Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 19:53, лекция
Коуз аргументциясының мәні – нольдік трансакцияның шығындар жағдайында нарық өзі кез-келген сыртқы эффеклермен күресе алады. Коуз теоремасы: «Егер меншік құқы нақты анықталған және трансакциялық шығындар нөлге тең болса, онда ресурстардың орналасуы (өндіріс структурасы) меншік құқықтары өзгерістерінен тәуелсіз тиімді және өзгеріссіз болып қала береді.
Коуз теориясы және оның мәні.
Коуз аргументциясының мәні – нольдік трансакцияның шығындар жағдайында нарық өзі кез-келген сыртқы эффеклермен күресе алады. Коуз теоремасы: «Егер меншік құқы нақты анықталған және трансакциялық шығындар нөлге тең болса, онда ресурстардың орналасуы (өндіріс структурасы) меншік құқықтары өзгерістерінен тәуелсіз тиімді және өзгеріссіз болып қала береді.
Коуз теоремасы
– егер, жеке меншік жақтар ресурстарды
орналастыруда қосымша
Сыртқы орта проблемаларымен жеке меншік нарығы қаншалықты күресе алуда?
Коуз теоремасын түсіндіретін мысалдар келтірейік.
Әлеуметтік тиімді нәтиже мәселесін қарастырсақ. Егер пайда шығыннан асып кетсе, тиімділігі – Дик ит ұстайды, ал Джейнге ол кедергі келтіруін жалғастыра береді. Егер пайдадан шығын асып кетсе, Диктің «сенімді досынан» құтылуын тура келеді.
Коуз теоремасы бойынша жеке нарық өз бетімен тиімді нәтежеге жетеді. Қалайша? Джейн Дикке итінен құтылуы үшін белгілі бір сома төлемін ұсынады. Егер Спотқа қараудан келетін пайдадан Джейн ұсынған ақса сомасы көп болса, Дик бұл ұсынысты қабылдайды. Келісімды бағаға тоқталса, Дик пен Джейн әрқашан тиімді нәтижеге жете алады. Мысалы, Дик Спотты бағудан 500 доллар пайда алады, ал Джейн 800 доллар көлемдешығындалды дейік. Бұл жағдайда Джейн Дикке иттен құтылуы үшін 600 доллар ұсынады, ал Дик қабылдайды. Екі жақ та қажет тиімді нәтижеге жетеді. Джейннің Дикті қанағаттандыратын бағаны ұсынғысы келмеуі мүмкін немесе ұсынатын жағдайда болмауы мүмкін. Егер, Дик итті ұстаудан 1000 доллар пайда көреді десек, ал Джейн одан 800 доллар көлемде шығындалады. Бұл жағдайда Дик 1000 доллардан аз көлемдегі кез-келген ұсыныстан бас тартады, ал Джейн 800 доллардан асатын соманы ұсына алмайды. Сәйкесінше, Дик итті ұсытай береді. Бұл берілген шығындар мен пайдаларда нәтиже тиімді болады.
Джейн Дикке иттен бас тартатындай қажет соманы төлегенше, Диктің Спотты ұстауға құқығы бар. Джейннің тыныштыққа заңды құқы нәтижеден қалай көрінеді?
Коуз теоремасы бойынша, алғашқы құқықтың орналастырылуы нарықтың тиімді нәтижеге жете алу қабілетіне тәуелді емес. Джейн Дикті иттен құтылуға мәжбүрлей алатын заңды негізде мүмкіндігі бар болсын дейік. Бұл құқық Джейннің артықшылығы болғанмен, нәтижені өзгерте алмайды. Бұл жағдайда Дик итті ұстауға Джейннің рұқсат етуі үшін төлеуді ұсынады. Егер итті ұстаудан Дикке түсетін пайда Джейннің шығынынан асып кетсе, Дик пен Джейн келісімге келіп, Дик итті өзіне қалдыра береді.
