Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 08:02, реферат
Кез келген мемлекеттегі сияқты Чили Республикасында да көптеген саяси партиялар қызмет етеді. Әр партияның өз қағидалары, идеологиясы, ұстанымдары бар. Бірақ соған қарамастан оларды «Демократияға келiсуші партиялар (солшылдар)» және «Өзгерістер үшін коалция (оңшылдар)» деп бөлуге болады.
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім:
2,1. ЧКП-на қысқаша сипаттама
2,2. Партия тарихы
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер
ЖОСПАР
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім:
2,1. ЧКП-на қысқаша сипаттама
2,2. Партия тарихы
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Кез келген мемлекеттегі сияқты Чили Республикасында да көптеген саяси партиялар қызмет етеді. Әр партияның өз қағидалары, идеологиясы, ұстанымдары бар. Бірақ соған қарамастан оларды «Демократияға келiсуші партиялар (солшылдар)» және «Өзгерістер үшін коалция (оңшылдар)» деп бөлуге болады.
2009 жылғы мәліметтер бойынша елде төмендегідей партиялар қызмет етеді:
«Демократияға келiсуші партиялардың» қатарында:
Шаруалар демократиялық партиясы;
Демократиялық партия;
Социалистік партия;
Радикалды социал-демократиялық партия;
Коммунистік партия;
Партиясыз солшылдар.
Ал «Өзгерістер үшін коалция» құрамында:
«Тәуелсіз демократиялық одақ» партиясы;
«Ұлттық жаңару» партиясы;
Партиясыз оңшылдар.
Аталған партиялар әрдайым қызмет жасамады. Олардың ішіндегі солшыл партиялардың қызметтеріне мемлекет тарапынан тыйым салынып тұрған. Сондай тыйымдардың ішіндегі ең белгілісі – 1973 жылы болған елдегі әскери төңкерістен кейін болды. Осы жылдан бастап 1989 жылға дейін солшыл партияларға өз қызметтерін тоқтататындығын, ал қалғандарын «белгісіз уақытқа демалысқа жіберетіндері» туралы мәлімдеген. Осы жылдар арасында көптеген партиялар жасырын қызмет жасады, көптеген партиялар бірігіп кетті, кейбіреулері мүлдем қызметтерін тоқтатқан.
Осы аталғандардың ішіндегі ең ерте құрылған партия болып – Чили коммунистік партиясы есептеледі.
Негізгі бөлім.
Чили коммунистік партиясы
Чили коммунистік партиясы бұл- маркстік-лениндік идиологияны ұстанатын, Чилидің саяси партиясы. Бұл жұмысшылардың көзқарасын жақтайтын бейбіт парламенттік жолдағы партия болып табылады. Чили коммунистік партиясының ішіндегі аса танымал және беделді мүшелері олар: Луис Эмилио Рекабаррен, Пабло Неруда, Виктор Хара, Гладис Марин, Виолета Парра, Володя Тейтельбойм, Луис Корвалан, Франсиско Колоан және тағы басқалары.
ЧКП-ның бас хатшылары:
Луис Гонсалес (1915)
Рамон Сепульведа Леаль (1922)
Гальварино Хиль
Макловио Гальдамес (1925—1926)
Хосе Сантос Савала (1927)
Исайас Ириарте (1927—1929)
Карлос Контрерас Лабарка (1931—1946)
Рикардо Фонсека (1946—1949)
Гало Гонсалес Диас (1949—1958)
Луис Корвалан (1958—1990)
Володя Тейтельбойм (1990—1994)
Гладис Марин (1994—2002)
Гильермо Тейльер (2002—2005)
Лаутаро Кармона (с 2005)
Партия тарихы.
Луис Эмилио Рекабаррен, партияны құрушы және лидері. | Луис Корвалан, ЧКП-ның көпжылдық бас хатшысы. | ЧКП-ның мүшесі, ақын, әнші Виктор Хара, іскери диктатура құрбаны. | Гладис Марин, ең бірінші әйел хатшы және 2002-2005 жж. Партия басшысы. |
Чилидің белсенді коммунистік жастарының бірі және 2011 жылғы студенттік қарсыласулар лидері. |
Чили коммунистік партиясы, ең бастапқы кезеңде Социалистік жұмысшы партиясы деген атпен 1912 жылы 4 маусымда, Латын Америка жұмысшы қозғалысының көрнекті қоғам қайраткері Луис Эмилиомен құрылған болатын. Партияның I съезді 1915 жылы 1-2 мамыр аралығында болған болатын, бұл съезде партияның бағдарламасы мен жарлығы кабылданған болатын.
1922жылы Ранкагуа қаласында өткен Социалистік жұмысшы партиясының IV съезінде, партияны «Чили коммунистік партиясы» деп өзгертілді.
