Коммерциялық банктер

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2012 в 10:33, реферат

Описание работы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан–2030» атты халыққа жолдауында үшінші ұзақ мерзімді басымдық ретінде шетел инвестицияларының деңгейі жоғары, дамыған нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсуді көрсетеді. Бұл басымдықты жүзеге асыру үшін инфляцияны қолайлы деңгейге түсіре отырып, стра-тегиялық күшті ілгерілуге бағытталу көрсетіледі.

Работа содержит 1 файл

Коммерциялық банктер.doc

— 422.50 Кб (Скачать)

Бұл  Қазақстан экономикасының кризистік  жағдаймен шартталған;  мемлекетте әлі тұрақты қаржылық жағдайы бар сенімді займшылар  жоқ.

Осы берілгендерге  сүйене отырып, мынандай қорытынды жасауға болады: банк қарыз алудың сыртқы қайнар көздерді    пайдаланбайды. Оның

ұлттық банк алдында  қарыз үлесі төмен.  Өйткені банкте өзінің ресурстары көп, көп артық активтер бар. Сонымен қатар оның өзінің активті операцияларды, әсіресе жоғары табысты, кеңейту үшін  көп мүмкіндіктер

 

- 25 -

бар. Ол активтерді одан да көп  диверсификациялау және үлкен табыстарды әкелетін  клиенттерге белсенді қызмет көрсетулерді кеңейту қажет.

Осыны қорытындылай келсек коммерциялық банктердің өтімділіктің талдаудың  маңызды қызметтерін анықтауға болады.

«ТұранӘлемБанк» АҚ  Ұлттық Банкке өзінің  қызметі туралы анықталған  түрде кварталдық  және жылдық есеп беруге  міндетті:

-         жаңа жылдың бірінші күніне жылдық баланс;

АҚ «ТұранӘлемБанк» резервтік қор – 6999.

-   тәуекелді имитирлеу,  бір займшыға  тәуекелдің максималды  өлшемі,  ол несие бойынша  банк міндеттемелердің соммалардың банк капиталына қатынасы. Оның максималды  мағынасы  0,5-тен  1-ге дейін.

К=___2453193____=0,38

              79422596

1.      Жеке баланстық есеплердің құрамын анықтау:

-         Кварталдық баланс

-         Валюталық  операциялар бойынша есеп

Шығарылған есептеулер бойынша  «ТұарнӘлемБанк» АҚ өтімділі болғаны  көрініп тұр,  яғни төлемқабылетті, сәйкесінше  банктің тартылған құралдар   клиенттер алдында ұзақ мерзімді  міндеттерді орындай алады.  Тиімді перспективамен  негізгі өтімділіктің  коэфиценті бойынша банк қызметі сипатталады, бұл экономикасының нақты секторында  несиелендіру бойынша  банкті активизациялау  мүмкіндігі туралы  күәландырады.  Өтімділіктіің  берілген көрсеткіштері  оған халыққа қымет көрсетулерді  және операциялардың түрлерін  кеңейтуге мүмкіндік береді.

Өзіндік  құралдарды талдаған  кезде  статистикада  ғана  емес  динамикада   да  оларды  талдау  керек, бұл   баланс қызметті      олардың

қызметінің масштабтарын  кеңейту  сияқты  сипттауға мүмкіндік  береді,  және де   басқа  банктерде  өсу қарқынмен  салыстырып, өзіндік құралдардың  өсу қарқынымен  бағалауға  мүмкіндік  беріледі. Көрсеткіштерді  есептеу өте маңызды, «ТұранӘлемБанк»  АҚ-ның жарғылық  капиталдың  динамикасы туралы берілгендерді  көрсетейік.

