немесе қызметтерге төленуі қажет болатын, тұтынылатын ресурстар ( ақшалар )». Тура осындай мазмұндағы анықтаманы кейінірек проф. А.Д.Шеремет және басқа да авторлар берді. Бұл ұғымдардан «шығындар» тұжырымдамасының абстрактілі екені көрінеді. Сондықтан да осы күнге дейін экономикалық әдебиеттерде шығынның анықтамасы бойынша көзқарастардың біртұтастығы жоқ. Отандық тәжірибеде ұқсастығына байланысты «шығындар», «шығыстар», «жұмсалған қаражат» бірдей деп теңдестіріледі және «өндіріс шығындары»  немесе «өндіріске жұмсалған шығын» терминдері бір мағынада қолданылады. Соған қарағанда шығын сөзінің табиғаты әр қилы ахуалға байланысты түрлі мәеге ие болатын сияқты. Басқару есебінде шығындар әр түрлі мақсаттар үшін бірнеше әдістермен жіктеледі, яғни шығын бір мағыналы ғана емес. Шығын факторы – шығындардың пайда болуына әкелетін кез-келген оқиғалар не жағдайлар, олар әр түрлі мақсатқа байланысты топтастырылады.

Өндірісті тиімді басқару үшін басшыларға шыққан шығын жайлы ақпарат керек. Шығындарды есептеу жүйесін тиімді құру дегеніміз – шешімдердің типтес топтарын айқындау және оларға сәйкес келетін шығындарды есептеу обьектілерін таңдау.Өндірістік шығындарды әр түрлі негіздер бойынша классификациялауға болады. Кейбір шығындарды өнімнің белгілі бір түріне жатқызса,  кейбіреуін білгілі бір өнімге жатқызу мүмкін емес. Шешім қабылдау үшін ақпарат жинау кезінде есепші шығындардың кей түрі шешімнің бір типіне керек болса, екінші типі үшін маңызы жоұ екенін ескеруі тиіс. Өндірістік шығындарды тексеру мақсатына қарай әр түрлі белгілері бойынша классификациялауға болады.

  1. Құрамы бойынша:   

                                          Нақтылай.

                                           Жоспарлы немесе болжамды.

  1. Өндірістің көлеміне байланысты:     

                                           Ауыспалы.

                                           Тұрақты,т.б.

  1. Орташаландыру дәрежесі бойынша:

                                            Жалпы.

                                            Орташа.           

  1. Басқару тәсілдері бойынша:

                                           Өндірістік.

                                           Коммерциялық.

                                          Әкімшілік. 

  1. Өзіндік құнға кіргізу әдісі бойынша:

                                         Тікелей.

                                         Жанама.

    6. Пайда түскен кезеңге шығындарды  реттеу және жинақтау.

                                         Өнімге.

                                         Кезеңге.

     «Шығындар» ұғымына өндіріс шығындарының  пайда болуымен байланысты активтердің азаюы ( материалдар, ақшалай қаражаттар ) немесе міндеттемелердің артуы ( кретиторлық қарыз ) енеді. «Шығындар» мен «шығыстар» ұғымдарын толығымен ұқсас деуге болмайды. Қаржы саласындағы стандарттары бойынша  «Шығыстар» - есепті кезеңде активтерді пайдалану немесе есептен шығару жағдайында табыстың азаюы, сондай-ақ капиталдың кемуіне әкелетін және соған сәйкес қосымша міндеттемелердің пайда болуы.

     «Шығындардың» мәнін жеткілікті  түсіну үшін , оны үш жақты қарастыру  керек. Біріншіден, шығындар ресурстардыпайдаланумен анықталады.

