Корпоративтік бизнестің формасы: мәні, мазмұны, артықшылықтары

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 13:22, курсовая работа

Описание работы

Бизнестің орны ерекше. Ол кәсіпорын, өнеркәсіп, ұйым, компания түрінде болады. Бизнесті бағалауда объект ретінде пайда табуға бағытталған және мүліктік кешеннің жұмыс істеуі негізінде жүзеге асырылатын қызмет қарастырылады. Корпоративка (ұйым) азаматтық құқық объектісі және ол шаруашылық айналымға түсіп, шаруашылық операцияларға қатысады. Осының нәтижесінде сол бизнестің құнын бағалау қажеттігі туындайды.

Содержание

Кіріспе....................................................................................................
І. Негізгі бөлім: Бизнестің корпоративтік формасы:мазмұны,мәні,
артылықшылықтары.
1.1 Бизнестің корпоративтік формасының теориялық негіздері.
1.2 Шетелдік тәжірбиедегі бизнестің корпоративтік формасының қолдануы.

ІІ.Екінші бөлім: Қазақстан Республикасында бизнестің корпоративтік формасының қалыптасуы және даму мәселелері.
2.1 Қазақстан Республикасында бизнестің корпоративтік формасының қалыптасу тарихы және қазіргі жағдайы.
2.2. Бизнестің корпоративтік формасын дамытудағы проблемалар және оны шешу жолдары.
Қорытынды.................................................................................................
Пайдаланған әдебиеттер тізімі..................................................................

Работа содержит 1 файл

АБЫЛАЙ ХАН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖӘНЕ ӘЛЕМ ТІЛДЕР УНИВЕРСИТЕТІ.docx

— 39.31 Кб (Скачать)

АБЫЛАЙ ХАН  АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖӘНЕ ӘЛЕМ ТІЛДЕР УНИВЕРСИТЕТІ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ  ҚАТЫНАСТАР  ФАКУЛЬТЕТІ

«Халықаралық  экономикалық қатынастар кафедрасы»

 

 

Шыназбек Мақсат Бақытбекұлы 126тоб

Корпоративтік бизнестің  формасы: мәні, мазмұны,

артықшылықтары

                                     (Курстық жұмыс)

 

 

 

Мамандық: 5B050600-экономика

Біліктілік: экономика бакалавры

 

 

 

                                                                  Ғылыми жетекші:

 

                                             

 

 

Алматы-2011

ЖОСПАР

 

Кіріспе....................................................................................................

 

І. Негізгі бөлім: Бизнестің корпоративтік формасы:мазмұны,мәні,

                                     артылықшылықтары.

 

1.1 Бизнестің  корпоративтік формасының теориялық  негіздері.

 

1.2 Шетелдік тәжірбиедегі  бизнестің корпоративтік формасының  қолдануы.

 

 

 

ІІ.Екінші бөлім: Қазақстан Республикасында бизнестің корпоративтік формасының  қалыптасуы және даму мәселелері.

 

2.1  Қазақстан Республикасында бизнестің  корпоративтік формасының  қалыптасу  тарихы және қазіргі жағдайы.

 

2.2. Бизнестің корпоративтік формасын дамытудағы проблемалар және оны шешу жолдары.

 

Қорытынды.................................................................................................

Пайдаланған әдебиеттер тізімі..................................................................

 

 

 

 

                                              Кірспе

Бизнестің орны ерекше. Ол кәсіпорын, өнеркәсіп, ұйым, компания түрінде болады. Бизнесті бағалауда объект  ретінде пайда табуға бағытталған және мүліктік кешеннің жұмыс істеуі негізінде жүзеге асырылатын қызмет қарастырылады. Корпоративка (ұйым) азаматтық құқық объектісі және ол шаруашылық айналымға түсіп, шаруашылық операцияларға қатысады. Осының нәтижесінде сол бизнестің құнын бағалау қажеттігі туындайды.

Бизнес орталықтардың мүліктік кешен құрамына мақсаттарға жетуге, шаруашылық қызмет жүргізуге, пайда әкелуге арналған мүліктің барлық түрі кіруі мүмкін. Оның ішінде жылжымайтын мүлік (жер тедімдері, ғимараттар, имараттар), машиналар, құрал- жабдықтар, көлік құралдары, шикізат, өнім, оған қоса, мүліктік міндеттемелер, бағалы қағаздар, материалды емес активтер мен зияткерлік меншік объектілері, фирмалық атаулар, қызмет көрсету белгілері, патенттер, лицензиялар, ноу- хау, тауарлық белгілер кіруі мүмкін. Сондықтан бизнесті бағалау кезінде бағалаушы өзіндік капитал құнын және мүліктік кешен бөліктерінің құнын анықтай отырып, кәсіпорынды тұтас бағалайды.