3-Сурет. Жарғылық капиталдың динамикасы

- 26 -

У-жарғылық капиталдың өлшемі (мың теңге)

Х-жылдар (кезеңдер)

 

Берілгендерді  талдау капиталдың жылдан  жылға өсіп  келетінін  көрсетіп тұрады. Осы банкте жарғылық капиталдың  өсу тенденциясы барлық  тұрақты   банктерге   тән.  Банк  сенімділікке   және  тұрақтылыққа  жету  мақсатында  табысты активті операцияларды  көбейту мумкіндігін  алу үшін капиталды көбейтуге  ұмтылады. Сәйкесінше  банк  табысты капиталсалымдар  үшін ресурстық  базаны  кеңейтуге  ұмтылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

- 27 -

 

2.3. «БанкТуранӘлем» банкінің банктік қызметтердің әлсіз және күшті жақтарын бағалау

Қазақстан экономикасының нақты секторының дамуымен және тұрақтылығымен байланысты банк тауарлар мен қызметтерді несиелеу           сферасын айтарлықтай кеңейтті. Банктің тұтынушылық несиелеу процесі жылжымайтын мүлікті, автокөлікті, оқуды, емдеуді, салтанатты өткізуді, күрделі жұмысты, демалысты несиелеу бағдарламасымен көрсетілген.

Жеке тұлғаларды несиелеудің жалпы жағдайлары. Несие Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезиденттеріне беріледі:

-         әйелдерге 21 ден 56 жасқа дейін, егер Несие келісімшарты бойынша несиенің қайтарылуы Борышқордың 58 жасқа толғанға дейін іске асатын болса;

-         еркектерге 21 ден 61 жасқа дейін, егер Несие келісімшарты бойынша несиенің қайтарылуы Борышқордың 63 жасқа толғанға дейін іске асатын болса.

Жеке тұлғаларға несиенің берілуі несиенің қайтарылуына және ол бойынша сыйақыны төлеуге жеткілікті тұрақты табыс көзі – жалақы, зейнетақы (отбасы мүшелерінің табыстарын қосқанда), кәсіпкерлік қызметтен табыс болған жағдайда ғана жүргізіледі. Несиенің сомасы борышқорлардың (созаемщик) айлық табысына, сатып алынатын мүлік құнына және қамтамасыз етілетін кепілдігіне байланысты. Созаемщик ретінде борышқордың жұбайы және жақын туысқандары, (ұлы, қызы, шешесі, әкесі, туған ағалары және әпкелері) бола алады. Созаемщик барлық міндеттемелерді атқарады және банктік қарыз келісімшарты бойынша борышқордың барлық құқықтарына ие. Несиелеудің параметрлері, алғашқы жарнаның төменгі мөлшері, борышқорлар үшін талап етілетін құжаттар тізімі Банктің Директорлар Кеңесімен немесе нақты несиелеу бағдарламасы бойынша Банктің басқа өкілетті органымен бекітіледі.

Алғашқы жарна сомасы:

-         Клиент өзінің ағымдық шотына келешекте алу және сатушыға беру үшін енгізеді;

-         Валюталық заңнамаға сәйкес Банк Борышқордың ағымдық шотынан

Сатушының банктік шотына аударады;

-         Борышқор қолма-қол ақшамен Сатушыға береді, бұл кезде борышқор алғашқы жарна сомасын бергенін растайтын құжатты Банкке береді. Бұл құжат несиелеу бағдарламасымен анықталады.

Несиелеу объектісінің құнының 100%-к көлемде несиені ұсыну қарастырылған, егер келесідей шарттар орындалса:

-         алғашқы жарна банкке кепілдікке берілген қамтамасыз етумен ауыстырылса, бірақ ұсынылатын қамтамасыз етудің кепілдік құны алғашқы жарнаның төменгі мөлшерінен төмен болмау керек;

-         қамтамасыз ету кепілдігіне ұсынылатын кепілдік құн үш айлық негізгі борыш пен сыйақыны жабу керек.

 

- 28 -

Борышқордың төлем қабілеттігін бағалау. Борышқордың төлем қабілеттілігінің бағасы соңғы 6 айға  орта айлық жалақы туралы жұмыс орнынан алынған және анықтамада көрсетілген мәліметтердің борышқордың табысын растайтын басқа да құжаттар және тапсырыс берушінің анкетасы негізінде есептеледі. Борышқордың төлемқабілеттілігін есептеу кезінде оның табысынан анықтамада және анкетада көрсетілген барлық міндетті төлемдер алынады (табыс салығы, жарналар, алименттер, зиянның компенсациясы, зейнетақы аударымдары, қарызға алынған тауарлар құнын өтеуге төлемдер, әрекет ететін несиелер бойынша жарналар, коммуналдық қызметтер және т.б.).

