Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Января 2013 в 19:48, реферат
Сыртқы экономикалық саясатты талдауда бүкіл әлемдік шаруашылық ауқымындағы елдер қарастырылды. Дегенмен белгілі бір ұлттық ерекшеліктің мәнін ескергенде бәріне ортақ шараларды қабылдау қиынға түседі. Өйткені, бір типті мемлекеттердің өзінде – қолданылатын құралдарда да, алынатын нәтижелерде де айтарлықтай айырмашылықтардың бары көрініс тапқан. Бұл жағдайда, сөзсіз екінші жолмен, яғни жүргізілетін саясат типтеріне қарай елдерді топтау әдісімен жүру мүмкіндігі туындайды. Мұндайда бір бағыттың өзіне экономикалық саясат мәселелері бойынша бірнеше әдістер қолданылуы мүмкін.
Негізгі бөлім
1. Кейнстің экономикалық ілімі
2. Неокенсиандық және кейнсиандық дамудың екі үрдес.
3. Кейнсиандықтың эволюциясы және поскейнсиандықтың пайда болуы.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Харродтың методологиясы
Кейнс методологиясына жақын
– агрегирленген макроэкономика
Харрод тәжиребелік бағдарламада шаруашылықтың екі тобын қарастырды: 1. қысқа мерзімдік жоспардағы антициклдік саясат; 2. жаппай жұмыссыздықты алдын – ала ескерту мақсатында – экономикалық даму қарқын ұзақ уақытқа ынтыландыру саясаты.
Неокейнсиандықтар Харродтың экономикалық динамика аясындағы еңбектерін, өсудің (Дж. Робинсон, Н. Калдора және басқалар), неғұрлым күрделі үлгілерінің тұтастай класын туғызған, пионерлік зерттеулер деп атады. А. Эйхердің айтуы бойынша Дж. Кейнстің “Жұмыспен қамтудың жалпы теориясы” тұжырымдасын талдаған Харродтың зерттеуі, оны алға дамытуда алғашқы талпыныс болды.
Қазіргі кезенде экономикалық өсуді талдауда (Жапонияда, Оңтүстік Кореяға, Тайландта) Харродтың экономикалық категорияларын пайдалану, оның даму динамикасы мен теориясына тамаша нәтижелерін берді.
Оның үлгілерін қазіргі кезеңде көптеген нарықтық мемлекеттер мен ТМД елдерінің экономикаларының даму әдістерінен кездестіруге болады.
Посткейнсиандық мектептер үшін Харродтың капитализм жағдайындағы экономикалық өсу “табиғи” берік еместігі мен ішкі тұрақсыздығы туралы негізгі тезисі айрықша маңызға ие. Харрод теоретиктігі мен ғана қызықты емес, ол сонымен бірге тарихшы – экономист, Дж. М. Кейнстің өмірлік қызметі мен негізгі еңбектерін зертеуші ретінде де ынталандырмай қоймайды.
Неоклассикалық мектептің бұрынғы жақтасы, Гарвард университетің болашақ профессоры, жас американ экономисі Э. Хансен өзі үшін Дж. Кейнс бейнесінде жаңа доктринамен және пайғамбар тапты. Хансен сенімді кейнсиандық және оның жаңа тұжырымдамаларына берілген қорғаушысы ретінде “америкалық Кейнс” атағын алды.
Аралас экономикалық жүйе қызметінің негіздерін қарастыра келіп, Самуэльсон мынадай қорытынды жасады, рынок сұраныс пен ұсыныс арқылы қандай тауар керек және кімге, қандай көлемде өндіру қажеттігін анықтайтын жүйе. Ол былай деп атап көрсетеді, мемлекет нарықтық экономиканың шығындарының мөлшерін реттеп, елдің қорғанысқа, қоршаған ортаны қорғауға, аз қамтамасыз етілгендердің пайдасына табыстарды қайта бөлуге және т.б. жауапкерші.
3. Кейнсиандықтың эволюциясы және поскейнсиандықтың
пайда болуы.
