Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2011 в 14:06, реферат
Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайында қызмет етуінің экономикалық пайдалылығы табыс табумен анықталады. Кәсіпорынның табыстылығы абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады. Табыстылықтың абсолютті көрсеткіші - бүл табыстар немесе пайдалардың сомасы.
- Табыстыльщтың абсолютті көрсеткіші -жалпы табыс. Ол өнімді өткізудің қаржылық нәтижесін білдіреді және негізгі қызмет нәтижесінде өнімді өткізуден түскен табыс пен өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құны арасындағы айырма ретінде анықталады
Жалпы табысқа әсер ететін маңызды фактор өндірістік өзіндік құн, сондықтан оның төмендеуі оның көлеміне көп әсерін тигізеді
Көптеген кәсіпорындарда өзіндік құнды баптар бойынша талдаумен айналысатын, оны төмендету жол-дарын іздестіретін экономикалық қызметтің бөлімшелері болады. Бірақ белгілі бір мөлшерде бұл жұмыс, инфляциясының әсері және шикізат пен отын-энергетика ресурстарында бағаның өсуімен өзінің маңызын төмен-детеді. Бағаның күрт өсуі және кәсіпорынның меншікті айналым қаражаттарының жетіспеуі жағдайында өзіндік құнның төмендеуі нәтижесінде табыстың өсімі мүмкін емес.
Шаруашылық жүргізудің түрақты экономикалық жағдайында жалпы табыстың өсуінің негізгі жолы материалды шығындар бөлігінде өзіндік құнды төмендету. Бұл, әсіресе шикізат құнының үлес салмағы өнімнің өзіндік құнында өте жоғары болып келетін өңдеу және қайта өңдеу салаларында (машина жасау және металл өңдеу, металлургия, мұнай-химия, тігін, тамақ және т.б.) қызмет жасайтын кәсіпорындар үшін өте маңызды.
Шығарушы салаларда табиғи себептерге байланысты табыс есімін пайдалы қазбаларды шығарудың өзіндік құнын төмендету нәтижесінде қамтамасыз ету өте қиын. Бұл негізінде шығару көлемін өсіру арқылы болуы мүмкін.
Соңғы тұтынушыға бағытталған салаларда сұраныс, өзіндік құн деңгейімен анықталатын өндіріс және өнімді өткізу көлемі шешуші мәнділікке ие болады.
Заттай түрде өнімді өткізу көлемінің есуі табыстың өсуіне әкеледі. Сұранысқа ие өнімдерді өндірудің өспелі көлеміне күрделі салымдар көмегімен қол жеткізуге болады, бұл табыстың әлдеқайда өнімді жабдықтарды сатып алуға, жаңа технологияны игеруге, өндірісті кеңейтуге бағытталуын талап етеді. Бұл жол, қазіргі кезде көптеген кәсіпорындардың инфляция, бағаның өсуі және ұзақ мерзімді несиелерге қол жетіспеушілігіне байланысты қиын немесе мүлде мүмкін емес. Күрделі капитал салымдарын жүргізуге қаржылары мен мүмкіндіктері бар кәсіпорындар, егер инвестиция рентабельділігін инфляция қарқынынан жоғары ұстаса, онда бұл кәсіпорын өз табысын нақты өсіре алады.
Өндіріс және өнім өткізу көлемін өсіруге әкелетін айналым қаражаттарының айналымдылығын жылдамдату күрделі шығындарды талап етпейді. Инфляция айналым қаражаттарын өте тез құнсыздандырады. Кәсіпорын-дардың шикізат пен отын-энергетика ресурстарын сатып алуына олардың көп бөлігі бағытталады. Сатып алушылардың төлемеушілігі және де талап етілетін алдын ала төлем жүргізу кәсіпорынның қаржысының көп бөлігін айналымнан тыс әкетеді. Төлем жүргізбеудің себептері тек айналым қаражаттарының жетіспеуі ғана емес, сонымен бірге төмен қаржылық есептік тәртіп, банк жүйесі жұмысындағы кемшіліктер және де вексельдік айналымның дамымауы да болып табылады.
Кәсіпорын табысы бағаның өсуі есебінен жоғары қарқынмен өседі. Бағаның өсуі өзінше теріс фактор болып табылмайды. Егер өнімге деген сұраныстың өсуі мен шығарылатын өнімнің техника-экономикалық пара-метрлердің және тұтынушылық қасиетінің жақсаруымен байланысты болса, онда ол дәлелді болады.
