Кәсіпорын экономикасы мәні және оның мазмұны

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 00:45, курсовая работа

Описание работы

Реферат тақырыбын негізгі екі бөлімде қарастырамыз. Бірінші бөлімде кәсіпорынның мәні мен мазмұнын қарастырамыз. Алдымен кәсіпорынның анықтамасын береміз. Кәсіпорын деп - белгілі бір өнім өңдіретін немесе халыққа қызмет көрсететін заңды тұлға. Ал кәсіпорын экономикасы - өндірістік және өндірістен тыс қатынастардың жиынтығы: айналыс қоры, дайын өнім, кәсіпорынның банктегі есеп-шоттары, ақша қаражаты, бағалы қағаздары, меншіктің материалдық емес қорлары (патенттер, лизенция т.б), өнімді өткізуден және әр түрлі көрсетілген қызметтерден түскен табыстар мен пайда.

Содержание

КІРІСПЕ ..................................................................................... 3
Негізгі бөлім ............................................................................... 4

1. «Кәсіпорын экономикасы» мәні және оның мазмұны ……… 4
2. Қазақстан Республикасының кәсіпорын экономикасының даму жолдары және бағыты………………………………………. 12
Қорытынды.................................................................................14
Пайдаланған әдебиеттер тізімі..................................................15

Работа содержит 1 файл

AidaRski.docx

— 40.46 Кб (Скачать)

 Макроэкономикалық талдау тек жеке кәсіпорынға ғана тиісті емес, сонымен бірге жеке кәсіпорынның рыноктағы ықпалын және ақиқатында, кәсіпорын деңгейіндегі экономиканы және өндірісті ұйымдастыруды зерттеу болып табылады.

Макроэкономика – бұл экономиканы бірыңға й тұтас ретінде қарайды және сұраныс пен ұсыныстың жиынтық процестерін қалыптастыруды зерттейді. Мұнда сұраныс – белгілі баға бойынша тұтынушылар сатып алудағы дайын тауар саны, ал ұсыныс – бұл тауарды және қызмет көрсетуді жеткізу.

Макроэкономика, сол сияқты ұлттық табысты, жалпы өнімді зерттейді, үкіметтің бюджет саясатының ұлттық банкінің ақша саясатының экономиканы  дамытуға ықпалын, инфляцияны, жұмыссыздық  деңгейін және т.б.талдайды.

Макроэкономикалық талдау деңгейі  жалпы экономика бойынша немесе олардың құрамдық бөліктері ұлттық экономиканың салаларына жатады. Бұл  салаларды зерделей отырып, макроэкономика экономикаға құрылымның жалпы көрінісінің  және халық шаруашылығының салалар  арасындағы өзара қатынастарын көрсетуге  өзінің алдына мақсат етіп қояды.

Әр елдің ұлттық экономикасы  макроэкономика деп аталады. Қазақтың макроэкономикасы аралас экономикада  болып табылады. Аралас экономикада  экономикалық механизмдер кеңінен  пайдаланылады, себебі мемлекеттік  емес кәсіпорындарды макро дәрежеде басқару қажеттілігі және макро  деңгейде ұйымдастыру және басқару  ролінің өзрегуі экономикалық механизмін кеңінен пайдалануды талап етеді. Өйткені, аралас экономикада өндірістің өнім көлемін жоспарлау арқылы мемлекет белгілей алмайды. Қанша, кандай және кайда  қызмет көрсету қажеттілігін рынок  анықтайды.

«Кәсіпорын экономикасы» пәні «Кәсіпкерлік экономикасы», «Менеджмент», «Маркетинг», «Бухгалтерлік есеп жіне шығармашылық қызметін талдау», «Қаржы», «Статистика» және т.б.пәндерімен тығыз  байланысты.

Кәсіпорын экономикасы үшін берілетін шама бар. Ол әр уақытта есепке алынады. Халық шаруашылығындағы кез келген өзгерістер, мысалы, қажеттілік құрылымының өзгеруі, демографиялық ілгерілеу, халық табысының өзгеруі, ғылыми техникалық жетістіктер және т.б.кәсіпорындарының жағдайын өзгертуге әкеліп соқтырады. Керісінше, кәсіпорын экономикасын зерделеу объектісі, мысалы, өндіріс шығындары макроэкономиканың мәліметтері болады, сондықтан да зерттеулерде осыларды ескеру қажет.

Сонымен, кәсіпорын экономикасы  дербес экономикалық пән болып табылады, пәннің мән мағынасын зерделеу кәсіпорынның іс-әрекетін әзірлеу процессін және шаруашылық шешімдерін қабылдау.

Кәсіпорын белгілі бір  кәсіпкерлік ортада қызмет атқарып, оның барлық іс-әрекетіне ықпал көрсетеді. Кәсіпкерлік орта қалыптасқан экономикалық және саяси ахуалды, құқықтық, әлеуметтік мәдени, технологиялық, географиялық ортамен, экологиялық жағдаймен, сонымен бірге институционалдық және ақпарат жүйелерін сипаттайды.