Жоғарыдағы жағдай жиынтық табысты есептеу кезінде отбасы мүшелерінің табыстарына да қатысты. Таза табыс салығын, міндетті зейнетақы аударымдарды, жарналарды, алименттерді, зиян компенсацияларын алып тастағанда соңғы 6 айға орта айлық жалақы туралы жұмыс орнынан алынған анықтамада көрсетілген мәліметтерге  сүйене отырып анықталады. Отбасыны

асырауға кететін шығындар Тапсырыс берушінің анкетасында клиенттің көрсеткен мәліметтерден анықталады (коммуналдық қызметтер, тамақ, емдеу, көлік шығындары, несиелер бойынша жарналар, білім және т.б. шығындар). Егер орта айлық жалақы туралы анықтамада көрсетілген жалақы борышқордың анкетасында көрсетілген нақты табыстан төмен болса, онда Несиелік қызметкер борышқордың алатын нақты табысының шындығын тексеру үшін борышқордың жұмыс орнына барады. Борышқордың жұмыс орнында Несиелік қызметкер кәсіпорынның басшыларымен (директор, бас бухгалтер) кездесіп, ауызша растама алу керек, бас бухгалтердің берген мәліметтерімен, еңбек төлемі бойынша ведомостьпен салыстырып, жобаны қаржыландыру туралы Ұсынысты көрсету керек.

2006 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша төлем карточкаларын шығаруға рұқсат беретін уәкілетті органның арнайы лицензиясы 20 екінші деңгейлі банктерге берілген болса, олардың ішінен 18 банк нақтылы түрде төлем карточкаларын шығаруды жүзеге асыруда. «ТұранӘлемБанкі» халықаралық жүйе карточкаларын - VISA International, Europay International шығаруда.

2006 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша қазақстандық банктердің шығарған төлем карточкаларының саны 2,16 млн. дана құрап, бұл карточкалардың ұстаушыларының саны - 2,11 млн. адам болған (2003 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіштер сәйкесінше 21,2% және 20,7% артқан. Төлем карточкаларының ішінде неғұрлым көп тарағаны халықаралық жүйе карточкалары болып келеді.Олардың өзіндік үлесі 86,9%, ал жергілікті жүйе карточкаларының өзіндік үлесі - 13,1%. 2005 жылдың 1-ші тамызында бұл арақатынас 81,4% және 18,6% құраған болатын.

2006 жылдың шілдесінде қазақстандық эмитенттердің төлем карточкаларын қолдану арқылы сомасы 49,2 млрд теңге құрайтын 3,1 млн.-ға тең транзакциялар жасалып, бұл корсеткіштердің мәні 2003 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда сәйкесінше 41,1% және 29,8%-ға артқан.

 

- 29 -

Бұл ретте, қолма-қол ақша алуға байланысты трансакциялардың саны 3,0 млн. трансакцияны құрап, бұл трансакциялардың сомасы 47,4 млрд. теңге болса, ал қолма-қол ақшасыз төлемдер сомасы 1 822,6 млн.теңге болатын 154,1 мың трансакцияны құрады. Бұл көрсеткіштердің проценттік арақатынасы келесідей түрде қалыптасқан:  95,1% және 4,9%, 96,3% және 3,7% сәйкесінше.

Төлем жүйесі қызметінің толықтығы әр түрлі типтердегі және арналымдардағы төлем карталарының бар болуымен анықталады. АТФБанк картаны ұстаушыларға мынадай қызметтер ұсынады: теңгеде және шетел валютада қолма-қол ақшаларды қабылдау және беру; басқа банктерден түскен қаражаттарды карт шоттарға қосу; несиелік лимитті, AIG ASSIST компаниясының халықаралық сақтандыру полисін, «АТФ Полис», «Интертич» компанияларының локальды сақтандыру полистерін ұсыну. Тұтас алғанда, карталық бизнес – банктің клиенттерімен өзара қарым-қатынастарды ары қарай дамытып тереңдету үшін басымды бағыт болып табылады.