Диқтің итті ұстауға құқығы немесе Джейннің тыныштыққа құқығы – нақты келісім бойынша қай жақтың қолма-қол сома төлеу керектігін көрсетеді. Кез-келген жағдайда екі жақта да сыртқы әсермен байланысқан мәселені шешуге және келісімге келуге мүмкіндік бар. Дик пайда шығыннан асатын болса ғана итті ұстайды.
Екі қатысушыны да жақсы жағдайдың максимумына жеткізетін өндірістің оптималды жағдайлары былай десек: фермер өз алқабынан 10ц бидай жинайды, ал ранчер 10 сиырды азықтандырады. Бірақ ранчер 11-ші сиыр алуды шешеді. Одан түсетін таза пайда 50 доллар. Сәйкесінше, бұл жайылымға тиетін оптималды зиянның жоғарылауына әкеледі. Осы қосымша сиырдың әсерінен егістік 1ц бидайға азаяды, ал ол 1ц бидай фермерге 60 доллар таза пайда әкелер еді.
Бірінші жағдайда қарастырайық: фермердің шығындалмауға құқығы бар. Онда ол ранчерден 60 доллар кем емес компенсация талап етеді. Ал 11-ші сиырдан түсетін пайда тек 50 доллар. Қорытынды: ранчер мал жайылымының көбеюінен бас тартады және өндіріс структурасы бұрынғы қалпына қалады (демек,тиімді) – 10ц бидай және 10 бас мал.
Екінші жағдайда: ранчо шығын үшін жауап бермейді делік. Бірақ фермердің ранчерге қосымша сиырдан бас тартуға компенсация ұсыну құқы бар. Оның көлемі, Коуз бойынша 50 доллар (ранчердің 2-ші сиырдан пайдасы) мен 60 доллар (бидайдың 10-шы ц-ден түсетін пайда) арасында болады. Бұндай компенсациядан екеуі де ұтады, және ранчер малдың «оптималды емес» бірлігінен бас тартады. Өндіріс структурасы өзгермейді.
Коуз қорытындысы: екі жағдайда да құқықтар жоғары бағаланатын жаққа көшеді. (бұл жағдайда – фермерге), ал өндіріс структурасы өзгеріссіз және тиімді болып қалады. Бұл бойынша Коуздың аты: «Егер барлық құқықтар айқындалған және жазылған болса, трансакциялық шығындар нөлге тең болады. Егер адамдар өзара айырбас нәтижесін нық ұстауға келіссе, онда ешқандай экстерналий болмас еді». Бұл жағдайда «нарық құрымайды», және мемлекеттің нарық механизмін реттеуге араласуға еш негізі де болмайды.
Қорытындыласақ,
экономикалық агенттердің сыртқы әсермен
байланысты мәселені өздері шешуге мүмкіндігі
бар. Құқықтардың алғашқы
Коуз теоремасынан шығатын қорытынды:
Біріншіден, сыртқы әсерлер екі жақты бейнеде. Фабрика түтіні жақын жатқан фермаларға зиян тигізеді, яғни, фермердің келісімінсіз оған қосымша шығын әкеледі. Ол құқығы болмаса да, басқаларға зиян тигізуден пайда алады. Басқа жағынан, қоқыс тастауға шектеу қою фабрика қожайыны үшін шығын, яғни, өнімді тұтынушылар үшін де. Басқаша айтсақ, істің кіммен жасалғанындағы құқықтық қойылымды экономикалық тиімділік мәселесіндегі экономикалық қойылыммен шатастыруға болмайды.
Екіншіден, Коуз теоремасы меншік құқығының экономикалық мағынасын ашты. Меншік құқықтарының шаруашылық субъектілерінің арасында орналасуы әр субъектінің қызметі тек өзіне ғана байланысты екенін көрсетеді. Сондықтан меншік құқығының басты функциясы – экстерналийді интернализациялауға күш беру. Сыртқы әсерлер меншік құқықтары жойылған жерлерде пайда болады (көбінесе, суды, ауаны, т.б. қолдануда). Меншік құқықтарының айқын орналастырылуы сыртқы әсерлердің доғалуына не азаюына әкеледі.