1930-шы жылдың бас кезінде партия жұмысшыларды, шаруаларды және орта тапты біріктіретін, демократиялық кайта құруға күресетін Халық Майданын құруды ұсынған болатын. Келесі кезеңде Чили демократиялық партиясының қоғамға әсері күшейе түсті. 1938 жылғы президенттік сайлауда құрамында Социалистік және Радикалды партиясы бар Халықтық Майдан кандидаты Педро Агирре Серда, оңшылдардың өкілі Густаво Россоны жеңіп шықты. 1941 жылы Коммунистік және Социалистік партиялар бөлінді, сөйтіп коалиция ыдырады. Оның нақты мирасқоры «Демократиялық альянс»- яғни, 1942 жылы құрылған коммунистер блогы және Радикалды партия болған болатын.
Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде Чили коммунистік партиясы чилиліктерді біріктірумен және пронацистік топтармен куресумен, оған қоса Кеңес Өкіметі мен антигитлерлік коалицияға қолдау науқанын бастады.
Соғыс аяқталғаннан соң 1946 жылы коммунисттар қысқа уақытқа Радикалды партия өкілі – Президент Гонсалес Видела құрған үкімет құрамына кірді, бірақ аз уақыттан соң үкімет құрамынан шығарылды. Кейін, саны күрт артып келе жатқан (50000-дай адам мүше болды) және АҚШ тарапынан қолдау тапқан коммунисттарден қорыққан Видела, антикоммунистік репрессияны бастады. Үкімет құрамына кіретін сол қанаттағы социалистер партиясының қарсылығына қарамастан, елде «Демократияны қорғау туралы» заң қабылданды. Бұл заң бойынша Чили коммунистік партиясы мен бірнеше кәсіподақтарға тыйым салынып, жасырын түрде іс жүргізуге мәжбүр болды.
1952 жылы кезекті президенттік сайлауда коммунисттар мен социалистер партиясы «Ұлттық майдан» құрды. Олар өз аттарынан Сальвадор Альендені ұсынған еді. Бірақ ол 5,4% пайыз дауыс жинап, президенттікке өте алмай қалады.
1956 жылы солшыл коммунисттар мен социалистер жаңа коалиция – «Халықтық қызмет майданын» құрады. 1958 жылдың тамыз айында «Демократияны қорғау туралы» заң жойылған соң «Халықтық қызмет майданы» құрамында қызмет еткен коммунистік партия президенттік сайлауға өз аттарынан қайтадан Сальвадор Альендені ұсынады. Ол көп дауысқа ие болғанымен оңшылдардың кандидаты – Хорхе Алессандридан ұтылып қалады.
1961 жылдың мамырында Чили коммунисттары жер реформасын жүзеге асыру шарасына қарсы күресуi үшiн шаруалардың және үндістер мен шаруалардың Ұлттық федерациясын құруды бастады.
1960-шы жылдары партия сайлау компанияларына белсене қатысты, атап айтқанда: 1961 жылғы парламент және 1964 жылғы президент сайлаулары. Осының арқасында өз позицияларын күшейтті. Легализациядан кейінгі алғашқы сайлауда коммунистік партия 157000 дауыс жинап, Депутаттар палатасында 16 орынға және Сенатта 4 орынға (оның біреуін ЧКП-ның бас хатшысы – Луис Корвалан алды) ие болды. Ал 1965 жылғы сайлауда ЧКП-ның жинаған дауыс саны 300000 дейін артты.
1969 жылғы сайлау нәтижесі бойынша Депутаттар палатасындағы өкілдігін 18 депутаттан 22-ге арттырды және Сенатта 6 орынға ие болды.
1969 жылдың желтоқсан айында солшыл-центризмдік саяси партиялардың арасында «Халық бірлігі» атты коалиция құру туралы келісім жасалды. Оның құрамына коммунисттардан бөлек социалисттер, Радикалды және Социал-демократиялық партия өкілдері, Біріккен халық қызметі қозғалысының бұрынғы христиан демократтары (МАРU), ал 1971 жылы «Солшыл христиандар» болды. Жоғарыда аталған ұйымдар арасындағы жасасқан келісімде шетелдiк империализм өктемдiлiктерімен, ірі жер иеленуші ақсүйектермен, жергілікті монополиялармен күрес және Социалистік даму сатысына көшу мақсаттарындағы үкіметті жаулап алу үшiн бiрлескен күрестері туралы айтылған.
1970 жылғы кезекті президенттік сайлауға «Халық бірлігі» атынан қайтадан Сальвадор Альенде ұсынылып, осы жолы ол жеткілікті дауыс жинап ұтып шығады. Бұл өз кезегінде коммунисттарға солшылдардың бағдарламаларын іске асыруларына жол ашты. Алғашында елде көп жүргізіліп жатқан реформаларды қолдамаған және христиан демократтарымен ымыраласуды жақтаған Чили коммунистік партиясы билікке қол жеткізгеннен соң өзінің радикалды позицияларын өзгерте бастады. Осы мәселе «Халық бірлігі» бағдарламаларына қайшы келді және Чили социалистік партиясы құрамында болған, Альендеге тіреу болып отырған марксисттік қанат өкілдері оған қолдау көрсетуден бас тартты. ЧКП бұл позициясы сонымен қатар үкімет құрамында болған оппозициялы Солшыл революциялық қозғалыс өкілдерінің әрекетіне қайшы келді.