Кәсіпорын экономикасын зерттеудің негізгі объектісіне жататындар:

  • кәсіпорынның өндірістік құрылымы, өнеркәісіп өндрісінің үлгісі, өндіріс кезенің ұйымдастыру;
  • өндірісті басқару процесін ұйымдастыру;
  • шаруашылық стратегиясын таңдау, өнімді өндіруді жоспарлау және өнімді сатуды әзірлеу;
  • өндірісті қалыптастыру, капиталды пайдалану және кәсіпорынның табысын қорландыру;
  • өндірістің материалдық техникалық базасымен қамтамасыз етілуі, шикізаттар, материалдар жеткізілуі, босалқы қорды қалыптастыру және оларды ұтымды пайдалану;
  • өндірістің техникалық жағдайы және қажетті өндірістік инфрақұрылымды құру;
  • өндірістік шығындарды қалыптастыру, өнімнің өзіндік құн калькуляциясы, өндірістің баға саясаты;
  • өндірістің қарды ресурстары, шаруашылық қызметінің тиімділігі, кәсіпкерліктегі тәуекелді баға;
  • кәсіпорынның жаңартпашылық қызметі, өнімнің сапасы, кәсіпорынның жаңартпашылық саясаты, экономикалық проблемалар;
  • кадрларды іріктеу, оларды жұмысқа қабылдау, еңбекті ұйымдастыру, еңбекке ақы төлеу жүйесі және еңбек өнімділігін арттыруды ынталандыру.

Сонымен, кәсіпорын экономикасы  – өндіріс факторларының жиынтығы (меншіктік және қарызгер), өндірістік емес факторлар (бала бақшалар, профилактория және т.б.), айналыс қоры, дайын өнім кәсіпорындарының есепшоттарындағы ақша қаражаттары, құнды қағаздар, материалдық емес меншікті қор ( патенттер, лицензиялар және т.б.), өнімді сату нәтижесіндегі табыстар немесе зияндар және түрлы қызмет көрсетулер.

       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.    Қазақстан Республикасының кәсіпорын экономикасының даму жолдары және бағыты

 

      Экономиканың дағдарысқа дейінгі ахуалын көрсететін рейтингтің қорытындысы бойынша Қазақстанды макроэкономикалық жағдайы тұрақты, адами әлеуеті біршама жоғары және осы деңгейде дамыған тұтынушылық нарығы бар, алайда инфрақұрылымдық-мекемелік және инновациялық-технологиялық даму жағынан орташа, сондай-ақ бизнесі бәсекеге қабілеттілігі жеткіліксіз ел ретінде сипаттауға болады.

Егер 2006-2007 жылдары республика 50-ші орында болса, 2007-2008 жылдары – 61-ші, ал 2008-2009 жылдары 66-шы орынға төмендеді. Рейтингіге барлығы 131 мемлекет қатысты.

Қазіргі уақытта Қазақстан  экономикасының бәсекеге қабілеттілігі  жалпы өнеркәсіптің әр түрлі салаларына жататын отандық кәсіпорындарға байланысты. Соңғы жылдары елдің  жалпы экономикалық көрсеткіштеріне тамақ өнеркәсібі қызметі көрсеткіштерінің ықпалының күшейгені байқалады.

Қазақстанның осы саласында 4059-ға жуық өнеркәсіптік кәсіпорын  мен өндіріс жұмыс істейді, оның 80%-ын шағын және орта кәсіпорын құрайды.

Экономиканың тұрақты  дамуға көшу жағдайында кондитерлік  кәсіпорындарды стратегиялық басқару  қажет. Осы мақсатқа жету үшін кәсіпорындар ұзақ мерзімді бәсекелік артықшылықты қалыптастыруға және өздерінің ұзақ мерзімді мақсаттарына жетуі тиіс.

Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін ең бастысы отандық  және шетелдік нарықта қазақстандық өнім өндірушілердің позициясын күшейту  проблемасын шешу қажет. Осы мәселені шешуде мемлекеттік қолдаумен қоса отандық кәсіпорындарды басқарудың тиімділігін арттырудың маңызы зор.

Қазіргі уақытта бәсекелестікті талдау мен бағалаудың өте көп  әр түрлі әдістері қолданылады. Алайда шетелдік компаниялармен салыстырғанда  отандық кәсіпорында осы әдістер  өте төмен деңгейде пайдаланылады. Біздің ойымызша, бұған осы әдістерді  пайдалануға қажетті ақпаратқа  қол жеткізудің қиындығы немесе осы  ақпараттың шынайы болмауынан қажетті  ақпараттық базаның, білікті мамандардың  аздығы, озық консалтингтік компаниялардың жетекші мамандарын тарту үшін қаражаттың болмауы қолбайлау болып отыр.

Қазіргі экономикалық жағдайға орай 50 ел қатарына қосылуда, ДСҰ (ВТО) кіруде республикамыздағы кәсіпорындардың  бәсекелестік қабілеттілігін арттыру  жолдары бүгінгі күні өзекті мәселеге айналып отыр.

