Коммерциялық банктер

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 17:29, творческая работа

Описание работы

Несиелік жүйенің төменгі буыны халық шаруашылығына тікелей қызмет көрсететін және коммерциялық негізінде кең көлемді қаржылық қызмет жасайтын дербес банктік мекемелер торабынан тұрады. Бұлар коммерциялық, кооперативтік және жеке банктер, банктік заңдылықтарда коммерциялық банктер деген жалпы атпен біріктірілген.

Работа содержит 1 файл

Коммерциялық банктер.pptx

— 1.27 Мб (Скачать)

Коммерциялық банктер

 

Орындаған: Мырзахметова А.

                      ЭЭМ-111 студенті.

Қабылдаған: Әлібекова  Ж.

Коммерциялық банктер  жайлы жалпы түсінік

 

          Несиелік жүйенің төменгі буыны  халық шаруашылығына тікелей  қызмет көрсететін және коммерциялық негізінде кең көлемді қаржылық қызмет жасайтын дербес банктік мекемелер торабынан тұрады. Бұлар коммерциялық, кооперативтік және жеке банктер, банктік заңдылықтарда коммерциялық банктер деген жалпы атпен біріктірілген.

«Коммерциялық банк» термині банк ісінің ертеректегі даму кезеңінде, банктердің сауда, тауар айырбасы  операциялары мен төлемдеріне қызмет көрсетуі барысында пайда болды. Негізгі клиенттері саудагерлер болған, осыдан «коммерциялық банк» деген атау пайда болды. Бірақ өнеркәсіптің және басқа салалардың дамуымен банктер экономиканың өзге де сфераларына қызмет көрсете бастағандықтан да банктің «коммерциялық» деген атауы бастапқы мағынасын біртіндеп жоғалтты. Ол банктің «іскер» деген сипатын білдіреді, оның шаруашылық агенттердің барлық жұмыс түрлеріне қызмет көрсетуі олардың қызметтерінің саласына байланыссыз болады. Коммерциялық банктер – нарық экономикасында қаржылық операциялар мен қызмет көрсететін несиелік мекемелердің тобын білдіреді.

Коммерциялық  банктер - жеке клиенттердің (ағымдағы есепті жүргізу, коммерциялық несиелерді ұсыну және т.б.) салымдары түрінде тартылған негізгі түрде ақша капиталдары мен сақталған ақша есебінен барлық саладағы кәсіпорындар үшін әмбебап банкілік операцияларды жүзеге асыратын кредиттік мекемелер.

Коммерциялық банктердің бастапқы қызметтері:

 

депозиттер қабылдау;

ақшалай төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыру;

несие беру.

  
 
 
 
 
 
 
 
Коммерциялық банктер мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:  

 

   Жарғылық капиталдың қалыптасуына қарай:

мемлекеттік;

акционерлік;

жеке;

пай қосу арқылы (жауапкершілігі шектеулі серіктестік);

аралас (шетел капиталының  қатысуымен).

 

 

   Операцияларының түрлеріне қарай:

   әмбебап, яғни экономиканың  барлық салаларына бірдей және  кең;                                                       

     көлемді банктік  қызмет көрсететін банктер;

    маманданған, яғни  бір ғана салаға қызмет көрсететін  банктер;

 

Аумақтық белгісіне қарай:

- халықаралық;

- мемлкетаралық;

- ұлттық;

- аймақтық;

 

Салалық белгісіне қарай:

- өнеркәсіптік банктер;

- сауда банктері;

- ауыл шаруашылық банктері;

- құрылыс банктері;

- т.б.

Филиалдар санына қарай:

- филиалсыз;

- көп филиалды.

Қазақстан Республикасындағы  банктік жүйеде 01.01.2009 жылғы статистикалық мәліметтер бойынша қазіргі жұмыс жасайтын екінші деңгейдегі банктердің барлығы дерлік акционерлік қоғам нысанындағы банктер, соның ішінде екі банк кана мемлекетке 100% тиесілі банктер, оларға: Қазақстан Даму банкі мен Тұрғын үй құрылысы банкі, ал шетел капиталының қатысуымен құрылған банктер саны - 16, онын ішінде еншілес банктер— 11.  