Жоғарыда
аталған факторлардың жалпы табысқа
әсерін анықтау үшін қаржы-шаруашылық
қызметінің нәтижелері туралы есептің
мәліметтері бойынша келесі талдау кестесін
құруға болады (14-кесте).
14-кесте
1996 жылғы "АЗ Эталон" АҚ-ның жалпы табысы (мын, теңге)
Көрсеткіштер | Жоспар бойынша | Нақты өткізілген өнімге жоспар бойынша | Нақты | |
1. | Өнімді (жұмыс, қьізмет) өткізуден түсетін табыс | 20850 |
|
23179 |
2. | Өткізілген өнімнің өнді-рістік өзіндік құны | 16435 |
|
16996 |
3. | Жалпы табыс (1қатар-2қатар) | 4415 | . 4004 | 6183 |
Жалпы табыстың нақты көлемі жоспарланған көлемінен 1768 мың теңгеге көп.
Бұл ауытқуға келесі факторлар әсер етті:
Жоғарыда аталған факторлардың осы ауытқуға әсерін анықтау керек. Олардың есебі келесі түрде жүргізіледі.
1.
Өнімнің өндірістік өзіндік
0ін - өткізілген өнімнің нақты көлемі;
Sі" - өнім бірлігінің нақты өзіндік құны;
S* - өнім бірлігінің жоспарлы өзіндік құны.
Осылайша табылған сомада шикізат, материалдар, отын, сатып алынған жартылай фабрикаттар, энергия тарифі бағаларының жоспармен салыстырғандағы өзгерістері бар. Бүл фактор кәсіпорыннан тәуелсіз болған-дықтан, ішкі талдау барысында оны дербес фактор ретінде көрсету дұрыс.
Өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құнының жос-пармен салыстырғанда төмендеуі немесе өсуі кезінде жалпы табыс сәйкесінше өседі немесе азаяды. Біздің мысалда артық шығындалу болған, бүл жалпы табыс көлемін 1255 мың теңгеге төмендетті (16 966-15 741).
2.
Жалпы табыстың нақты
Басқаша айтқанда, бұл фактордың әсерінің мөлшері өнім еткізуден түскен нақты түсімнен жоспарланған мөлшерді алып тастау жолымен анықталады.
Біздің мысалымызда жалпы табыс баға факторы есебінен 3434 мың теңгеге (23179-19745) өсті.
3. Өткізу көлемінің өзгерісінің жалпы табыс ауытқуына әсерін анықтау үшін алдымен өткізу көлемі бойынша жоспардың орындалу дәрежесін анықтау керек. Табыс көлемі осы факторға тікелей үйлесімді тәуелді болғандықтан, жоспарлы табысты өткізу көлемі бойынша орындалу пайызына көбейту керек.
Арнайы әдебиеттерді оқып-зерттеу, тауар өнімдерін өткізу көлемі және оның құрамындағы құрылымдық өзгерістер сияқты факторлардың табысқа тигізетін әсе-рін талдау тұрғысында, онда пікір таластары жүргізіле-тіндігін көрсетті.
Есептеу үшін өткізілген өнімнің көлемін әр түрлі бағалау ұсынылады: қолданыстағы өткізу бағасымен өн-дірістік өзіндік қүны бойынша. Өткізілген өнімнің көле-мі бойынша жоспардың орындалу пайызын есептеу кезінде әр қалай бағалау, пайдаға әсерін анықтау кезін-де айтарлықтай ауытқуларға әкеледі. Бірінші әдіс эконо-мистермен теріске шығарылған, өнімді өткізуден түсетін табыстың өзгеруі өткізудің физикалық көлеміне ғана емес, сондай-ақ құрылымындағы өзгерістерге байланыс-ты өткізілген өнімнің рентабельділігіне де әсер етеді. Қазіргі кезде бағалар күнделікті күрделі өзгерістерді бастан кешіруде, сондықтан біздің көзқарасымыз бойын-ша өткізу көлемін өндірістік өзіндік қүн бойынша бағалау әлдеқайда дәлелді болып табылады.
Біз талдап отырған кәсіпорын тауарлы өнімді өткізу бойынша жоспарды 3,4%-ға асыра орындады (16996:16435-100)-100, нәтижесінде жоспарланған жалпы табыстан 150 мың теңге артық алынған (4415-10,34:100) -- 4415.