«...Қазірдің өзінде біздің кәсіпкерлерге жаңа мүмкіндіктердің  пайда болуын дұрыс бағалау, жаңа рыноктарға шығу жөніндегі тиімді стратегияларды әзірлеумен байыпты айналысу, бәсекелестік артықшылықтарды өсіре түсу маңызды...»  деп 2010 жылғы 29 қаңтарындағы жаңа оңжылдық – жаңа экономикалық өрлеу –  қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. назарбаевтің Қазақстан халқына  Жолдауында айтылды.

Нарықтық дамудың күрделілігі  мен алуан түрлілігі, шаруашылық үрдістердің қарқындылығы және серпінділігі кәсіпорындардан жүктелген қызметтері деңгейінде мүмкіндіктерді барынша  пайдаланылуын талап етеді.

Сондықтан, Қазақстан Республикасының  Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан  халқына «Қазақстан халқының әл-ауқатын  арттыру-мемлекеттік саясаттың басты  мақсаты» атты Жолдауындағы «Бүгінгі әлемдік конъюнктура нашарлаған жағдайда біз рөлі өсе түсіп отырған  мемлекеттік холдингтердің, даму институттарының, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың даму стратегияларын белсенді етуге  тиіспіз»-деп атауының мәні үлкен.

Қазіргі экономикалық даму жағдайында шаруашылық жүргізу нысандарының экономикалық стратегияларының жүргізілуі мен нәтижелерін мемлекеттің  экономикалық саясатындағы негізгі  мәселелердің бірі ретінде қарау  керек. Нарықтық құрылымдардың дамуы  кезінде экономикалық қатынастарда туындайтын мәселелер экономикалық ғылым мен шаруашылық тәжірибедегі ең өзектісі болып саналады.

Қазақстандағы нарықтық қатынастардың  барлық кезеңінде нарықтық құрылымдардың  негізгі буыны – кәсіпорындарға жеткіліксіз көңіл бөлінгендігі анық. Қаржылық тұрақтылық пен ырықтандырудың жоғары дәрежесі жағдайларында экономикалық өсуге кәсіпорындар деңгейінде нарықтық өзгерістердің баяу үрдісі кедергі  болады. Кәсіпорындардың нарықтық құрылымдардың  негізі ретінде, тиімді қызмет етуіне даму стратегиясының болмауы мен  қысқа мерзімді нәтижелерге бағытталуы, нарық конъюктурасын жеткілікті деңгейде білмегендігі, менеджменттің  төмен деңгейі және басшылар мен  мамандардың жеткіліксіз дайындығы  кедергі жасайды.

Сол себепті отандық кәсіпорындарды қайта құру мәселесі кәсіпорындардың  құрылымдарын қайта қараудың теориялық  негіздерін, технологиясы мен қаржылық тетіктерін белгілеуге себепші болады.

Соңғы уақытта экономикалық әдебиеттерде аталған мәселелерді  талдайтын және кәсіпорынды экономикалық дамудың негізгі буыны ретінде  көрсететін еңбектер пайда бола бастады. Қазіргі даму кезеңінде  кәсіпорындардың тұрақты даму мақсаттарын қамтамасыз ету үшін экономикалық стратегияны қолдану өте маңызды.

Экономикалық стратегияны  жетілдірмей шаруашылық жүргізудің негізгі буыны-кәсіпорынды дамыту қиын. Сондықтан, кәсіпорынның экономикалық стратегиясындағы мәселелердің бәсекелестік және инновациялық тұрғыда шешуді қажетсінуі зерттеу жұмысының өзектілігін  айқындай түседі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

 Негізінен тақырыпты екі бөлімде қарастырдық. Бірінші бөлім кәспорынның мәні мен мазмұны. Онда мына мәселелерді қарастырдық:

  - экономика ұғымы, экономика түрлері;

  -кәсіпорын және кәсіпорын экономикасы туралы мәлімет;

  -кәсіпорын экономикасын зерттеудің негізгі объектілері.

  Екінші бөлімде қарастырылған  жағдайлар Қазақстан Республикасындағы  кәсіпорынның даму жолдары мен  бағыттары тақырыбына арналған. Олар мыналар:

  -негізгі даму жолдары және бағыттары;

  -кәсіпорынның Қазақстан экономикасындағы маңыздылығы және қазіргі жағдайы;

 -кәсіпорынды дамытудың негізгі бағыттары.

Осымен қорта келе кәсіпорын  экономикасының мәні мен мазмұнын және Қазақстан Республикасындағы кәсіпорын экономикасының даму жолдарын жан- жақты қарастырдық.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. А. Қ. Ерали, М.Ғ. Қабылбеков “Кәсіпорын экономикасы” Алматы, 2004
  2. А.А. Жалғасбаева “Кәсіпорын экономикасы” Атырау, 2008
  3. К.Р. Нұрғалиев “ Казақстан экономикасы”  Алматы, 1999
  4. А. Қ. Мейірбек “Кәсіпорын экономикасы” Алматы, 2004

      5.  http//google.kz сайтынан пайдаланған мәліметтер

 

 

 


Информация о работе Кәсіпорын экономикасы мәні және оның мазмұны