Коммерциялық емес мекемелер мен ұйымдардың қаржысы

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 23:17, реферат

Описание работы

Өндiрiстiк емес сферада коммерциялық негізде қызмет ететiн тұрғын үй—коммуналдық және тұрмыстық қызмет көрсету, сақтандыру, банк және басқа кәсiпорындарымен (ұйымдарымен) қатар, коммерциялық емес қызмет жүргiзетiн ұйымдардың үлкен бөлiгi жұмыс iстейдi.
Кiрiс түсiру негiзгi мақсаты болып табылмайтын және алынған таза табысты қатысушылар арасында бөлмейтiн заңи тұлға коммерциялық емес ұйым деп танылады.

Содержание

1.Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің қаржысы...............................3
Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелер қаржысының мазмұны және оны ұйымдастыру..........................................................................................................3
1.2 Коммерциялы емес қызметтiң ұйымдары мен мекемелерiн
қаржыландыңудың көздерi.........................................................................................6
1.3 Коммерциялык емес ұйымдар мен мекемелердiң шығыстары......................10
«Қазақстан Республикасы Президентінің«Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарының Қауымдастығы»......................................................................15
Әдебиеттер тізімі.......................................................................................................18

Работа содержит 1 файл

каржы.docx

— 54.79 Кб (Скачать)

«Қаржыландыру» санаты бойынша  шығыстарды iшкi және сыртқы берешектердi өтейтiн ұйымдар мен мекемелер, негiзiнен мемлекеттiк және үкiметтік құрылымдар жүзеге асырады.

Өндірiстiк емес сфера салаларына бағытталған қаражаттардың көлемi олардың қызметiнiң нәтижелерiне қоғамның қажеттілiктерiмен, сондай-ақ өндiрiлген ұлттық табыспен анықталады. Алайда қазiргi кезде ол көбiнесе мемлекеттік бюджеттiң ахуалына, жүргiзiлiп отырған қаржы саясатына байланысты болып отыр.

Әлеуметтiк-мәдени шараларды қаржыландырудың  ондаған жылдар бойы үстем болған «қалдық қағидаты» өзiнiң шамасыздығын әлдеқашан дәлелдегенiне қарамастан әлi де орын алып отыр. Сонымен бiрге өндiрiстiк емес салалардың материалдық өндiрiске ұдайы өндiрiстi жұмыс күшiмен қамтамасыз ете отырып, белсендi ықпал жасап отыратынын ұмытуға болмайды.

Нарық жағдайында жалпы экономиканың, жеке шаруашылық жүргiзушi субъектiсiнiң  қаржылық бақылауды қоғам дамуыны  басқа кезеңдерiнен де үлкен дәріжеде қажетсiнетiнiн шет елдердiң тәжiрибесi, республиканың өзiндiк тәжiрибесi көрсетiп отыр.

Мемлекеттің алдында жан-жақты, жүйелi, кешендi бақылауды, соның iшiнде қаржылық бақылауды да ұйымластыру мiндетi туып отыр. Бұл шаруашылық жүргiзушi барлық субъектiлер мен оларлық қаржы-шаруашылық қызметiнiң барлық жақтары қаржылық бақылаумен қамтылуы тиiс дегендi бiлдiредi. Қойылып отырған мiндеттi iске асыру үшiн қаржылық бақылау мына бағыттарда дамуы тиiс:

−мемлекеттiк бақылауды нығайту;

−тәуелсiз аудиторлық бақылауды дамыту;

−түрлi бақылаушы орғандар мамандаршның еңбегiн компьютерлендіру;

−бақылауды барлық органдарының қызметiн үйлестiру және басқалары. 

 

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Қазақстан Республикасы Президентінің«Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарының Қауымдастығы»

1.  «Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарының қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі (онан әрі - Қауымдастық) коммерциялық емес ұйым болып табылады және өз қызметін Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қоғамдық бірлестіктер туралы», «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік – құқықтық актілеріне, осы Жарғыға (онан әрі - Жарғы)  сәйкес жүзеге асырады.

Қауымдастық Қазақстан Республикасының  азаматтары болып табылатын, Қазақстан  Республикасы Президентінің 05.11.1993 ж. № 1394 қаулысының негізінде құрылған Қазақстан  Республикасы Президентінің «Болашақ»  Халықаралық стипендиясы стипендиаттары мен түлектері, Қазақстан Республикасынының  өзге де азаматтарын Қазақстан Республикасының  заңнамасына қайшы келмейтін  ортақ мақсаттарға қол жеткізу  үшін ерікті негізде біріктіретін ұйым болып табылады.

2. Қауымдастықтың  мақсаты мен қызметі.

2.1. Қауымдастықтың мақсаты –еліміздің  тұрақты дамуын қамтамасыз ету  үшін стипендиаттардың күш салулары  мен тәжірибесін біріктіру, қазақстандық  жастардың белсенділігін арттыру  және  болып табылады.

