Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2011 в 06:39, реферат
Қазіргі заманның елеулі ерекшеліктерінің бірі – адамзат қоғамының демократиялық даму жолына түсуі, жалпыадамзаттық қазыналарды ту етіп көтеріп, оларды басшылыққа алуы. Бұл еркшеліктердің ойдағыдай өрістеп, жан-жақты өрбуінің кепілі – саяси мәдениет. Ол әдетте адамның саяси өмірді оңды қалыптастырудағы рөлін, қоғамдық топтардың саяси санасы мен қоғамдық өмірдегі әртүрлі саяси жағдайда өзін-өзі ұстау ерекшеліктерін, қандай болмасын мемлекеттік құрылыстың сондай-ақ белгілі бір саяси жүйенің сын-сипатын, өріс-өзгерісін, саяси процестің бағытын дұрыс түсінуге мүмкіндік береді.
Жалпы алғанда адамның ел ішіндегі және басқа елдердегі жағдайлар жөнінде жақсы хабардар болуы – оның саяси мәднеиетінің жоғарғы, тұрақты болуының кепілі.
Халық арасында мәдениеттілік саясатты жүргізгенде мына мәселелерге мән берілгені жөн: сол елдің Конституциясын, өзінің саяси құқығын, еркі мен міндеттерін білуі, мемлекеттік құрылыс, саяси жүйе, саяси мәселелерді шешу, қоғам мен мемлекеттік басқарудың түрлері жөнінде хабардар болу, мемлекеттің, халықтың асыл мұратын білу, өкімет пен саясат жөнінде білімі болу және т. с.с. Егер өз мемлекетінің және басқа елдің тарихын, олардың қалыптасуы мен даму кезеңдері туралы түсінігі болса, тіпті орынды болмақ.
Мәдениеттік саясатты жүргізудің тісілдері мол. Оған ең алдымен оқу-ағарту жүйесін жетілдіру, халықтың білімін көтеру жатады. Қазір БҰҰ-ның мәліметіне қарағанда, жер шарының 700 миллионға жуық ересек халқы сауатсыз.
Мәдениеттілік саясатты жүргізуде ғылымдар дамытудың рөлі зор, әсіресе қоғамдық ғылымдар адамдарға өздерінің саяси қатынастарының қожасы болуына, әлеуметтік тұрмысының заңдылықтарын меңгеруге көмектеседі. Бұл ғылымдар өмірді жаңа негізде құруға, қоғамдық қатынастарды жетілдіруге, әлеуметтік экономикалық процестердің болжамын жасауға кең өрістер ашады.
Адамның саяси дамуы, оның ішкі дүниесінің толымдылығы, дүниетанымы мен адамгершілік келбетінің қалыптасуы әдебиет пен өнердің өркендеу деңгейіне байланысты.
Информация о работе Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлерін құқықтық ретеу