Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2012 в 07:03, реферат
Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың шаруашылықты жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы рынокта білікті серікті таңдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің тиімділігі көбінесе осыған байланысты болады. Кәсіпорындар бұрынғыдай жоғарғы жақтың жөн сілтеуімен емес, контрагенттерді (жабдықтаушы, сатып алушы, мердігер, банк және т.б.) қазіргі кезде өз қалауы бойынша алады.
Кіріспе
1. Кәсіпорынның қаржы ресурстары.
2. Кәсіпорынның қаржы ресурстарын қалыптастырудың экономикалық маңызы мен жалпы принциптері.
3. Кәсіполрынның қаржылық ресурстар ұйымдастырудың 2-і тәсілі.
Қорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер.
Мазмұны
Кіріспе
1. Кәсіпорынның қаржы ресурстары.
2. Кәсіпорынның қаржы ресурстарын қалыптастырудың экономикалық маңызы мен жалпы принциптері.
3. Кәсіполрынның
қаржылық ресурстар ұйымдастырудың 2-і
тәсілі.
Қорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер.
Кіріспе.
Қазіргі
уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар
кәсіпорындардың шаруашылықты жүргізуші
субъект ретінде құқық
Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жай күйінің орнықтылығының негізі оның қаржы тұрақтылығы болып табылады. Ол ақша қаражатын еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің қаржы ресурстары жағдайын көрсетеді.
Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын бағалау, объективті, ғылыми негізделген үшін оның қаржылық жағдайын талдау қажет. Тек терең және ұқыпты талдау негізінде ғана оның қызметін объективті бағалап, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын нығайту немесе жақсарту және оның іскерлік белсеңділігін арттыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін, басшылыққа нақты ұсыныстар беруге болады. Отандық талдау әдебиеттерінде қаржылық талдау мәселесі аз зерттелген, сондықтан оның прогрессивті әдістері әзірше бізде ойдағыдай қолданыс таба алмай отыр. Ал бұл кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесі мен экономикалық дамуына, ең ақырында еліміздің экономикалық өсуіне кері әсерін тигізеді .
Бұл дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты – кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
Осы мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді анықтадым:
-қаржы менеджменті саласында алған білімімді қолдану;
-өндірістік
практикада жинаған
-қарастырылып
отырған мәселе бойынша
-кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау;
-жүргізілген
талдау нәтижелері бойынша
1.Кәсіпорынның қажы
ресурстары
Қаржы ресурстары.Бұл кәсіпорынның өз қарамағындағы ақша қаражаттары, олар ағымдағы шығындар мен өндірісті кеңейтуге жұмсалған шығындары өтеу қаржыға қатысты міндеттерді және еңбеккерлерді экономикалық жағынан ынталандыру ісін жүзеге асыру мақсатында құралады. Сонымен қатар қаржы ресурстары:
• өндірістен тыс саланың обектілерін дамытуға;
• тұтыну;
• жинақтау;
• арнайы резерв қорларын толықтыруға жұмсалады.
Қаржы
ресурстарының алғашқы
Жарғылық капитал – бұл құрлытайшылар үлесініңнегізінде құрылған кәсіпорынның мүлкі.
Қаржы ресурстары негізінен пайданың есебінен қалыптасады.Сонымен қатар;
•Тозығы жеткен (істен шығарылған) мүліктерді сатудан түскен түсімдері;
• тұрақты пассивтер;
• әр түрлі мақсатты түсімдер;
• ұжым мүшелерінің әр түрлі жарналары мен үлестерінен (пай) құралдары.
Тұрақты пассивтерге қатыстылары:
• жарғылық, резервтік және т.б. капаталдар;
• ұзақ мерзімді қарыздар;
• кәсіпорынның айналымдағы несиелік қарыздар.
Қомақты қаржы ресурстары:
• кәсіпорынды құру немесе оны қайта құру кезеңінде;
• акция, облигация және басқа да құнды қағаздарды сату;
• құнды қағаздар және басқа да эмитенттердің дивиденттері мен проценттерінен;
• қаржы операцияларынан түскен табыстар мен несиелерден пайда болады.
Кәсіпорын қаржы ресурстарын:
• өздері мүше ассосиациялар мен концерндерден;
• өздері бағынышты ұйымдардан;
• мемлекеттік басқару органдарынан бюджеттік жәрдем (субсидия) түрінде;
• сақтандыру ұйымдарынан алу мүмкін.
Қайта бөлу кезінде қалыптасқан қаржы ресурстарының бұл топтарында сақтандыру қорынан түскен төлемдердің көлемі барған сайын артып отырады, ал түсімнің шығындар тізімі қатаң шектелетін бюджеттік және салалық көздері азайып отырады.
Кәсіпорынның қаржылық ресурстарын пайдалану мына бағыттарда жүзеге асады:
•өнімдерді (жұмыс, қызмет) өндіру мен сатуға қатысты ағымдық шығындар;
•өндірісті ұлғайтуда және оны техникалық жағынан жаңартуда, материалдық емес активтерді пайдалануда инвеститцияланған қаражаттарды капиталға қосу;
•құнды қағаздарға қатысты қаржы ресурстарын инвеститциялау;
•қаржылық, банктік төлемдер, бюджеттен тыс қорларға тиісті жарналар төлеу;
•әр түрлі ақша қорларын және олардың резервтерін құру, сыйлықтар беру және басқа сол сияқты әлеуметтік сипаттағы төлемдер жасау;
•қайырымдылық мақсаттағы демеушілік және т.б. көмектер беру.
