Кәсіпкерлікті қолдау және дамыту

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Января 2012 в 07:54, реферат

Описание работы

Шағын және орта бизнес кәсіпорындарының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін олардың экономикалық ортасын жақсартуға арналған көптеген нақты іс-шараларды қарастыратын, кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамыту тұжырымдамасы жасалды (сурет1). Өйткені кәсіпкерлікті дамыту мәселелерін тұжырымдамалы түрде шешу шағын және орта бизнес саласына бағытталған индустриялдық-инновациялық саясатты өңдеп жүзеге асыруда жіберілетін кейбір қателіктердің алдын алуға және жұмыс қарқынын үдетуге көмектеседі.

Работа содержит 1 файл

колдау мен дамыту.doc

— 142.00 Кб (Скачать)

   • экспорттық тауарларды өндіретін кәсіпорындарды ынталандыру 
шараларын атқару және импорттық, экспорттық өнімдерді шығаруға 
лицензия бере отырып, кәсіпкерлік құрылымдарға жеңілдік жасау;

   • ішкі нарыққа бағытталған өндірістерді мемлекеттік несиемен көптеп 
қамтамасыз ету және жеңілдетілген салық жүйесін қолдану;

   • шетелдік инвестициялар туралы заңдарда шағын және орта бизнестегі шетелдік инвестицияларды сақтандыру ерекшеліктері  жөнінде қосымша тәртіпті орнату.

   5. Кәсіпкерлік қызмет құрылымдарында  жұмыс істейтін қызметкерлерді  дайындау (сурет 7).

   Кәсіпкерлік қызмет құрылымдарын қалыптастырудың  ең маңызды элементі нарықтық экономикалық білімі бар мамандарды дайындау болып  табылады. Әрбір кәсіпкер табысқа  жету үшін маркетинг, қаржылық менеджмент, бизнесті басқару және т.б. пәндерді жетік білу тиіс. Мұнымен қоса, кәсіпкерлік қызметтің өте қажетті, абыройлы және пайдалы іс екендігі жөнінде қоғамдық ой-пікірді қалыптастыра отырып, кәсіпкерлік білім беру шараларын жүзеге асыру керек. 

 
 
 
 
 
 
 

Сурет 7. Кәсіпкерлік қызмет құрылымдарында жұмыс істейтін қызметкерлерді дайындаудың схемасы

Ескерту: автор құрастырған. 

   Осыған  байланысты білім және кеңес беру орталықтарын ұйымдастыру арқылы төмендегідей міндеттерді атқару көзделуде:

  • кәсіпкерліктің негізгі бағыттары бойынша оқытушы мамандарды 
    жетілдіру;
  • кәсіпкерлік қызмет құрылымдарында жұмыс істейтін кызметкерлерді 
    дайындау;

   • шетелдік ғылыми орталықтар мен компанияларда  білім алу және кәсіби деңгейін жақсарту үшін мамандар арасында конкурс өткізу.

   Үкіметтің нарықтық қатынастар мен кәсіпкерлікті  дамыту жөніндегі саясатының маңызды  міндеті - жастарды білім беру жүйесінің  барлық кезеңдерінде бизнесті жүргізу  біліктілігіне баулу болып табылады. Осыған байланысты, оқу бағдарламаларына бизнес және кәсіпкерлік негіздері бойынша курстарды енгізу жөнінде ұсыныс жасау көзделуде.

   6. Кәсіпкерлікті ақпараттық және  ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қолдау (сурет 8).

   Нарықтық  инфрақұрылымның ажырамас бөлігі болып  табылатын акпараттық қамсыздандыру ісінің кәсіпкерлікті дамытудағы орны ерекше. Сондықтан ақпараттық қамсыздандыру мен құқықтық, статистикалық, ғылыми-әдістемелік, конъюнктуралық және ұйымдық қызметтерді қамтитын мемлекеттік жүйені орнату; әрбір потенциалды кәсіпкерді барлық қолданыстағы заңдық актілер, нормативті құжаттар, экономикалық және конъюнктуралық мәліметтер туралы хабардар етуге мүмкіндік беретін кеңейтілген ақпараттық орталықтар жүйесін құру қажет. Мұндай орталықтар барлық жергілікті әкімшіліктер құрамынан ашылып, республикалық және жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылуы тиіс.

   Кәсіпкерлікті ақпараттық және ғылыми-әдістемелік  тұрғыдан дамыту үшін шетелдік тәжірибеге негізделген ғылыми-әдістемелік  оқу құралдары мен материалдарын  басып шығару керек.

     Қазіргі таңда шаруашылық-қаржылық қызметті реттейтін, қолданыстағы заңдық және нормативтік актілер пакеті мен өзге де жарғы, келісім-шарт секілді құжаттарды бір орталықтан жариялау сәті туындап отыр.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Сурет 8. Кәсіпкерлікті ақпараттық және

    ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қолдаудың схемасы

Ескерту: автор құрастырған

 

   Қоғамдық  ойды қалыптастыру және жағымды имиджді  құру үшін бұқаралық ақпарат құралдары  арқылы кәсіпкерлікті үгіттеу керек.

   7. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау  және реттеу органдар жүйесін  жетілдіру (сурет 9).

     
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Сурет 9. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және

реттеу  органдар жүйесін  жетілдіру схемасы

Ескерту: автор құрастырған. 

   Үкіметтің жүргізіп отырған әлеуметтік-экономикалық саясаттарының құрамдас бөлігі ретіндегі  кәсіпкерлікті қолдау мен дамытуға бағытталған концептуалды әдістерді өңдеу және осының негізінде біртұтас мемлекеттік қолдау механизмдерін жасау барысында басқару аппараты органдарының қазіргі құрылымын жақсарту, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының мәжілісі мен сенатында шағын және орта бизнесті қолдау мәселелерін қарайтын, әрі тұрақты жұмыс істейтін комиссияны (комитет) құру көзделуде.

    Басқару органдарының өкілеттілігі мен қызметтерін  басқару әрекеттерін дайындау және іске асыру үрдістерін кезеңдері  бойынша бөліп, айқындау және бақылауды “Нұр-Отан” ХДП-ның инновациялық комитетінің құзырына берілуі қажет.

   Көзделген мақсаттар мен міндеттерді тиімді орындау және түрлі мемлекеттік  және жеке құрылымдардың өзара әрекеттестігін күшейту үшін Қазақстан Республикасының  Президенттік аппараты жанынан кәсіпкерлікті қолдау және дамыту жөніндегі мемлекеттік комиссияны құру қажет.

   Атқарушы  орган ретінде Индустрия және Сауда Министрлігі қарамағынан  экономиканың жеке секторын қолдау және дамыту агенттілігін тиісті салалық  құрылымына сай құру аса маңызды. 

Информация о работе Кәсіпкерлікті қолдау және дамыту