Қазақстан Республикасында мынадай банктерден кұралған 9 банктік топ қызмет етуде:  

 

«Қазкоммерцбанк»  АҚ;

«ТұранӘлемБанкі»  АҚ;

«Қазақстан Халык Банкі» АҚ;

«Темірбанк» АҚ;

«ЦентрКредитБанкі» АҚ;

«НұрБанк» АҚ;

«Каспий Банкі» АҚ;

«АБН АМРО Қазақстан Банкі» ЕБ АҚ;

«АСҚ Банкі» АҚ.

 

Қазақстан Республикасында банктерді ашуды ұйымдастыру ерекшеліктері  

 

Қазақстан Республикасының  екінші деңгейдегі банктері ҚҰБ-нің лицензиясы негізінде қызмет етеді.

Лицензияның өзіндік  стандартты нысаны бар және онда коммерциялық банктердің айналысатын қызмет түрі жазылады. Қазақстандағы берілетін лицензияның дамыған шетелдерден айырмашылығы әмбебаптығы болып табылады.

Қазақстан Республикасындағы  екінші деңгейдегі банктер банктік операцияларды жүзеге асыруға алатын лицензиядан басқа валюталық операцияларды жүргізу үшін арнайы лицензия алады. Мұндай лицензия оларға өз қызметін жүзеге асыруы үшін қажетті саналатын банктер қатарымен корреспонденттік қатынастар орнатуға, дамыған шетелдерде өз филиалдары мен өкілеттігін ашуға құқық береді.

 

1995 жылдың 31 тамызында қабылданған «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасында банкті ашу немесе оның қызметін ұйымдастыру мынадай үш кезеңнен тұрады:

 

Банк ашуға рұқсат алу;

Әділет  министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өту;

Банк операцияларын жүргізуге лицензия алу.

 

Коммерциялық банктердің қызметін басқару құрылымы  

 

Коммерциялық банктердің ұйымдастырылу құрылымы

 

басқару құрылымы

 

Функционал-

дық бөлімшелер

 

әр түрлі қызметтерінің  құрылымы

    • Басқару органы пайда алу мақсатында коммерциялык банктің қызметіне тиімді жетекшілік етуді камтамасыз етеді. Банктің құрылтайшылары басқару органына тікелей қатысады.
    • Акционерлік коммерциялық банктің ең жоғарғы органы — акционерлердің жалпы жиналысы болып табылады.
    • Акционерлердің жалпы жиналысы жылына бір рет шақырылып отырады. Бұл жиналыста мынадай міндеттер шешіледі:
    • банктің жарғысына өзгерістер енгізу;
    • банктің жарғылық капиталын өзгерту;
    • банктің Кеңесін сайлау;
    • банктің жылдық есебін бекіту;
    • банктің табысын бөлу;
    • банктің құрылымдық немесе еншілес белімшелерін құру және тарату.

 

    • Екінші басқару органы — банктің қадағалау кеңесі болып табылады. Банктің бақылау кеңесі — банк қызметіне бақылау жасау органы ретінде, келесідей міндеттерді шешеді:
    • нормативтік актілерді бекітеді;
    • Басқарма немесе Басқарма төрағасының шешімі бойынша жасалған мәмілелерді бекітеді.

 

 

    • Келесі басқару органы - бұл басқарма (Банк кеңесі). Басқарма (банк кеңесі) - атқарушы немесе өкілетті орган, яғни ол банктің иелерінен, оның акционерлерінен құралады және олардың мүдделерін қорғайды.
    • Басқарманың міндеттеріне мыналар жатады:
    • банктің стратегиялық мақсатын анықтау;
    • банктің саясаттарын жасау;
    • жетекшілік қызметке кадрлар тандау;
    • комитеттерді кұру;
    • саудалық және инвестициялық операцияларға бақылау жасау.

 

    • Басқарма төрағасы — бұл банктің бірінші жетекшісі болып табылады және ол банк кызметіне жетекшілікті жүзеге асырады. Банк төрағасына мынадай міндеттер жүктеледі:
    • банктің қызметіне катысты барлық сұрақтар бойынша бұйрықтар шығару және нұсқаулар беру;
    • барлық мемлекеттік және басқа да органдарда, басқа банктерде, оның ішінде шетелдік банктерде банк қызметіне қатысты барлық сұрақтар бойынша өкілеттілікті жүзеге асыру;
    • банктің мүлкіне және қаражаттарына ие болу;
    • банктің штаттық жұмысшыларының саны мен құрылымын бекіту;
    • еңбек келісімшарты бойынша банктің лауазымды тұлғалары- мен келісімдер (контрактілер) жасасу.

