Автор: l**********@yandex.ru, 27 Ноября 2011 в 19:28, реферат
Кәсіпорындарды құру және олардың құрылымдық бөлімшелерінің негізіне өндірістік процестер жатады. Өнімді өндірумен байланысты кез келген технологиялық процес түрлі операциялар көлемін, оның ішінде негізгі, қосымша, қызмет көрсету, басқару және тағы басқа жұмыстарды іске асырады. Дайын өнімді жасауда жоғарыда көрсетілген операциялардың ролі әртүрлі. Өнімді қалыптастыру негізгі өндірістік процестердің кезінде шығады, ал басқа процесте оны жасауға тек ықпал етеді. Мұның барлығы тиісті бөлімшелерді қалыптастырудың негізі болып табылады.
Кәсіпорындарды құру және олардың құрылымдық бөлімшелерінің негізіне өндірістік процестер жатады. Өнімді өндірумен байланысты кез келген технологиялық процес түрлі операциялар көлемін, оның ішінде негізгі, қосымша, қызмет көрсету, басқару және тағы басқа жұмыстарды іске асырады. Дайын өнімді жасауда жоғарыда көрсетілген операциялардың ролі әртүрлі. Өнімді қалыптастыру негізгі өндірістік процестердің кезінде шығады, ал басқа процесте оны жасауға тек ықпал етеді. Мұның барлығы тиісті бөлімшелерді қалыптастырудың негізі болып табылады.
Айтылғандарды есепке алсақ, өндірістік бөлімшелер өнімді өндірудегі жалпы технологиялық процестердегі орлардың өзара байланысы кәсіпорынның өндірістік құрылымын құрайды. Құрылым кәсіпорынның дамуы мен жұмыс істеуін қамтамасыз ететін элементтердің іс әрекетін көрсетеді.
Кәсіпорын құрылымы өндірістік және ұйымдық болып бөлінеді. Өндірістік бұл негізгі және көмекші цехтар және учаскелердің құрамы мен мөлшері.
Өндірістің құрамына ықпал ететін негізгі факторлар мыналар болып табылады:
- шығарылатын
өнімнің және оның
- өндірістің ауқымы;
- кооперациялау денгейі.
Шығарылатын өнімнің сипаты және оны дайындаудың тәсілі шешуші дәреже цехтардың құрамын, олардың мөлшерін, жүк айналымы және зауыт аймағының шамасын анықтайды. Өндірісті ұйымдастыруда маңызды жағдай болып табылатын кейбір бұйымдардың түрлері түрлі көлемде шығарылады. Шығарылатын өнім көп болса, сонша технологиясы мен ұйымдық әдістері қолданылуы мүмкін.
Ұйымдық – техникалық факторлардың жетекші тұрғыда кәсіпорындардың кейбір бөлімшелерінің және олардың жалпы құрылымдарын қалыптастыруға ықпал ететін өндіріс үлгілері бой көрсетеді. Өндіріс үлгілері жұмыс орындарының саны мен ондағы орындалатын операциялары арасындағы арақатынастар мен есептелінетін көрсеткіштері арқылы анықталынады.
Кәсіпорындардың ұйымдық құрылымы – бұл құрамы және ұйымдық бірлік мөлшері (жұмыс орны, бөлім), олардың арасындағы және тұрғызу нысаны. Ұйымдық бірлік егерде олардың мөлшері көлеміне және межелеген міндетіне сай келетіндей болса тиімді жұмыс істей алады. Әрбір құрылым денгейлес және сатылы болып бөлінеді.
Еңбек
бөлінісінің денгейлестік шекарасы
басқарушының өз ісінің саласында тиімді
басқару мүмкіншілігін
Өндірістің ауқымы, технологиялық процестердің ерекшелігі, мамандандыру денгейі, бөлімшелердің құрамы мен саны кәсіпорындардың түрлі өндірістік құрылымдарын туғызады. Өнеркәсіп кәсіпорындарындағы бөлімшелерінің негізгі құрылымдары цехтар болып табылады.
Өндіріс немесе цех кәсіпорынның ұйымдық, мүліктік оқшауланған құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Онда дайын өнімнің бір бөлігі дайындалады немесе өндіріс процесін орындайды. Цех – бұл белгілі бір бейнелерді пайдаланатын кәсіпорынның оқшауланған бөлімшесі.
Кәсіпорындардың цехтар, учаскелер және басқа да буындары арасындағы өзара қарым – қатынасы, атап айтқанда, шикізаттар, материалдар, жартылай фабрикаттар және қызмет көрсетуде цехтар, бөлімдер ережелерімен, сол сияқты кәсіпорынның бекіткен ережесіне сай нормативтік құжаттармен реттеледі.
Кәсіпорынның құрылым көрсеткіштерін дұрыс таңдау өндірістің осал жерлерін ашуға және осы кәсіпорынның оңтайлы құрылымын таңдауға мүмкіндік туғызады.