Екіншіден, шығындар ақшалай өлшеммен көрсетіледі, сөйтіп пайдаланылған ресурстардың санын көрсетеді. Үшіншіден, шығындар кез-келген бөлімшенің қызметі, өнімді өндіру, түрлі қызметтердің іске асырылу  жайын (мақсатын) салыстырады. Осыдан келіп, шығындар өзіндік құнға қарағанда бір мезгілде белгілі мақсаттарға ақшалай (кейде натуралды не материалды емес) көріністе ресурстарды пайдалану деңгейін көрсетеді. «Шығындарды» есепте көрсету соңғы өнім болып табылмайды, ол мақсатқа жету құралы ретінде көрінеді. Икемді шығындар әр түрлі өндіріс көлемінде «өздерін түрліше алып жүреді», ал жекелеген тұрғыдан қарасақ, шығын – пропорционалды, прогрессивті немесе дегрессивті түрде көрінеді. «Шығынның» мұндай әрекетін көре тұра шетелдік әдебиеттерде, теориялық еңбектерде  «шығынның әрекеті (қылығы)» деген термин өте жиі қолданылады. Қазақстандық тәжірибеде шығындар динамикасы (қарқыны) туралы айту қабылданғанмен, «шығынның әрекеті (қылығы)» термині тек қарқынды ғана емес, сондай-ақ осы немесе басқа шығыстардың мүмкін болатын тұрақты, қалыпты жағдайын көрсететін  өте ауқымды ұғым болып табылады. Шешім қабылдау үшін іскерлік белсенділік пен өндірістік қызметтің деңгейлеріне тәуелді «шығындардың әрекеті (қылығы)» қалай өзгеретінін көрсету өте маңызды роль атқарады. Сондықтан шығынға қарап бюджетті жоспарлағанда келесідей мәселелер туады:

  • Келесі жылға өндірістік қызметтің қандай түрін жоспарлау керек?
  • Сатылатын тауарлардың көлемінің өсуіне байланысты сату бағасын азайту керек пе?
  • Өнімді сатумен айналысатын қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу қандай нысанда болуы керек: комиссиондық сыйақы, жалақы немесе олардың комбинациялары?
  • Өнім шығарудың мөлшерін арттыру үшін қосымша құрал-жабдықтар сатып алу керек пе?

    Мұндай  құбылыстарды (обьектілерді) ұғыну үшін осы немесе басқа белгілері бойынша шығындарды топтастыру жүргізіледі. Объектілерді жіктеу (классификациялау) белгілері көп болған сайын оның зерттелу деңгейі де жоғары болады. Бұл өз кезегінде объектінің басқарушылық деңгейін арттырады.

          Есептік ақпараттарды жіктеу схемасының көптігіне байланысты эталон ретінде олардың қандай да бір түрін бөліп алу қиындық туғызады, өйткені классификациялау схемасы ақпараттың арналымына (мақсатына) тәуелді. Сондықтан шығындар есебін дұрыс ұйымдастыру үшін оларды ғылыми негізде жіктеудің үлкен мағыналық мәні бар.(1-кесте)

                                                                                                     1.Кесте. 

    Топтастырылатын белгілеріне байланысты жасалатын  шығындар жіктемесі ( классификациясы ).   

   Жіктеу  белгілері Шығын түрлері
1 Мазмұны (айналымы) бойынша Негізгі және үстеме
2 Өнімнің өзіндік  құнына енгізу (қосылу) әдісі бойынша Тікелей және жанама
3 Өндіріс көлемінің  өзгерісіне қатысы бойынша Айнымалы және тұрақты
 

Осылардан басқа бақылау және реттеу функцияларын жүзеге асыру үшін басқарушы есебінде реттелетін және реттелмейтін шығындар тобы да ажыратылып көрсетіледі.

     

    1.2. Өндірістік шығындардың  жіктелуі.

    Шығындар жіктемесі басқару мәселелерін  шешуші құрал ретінде  шешімді  қабылдайтын және оның зардаптарын  анықтайтын процеске қатысады. Дұрыс  шешім қабылдау үшін оның қандай  шығындар мен олжаға жетелейтінін  білу қажет. 

    Шығындарды жіктеудің мақсаты – жалпы массадан тек релевантты шығындарды бөліп көрсету (оның өзгеруіне ықпал етуге болатын бөлігіне қатысты), ал релевантты шығындар деп – тек шешімді қабылдау барысында ғана өзгеретін  болашақ шығындарды есептеуді айтады. Сондықтан, жіктеу әдістері немесе бағыттары басшының алдында тұрған нақты мәселелерге тәуелді болып келеді.