Талдау жұмысының теориясы мен тәжірибесінде, өткізілген өнім құрамындағы құрылымдық өзгерістердің жалпы табысқа әсерін есептеудің екі тәсілі бар:
Тәжірибеде
екінші тәсіл жиі
қолданылады, өйткені
бүл фактордың әсер
ету көлемін есептеуге
дейін өткізу көлемінің
өзгерісінің әсерін
анықтайды. "Өткізілген
өнімнің нақты көлемінің
жоспар бойынша" есептелінген,
алынуға тиісті жалпы
табыс сомасы осы екі
факторлардың жиынтық
әсерін сипаттайтын
болғандықтан, бұл сомадан
өткізу көлемін қолданудың
әсерін шегеру арқылы
өткізілген өнім құрамындағы
құрылымдық өзгерістерінің
пайдаға тигізетін әсерін
анықтайды.
Біздің мысалымызда есептеулер келесіні көрсетеді:
Құрылымдық өзгерістер нәтижесінде жоспармен салыстырғанда жалпы табыс 561 мың теңгеге кем алынған.
Біздің ойымызша, бұл фактордың әсерін нақты өткізілген өнімнен жоспар бойынша алынуға тиісті табысты, есепті жылы өнімді өткізу көлемі бойынша жоспардың орындалуын ескере отырып, жоспарлы құ-рылым жағдайында алынған табыспен салыстыру. арқылы анықтаған дұрыс болып табылады.
Есептің мұндай әдісі әлдеқайда ыңғайлы әрі дәл болып табылады. Есептеулер келесідей түрде болады:
4004 - (4415а103,4:100>4004 - 4565= -561.
Біздің
мысалымызда құрылымның
өзгеруі жалпы
табыстың ауытқуына
теріс әсерін тигізді,
яғни оның мөлшері 561
мың теңгеге азайды.
Жалпы табысты талдау
нәтижелері 15-кестеде
көрсетілген.
Жалпы
табыстьщ ауытқуына
негізгі факторлардың
әсері
№ |
|
Сомасы, мың тг | Жоспарлы табысқа %-бен |
1. | Өткізілген енімнің өзіндіі? құны-ның өсуі | -1255 | + 28,4 |
2. | Келісілген бағалар деңгейінің өсуі | + 3434 | + 77,7 |
3. | Өнімді өткізу көлемінің артуы | + 150 | + 3,4 |
4. | Өткізілген енім құрамындағы құрылымдық езгерістер | -561 | -12,7 |
Жиыны: | + 1768 | + 40,0 |
Жоспардан тыс жалпы табыс келісім бағалары мен өнімді өткізу көлемінің өсуі нәтижесінде алынып отыр. Егер кәсіпорын өнімнің өзіндік құнының өсуіне жол бермеген болса және де бизнес жоспармен салыстыр ғанда өткізілген өнімнің құрамындағы құрылымдық өзгерістер болмаған жағдайда жалпы табыс 1816 мың теңгеге (1255+561) есетін еді. Жалпы табыстың өндірістік езіндік құнының өсуі нәтижесінде азаюын — кәсіпорын жұмысындағы жағымсыз құбылыс ретінде сипаттауға болады. Елеулі кемшіліктерге 1996 жылы талданып отырған кәсіпорынның өткізген өнімінің құ-рамында болған құрылымдық өзгерістер жатады. Сондықтан талдаушы, шығарылатын өнім сұрыпталымы мен өндірілетін және өткізілетін өнімдердің құрамында болатын құрылымдық өзгерістерін талдауға басты назар аударуы қажет. Егер әрине нарықта оларға деген сұраныс болса, кәсіпорынға өнімнің жоғары рентабельді түрлерін өндіру мен сату тиімді болады. Өткен жылмен салыстырғандағы жалпы табыстың езгеру себептерін анықтау кезінде, В.А. Маличет (34) ұсынған талдау әдістемесін қолдануға болады. Нарықтық экономика жағдайында, тауарларға деген бағалар еркін болған кезде және де олардың деңгейі нарық жағдайымен анықталатын кезде осы бағалардың өзгерісі туралы ақпараттар алу қажеттігі пайда болады. Кәсіпорын өнім есебін екі түрлі бағамен, яғни нарықтағы қазіргі және өткен жылдағы бағалар бойынша жүргізбейді. Осының бәрі экономиканы басқару және бақылау мақсатында бағаның қозғалысы туралы, олардың тек жылдық қана емес, сонымен қатар одан да қысқа мерзім аралықтарына, яғни ай, тоқсан, жарты жылдағы индекстері туралы мәліметтердің болу қажеттілігін тудырады. Мұн-дай мәліметтер ең алдымен кәсіпкерлерге, салық инс-пекцияларына және әр түрлі деңгейлердегі экономиканы басқару органдарына қажет болып табылады.
Информация о работе Кэсiпорыннын табыстылыfынын корсеткiштерi жэне оларды талдауды мшдеттерi