 

Ревизиялық комиссия — банк қызметіне қаржылык есептің дұрыстығы жағынан бақылау жасаушы орган болып табылады.

 

Несиелік комитет — бұл несиенің берілуіне байланысты қорытынды жасаушы орган. 

 

    • Несиелік комитет мынадай міндеттерді орындайды:
    • несие алуға берген клиенттің өтінішін және несиелік қызметкердің несие беру туралы қорытындысын қарайды;
    • несие беру немесе одан бас тарту туралы шешім шығарады;
    • несиелік тәуекелдерге байланысты несиелеу нысандарын анықтайды;
    • несие сомасы мен мерзімін анықтап, пайыз мөлшерлемесін бекітеді;
    • несиені қайтаруды қамтамасыз ету тәсілдеріне талаптар белгілейді;
    • несиелеу шартын бекітеді (несиелік лимит, несиелік желі);
    • берілген несиелерге мониторинг жүргізу тәртібін бекітеді;
    • банктің несиелік стратегиясын жасайды;
    • несиелеу бойынша бөлімшелердің жұмысын талдайды;
    • несиелік комитеттің мәжілісі хаттамаларына қол қояды және хаттамаларды тіркеу кітабын жүргізеді.

 

Қызмет бөліміне: кадр бөлімі, заң бөлімі, күзет бөлімі, әкімшілік-шарушылық бөлімі және т.с.с. кіреді.

 

 

Банктің функционалдық құрылымына барлық департаменттер мен бөлімдер жатады.

Несиелік комитет


 

Акционерлердің  жалпы жиналысы


 

Ревизиялық комиссия


 

Басқарма


 

Бақылау кеңесі


 

Басқарма төрағасы


 

Төраға орынбасарлары


 

 Департаменттер,бөлімдер


 

Басқару бөлімдері


 

Қызметтер


 

Коммерциялық  банктің басқару құрылымы

    • Коммерциялық банктер негізінен өз клиенттерінің шаруашылық қызметтеріне қызмет көрсетумен байланысты несиелік есеп айырысу және қаржылық операциялардың барлық түрлерімен айналысады.
    •       Ұлттық банкінің арнайы лицензиялары бар болса, банктер басқа да банктік қызметтерді жүзеге асыра алады. Соның ішінде шетел валюталарымен операцияларды жүргізу; халықтың ақшалай салымдарын қарау; ақшаларды аударуға байланысты қызметтерді көрсету.
    • Осы операциялар топталып, олармен атқарылатын негізгі қызметтер құрылады:
    • уақытша бос ақшалай құражаттарды жинақтау (депозиттік операциялар);
    • экономиканы және халықты несиелендіру (активтік операциялар);
    • қолма-қолсыз есеп айырысуларды ұйымдастыру және жүргізу;
    • инвестициялық қызметті;
    • клиенттерге басқа да қаржылық қызметтерді көрсету.

 

Банктің пассивтік операциялары

 

    • Пассивтік  операциялар негізінде банктің ресурстары жинақталады.
    • Пассивтік операциялардың мынадай формалары болады:
    • коммерциялық банктердің бағалы қағаздарды алғашқы эмиссиялауы;
    • банк пайдасынан капиталдарды немесе қорларды ұлғайту және құру;
    • басқа да заңды тұлғалардан несиелер алу;
    • депозиттік операциялар.

 

Банктердің активтік операциялары

 

    • Активтік операциялар – бұл банктердің табыс алу және өзінің өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында, иелігінде бар ресурстарды орналастыруды жүзеге асыратын операцияларды білдіреді.
    • Банктердің активтік операцияларының ең көп тараған түрлеріне мыналар жатады:
    • саудалық операциялар;
    • инвестициялық операциялар;
    • депозиттік операциялар;
    • қаржылық операциялар;
    • басқа да операциялар.

 

Екінші деңгейлі банктер мен Ұлттық банк арасындағы қарым-қатынас банктік заңдылықтар  мен нормативтік актілерге байланысты құрылады. Банктер арасындағы және банктер мен клиенттер арасындағы қатынастар келісім-шарттар негізінде  қалыптасады. Банктерге жасалатын  бақылау мен қадағалау: мемлекеттік, халықаралық, аудиторлық және құрылтайшылық  болып келеді. Коммерциялық банктер  пайда табу үшін басқа эмитенттердің  бағалы қағаздармен  сауда-саттық операцияларды  жүргізеді.

Соңы

Назарларыңызға  рахмет!!!


Информация о работе Коммерциялық банктер