Корпоратвтік бизнесті .Ол күрделі жүйе бола тұра, әр түрлі құрамдас бөліктерден тұрады.Бзнестік орталықтар құрылымына цехтар, қызмет көрсетуші шаруашылықтар, конторлық құрылымдар, байланыс және коммуникациялық құралдары кіруі мүмкін. Олар әртүрлі жерлерде немесе әртүрлі аймақтарда орналасуы мүмкін.

  Бизнестің өмір сүруінің ұйымдастырушылық құқықтық формасының мәні зор. Бағалау объектісі бірліктер, холдигтер, қаржылық- өндірістік топтар бола алады. Бұл жағдайда бір бизнеске бірнеше еншілес компаниялар, бөлімдер, фирмалар бірлеседі. Бұларды дұрыс  бағалау үшін ақша ағымдарының қалыптасуын және олардың қозғалу бағыттырын, оған қоса әр бөлімшелердің құқығы мен рөлін анықтап алу керек.

Фирмалар – негізгі  мақсаты пайда табу болып табылатын  кәсіпорындар. Барлық фирмаларды олардың  ұйымдастыру формасына сәйкес топтауға болады. Барлық елдерге тән бизнес ұйымдарын топтау формасы келесідей: серіктестік, копорация (акционерлік  қоғам).

Жекелік иелік. Жекеше иелік  – жалғыз адам иелік ететін бизнес. Бизнесті ұйымдастырудың бұл формасы  біршама кең тараған, бірақ бұл  бизнестік мекемелердің көлемі шағын. Кең тарау себебі – бизнесті ұйымдастырудың арзан әдісі, әрі барынша қарапайым. Сонымен қатар, мұндай бизнестің иесі бүкіл пайдаға өзі билік жүргізеді, кез келген өзгерістер еңгізе алады, өз күшінің арқасында жетістіктерге жете алады. Жекеше иелік етудің кемшіліктері де бар: Соның бірі – бизнестік орталықтың иесінің толық мүліктік жауапкершілігі. Бизнеске байланысты барлық міндеттер мен проблемалар оның иығына түседі. Егер фирма банкрот болған жағдайда жеке меншік иесі өзі барлық қарызды өтейді

Серіктестік. Серіктестік  – екі немесе одан да көп ортақ  иеленуші басқаратын кәсіпорын. Серіктестіктің бірнеше басымдықтары бар:

  • Әріптестердің бірігуі қосымша қаржының болуына әкеледі.
  • Әрбір әріптес ұғымға жаңа идеялары мен талантын қосады.
  • Ұйымдастырылуы қарапайым түрде болады.

Серіктестіктің кемшілігі  де бар:

  • Әр серіктестікте әр әріптестің шексіз мүліктік жауапкершілігі болады.
  • Серіктестікте капитал көлемі шектеулі. Ол фирма мүлігімен анықталады.
  • Бірігіп басқару қиыншылығы. әріптестердің көзқарастары қайшылығынан (серіктестікті тоқтатуға әкелетін) ымыраға келе алмауы мүмкін.

Корпорация. Корпорация (Латын  тілінен аударғанде «corporatio» - біріктіру) – акционерлік қоғам түрінде  ұйымдастырылатын, кәсіпорындардың  немесе тұлғалардың ортақ іс жүргізу  үшін бірігуі.

Меншік құқығы акцияға  бөлінген, сондықтан корпорацыя иелерін  акционерлер деп атайды. Корпорацияда акционерлер саны көп болуы мүмкін. Корпорацияның негізгі артықшылығы  сот корпорацияны заңды тұлға  деп қабылдайды. Ол сотқа шағымдана  алады.

Бизнесті ұйымдастырудың бұл формасының басымдықтарын төмендегідей көрсетуге болады.

  • Шектеулі жауапкершілік. Серіктестік мүшелері мен жеке меншік иелеріне қарағанда акционер көп мөлшердегі қаржысын жоғалтуы мүмкін (ол – жеке акцияға төленген соманы жоғалтады).Шектеулі жауапкершіліктің қажеттілігі сондай, ағылшын тілді елдердегі корпорациялар көп жағдайда өз атауларына «LTD» (шектеулі) аббревиатураны қосады.
  • Операция жүргізу қарапайымдылығы. Акция иелері корпорация акцияларын сату немесе сатып алу арқылы сол корпорацияға кіреді, сондай – ақ шыға алады.
  • Қолдану шексіздігі. Ационер қайтыс болған жағдайда бұл жағдай корпорацияның бұдан арғы қызметі үшін айтарлықтай әсерін тигізбейді, себебі акция мұрагерлеріне табысталады.