  • Бірінші бағыт – жай өндірістік есеп, оның негізгі міндеті: өнімді сатудан күтілетін табыс (қызметтерден, тасымалдаудан, сатудан) және өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік құнын анықтау үшін жұмсалған шығындар (тікелей және жанама) туралы есептік мәліметтерді алу;
  • Екінші бағыт - өзіндік құн туралы есеп берулер мен нақты шығындар туралы алынған ақпараттарды жүйелеп, өндірістік шығындар деңгейімен айналысатын (цехтардың, өндірістердің, шектеулі серіктестіктердің) басшыларды керекті ақпараттармен қамтамасыз ету;
  • Үшінші бағыт – шығу орындары бойынша шығындарды бақылау мен реттеу мақсатында шығындар және жауапкершілік орталықтары бойынша есепті ұйымдастыру.

                                 

                                                 2. кесте.

    Мақсаттарға сай жасалынған шығындардың жіктемесі (мүмкін болатын варианттар). 

           Міндеттері   Шығындардың  жіктелуі
өндірілген  өнімнің өзіндік құнын есептеу, қорлардың құнын және алынған  табыстарды бағалау   Кіретін  және шығатын; тікелей және  жанама; өзіндік құнға кіретін  (өндірістік) және есептік кезең  шығындары; бір элементтік және  кешенді; ағымдағы және бір  жолғы.
Шешім қабылдау және жоспарлау   Тұрақты  (шартты тұрақты) және айнымалы; бағалау кезінде есепке алынатын және алынбайтын; қайтарымы жоқ шығындар; ескерілмеген ситуациялық шығындар; шекті және өсімді; жоспарлы және жоспарланбаған
Бақылау және реттеу Реттелетін  және реттелмейтін

     

      Қарастырылып отырған жіктемемен  сәйкес есепті жүргізу – отандық өндірістік шығындар есебіндегі жаңа құбылыс. Нарықтық қатынастарды жоспарлауда,  нормалауда және жалпы өндірісті басқару жүйесінде басқарушы есебінің (оның ішінде өндірістік есепте) ролі күшейіп отыр.                

       Баптар бойынша шығындарды топтау «Негізгі өндіріс» шотында аяқталған көрініс бойынша бейнеленеді, бірақ осы мәліметтер бойынша шаруашылық серіктестіктердегі әрбір өнім (қызмет пен жұмыс) түрлерінің өтеуі жөнінде, оларда қабылданған шешімнің тиімділігі және қабылданатын шешімнің табыс пен шығыс деңгейіне әсері туралы қорытынды жасауға болмайды.  Көп жағдайда осы мәселелерді шешу –қолданылған шығындарды топтастырумен анықталады. Басқару мақсаттарын  қанағаттандыратын шығындардың жіктемесі, өндірістік шығындар туралы ақпараттарды талдау және өңдеу әдістері – өндірістік қызметте есепті ұйымдастырудың басты қағидасы болып табылады.

  
 
 

1.3. Өндірістік шығындардың  есебін ұйымдастыру. 

Өндірістік  шығындар есебінің жалпы сызбасында өндірістік шығындар туралы ақпараттардың қозғалысы көрсетілген. 

Материалдар шоты. Негізгі өндіріс шоты. Сатылған  өнімнің өзіндік құнының шоттары. 801,802,803.
Қалдық. өндірістегі тұтыну. Қалдық. Баптар (статьялар) бойынша өндіріс  шығындары.  Шығарылған  өнімді өзіндік құны бойынша бағалау. Нақты өзіндік  құны бойынша шығарылған өнім (тауар). Нормативтік (жоспарлы) өзіндік құны бойынша шығарылған өнім (тауар). Нақты өзіндік құнның нормативтен ауытқуы.
Қалдық
 
 
Еңбекақыны  төлеу бойынша есеп айыру шоты. Көмекші өндіріс шоты.
Қалдық. Есептелген жалақы. Қалдық.

Баптар  бойынша өндірістік шығындар.

Өзіндік құны бойынша  негізгі өндіріс жұмыстары (көрсетілетін қызметтер).
 
 
 
Зейнетақы қоры.

Сақтандыру  бойынша есеп айырысу шоттары.

 
Үстеме  шығын шоттары: 930, 904, 924,т.б.
Касса, Есеп айырысу шоттары және т.б. ақшалай қаражат шоттары.
                                     Қалдықтар:
Еңбекақыдан жасалған аударылымдар (төлемдер). Негізгі құралдарға есептелген амортизация. Баптар (статьялар) бойынша ағымдағы (кезең) шығындары. Шығындарды  бөлу (тарату). Өндіріске жұмсалған  ақшалай қаражаттар.

Информация о работе Кәсіпорын шығындары