70-ші жылдардағы құрылымдық
және циклдық дағдарыстар, әсір
Кейнсиандықтың және бүкіл “неоклассикалық синтездің” дағдырысы – мемлекеттік реттеудің ресми доктринасы ретінде, тек қана дәстүрлі қарсыластары – неоклассиктер тұрғысынан ғана емес, Кейнс теориясына берілгендедердің өздері - посткейнсианстар мен монетаристер тарпынандада сынға ұшырады.
Монетаризм теориясының негізін салушы М. Фридмен, Кейнс теорисы экономиканы басқаруға мүлде тиімсіз деп санады. Шынында ол тек 70-ші жылдары ғана жарамсыздығын көрсетті. Мүмкін, басқарудың белгілі бір баспалдағы, әрбір экономикалық жүйеге тән болып, сосын орталықтанған реттеу өзінің мүмкіндіктерін жоғалтып, жалпы сәйкессіздікті көбейтеді. Батыста осындай баспалдақ 60-70-ші жылдардың шегінде өтті. Ол кезде ГТП нәтижесінде өнімдердің номенклатурасы күрт өсті, олар тез ауысып отырды, шағын және орта бизнестің ролі артты. Осылардың барлығы экономиканы орталықтан (мемлекеттік) реттеуді қиындата түсті, нарықтық реттеу арқылы басқарудың объективті өзгерістерін талап етті. Міне, реттеудің тиімді кейнсиандық шаралары өзінінің маңызын неге жоғалтты дегенге сұраққа берілер жауап. 80-90 жылдардағы КСРО және шығыс Европа елдеріндегі орталықтанған жоспарлаудың марксистік тұжырымда-маларының құлауы осыған ұқсас дағдарыспен түсіндіруге болады.
Екі кейнсиандық ағындардын
қосылуы нәтижесінде
Бұл жаңа ағым, Кейнс теориясы мен неоклассикалық теорияның бір – бірімен мүлде сыйымсыз екіндігін бекітті. Шын мәнісінде, Кейнс болжамдарын әзірлеушілер – Э. Хансен, Р. Харрод, Д. Хинс, П. Самуэльсон оның теориясының мағынасын біршама бұрмалады. Бұл кейнсиандықты “қайта құрудың” екінші ағымын, жиі “монетарлық кейнсиандық” деп атады, себебі олар үшін, ақша процесімен байланысты тұрақсыздық пен белгісіздік шешуші фактор болды.
Посткейнсиандықтың осы екі ағыны 70- ші жылдары “неоклассикалық синтездің” ортодоксалды формаларына қарсы баламалы жүйе жасауға таласты.
Сөйтіп, неортоксалды кейнсиандықтардың екі ағымы да, неоклассикалық жүйені түбегейлі жоққа шығарып, Кейнстің экономикалық теорияда бастаған “революциясын” аяғына дейін жеткізіп макро – және микроэкономиканың жаңа синтезін жасауды алдарына мақсат етті.
Дегенмен, мынаны атап өту керек, өмірден оның неғұрлым көрнекті өкілдері (Р. Робинсон, Н. Калдора, П. Сраффи және т.б.) өтумен, бұл ұмтылыстар, жалпылама түрде танылған теория жүйесін жасауға қол жеткізе алмады. 80- ші жылдарға тән идеология мен саясаттағы консервативтік қозғалыс жағдайында нарықтық экономикада түбегейлі “қайта құру” идеяларының әлсіреумен байланысты посткейнсиандық өзінің бұрынғы белгілерін жоғалтты, дегенмен әлі де өмір сүруін тоқтатқан жоқ.
80-ші жылдардың аяғы мен 90-шы жылдардың басында “жаңа” кейнсиандық атауымен постейнсиа-ндықтың жаңа дамуы байқалды. Оның міндеті – Кейнстің теориясын одан әрі қарай дамыту, осы теорияны қазіргі нарықтық жағдайларда инфляция процессі мен экономиканы интернационалдыруды макроэкономикалық саясат талаптарына бейімдеумен болды. Бұл, мемлекеттің белсенді араласу көмегі мен монетаризмінің неоклассикалық синтезінің жаңаруы болып табылады.