2.2. Қауымдастықтың қызмет ету нысаны:

  • стипендиаттардың күш салуларын, зияткерлік, шығармашылық және іскерлік әлеуетін әлеуметтік – экономикалық көкейкесті мәселелерді шешуге біріктіру, Қазақстан Республикасының экономикалық, әлеуметтік және саяси ілгерілеуге ықпал ететін іс–шараларды өткізу;
  • стипендиаттарға біліктіліктерін арттыруға, әлеуметтік–экономикалық және басқарушылық қызметтің жаңа түрлері мен әдістерін, озық отандық және шетелдік тәжірибені игеруге жәрдемдесу;
  • стипендиаттар арасындағы қарым–қатынасты орнатып, тәжірибе үшін жағдайлар жасау алмасу, өзара қолдауға бағытталған іс–шараларды өткізу;
  • стипендиаттарға олардың біліктіліктеріне, практикалық тәжірибе мен қабілеттіліктерге сәйкес келетін жұмыс орынын іздестіруге жәрдемдесу;
  • стипендиаттардың Қазақстан  Республикасының мемлекеттік қызметінің қазіргі кездегі кадр резерві ретіндегі мәртебесін арттыруға бағытталған іс–шараларды өткізу;
  • кең жұртшылыққа көкейкесті мәселелер бойынша пікірталастардың өткізілуіне бастамашы болу, қызықты идеялар мен шетелдік тәжірибені трансферттеу, ғаламдық үрдістер мен олардың Қазақстанға ықпал етуін талдау және мониторинг жасау арқылы елімізде кәсіби сараптамалық қауымдастықтың қалыптасуына ықпал ету;
  • Қазақстанның елімізде және шет елде республиканың жетістіктерін насихаттау, халықаралық және отандық үкіметтік емес ұйымдармен және зерттеу орталықтарымен әрекеттестікті орнату арқылы оң бейнесін қалыптастыруға ықпал ету;
  • студенттермен дәрістер мен кездесулерді өткізу, мемлекеттің және Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын түсіндіру арқылы жоғары деңгейдегі білім алған патриотшыл жастар буынының қалыптасуына ықпал ету;
  • талантты жастарды табу және оларды көтермелеу, жерлерде жастардың көкейкесті мәселелері туралы ақпаратты жинақтау және олардың жүйелі шешу үшін іс – шараларды әзірлеу;
  • нормативтік құқықтық актілердің жобадарына ұсыныстарды әзірлеу және оларды тиісті мемлекеттік органдар мен мүдделі ұйымдарға жолдау;
  • әлеуметтік – экономикалық өмірдің кез келген салаларында (мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау саласы және т.б.) зерттеулерді жүргізу және бар көкейкесті мәселелерді тиімді шешу жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу;
  • мамандырылған конференцияларды, симпозиумдарды, семинарларды, «дөңгелек үстелдерді», пікірталастарды, конкурстар мен басқа да іс–шараларды өткізу;
  • заңмен көзделген тәртіпте ғылыми, оқу, ақпараттық және насихаттық материалдарды, соның ішінде мерзімді басылымдарды басып шығару және тарату.

2.3. Қауымдастық Қазақстан Республикасының  заңнамасына сәйкес келмейтін және Қауымдастықтың жарғылық мақсаттарына сәйкес келетін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқылы. Қауымдастық кәсіпкерлік қызметпен айналысқаннан алатын табысты Қауымдастықтың мүшелері арасында бөліп таратуға болмайды, олар Қауымдастықтың жарғылық мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге жұмсалады.

 Қаржы және материалды қорлардың түсу көздері келесідей болуы мүмкін:

  • мемлекеттік және аймақтық бағдарламалардың жүзеге асырылуына қатысуды, инвестициялық жобалардың, сыртқы экономикалық операциялардың жүзеге асырылуын, конференциялардың, көрмелердің, аукциондардың, лотереялардың (мемлекеттік лотереялардан басқалары) өткізілуін және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін кез келген өзге де қызметті қоса санағандағы меншікті өндірістік – шаруашылық және ғылыми – зерттеу қызметі;
  • ерікті және қайырымдылық жарналар, қайырмалдылықтар мен аударымдар, қазақстандық және шетелдік мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарының, жеке фирмалар мен басқа да заңды және жеке тұлғалардың сыйлықтары, сонымен қатар өсиет ретінде қалдырылған мұрагерлік мүлік;
  • ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді несиелер;
  • құнды қағаздар мен салымдармен жүзеге асырылатын операциялар;  
  • Қауымдастық түсіретін және де оның қатысуымен шаруашылық құрылымдар түсіретін табыстардан аударылатын жарналар мен есептеулер.
  • Қауымдастық өз қызметін өзін – өзі басқару мен өзін өзі қаржыландыру қағидаттарын басшылыққа алып жүзеге асырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

1.Заяц Н.Е., Фисенко М.К. Теория финансов, М., 1998. 
2. Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Қаржы: Оқулық. – Алматы: 2005.-552бет.

 


Информация о работе Коммерциялық емес мекемелер мен ұйымдардың қаржысы