Келтірілген бірқатар көрсеткіштерді пайдалану цехқа қатысты кәсіпорынның үдемелі құрылымын анықтайтын кейбір өндірістік бөлімшелердің арақатынасын анықтайды. Кәсіпорын құрылымындағы негзгі цехтар, дайын өнімді шығарумен байланысты негізгі операцияларды орындауды қамтамасыз ететін құрылымның тиімділігін көрсетеді. Сонымен нақтылы көрсеткіштерді салыстыру арқылы басқару құрылымын сипаттайтын нормативтік немесе алдыңғы қатарлы кәсіпорындардың қол жеткен табыстарын өндіріске енгізуді қажет етеді. Мұндай салыстырмалы тәсілдермен олардың одан әрі жетілдіру жолдарын анықтайды.
Салалық құрылымдарды жетілдіру көзінің бірі бұл өндірістік бірлестіктер құру. Оның түрлі үлгілері әртүрлі құрылымдарды алдын ала анықтайды. Дегенмен, қағида бойынша, өндірістік бірлестіктерде ғылыми зерттеу лабораториялары, жобалау конструкторлық бюролар, жабдықтар, көмекші шаруашылықтар орталықтандырылады.
Өндіріспен қатар ғылыми өндірістік бірлестіктер құрылады. Оларды құрудың басты мақсаты – машиналардың, жабдықтардың, материалдардың және басқа да өндірістік бұйымдардың үдемелі технологиялық процестерінің жаңа үлгілері таңдамаларының техникалық деңгейлігін арттыру. Олардың негізінде саладағы ғылыми техникалық прогресті жеделдету болып табылады.
3 Өндіріс
процесінің бірқалыпты жұмыс
істеуі үшін ең тиімді еңбек
процесінің үйлесуін және
Өндірістік процесті ұтымды ұйымдастыру мыналарды қамтуы қажет:
- өнімдерді
дайындау және шығарудағы
- кейбір
бөлісулердің өндіріс
- өндірістің барлық бөлісу қызметінің ең жоғарғы қосарластығы;
- өңделетін
материалдар мен бұйымдар
- өндірістің ырғақтылығы, тең аралық уақытта тең жұмыс көлемін орындау.
Өндірісті ұйымдастырудың негізгі үлгілері: жеке дара, сериялық және жаппай өндіріс болып табылады.
Жеке дара өндіріс – шығарылатын өнімнің кең номенклатурасын, сол сияқты көмекші операцияларға уақыт шығындарының көп жұмсалуы, еңбек өнімділігінің төмен және өнімнің өзіндік құнының жоғары болуын сипаттайды.
Сериялы
өндіріс- жеткілікті көп мөлшерде шығарылатын
өнімдердің түпкілікті және көп емес
бұйымдардың номенклатурасын
Жаппай өндіріс – ұзақ уақыт ішінде үздіксіз шығарылатын шектеулі номенклатуралық бұйымдар немесе материалдардың әрбір жұмыс орнында елеулі мөлшерде қатаң қайталанатын процестерді сипаттайды.
Жаппай өндірістің экономикалық артықшылығы мына төмендегілерден байқалады:
- мамандандырылған
жоғары өнімді жабдықтарды
- жабдықтарды қайта құру және оларды жетілдіруге байланысты уақыт ысырабының жоқтығы;
- өндіріс процестерінің ұзақтылығын қысқарту, еңбек өнімділігін және оның сапасын арттыру;
- өндірістік
қуаттарды едәуір тиімді
4 Кәсіпорынның өнім шығарудағы әлеуетті мүмкіндіктері олардың өндірістік қуаттарын тұлғалайды. Кәсіпорындардың қабілеттілігі және олардың бөлімшелерінің өнімді ең көп мөлшерде дайындауды, олардың жарақтандырылуы тікелей сапасына, жетілдіру және еңбек құралдарының іс әрекетке қабілеттілігінен тұрады. Еңбек құралдары ең алдымен актив бөлігі еңбек құралын кәсіпорынның өндірістік қуатын қалыптастырудың негізгі факторы деп есептеуге болады. Алайда, бұдан өндірістік қуатты еңбек құралдарының өндірістік техникалық параметрлер негізінде кәсіпорынның осы уақыт аралығындағы нақтылы жағдайын есепке алмай ақ анықтауға болады деп қорытындылауға болмайды.
Кәсіпорын - белгілі бір өнім өңдіретін немесе халыққа қызмет көрсететін заңды тұлға.
Кәсіпорын экономикасы
- өндірістік жэне өндірістен тыс қатынастардың
жиынтығы: айналыс қоры, дайын өнім, кәсіпорынның
банктегі есеп-шоттары, ақша қаражаты,
бағалы қағаздары, меншіктің материалдық
емес қорлары (патенттер, лизенция т.б),
өнімді өткізуден және әр түрлі көрсетілген
қызметтерден түскен табыстар мен пайда.
Олардың құндық бағасы - кэсіпорынның
экономикалық даму деңгейі мен көлеміне
байланысты болады.
Кәсіпорынның
өндірістік қуатын пайдалануға ықпал
ететін факторлар
Өндірістік қуаттың мөлшеріне ықпал ететін факторлар | Өндірістік қуатты пайдалануға ықпал ететін факторлар |
|
|
Өндірістік қуат экономикалық санаты ретінде ең көп өнімді шығару мақсатында еңбек құралдарының активіті түрлері машыналар және жабдықтардың ұйымдасқан жиынтықтарын пайдаланудағы өндірістік қатынастарын қамтиды. Өндірістік қуаттың мәні толық ашылады, егерде оны еңбек құралдарының ұйымдасқан жиынтығының бернесі ретінде қаралатын болса.