Кембридж мектебінің мүшелері, Дж. Кейнстің шәкірттері мен серіктері – Дж.Робинсон, Н. Колдор, П. Сраффа және басқалар ХХ ғасырдың 40-50-ші жылдарының өзінде, Кейнс теориясын сындық тұрғыдан қайта бағалау жөнінде сөз көтерді, олар оның теориялық зерттеулеріңің дамуына басқа ағымдардың синтез базасы мен байланыстыруға дамытуға талпыныс жасады. Оларды, “классиктерді” – бәрінен бұрын Д. Рикардо мен К. Маркстің идеялары мен методологиясын жақтаушылары ретінде жиі “солшыл кейнсиандықтар” деп атады. Олар тиімді сұраныстың өсуі үшін, монополияны шектейтін және әлеуметтік реформалары жүргізу факторлары ретінде, еңбек ақының өсу проблемаларын зертеді.
Кембридж мектебінің өзіндік ерекшілігі – бұл неоклассикалық мектебінің өндіріс негіздерінен, ресуртарды пайдаланумен, өнімдерді бөлуден және бағаны белгілеуден бас тарту.
Кембридж мектебінің көсемдерінің бірі Дж. Робинсон “Капиталды жинақтау” (1956) деп аталатын өзінің еңбегінде экономиканың ұзақ өсуіне (пайда мен еңбек ақы арасындағы бөліс, капитал көлемі және техникалық прогрестің сипаты, монополияландыру мен бәсекелестік дәрежесі, халықтың өсуі және т.б.) әсер етуші негізгі факторларды, сондай-ақ тұрақты өсудің ауытқуыұна әсер етуші себептерді синтездады. Робинсонның екі секторлы экономикасының бастапқы үлгісіне, К. Маркстің қарапайым және ұдайы кеңістік даму схемалары белгілі әсерін тигізді. Капиталды жинақтау теориясы марксистік теорияға ұқсас, ол проблемаларды зерттеп, шаруашылықты жүргізудің капиталистік заңдарының теориялық тұрғысын көрсетеді.
Барлық қоғамдық өндірісті Робинсон екі секторға бөлді:
Әрбір сектірдің түпкі өнімі еңбек ақыдан (W) және квазирентадан қалыптасады яғни пайдалардан (Ү) және амортизациялардан (Q) тұрады.
І W1+ Q1= Ү1; ІІ W2+ Q2 = Ү2; W1= Q2
Жинақтардың заңдылықтарын анықтау үшін Робинсон абстракцияға сүйеніп мынандай идеяларды ұсынды:
Оның жүйесіндегі еңбек ақы – тәуелсіз өзгермелі, бұл еңбекке ақы төлеуде, физикалық өзгермелі минимум. Ол жоғарыда келтірілген теңдіктерден бірінші тұжырым жасады: жұмыспен қамту қоры мен І бөлімшедегі жұмыспен қамтылушылық ІІ бөлімшедегі квазирентаның шамасымен анықталады. Инвестициялауды өсіру үшін, І сектордағы өндіріс пен жұмыспен қамтылушылықты көбейту қажет. Яғни нақты еңбек ақыны төмендету, яғни соған сәйкес ІІ бөлімшедегі (сектордегі) (Q2) квазирентарды өсіру, соның шарты болып саналады. Бұл жинақтау, жұмыспен қамту және тұтыну арасындағы қатынастарды дамытудың басты жағдайы.
Біріншіден, пайданың көлемінен яғный капиталдық тауарлардың жылдық өндірілген өнімнен (І бөлім) тозұ (ҰІ- R) құнын алып тастағанда, немесе жалпы квазирентадан амортизацияны (Q1+Q2-А) алып тастағанда қалған құнға тең: Екіншіден инвестициялауды жүзеге асыру кәсіпкерлердің тілегіне байланысты (олар пайданы басқа бағытқа жұмсауы мүмкін). Сонымен пайда нормаларымен жинақтау қарқының теңдігі осы екі жағдайға жауап беруі тиіс.