 

 

Ұжымдық-құқықтық кәсіпкерліктер. Серіктестер – адамдардың бірлестігі, онда екі және одан да көп серіктестер болады. Олар өз капиталдарын қосады және әрбір мүше өзінің капиталымен жеке жауап береді. Олар шексіз жауапкершілікті серіктестер, командитті (сенімге негізделген) серіктестер шектелген жауапкершіліктер.

Ұжымдар (қоағмдар) өздерінің  қаражаттарымен бірігеді. Шектелген  жауапкершілікті қоғам мүшелері ұжымның міндеттемелеріне жауап  бермейді. Олардың жауапкершілігі өздерінің  қосқан пайларының мөлшерінде болады. Ал қосымша жауапкершілігі бар ұжымдар өздерінің барлық дүние-мүлкімен жауапты.

Акционерлік қоғамдар: ашық және жабық түрде болады.

Бизнестің ұжымдық-экономикалық формалары.

Концерн – көпсалалы акционерлік  қоғам, әр түрлі компаниялардың бақылау  пакеттерін сатып алады.

Ассоциация – экономикалық дербес кәсіпорындардың ерікті бірлестігі. Маманданған кәсіпорынның негізгі  мақсаты ғылыми-техникалық, өндірістік, экономикалық және әлеуметтік міндеттерді  бірігіп шешу.

Консурциум – бұл ірі  қаржы операцияларын істеу үшін біріккен бизнесмендердің бірлестігі.

Сидикат – бір саланың  кәсіпкерлерін тауар сатуға біріктіру.

Картель – тауар, қызмет көрсету бағасы, нарық аудандарын бөлу, өндіріс мөлшері жөнінде  келісім.

Қаржы - өнеркәсіп тобы –  банк, сақтандыру және сауда капиталының  бірлестігі.

Қазір Қазақстанда мынадай  ұжымдық-құқықтық формалары корпоративтік бизнес құрылуда.

  1. Шаруашылық серіктестік – толық серіктестік. Олардың мүшелері өзара бинестік байланыс құру жөнінде келісімге қол қояды. Құруға керекті серіктес мүшелердің қаражаттарын біріктіру. Серіктестіктің пайдасы, зияны пайға қарай бөлінеді. Әрбір мүше өзінің табысына пайданы қосып сонан салық төлейді.
  2. Коммандиттік серіктестік. Барлық серіктестік мүшелері серіктестік атанған іс жүргізушілер ішінен біреу немесе бірнеше мүшелері зиянның тәуекелін өздерінің қосқан үлестері мөлшерінде жауапкершілікке алады.
  3. Шектелген жауапкершілікті қоғамдар. Оның мүшелері қоғамның міндеттемелеріне жауап бермейді, ал зиян тәуекеліне өздерінің үлестерімен жауап береді.
  4. Қосымша жауапкершілігі бар қоғам міндеттемелеріне өздерінің заттарымен жауап береді.
  5. Ашық және жабық акционерлік қоғам.
  6. Өндірістік кооперативтер – ерікті түрде біріккен қоғамдар.
  7. Унитарлы кәсіпорын – коммерциялық мекеме, меншіктік құқығы жоқ. Унитарлық кәсіпорынның мүліктері бөлінбейді. Унитарлық кәсіпорын тек мемлекеттік немесе муниципалдық болады. Унитарлы кәсіпорын федералдық қазына кәсіпорны болып есептеледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.3. Қазақстандағы  корпоративтік бизнестібасқару

Экономикасы нарықтық бағытқа  бет алған Қазақстан үшін корпоративтік  бизнесті даму мәселесі - өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Өйткені, нарықтық экономиканың өзі – кәсіпкерлік  экономика. Корпоративтік бизнесті дамыту – нарықтық дамытудың кепілі. Сондықтан да, кәсіпкерлік төңірегіндегі көптеген мәселелердің көтеріліп жатуы да оның экономикадағы рөлінің өте маңыздылығын дәлелдейді.

Қазақстан Республикасы Конституциясында былай деп жазылған: «Әркімнің  кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез келген заңды Бизнестік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар». Бәрімізге мәлім, өндірістің негізгі факторлары табиғи, еңбек, өндірістік ресурстар болып табылады. Нарықтық экономика кезінде осы фактордардың жұмыс істеп, қозғалысқа түсуіне әсер ететін нақты күш бар. Олар, іскерлік, басқару және өз мүмкіндіктерін белгілі бір мақсатта жетістікке қол жеткізуге пайдалана білу икемділігі.

