Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2013 в 10:05, реферат
Қазақстанда кәсіпкерлік жөнінде 90-жылдардардың басында, қайта құрудың басталуымен айтыла бастады. Бұл кезде былайша айтқанда, «комсомолдық кәсіпкерлік» басталды, көптеген белсенді жас адамдар, негізінен комсомол жетекшілері, жастардың шығармашылық ғылыми-техникалық орталықтары негізінде кооперативтер құра бастады. Несиелеудің жеңілдік жағдайлары жасалды. Мұның үстіне, өспелі инфляция жағдайына дәл осы кәсіпкерліктің алғашқы толқыны төтеп беріп қана қоймай, сондай-ақ қажетті, былайша айтқанда, бастапқы капитал жинай алды, себебі несие ақша «қымбат» алынып, «арзан» қайтарылды.
Кәсіпкерлік қызметтің түсінігі және қағидалары
Жеке кәсіпкерліктің түсінігі және түрлері.
Дара кәсіпкерліктің құқықтық мазмұны.
Біріккен кәсіпкерлік нысанынның құқықтық сипаты.
Жоспар:
Қазақстанда кәсіпкерлік жөнінде 90-жылдардардың басында, қайта құрудың басталуымен айтыла бастады. Бұл кезде былайша айтқанда, «комсомолдық кәсіпкерлік» басталды, көптеген белсенді жас адамдар, негізінен комсомол жетекшілері, жастардың шығармашылық ғылыми-техникалық орталықтары негізінде кооперативтер құра бастады. Несиелеудің жеңілдік жағдайлары жасалды. Мұның үстіне, өспелі инфляция жағдайына дәл осы кәсіпкерліктің алғашқы толқыны төтеп беріп қана қоймай, сондай-ақ қажетті, былайша айтқанда, бастапқы капитал жинай алды, себебі несие ақша «қымбат» алынып, «арзан» қайтарылды.
Кәсіпкерлік қызметін бұрынғы Кеңес Одағы кезінде 1987 жылы қабылданған «СССР азаматтарының жеке еңбек қызметі туралы» заңы алғаш рет ресмилендірілді. 1988 жылы «Кооперация туралы заң» қабылданды. Кооперативтер мен серіктестіктердің жаппай құрылуы басталды. Дегенмен нарықтық инфрақұрылымның болмауына байланысты кооперативтердің аз бөлігі ғана аяғынан тұрып кете алды. Кейінірек 1988-1991 жылдары жалға беру, бірлескен кәсіпорындар мен банк қызметі туралы заңдар экономикалық жағдайды біршама ырықтандырды. Тұтастай алғанда, негізгі меншік мемлекеттік болып қала бергенімен, жалға беру түріндегі аздаған босаңсулар біршама дәрежеде кәсіпкерлік белсенділікке жағдай жасады.
Қазақстан Республикасы 1991
жылы тәуелсіздік алғаннан кейін
кәсіпкерлік белсенділікті
Экономиканың тұрақты болуы және оның бәсекелік сипатын қалыптастырудың басты күштерінің бірі кәсіпкерлікті жетілдіру болып табылады. Жалпы кәсіпкерлікті дамыту үшін бірнеше белгілі шарттар орындалуы қажет:
болуы қажет. Ол – шаруашылық қызметінің бағытын таңдау, өндірістік, сауда бағдарламаларын анықтау, қаржы көзін таңдау, өнімдерді тасымалдау, өнімге баға белгілеу, табысты өз мұқтажына жұмсау;
Кәсіпкерлік – қызметтің ерекше бір түрі ғана емес. Бұл тағы да белгілі стиль және тәртіптің типі, жинақтап айтсақ, үлкен бастама, дәстүрден тыс шешімдерді іздестіру, тәуекелге бару, іскерлік қызметтің орын алар жері, ең алдымен кәсіпорын.
Енді кәсіпкерліктің негізгі құқықтық принциптеріне қысқаша тоқталайық. Оларға мыналар жатады:
Бұл негігі принцип. Ол ҚР Конституциясы 26-б. 1-т.-да: «Әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар» деп бекітілген.