2006 жыл ішінде карталардың мынадай мөлшері шығарылған:

      Visa төлем жүйесі – 9417

      Altyn төлем жүйесі – 1921

      American Express карточкасы – 9

    2006 жылда көлемі 878 млн. теңгені құраған сауда және сервис кәсіпорындарында 31807 транзакция жасалған. Есеп беру кезеңінде коммерсанттар қызметтерінен түскен комиссиондық табыс 34,1 млн. теңгені құрап, 2005 жылмен салыстырғанда 46,7%-ке ұлғайды. Қазіргі уақытта әрекет етіп жүрген коммерсанттардың жалпы көлемі республика бойынша 157.

2006 жылда 10 банкомат cалынған болатын, олардың 2 банкоматы Астана қ. филиалында, 2 банкомат Өскемен қ. филиалында, 1 банкомат Атырау қ. филиалында, 5 банкомат Алматы қаласында орнатылған. Сонымен, 2005 жылдың аяғына банк 13 банкоматқа ие болды.

2006 жылы Интернет желісінде есеп-айырысуларды жүргізу үшін 78 Viza Virtuon картасы шығарылған болатын. 2005 жыл ішінде банктің төлем карталарын ұстаушыларға әлемге әйгілі AIG компаниясының 297 халықаралық сақтандыру полистеріберілді.

American Express Cоmpany ұйымымен келісімі бойынша банк жол чектерін АҚШ долларында және еврода консигнация шартымен алып отырады.               

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

- 30 -

     III.  Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің қызметтерін жетілдіру жолдары.

     3.1. Ресурстарды тартудың жаңарту жолдары

     Азаматтардың тұрғын үй проблемаларын шешу және Астана мен Алматы қалаларында жылжымайтын мүлік рыногын жандандыру үшін “Самұрық – Қазына” қоры арқылы ипотекалық кредит берудің және тұрғын үй секторын дамытудың арнайы бағдарламасы іске қосылатын болады. Осы бағдарламаны қаржыландыруға Қор Ұлттық қордың және жинақтаушы зейнетақы қорларының қарыз қаражатын тарту есбінен қалыптастырылатын 5 млрд. АҚШ доллары (600 млрлд. теңге ) мөлшерінде сома беретін болады. Осы бағдарламаның қаражаты есебінен екінші деңгейдегі банктер арқылы Алматы және Астана қалаларында құрылыс аяқталмаған тұрғын үй кешендерін аяқтауға қарыздар беру қамтамасыз етілетін болады.

     Екінші деңгейдегі банктер мен тұрғын үйді әділ бағасы бойынша сатуға дайын құрылыс салушы компаниялар осы бағдарламаға қатысушылар болады.

     Жылжымайтын мүлік рыногындағы ахуалды  тұрақтандыру жөніндегі бағдарламаның негізгі параметрлері:

1)      “Самұрық – Қазына ” қоры екінші деңгейдегі банктерде жеңілдікті ставка бойынша 15 жылға бірқатар несиелік желілер ашатын болады. Өз кезегінде екінші деңгейдегі банктер қарыз алушылардың әр түрлі топтарына ипотекалық кредиттерді мерзімінен бұрын өтеу құқығымен 10.5%- 12.5% - бен  15 жыл мерзімге дейін беретін болады.

2)      Қаражаттың бір бөлігі жаңа қарыз алушылар үшін түпкілікті ставканың 10.5 % деңгейінде болуын және 2009 жыл бойы іске асырылуын көздейтін жаңа ипотекалық бағдарламаға жіберілетін болады. Осы бағдарлама халыққа ипотека бойынша жеңілдікті ставкалармен және тұрғын үйдің қолжетімді бағасы бойынша тұрғын үй алуға мүмкіндік береді. Екінші деңгейдегі банктер құрылыс аяқталмаған нысандардан пәтерлер сатып алуға ипотекалық қарыздар беру жолымен қарыз алушы  құрылыс компаниялармен ахуалды түзертуге және кредиттік портфельдің сапасын елеулі дәрежеде жақсартуға мүмкіндік алады.

Информация о работе Коммерциялық банктер