1973 жылғы парламенттік сайлауда ЧКП-ның өкілдері Депутаттар палатасында 25, ал Сенатта 9 орынға ие болды.
1973 жылдың 11 қыркүйегінде елдегі әскери төңкерістен кейін партияның қызметіне тыйым салынып, оның мыңдаған мүшелері мен жақтастары өлтірілді, түрмеге қамалды және елден кетуге мәжбүр болды. ЧКП-сы қайтадан жасырын қызмет етуге көшті, ал Альенденің құрған демократиялық үкіметінің құлауы солшыл радикал күштердің кесірі деп есептеді.
1980-шi жылдардың басында Чили Коммунистiк партиясы қоғамдық режиммен күресу үшін кез келген мүмкiн әдiстердi пайдаланды, соның iшiнде қару пайдаланудан да таянбады. 1983 жылы партия диктатурамен күресу үшін «Мануэль Родригестің Патриоттық майданын» құрды. Бұл қарулы жасақтар еді. Мануэль Родригестің Патриоттық майданының» ең белгiлi акцияларының бірі – 1986 жылғы генерал Пиночетқа жасалған қастандық еді.
1990 жылы генерал Пиночеттің отставкаға кетуі және демократияның қайта орнауының арқасында Чили коммунистік партиясына қойылған тыйым алынды. 1999/2000 жылғы кезекті президенттік сайлауда Чили коммунистік партиясы бірінші турда 3,2% жинаған, партияның Бас хатшысы – Гладис Маринді кандидат ретінде ұсынды. Екінші кезеңдерде Чили коммунистік партиясы демократияға деген партияның коалициясыннан левоцентристтік кандидаттарды қолдайды олар- 2000 жылы Рикардо Лагоса және 2006 жылы Мишель Бачелет болатын. Ал басқа кездерде партия өзінің серіктестерінен алшақта болды. 2003 жылы Компартия және басқа солшыл күштер (50 партия мен өзге ұйымдар) «Бірге біз көп нәрсеге қол жеткіземіз (Чили үшін)» деген ұранмен жаңа коалиция құрады. 2005 жылы 11 желтоқсанда төменгі палата сайлауында бұл коалиция 7,38 % дауыс (ал ЧКП 5,1%) жинайды, бірақ Чилидің сайлау жүйесінің өзгешелігі партия ешқандай орын ала алмайды. Ал Коалициядан президенттік сайлауға үміткер ретінде Томас Хиршаны ұсынады. Қазіргі уақытта ЧКП-сынан парламентте 3 депутат бар. Сонымен қоса партияның жастар қанаты бар, ол 1932 жылы құрылған.
Партияның басқарушы органы- Орталық Комитет, ол съезд арқылы тағайындалады. Орталық Комитет партия басшысын, бас хатшыны тағайындайды және политкомиссия мен секритариатты қалыптастырады.
Чили коммунистік партиясының съездтері
I съезд — 1-2 мамыр1915, Сантьяго
II съезд — 1-2 маусым 1920, Антофагаста
III съезд — 25-26 желтоқсан1920, Вальпараисо
IV съезд — 1-2 қаңтар 1922, Ранкагуа
V съезд — желтоқсан1923, Чильян
VI съезд — 18-19 қыркүйек 1924, Винья-дель-Мар
VII съезд — желтоқсан 1925, Сантьяго
VIII съезд — 1-2 қаңтар1927, Сантьяго
IX съезд — 30 наурыз-сәуір 1933, Овалье
X съезд — 10-16 сәуір1938, Сантьяго
XI съезд — 21-23 желтоқсан1939, Сантьяго
XII съезд — 26 желтоқсан 1941-1 қаңтар 1942, Сантьяго
XIII съезд — 8-15 желтоқсан1945, Сантьяго
XIV съезд — сәуір 1956, Картагена
XV съезд — 18-23 қараша1958, Сантьяго
XVI съезд — 13-18 наурыз 1962, Сантьяго
XVII съезд — 10-17 қазан1965, Сантьяго
XVIII съезд — 23-29 қараша 1969, Сантьяго
XIX съезд — мамыр, Лазурный берег
XX съезд — 11-15 тамыз 1994, Сантьяго
XXI съезд — 15-18 қазан 1998, Сантьяго
XXII съезд — 31 қазан-3 қараша2002, Сантьяго
Қорытынды.
Осылайша, біз Латын Америкасындағы Чили мемлекетінің коммунистік партиясы туралы біршама мәлімет білдік. Яғни, қалай құрылғанын, кім құрғанын, қашан құрылғанын, қандай бағытта жұмыс істейтіні белгілі болды. Осыған қоса, Чили коммунистік партиясының басқарушы органын, олардың қалай тағайындалатынын білдік
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. http://www.uadream.com/
2. http://ru.wikipedia.org/wiki/
3. http://slovari.yandex.ru/~
4. http://bse.sci-lib.com/