Эмитент
– эмиссияны (ақша, құнды қағаздар шығару)
жүзеге асыратын мекеме немесе кәсіпорын.
3.
Кәсіпорынның қаржы
ресурстарын қалыптастырудың
экономикалық маңызы
мен жалпы принциптері
« Қаржы ресурстары » мен « капитал» түсініктері арнайы экономикалық әдебиеттерде және кезеңдік басылымдарда, сонымен қатар кәсіпкерлік бойынша нұсқауларда еркін талқыланады. Категориялық аппаратты жетік игермеу қаржы жүйесі мен қаржы механизмінің түсінігін бұрмалауға әкеліп соқтырады.
Сонымен
қатар, экономист-теоретиктер
«Қаржы ресурстары» категориясына бір мәнді және негізделген талқылама жасау дегеніміз - оның қаржы қатынастарының материалды тасымалдаушысы ретіндегі, қаржы ресурстарына тән ішкі мазмұнын, кәсіпорынның қаражаттар айналымындағы олардың ролін, қызметтерін анықтауды білдіреді.
Қаржы ресурстары категориясын қарастыру кезінде критерийлердің негізделуі есепке алынуы керек. Кәсіпорын экономикасы және қаржы бойынша арнайы әдебиеттерде қарастырылып отырған мәселенің негізгі үш жалпы ғылыми әдістемелік тәсілі кездеседі.
Бірқатар экономистер қаржы
Ғалымдардың
келесі тобы қаржы ресурстарын критерий
ретінде анықтауда олардың
Біздің пікірімізше, осы тәсілге қатысты бірқатар ескертулер жасаған дұрыс. Біріншіден, жиынтық қоғамдық өнім қаржы ресурстарын қалыптастырудың жалғыз қайнар көзі болып табылмайды. Екіншіден, бәрімізге белгілі жағдайдай, елдің экономикасындағы қаржы ресурстарының қайнар көзі ретінде ұлттық байлықтың бір бөлігі де қатысады. Сонымен қатар қаржы ресурстары құрылған құнның ақшалай формасын бөлу және қайта бөлу процесінің нәтижесінде қалыптасады, осы негізде кіріс пен түсімдердің белгілі формалары ерекешеленеді.
Микродеңгейдегі қаржы мемлекеттік заңдылық пен үкіметтің атқарушы және басқарушы органдары тарапынан реттеу объектісі болып саналады. Маңызды қаржы шешімдерін қабылдаудағы басты субъект - меншік иесі болып табылады.
Профессор К.Жүйріков қаржы ресурстары туралы түсінікті тек шаруашылық субъектісі, яғни корпорация деңгейінде ғана береді: «қаржы ресурстары деп - шаруашылық субъектісінің иелігіндегі және қаржылық міндеттемелерді жүзеге асыруға, кеңейтілген қайта өндіріс және экономикалық ынталандыру шығындарын жүргізуге бағытталған, ақшалай кірістер мен түсімдер».
Корпорацияның қаржы ресурстарының құралуының қайнар көздеріне ол төмендегідей сипаттама береді.
Меншікті және оған теңестірілген қаражаттарға корпорацияның кірістерінің барлық түрлері, амортизация, істен шыққан мүлікті өткізуден түскен түсім, тұрақты пассивтер, мобилизацияланған ішкі ресурстар жатады, қаржы нарығында мобилизацияланған қаражаттар - бұл меншікті акцияны және облигацияны және басқалай құнды қағаздарды сату, инвестициялар. Қайта бөлу тәртібінде түскен ақшалай қаражаттар - бұл сақтандыру бойынша қайтарымдар, концерндерден, ассоциациялардан, салалық құрылымдардан түскен түсімдер; пай жарналары; дивиденттер мен пайыздар; бюджеттік субсидиялар.
Ресурстардың үшінші тобы
Нарықтық қатынастарды
Қаржы ресурстары - кәсіпорынның, мекеме мен мемлекеттің иелігіндегі, қаржы - несие жүйесі алдындағы міндеттемелерді орындауы, жұмысшыларды материалды ынталандыруға, кеңейтілген қайта өндіріс шығындарын жүзеге асыруға бағытталған ақшалай кірістер мен қорлар - деген анықтама беру толығырақ болады.
Фирманың қаржы ресурстары мен капитал арасындағы айырмашылық келесіде: кез - келген уақытта фирманың қаржы ресурстары капитал көлеміне тең немесе одан көп. Сонымен қатар теңдік фирманың ешқандай қаржылық міндеттемесінің жоқ екендігін және барлық қаржы ресурсының айналымға салынғандығын сипаттайды. Бірақ бұл капиталдың көлемі фирманың қаржы ресурстарының көлеміне жақындаған сайын фирма тиімді жұмыс істейді дегенді білдірмейді.
Информация о работе Кәсіполрынның қаржылық ресурстар ұйымдастырудың 2-і тәсілі