Жалпы өркениетті елдердің қай қайсысын алсақ та өздерінің  экономикалық және әлеуметтік мәселелерін  шешуде кәсіпкерлікке арқа сүйейді. Себебі кәсіпкерлік халықтың әл-ауқатын  арттырумен қатар қосымша жұмыс  орындарының ашылуына да себебін  тигізеді. Кәсіпкерліктің осындай және басқа да экономикалық және әлеуметтік функциялары оны дамыту мәселесін  маңызды мемлекеттік міндеттер  қатарына жатқызуға және экономиканы  реформалаудың ажырамас бөлігі деп  қарастыруға негіз береді. Техникалық прогресс, тұтынушы сұранысын толық  қанағаттандыру кәсіпкерліктің тиімділігіне байланысты болады.

Корпоративтік бизнестің  түрі формаларының өзара тиімді антымақтастық құруы келешегі зор бағыт. Шағын кәсіпорындар ғылыми техникалық жетістіктерді қабылдауға анағұрлым қабілетті, нарықтағы сұраныс өзгерісіне оңай бейімделеді. Сондай-ақ ірі кәсіпорындарға тауарлар жеткізу мен қызмет көрсету құқығы үшін өзара бәсекеге барады, мұның өзі олардың тұрақты табыстарына кепілдік береді. Олар ірі кәсіпорындардың орнықтылығын және өндірістік диверсификациясын қамтамасыз етіп, монополистік бағытқа қарсы әрекет етеді. Кәсіпкерлік нарықта колсалтингтік, брокерлік, маклерлік, делдалдық, жарнама, қолданбалы зерттеу жұмыстары бойынша қызмет көрсетумен қамтамасыз етіліп, белсенді рөль атқарады. Кәсіпкерлер өздерінің күштері мен қаржыларын біріктіріп, жалғыз бастылықтан ұжымдық іскерлікке  өтуге бейім тұрады. Бұл жағдайда ортақ біртұтас кәсіпорын құрамында жекелеген кәсіпкер өз мүлкіне жекеменшігін сақтайды. Дегенмен де серіктестіктерде, кооперативтерде оның құрылтайшылары мен қатысушылары құрал-жабдық және басқа да мүлікті толық немесе ішінара біріктіреді. Жеке кәсіпкерліктің бұл мүмкіндігі бизнесті дамытушы күш, маңызды фактор болып есептелінеді. Сонымен қатар, ұжымдық бизнестің көптеген формалары капиталдың қосылуы, ортақ меншіктің құрылуы, осы бірігудің барлық мүлкіне жауап беретін заңды тұлға жасаумен байланысты.

Корпоративтік бизнесті дамыту кез келген деңгейдегі басқаруды жетілдіру үшін қажет. Кәсіпкерлікті дамыту мынадай сұраққа жауап іздеуі керек: «Геосаясаттық өзгерістер іскерлік белсенділікке қандай әсер тигізеді»? Кез келген экономиканың бүгіні мен болашағында «стратегиялық көзқарассыз» ешқандай даму болмайды.

Бизнестің корпоративтік  мәселелері бүкіл іскерлік әлемді толқытып отыр. Сондықтан да 1990 жылы мамыр айында Вашингтонда өткен стратегиялық басқарудың халықаралық конференциясының лейтмотиві – «кәсіпкерлер жаңа шаруашылық ойлауды іздестіруде» деп аталды. Онда бизнесмендердің ұшқыр мәселелері, экономикаға, ұйымдастыруға, технологияға, өнімге деген жаңа қадам іздестіру туралы толғаныстар қарастырылды.

Корпоративтікті жетілдіру экономиканың тұрақтылығы мен оның бәсекелік сипатын қалыптастыруда басты күштерінің бірі болып табылады. Корпоративтік бизнесті дамыту үшін субъектінің белгілі бір дәрежеде еркіндігі мен хұқығы, шаруашылық қызметінің бағытын таңдауда еріктігі, қабылданатын шешімдерге, одан туындайтын нәтижелерге тәуекелдіктің болуы қажет.

Еркін кәсіпкерлік меншіктің  әр түрлі формада, түрде, типте болуын қалайды. Корпоративтік бизнес қызметтің орын алар жері ең алдымен – кәсіпорын. Заңмен бекітілген іскерлік қызметті ұйымдастырудың әдістері бизнестің немесе кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық әдістері бизнестің немесе кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық формасы деп аталады. Нарықтық қатынастарға өтуде халықты кеңінен кәсіпкерлікке тарту қажет. Нарықтық экономиканың тиімді жұмыс істеуі үшін нарықтық іс басындағы субъектілердің толық өзін-өзі басқаруы мен олардың экономикалық тәуелсіздігі болуы қажет.

Информация о работе Корпоративтік бизнестің формасы: мәні, мазмұны, артықшылықтары