Жетілмеген бәсекеден, Робинсон бәсекелес шаруашылық жүйесінің тең жағдайының бұзылу мен жалдамалы еңбекті қанауды көрді. Ол бағаның сұранысқа тигізетін әсерін, тауар сатуды бақылауды, және мемлекеттін баға мен сатуды реттеу мүмкіндігін анықтады.
Робинсонның жетілдірілмеген бәсекелестік теориясы нарық механизміне талдау жасу бағыттарының бір тетігі болып саналады. Барлық өзгерістердің арқасында өндіріс пен капитал шоғырландырып, монополияларға жоғары бағалар белгілеуге және табыстарды өздерінің пайдасына қайта бөлуге мүмкіндік береді, яғни баға монополиялық пайданың көзіне айналады. Робинсон мемлекеттік реттеуді күшейтудің қажеттілігі туралы қорытындыға келді.
Д. Робинсон теориясын дамытушы Н. Калдор (1908-1986) компенсациялар өлшемдерінің идеясын айтып, экономикалық әл – ауқат теориясына үлес қосып, табыстарды бөлудің неоклассикалық теориясын, техникалық прогресті сынады. Неоклассикалық теориялар ережесін, Дж. Кейнс, Д. Рикардо, К. Маркс және П. Сраффа теориялары негізінде құрылған үлгілерімен өзгертті. Оның басты еңбектері: “Шығындарға салықтар” (1955), “Экономикалық тұрақтылық және экономикалық өсу туралы очерктер” (1960), “Капиталды жинақтау және экономикалық өсу” (1961), “5 томдық экономикалық шығармалар жинағы” (1978).т. б.
Салық мәселелері бойынша канцлердің Қазнашы кеңесшісі ретінде, ол салықтарды қайта бөлу мақсатында, капиталдың нарықтық құнынан асырылған өсімге салық салу және өндірістік секторға қарай еңбекті қайта бөлуде, жұмыскерлерді жалдағаны үшін кәсіпкерлерге салықты салуды ұсынды.
Кембридж мектебі өзінің экономикалық саяси дамуында. Қалдар алдында көп қарыздар. Оның тиімді сұраныс пен сырттан және іштен экономиканы тұрақтандыру, экономикалық өсуді ынталандыру, мемлекеттің экономикаға араласуының қажеттілігі туралы еңбектерінің аса үлкен маңызы болды, және ғылымның маңызың, оның рөлін жеке көтерді
Қорытынды
ХХ ғасырда экономикалық теорияны дамытуда Дж. Кейнстің жұмыстары терең із қалдырды. Ол А. Смит, Д. Рикардо және К. Маркспен қатар, экономикалық ойлардың дамуына шешуші әсер еткен, ұлы зерттеушілердің бірі болып саналады.
Экономика теориясын дамытудағы Кейнстің сіңірген еңбегіне жататындар: баға талдауын нақты өнімге ауыстыру; процент нормасына жаңа келіс (көзқарас); инвестициялық мультипликатор идеясы; қазіргі капиталистік экономиканы өздігінен реттеудің мүмкін еместігі туралы ереже; “тұтынуға бейімділік” және “өтімділікте ликвидке артықшылық беру” түсіндіктерін енгізу және т.б.
Тиімді сұраныстың тапшылығы, оны қоректендірудің (бюджет үшің шығыс есебін қолдау, мемлекеттің белсенді несие-ақша саясаты) қажеттілігінің неден шығарылатындығын кейнсиандықтар капиталистік экономиканың негізгі проблемалары деп санады.
50-60-шы жылдардағы
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Абрамов, Валерий Леонидович. Мировая экономика [Текст]: учебное пособие.- 3-е изд., перераб.- М.:Дашков и "К", 2006.- 309, [1] с.
2. Аманкулова, А. Сбережения и их уровень капитализации, как доминирующие факторы устойчивого экономического роста и перехода в новую экономику// Транзитная экономика.- 2005.- N 2.- С. 24-31
3. Белихин, Владимир Григорьевич.
4. Бисенғазиев, Мұқаш