Одан әрі бұл принципті ҚР АК-де, заңнамалық актілерде таба аламыз. Ол кәсіпкердің мүліктің (айналымнан шығарылмаған) кез келген түрлерін пайдалана отырып және т.б. кәсіпкерліктің кез келген саласында, заңмен көзделген кез келген нысанда өз ісін бастауға және жүргізуге құқығын білдіреді.
Бірақ Қазақстан заңнамасымен кәсіпкерлік қызмет еркіндігі қоғам мүддесіне орай конституциялық құрылыс негіздерін, басқа адамдардың адамгершілігін, денсаулығын, заңды мүдделерін қорғау, елдің қорғанысы мен мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатына қажетті шамада шектелуі мүмкін. Сонымен, ол шаруашылық қызметтің кейбір түрлерін лицензиялаудың кең тәжірибесімен жарым-жартылай шектеледі.
2. Меншіктің алуан түрлерін танудың, меншік құқықтарына заңдық теңдік пен олардың бірдей қорғалуының конституциялық принципі. Ол Конституцияның 6-б.-да бекітілген. «Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады». Оған сәйкес заңнамамен кәсіпкерлік қызметін республикалық, коммуналдық немесе жеке меншіктегі мүлік қолданып жүргізетін субъектілер үшін меншіктің белгілі бір түрлеріне қандай да болмасын артықшылықтар немесе шектеулерді белгілеуге болмайды.
3. Бәсекелестікті ұстап тұру мен монополизациялауға және жосықсыз бәсекеге бағытталған (Конституцияның 26-бабы) экономикалық қызметке жол бермеу принципі. Бұл принцип сақтау – нарықтық экономиканы дамытудың және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың қажетті шарты. Мұнда ҚР 2001 ж. 19-қаңтардағы «Бәсекелесу және монополистік қызметті шектеу туралы» заңына маңызды рөл беріледі.
4. Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу принципі. Ең бастысы, Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу барысында – кәсіпкерлердің және мемлекеттің жұрт алдындағы және қоғамның мүдделерінің сақталуына қол жеткізілуі тиіс.
5. Заңдылық принципі. Ол өте маңызды және оның іске асырылуы – құқықтық мемлекетті құрудың негізі. Біріншіден, кәсіпкерлік қызмет заңнама талаптары қатал сақталған кезде жүзеге асырылуы тиіс. Екіншіден, маңыздырағы, мемлекет құқықтық актілердің заңдылығын мемлекеттік билік және кәсіпкерлікті реттейтін жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметін қамтамасыз етуі тиіс.
6. Кәсіпкерлердің, солар сияқты тұтынушылардың құқықтарын қорғауды кәсіпкерлік принциптерінің қатарына жатқызуға болады. Бұл принциптің түпкі мақсаты – тұтынушылардың мүдделерін толық қанағаттандыру жолымен кәсіпкерлікті дамытуды көздейді. Екінші жағынан, кәсіпкерлердің өздері өз құрылымдарын құру тәртібін оңайлатуға, дәлелсіз тексерулерге және керексіз мемлекеттік бақылауға жол бермеуге, коммерциялық құпияны сақтауға, әділ салық салуға мұқтаж болады. Дәл осыған ҚР АК 10-бабының, 1992 ж. 4-шілдесіндегі «Жеке кәсіпкерлікті қорғау мен қолдау туралы»; 1997 ж. 19-маусымдағы «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттің қолдауы туралы»; 1997 ж. 19-маусымдағы «Жеке кәсіпкерлік туралы»; 1998 ж. 31-наурыздағы «Шаруа (фермер) қожалығы» және кәсіпкерлік қызметті реттейтін басқа заңдардың нормалары бағытталған.
Жеке кәсіпкерлік - жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кіріс алуға бағытталған, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің өздерінің меншігіне негізделген және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің атынан олардың тәуекелімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылатын бастамашылық қызметі. Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлік туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Азаматтық кодекстен, осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
Егер Қазақстан Республикасы
Ратификацияланған халықаралық
шартта осы Заңда негізделгендерден
өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық
шарттың ережелері қолданылады.