Барлық жағдайлары бірдей кәсіпорындарда өндірістік қуатты пайдаланудың экономикалық тиімділігін арттырудың негізгі жолдары мыналар:
- нақты жағдайларда
ең жоғарғы экономикалық
- қажетті құрал жабдықтардың қолайлы құрамын табу.
Қазіргі кезде қандай да болмасын жұмыстарды өнімділігі жоғары техниканың жаңа түрлерін қолданбайынша сапалы орындауға болмайды.
Кәсіпорынның өндірістік қуаттарын пайдалануды ұйымдастыру және қалыптастыру процестері күрделі және көптеген факторларға тәуелді. Өндірістің өсу ауқымы және оның тиімділігінің артуы резервті көбейту және қолданыстағы кәсіпорындардың өндірістік қуаттарын пайдалануды жақсартуды іздестіру міндетін қояды. Сондықтанда қолданыстағы кәсіпорынның өндірістік қуатын және оны пайдаланудың мөлшер денгейін анықтауға негіз болатын факторлар шеңберін анықтауды қажет етеді. Бұл шарттасқан екі фактор ықпал ететін бірінғай объект –кәсіпорынның өндірістік қуаты. Бұлардың арасындағы айырмашылық – факторлардың бір бөлігі өндірістік қуаттың өсу резервін, ал екінші бөлігі – оны пайдалануды жақсарту резервін анықтайды.
Кәсіпорын – қоғамдағы еңбек бөлінісі жүйесіндегі оқшауланған дербес өндірістік-шаруашылық бірлік, яки заңи тұлға құқығы берілген шаруашылық жүргізуші субъект; өндірістік-шаруашылық қызметті ұйымдастырудың негізгі нысаны. Ол әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыру және пайда алу мақсатымен еңбек ұжымын пайдалана отырып, өнім(тауар) өндіреді, жұмыстарды орындайды, қызметтер көрсетеді және өндіріс құрал-жабдығы мен басқа да мүлікке меншік нысандарына қарамастан заңи тұлға ретінде және шаруашылық есеп принципіне сүйеніп әрекет етеді. Кәсіпорын заңнамада тыйым салынбаған және кәсіпорынның жарғысында көзделген мақсаттарға сай келетін кез келген шаруашылық қызметпен айналыса алады.Кәсіпорын өзінің қызметін дербес жүзеге асырады, шығарылатын өнімін, салықтар мен бюджетке басқа да міндетті төлемдерді төлегеннен кейін қалған пайданы иеленеді. Кәсіпорын мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап құрылды деп саналып, заңи тұлға құқығын иеленеді. Тіркеу үшін құрылтайшы оны құру туралы шешімді немесе құрылтайшылардың шартын, кәсіпорынның жарғысын және басқа құжаттарды ұсынады. Кәсіпорынның дербес балансы, банктерде есеп айырысу шоттары мен өзге де шоттары, өзінің атауы жазылған мөрі болады. Мүліктік кешен ретінде кәсіпорынның құрамына оның қызметі үшін керекті мүліктің барлық түрлері, бұған қоса жер телімдері, ғимараттар, жабдықтар, шикізат, өнімдер, талап құқықтары, сондай-ақ, кәсіпорынды, оның өнімін, жұмыстары мен көрсететін қызметтерін дараландыратын таңбаларға құқықтар (фирмалық атаулар, тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері) және заң мен шартта өзгедей көзделмеген жағдайда басқа да айрықша құқықтар кіреді. Меншік иесінің немесе ол уәкілдік берген органның келісуімен кәсіпорын заңи тұлға құқықтары берілген еншілес шаруашылық жүргізуші субъектілер, сондай-ақ филиалдар, бөлімшелер, банкіде шот ашу құқығы бар басқа да оқшауландырылған бөлімшелер құра алады. Тиісті орган арқылы мемлекет, еңбек ұжымдары, жеке және заңи тұлғалар, соның ішінде шетелдік тұлғалар да, кәсіпорынның құрылтайшылары бола алады. Меншік нысандарына қарай кәсіпорын жеке, мемлекеттік, ұжымдық немесе аралас меншіктегі, сондай-ақ, қоғамдық ұйым меншігіндегі кәсіпорын нысанында құрылуы мүмкін. Олар жекеше кәсіпорын, серіктес (жарнапұлға негізделген серіктестік), акционерлік қоғам, мемлекеттік кәсіпорын, коммуналдық кәсіпорын түрлеріне жіктеледі. Нарықтық экономикаға көшу жағдайында жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың дербестігін кеңейтумен бірге экономикалық бірігудің жаңа нысандарын – серіктестіктер, қауымдастықтар, бірлескен кәсіпорындар, шағын кәсіпорындар, консорциумдар, биржалар,коммерциялық банктер құрудың тиімділігі айқындала бастады.