Үшіншіден, Коуз теоремасы нарықтың «сәтсіздіктерінен» құтқарды. Коуздың ойынша, трансакциялық шығындар (баға, серіктес таңдау, келісімге отыру, меншік құқығын қорғау, т.б. туралы ақпарат іздеу) нарықтың сәтті жұмысының шешіміне ие. Егер олар аз болса, ал меншік құқықтары нақты анықталса, онда нарық мемлекеттің араласуынсыз сыртқы әсерлерді жоя алады: жақтар рационалды шешімге өздері келе алады. Кімнің меншікке құқығы бар екені маңызды болмайды, мысалы, фермердің таза ауаға немесе фабрика қожайынының оны ластауға. Құқыққа ие болудан пайда алуға қабілеті бар қатысушы құқықты аз бағалайтын адамнан сатып ала алады. Нарық үшін белгілі ресурс дәл кімнің ие екені емес, оған әйтеуір біреудің ие етуі маңызды. Сол кезде ол ресурсты нарықтық айырбас тізбегі бойынша беруге мүмкіндік болады.
Төртіншіден, трансакциялық шығындар үлкен және меншік құқықтарының орналасуы өндіріс тиімділігіне әсер еткенде де, мемлекеттік реттеу бұл жағдайдан құтылуға көмектеспейді. Мемлекеттік араласудың шығындары «нарық сәтсіздіктері» шығындарынан аз болатынын дәлелдеу керек. Ал бұл, Коуздың ойынша, күмәнді жағдай.
Коуз теоремасын жеткілікті түсіндірген Александр Аузанның жазуынша, барлық өндірілген игіліктерді шартты түрде трансакциялық шығындар деңгейіне қарай 3 класқа бөлуге болады: зерттелетін, тәжірибелі және сенімді. Адам базарға алма немесе қияр алуға барғанда, ол сапасын оңай тексеруге болатын зерттелетін игіліктермен байланыста болады. Ол бір қиярдың дәмін татып көргеннен кейін, барлық 4 кг қиярдың да дәмін тату қажет емес екенін біледі. Сапасын ие болғанға дейін тексеруге болатын немесе қажет ақпаратты өзі де алуға болатын игіліктерді сатып алу барысында сыртқы күштер әсерін кері қайтаруға болады. Трансакциялық шығындарды азайтуға тырысудан кері әсер пайда болады – адам қажет институтты пайдаланбағаннан оларды көтереді: алдыңғы тәжірибені қарасақ (кеңес уақыты), онда тік орналастырушы жүйе дефицитке әкеледі.
Сапасы белгілі уақыт өткеннен кейін ғана көрінетін тәжірибелік игіліктерді қарастырайық. Мысалы, қолданылғанавтомобильді сатып ала отырып, адам оның қаншаға шыдайтынын нақты айта алмайды, тек қана болжай алады. Бұл жерде қосымша институттар енгізу қажет – делдал, эксперт, сертификаттар немесе сақтандырушы. Бұл нарықтық схема бірінші жағдайдан күрделірек, өйткені онда саланы өзіндік реттеу элементтері немесе сақтандыру заңнамасы бар.
Ең стандартсыз жағдай
сапасын тексеруге болмайтын се
Сенімді игіліктермен байланысты жұмыста сәтсіздіктерден алшақ болу үшін күрделі институттар қажет. Бұның көрінісін қаржылық дағдарыстан көруге болады. Шығындардың түрлері мен деңгейіне қарай түрлі институттар қолданылады, егер қателеспесеңіз, онда трансакциялық шығындардың тірек күші көтеріледі.
Коуз теоремасы – экономика ғылымындағы жан-жақты құбылыс және оған қатысты көп тұжырымдама жасауға болады.
Тәжірибелік көзқарас бойынша, Коуз теоремасынан ең аз дегенде 2 тұжырымдама шығаруға болады:
Коуз
теоремасы өзінің өзектілігін
жоғалтпайтын болғандықтан оны
өмірде тиімді қолдануға