Жеке кәсіпкерліктің жекелеген түрлерін
жүзеге асыру ерекшеліктері Қазақстан
Республикасының заңдарына
Жеке кәсіпкерлік Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленген негіздер бойынша ғана шектелуі мүмкін. Жеке кәсіпкерлікті шектеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттің айрықша құзіретіне жатқызылған мәселелер бойынша ғана орын алуы мүмкін. Мемлекеттік органдардың жекелеген жеке кәсіпкерлік субъектілерінің артықшылық жағдайын белгілейтін нормативтік құқықтық актілер қабылдауын тыйым салынады.
Жеке кәсіпкерлікті құқықтық реттеу шектері.
1. Жеке кәсіпкерлік Қазақстан
Республикасының заңдарына
2. Жеке кәсіпкерлікті
шектеу Қазақстан
3. Мемлекеттік органдардың жекелеген жеке кәсіпкерлік субъек-тілерінің артықшылық жағдайын белгілейтін нормативтік құқықтық актілер қабылдауына тыйым салынады.
Жеке кәсіпкерлік субъектісі
болып табылатын заңды тұлға
Қазақстан Республикасының
Жеке кәсіпкерлік субъектілері:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын , жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін сақтауға;
2) өндірілетін өнімнің (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуге;
3) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңына сәйкес лицензиялануға жататын жеке кәсіпкерлік түрлерін жүзеге асыруға лицензиялар алуға;
4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыруды жүзеге асыруға міндетті.
Дара кәсіпкерлік - жеке тұлғалардың кіріс алуға бағытталған, жеке тұлғалардың өздерінің меншігіне негізделген және жеке тұлғалардың атынан олардың тәуекелімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылатын бастамашылық қызметі; Дара кәсіпкерлік өзіндік немесе бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асырылады.
Өзіндік кәсіпкерлікті бір
жеке тұлға өзіне меншік құқығымен
тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ
мүлікті пайдалануға және (немесе)
оған билік етуге жол беретін
өзге де құқыққа орай дербес жүзеге
асырады. Некеде тұратын жеке тұлға
жұбайын кәсіпкер ретінде көрсетпей
өзіндік кәсіпкерлікті жүзеге асыру
үшін ерлі-зайыптылардың ортақ
Бірлескен кәсіпкерлікті жеке тұлғалар (дара кәсіпкерлер) тобы өздеріне ортақ меншік құқығымен тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті бірлесіп пайдалануға және (немесе) оған билік етуге жол беретін өзге де құқыққа орай жүзеге асырады.
Дара кәсіпкерлер өз міндеттемелері бойынша, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өндіріп алынбайтын мүлікті қоспағанда, өздерінің барлық мүлкімен жауапты болады.
Дара кәсіпкер өз қызметін жүзеге асыру кезінде іскерлік құжаттаманың дербес бланкілерін, мөрді, мөртабандарды пайдалануға құқылы.
Дара кәсіпкер мемлекеттік тіркеу үшін:
1) тіркеу органы белгілеген нысан бойынша өтінішін;
2) дара кәсіпкерлерді
мемлекеттік тіркегені үшін
Дара кәсіпкер мемлекеттік
тіркеу туралы куәлікті жоғалтқан жағдайда,
оның өтініші бойынша оған мемлекеттік
тіркеуді куәландыратын құжаттың түпнұсқасы
беріледі. Мемлекеттік тіркеуді куәландыратын
құжаттың түпнұсқасын беру үшін дара
кәсіпкердің Қазақстан
Дара кәсіпкердің қызметі ерікті немесе мәжбүрлеу тәртібімен, сондай-ақ осы Заңда көзделген мән-жайлар туындаған жағдайда тоқтатылуы мүмкін. Дара кәсіпкердің қызметі өзіндік кәсіпкерлік кезінде – дара кәсіпкер өз бетімен, бірлескен кәсіпкерлік кезінде –барлық қатысушылар бірлесіп қабылдаған шешім негіщенде кез келген уақытта ерікті түрде тоқтатылады.
Бірлескен кәсіпкерлік кезінде
жеке кәсіпкерлікпен байланысты барлық
мәмілелер бірлескен